Материалдар / Вариативті курс жоспары. 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Вариативті курс жоспары. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған Абайтану курсының бағдарламасы. Бағдарлама Нұсқау хатқа сүйене отырып, әдістемелік құралдарға сүйене отырып жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1710
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұқар – Жырау аудандық білім беру бөлімі

«Керней жалпы орта білім беру тірек мектебі

ресурстық орталық)» КММ




Қарастырылды Келісілді Бекітемін

Әдістемелік бірлестік директордың ҒӘЖ «Керней ЖОББ тірек

отырысында бойынша орынбасары мектебі (ресурстық орталық)

Хаттама № ___ Абикеев К. Е _____ КММ нің директоры

«___» ____ 2017 ж «___» ____ 2017 ж Жумакаев А. К ______

Айбасова Г. М ___ «___» ____ 2016 ж







БАҒДАРЛАМА

«Абайтану»вариативті курсы

( 10 сынып 34сағат, аптасына 1сағаттан )

2017 – 2018 оқу жылы








Құрастырған:

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Абдильдина Р. М.















Қарағанды қаласы

Курс куәлігі


Сағат саны: аптасына 1 сағат; жалпы - 34 сағат.


Сынып

Күні

Пәні

Уақыты

1

10


Қазақ әдебиеті




Курсты оқытудың мақсаты:

ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.


Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5)ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6)ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету.










































Бағдарламада:

  • Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

  • ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

  • Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

  • Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас

өзгешелігі мен шеберлігін;

  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

  • Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

  • курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.



Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:

1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі;

2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;

3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;

4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;

5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.

























Абайтану

10 сынып

(аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Мер

зімі

Сағат саны

Мазмұны

1

Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла




1

Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері. Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі.

2

«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі»





2


Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б.

Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлер.

3

«Талапты ерге нұр жауар»




2

отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы

Хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы.

4

«Еңбек етсең ерінбей»




1

Отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі

5

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі




2

Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы,

аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі

6

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі




1

поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі

7

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі.




1

ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі.


8

«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай»




1

Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы

9

«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі




1

ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі

10

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі




2

ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы,

адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйіні;

11

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»




1

ақынның дүние, әлем туралы танымы, заман сырын, адам құлқын философиялық таразылауы

12

ақын сынының негізгі объектісі мен тақырыбы




1

Абайдың өз заманындағы қоғамдық қайшылықтарды, ел билеу жүйесін, ұлық, болыс, би, т.б. пысықтардың жемқорлық айла-амалдарын әшкерелеу шеберлігі;


13

«Улы сия, ащы тіл»




1

он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық ұғым-түсініктері, жағымсыз мінез, қылықтарды сынауы, ұлықтардың қарапайым жұртты алдап, ел ішіндегі бұзақыларды тыймауының салдары неге әкеліп соқтыратыны жайында айтқан пікірлері;

14

«Би екеу болса, дау төртеу болады»




2

үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері

биліктің құрылымы жөнінде ой айтуы

15

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі




2

өлеңнің идеялық мәні

алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу шеберлігі;

16

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі




1

ақынның өрелі ойы, ел жағдайы туралы ой қорытуы, ақынның қосанжар өмір құбылысын салыстыруы, ақынның айтқалы отырған негізгі ойы;

17

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі




1

пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңын айтуы, адал еңбекті, тыныштықты сақтау жайындағы пайымы

18

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі




1

адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың іс-әрекеті туралы ойлары

19

Абайдың орыс тілінен аудармалары




1

орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма

20

«Тұтқындағы батыр» өлеңі


1

ақын аудармаларының негізгі тақырыбы.


21

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңі




1

ақын аудармаларының негізгі тақырыбы.


22

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі




1

әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;

23

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі




1

Абайдың сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі

24

«Масғұт» поэмасы




2

поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы

ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні;


25

«Әзім әңгімесі» дастаны




1

Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар

26

«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі




1

ақынның жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға, білімін халықтың қажетіне жаратуға үндеуі.


27

Қорытынды сабақ


1


Жыл бойына 34 сағат



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!