Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Вариативтік сабақ жоспары "Ертегілер елінде"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ертегілер әлемінде» вариативтік сабақ жоспары
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Сағат саны |
|
1. |
Бақша ағаштары |
Ертегі тыңдап,оқиғаның өрбуіне кейіпкерлерді сипаттай білуге үйрету |
1 |
|
2. |
Мақта қыз бен мысық |
Балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын, көрсете алуға үйрету. Ертегіні ойнау барысында, кейіпкерлердің жүріс-тұрысын , дауыс ырғағын, дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу. |
1 |
|
3. |
Күшік пен мысық |
Ертегі мұқият тыңдай білуге, өз түсініктері бойынша айта білуге үйрету. сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.Ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу. |
1 |
|
4. |
Түлкі мен тырна |
Ертегі тыңдап,оқиғаның өрбуіне кейіпкерлерді сипаттай білуге үйрету. |
1 |
|
5 |
Қызыл телпек |
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету. Балалардың сөздік қорын молайту.Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру |
1 |
|
6 |
Дос іздеген бота |
Балалардың әңгіме желісіне байланысты сөлей алуға.Суретке қарап әңгіме айтуға үйрету. ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әдепті болуға үйрету. |
1 |
|
7 |
Алтын балта |
Балаларға алтын балта ертегісімен таныстыру.Балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-өимылдарын, көрсете алуға үйроету.Ертегіні ойнау барысында, кейіпкерлердің жүріс-тұрысын , дауыс ырғағын, дұрыс жеткізе білуғе тәрбиелеу. |
1 |
|
8 |
Мақтаншақ қоян |
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету. Балалардың сөздік қорын молайту.Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру. |
1 |
|
9 |
Түлкі мен ешкі |
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету. Балалардың сөздік қорын молайту.Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелу.Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру |
1 |
|
10 |
Әдеп |
Сабақ барысында балалардың әңгіме желісіне байланысты сөлей алуға. Суретке қарап әңгіме айтуға үйрету. ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әдепті болуға үйрету. |
1 |
|
11 |
Тышқанның өсиеті |
Ертегі мазмұнын толық білуге үйрету. Балалардың тілін, ой-қиялын, сөздік қорын дамыту. Достық қарым-қатынасқа, қамқорлыққа тәрбиелеу. |
1 |
|
12 |
Үш аю |
Балаларды ертегі желісіне айланысты суретттерді орналастыруды үйрету. Ертегі желісі туралы түсініктерірін артыру. Ертегі желісін түсініп тындай білуге тәрбиелеу |
1 |
|
13 |
Мақтаншақ бақа |
Ертегі мазмұнын толық білуге үйрету. Балалардың тілін, ой-қиялын, сөздік қорын дамыту.Достық қарым-қатынасқа, қамқорлыққа тәрбиелеу. |
1 |
|
14 |
Бір уыс мақта |
Мақта туралы білімін арттыру Есте сақтау қаблетін дамыту Кез келген затты ысырап жасамай пайдаға жарту,,. әрқашанда көмектесе білуді. |
1 |
|
15 |
Күн, ай және әтеш |
Ертегіні тындай білуге, өз түсінгенін ойын жеткізе білуге үйрету, есте сақтау қаблеттерін дамыту. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу, баулу, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. |
1 |
|
16 |
Құмырсқаның серуені |
Балалар халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту. Адамгершілікке,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу. |
1 |
|
17 |
Үш торай |
Үш торай туралы білімдерін толықтыру.ой-өрісін, есте сақтау қабілетіндамыту.адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу |
1 |
|
18 |
Жеті лақ |
Балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын, көрсете алуға үйрету. Ертегіні ойнау барысында, кейіпкерлердің жүріс-тұрысын , дауыс ырғағын, дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу. |
1 |
|
Күні:
Білім беру салалары: Вариативтік компанент
Бөлімдері: Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Бақша ағаштары»
Мақсаты:
Білімділік:ертегі тыңдап, оқиғаның өрбуіне кейіпкерлерді сипаттай білуге үйрету.
Дамытушылық:сөздерді дұрыс айтып, өз ойларын жеткізе білу, сөздік қорын молайту тілін дамыту.
Тәрбиелік: ептілікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: түп-түзу, қисық
Қолданылатын көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлері, ағаш суреттері .
