Авторы:Арипбаева Сандуғаш
Джалдасбековна
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
Гродеково орта мектебі жанынан ашылғын «Ақерке» шағын
орталығы
Оқу қызметі: Ертегілер
елінде
Тақырыбы: «Шалқан»
ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы
мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық
қойылым көрсету.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете
отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін
көрсету.
Көрнекіліктер:
Шалқан ертегісінің кейіпкерлері
фетрден
жасалған. Ширма
Ұйымдастыру
кезеңі: Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан»
ертегісі. Ролдерде ойнайтындар:
Атай:
Жайлхан Ринат
Әжей:
Сейтен Ақниет
Немере қызы:
Аменгелді Рамина
Күшік:
Сейлхан Төреғали
Мысық:
Дурсунов Ислам
Тышқан:
Оразалы Алихан
Автор:
Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: - Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным,
мықты боп өс!
Автор:
Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып
өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала
алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Атай:Кемпірім,кемпірім келіп
көмектес.
Әже:
Мен көмекке келдім.
Автор:
Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала
алмайды.
Әже: -
Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке
қызымызды шақырайық.Қызым,қызым келіп бізге
көмектес
Автор: Сөйтіп көмекке қызын
шақырады.
Қызы әжесінен, әжесі атайдан,
атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже
болмайды.
Қызы: - Бізге көмекке тағы біреу
керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.Күшігім,күшігім келіп бізге
көмектес.
Автор: Қызы көмекке күшігін
шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай
шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала
алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты
шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге
көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады.
Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай
шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала
алмайды.
Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да
көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге
көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды
тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі тағамнан дәм татады.
Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді
екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені шақырыңдар
дейді.Бәрі бір дастарқан басында отырып
мәз-мейрам болады.
Саусақ
жаттығуы: "Достық" жаттығуы.
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара
дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз
сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын
бір-біріне
тигізу)
Бір,екі,үш,төрт,бес(
шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне
тигізу)
Қайтадан санауды
бастаймыз.
Бір,екі,үш,төрт,бес
Дидактикалық
ойын: «Сиқырлы суреттер?»
ойыны.
Ойынның
мақсаты: Балалардың логикалық ойлау
қабілетін,ес,зейін,қабылдау процесстерін
дамыту
Ойынның
құрал-жабыдықтары:
«Шалқын» ертегісінің суреттер
бөлінділері
Ойынның
мазмұны:Балалар алдарындағы үлгі
бойынша бөлінділерден «Шалқын» ертегісінің суретін
құрайды.
Қорытынды: Балаларды мақтау,
мадақтау. Сау
болыңдар!