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады |
Балалар шеңбер жасап тұрады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу
Рефлексия-түзету жұмыстары коррекция |
Тәрбиеші ертегілер елінен әдемі кітап келгені туралы айтады. Бұл кітапта бірнеше ертегілер жазылған екен, мен сендерге «бақша ағаштары» атты ертегі айтып беремін. Ертеде жаздың әдемі бір күнінде Таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып,екеуі де егілген ағаштары мен гүлдерін көріп жүреді. -Баласы әке мынау ағаш тіп-тік әдемі, ал мына ағаш қисық біткен деп сұрады. -Әкесі балам оның себебі мыныда деді: түзу ағашты адамдар күтіп,қисық бұтақтары болса кесіп отырған,ал мына ағаш ешкімнің қарауынсыз өзі қалай болса солай өскен деді. -Баласы олай болса ағашты бағуда да көп мағына бар екен ғой деді. -Әкесі иә, балам сен де осы өсіп келе жатқан жас ағаш сияқтысың, саған да күтім керек. Мен сенің қатеңді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды тыңдап орнына келтіріп отырсаң, жақсы адам болып өсесің, егер бағусыз бетімен кетсең сенде мын ағаш сияқты қисық өсерсің депті. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай бұталар Биік болып өседі Сөздік жұмыс: түп-түзу,қисық. Д\ойын «Қай ағаштың жапырағы » Мақсаты: Ағаштардың аттарын атап, жапырақтары бойынша ажырата білуге үйрету. Біз бүгін не туралы айттық? Ертегі қалай аталады? Сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі не жайында айтылған? Бақтағы ағаштар неліктен әр түрлі екен? Мына ағаш түп-түзу әдемі болса,ал мына ағаш неге қисық өскен екен? Балаларды мадақтау.
|
Балалардың назары кітапқа ауады. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, мазмұнын түсінуге тырысады. Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталайды Жаңа сөздерді қайталап айтып, мағынасын түсінеді. Балалар ойынға қызыға қатысып, ағаштардың жапырақтарын ажыратып сәйкестерін табады. Балалар кейіпкерлерді сипаттайды,ертегі мазмұнын айтып береді. Мақтауға риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі тыңдай, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылай біледі, мағынасын түсінеді.
Түсінігі бар: адамдардың табиғатқа әсері жайында түсінігі бар.
Орындай алады: ертегі мазмұнын әңгімелеп айта алады
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бақша ағаштары»
Мақсаты:
Білімділік:ертегі тыңдап,оқиғаның өрбуіне кейіпкерлерді сипаттай білуге үйрету.
Дамытушылық: сөздерді дұрыс айтып, өз ойларын жеткізе білу, сөздік қорын молайту тілін дамыту.
Тәрбиелік:ептілікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:түп-түзу,қисық
Қолданылатын көрнекіліктер:ертегі кейіпкерлері,ағаш суреттері
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады |
Балалар шеңбер жасап тұрады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші мен сендерге өткен сабақта «бақша ағштары» атты ертегі айтып бергенмін. Тәрбиеші балаларды ойландыру мақсатында қисық өскен ағаш қасына күтуші бағбанды қояды, ал түзу ағаш өзі өсіп тұрады. Тәрбиеші балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын көрсете алуға үйретеді. Тәрбиеші: «Мен ертегі айтамын, ал сендер кейіпкерлерді көрсетіңдер». Тәрбиеші ертегіні оқи бастайды. Бұл сәтте тәрбиеші балалардан Әкесінің іс-әрекетін көрсетулерін сұрайды. Тәрбиеші келесі үзіндіні оқып оны ойнап беруін сұрайды. Ертегіні ойнау барысында балалардан кейіпкерлердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, дауыс ырғағын дұрыс жеткізе білуге үйретеді, талап етеді. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай бұталар Биік болып өседі Сөздік жұмыс: түп-түзу,қисық. Д\ойын «өсімдікке не қажет?» мақсаты:ойлау қабілетін дамыту
|
Оқу барысында балалар сәйкес суреттерді ертегі желісі брйынша орналастырады. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды,мазмұнын түсінуге тырысады. Балалар ертегіні ойнайды. Сергіту сәтінде мәтінді қайталап,қимылын көрсетеді Жаңа сөздерді қайталап айтып, мағынасын түсінеді. Балалар суреттің қателігін табады. Балалар ойында ағаш әдемі өсу үшін неқажет қасына қояды(су құй -ғыш ,күннің көзі, қай шы,тырма күрек) |
Рефлексия-түзету жұмыстары коррекция |
Біз бүгін не туралы айттық? Ертегі қалай аталады? Сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі не жайында айтылған? Бақтағы ағаштар неліктен әр түрлі екен? Мына ағаш түп-түзу әдемі болса,ал мына ағаш неге қисық өскен екен? Балаларды мақтау.
|
Балалар кейіпкерлерді сипаттайды,ертегі мазмұнын айтып береді. Мақтауға риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі тыңдай, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылай біледі,мағынасын түсінеді.
Түсінігі бар: адамдардың табиғатқа әсері жайында түсінігі бар.
Орындай алады: ертегі мазмұнын әңгімелеп айта алады.
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық (ертегіні әңгімелеу)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға мақта қыз бен мысық ертегісін айтып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын, көрсете алуға үйрету.
Тәрбиелік: Ертегі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қоржын, ертегі кітаптар, кейіпкерлер суреттері.
Әрекетті ұйымдастыру |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Тәрбиеші Ерден ата қонаққа келетінін хабарлайды. |
Балалар қонақты қарсы алуға дайындалады. |
|
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу
|
Топқа Ерден ата келеді. Балалармен амандасады. -Ерден ата балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын,өзіммен бірге қоржынымды ала келдім. Мұнда көптеген суреттер бар және ертегі кітабым бар. Д/о « Таңдап ал ,да атын айт » Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін тани білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиеші балаларды кілемнің үстіне шақырады. Ерден ата ертегіні әңгімелейді. Баяғыда мақта қыз бен мысық дос болыпты. Мақта қыз жер сыпырып жүріп мейіз тауып алыпты да мысығын шақырыпты. -Мысығым, мысығым бері келші дейді, мысығы келмейді. Біраз уақыт өткен соң мысық келеді.мақтақыз сен мені неге шақырдың дейді. Мақтақыз мен бір мейіз тауып алдым, сен келмеген соң өзім жеп қойдым дейді. - Мысық мен саған ренжідім, қазір сенің қатығыңды төгемін дейді, де Мақтақыздың қатығын төге салады.Мақтақыз болса мысықтың құйрығын жұлып алады.Бір күні мысық мақтақызға келіп менің құйрығымды берші дейді. - Мақтақыз сен менің қатығымды төле. Мысық қатық сұрап сиырға келеді.Сиыр, сиыр сен маған қатық берші дейді. -Сиыр менің қарыным аш,маған жапырақ әкеп бер дейді. Мысық не істерін білмей ағашқа барады. - Ағаш, ағаш маған жапырақ берші дейді.Ағаш мен шөлдеп тұрмын маған су керек.Су әкеліп берсең мен жапырақ беремін дейді. Мысық су іздеп көшеге шығады.Алдынан қыздар шығады.Мысық қыздар, қыздар су беріңдерші дейді.Қыздар бізге сағыз әкеп берсен біз су береміз дейді. Мысық дүкенге келеді. Дүкеншіден сағыз сұрайды. Дүкенші мысықтан жұмыртқа сұрайды. Мысық тауыққа барады. Тауық тары сұрайды. Мысық амалы таусылып далада отырады.Кәнеки балалар мысыққа көмектесейік. Сергіту сәті: Пеш үстінде мысық отыр. Екі көзін қысып отыр, Тышқанның етін жегісі кеп. Тісі қышып отыр. Бір мезетте бір тышқан қасынан өтіп бара жатады, мысық ұстап алып үйіңде не бар дейді. Мысықтан қорыққан тышқан бір уыс тарым бар соны берейін жемеші мені дейді. Мысық тез тарыңды алып кел дейді. Тышқан жүгіріп тарыны әкеледі. Мысық тарыны тауыққа береді. Тауық жұмыртқасын береді. Жұмыртқаны алып дүкеншіге келеді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды алып қыздарға келеді. Қыздар су береді. Мысық суды алып ағашқа келеді. Ағаш жапырақтарын береді. Мысық жапырақты алып сиырға береді. Сиыр қатығын береді.Мысық қатықты алып Мақтақызға келеді. Мақтақыз мысықтың құйрығын жалғап береді. Сөйтіп мақтақыз бен мысық татауласып қайтадан тауту-тәтті өмір кешіпті. Д\о «Кім не істеді» Мақсаты: ертегі желісі бойынша әңгімелеу. |
Балалар ерден атаға қызығушылықпен таңдана қарап амандасады. Балалар мақта қыз бен мысық ертегі кейіпкерлерін таңдап алады. Балалар кілем үстіне жайғасып Ерден атаны мұқият тыңдайды. Балалар мақта қыз бен мысықтың достық әрекетін, жүріс-тұрысын көрсетеді. Балалар сергіту сәтін орындайды. Балалар ертегіден түсінгендерін қысқаша әңгімелейді. |
|
Рефлексия- түзету жұмыстары. |
Балалар бүгін қандай ертегімен таныстық? Қандай кейіпкерлер ұнады. |
Балалар қандай ертегі-мен танысқанда-рын. Қандай кейіпкер-лер болғанын баяндайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі кейіпкерлерін біледі.
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлерінің қимыл –әрекеттері, мінезі жайлы түсініктері бар.
Орындай алады: Ертегіні қысқаша әңгімелейді.
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық (ертегіні сахналау)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға мақта қыз бен мысық ертегісін айтып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын, көрсете алуға үйрету.
Тәрбиелік: Ертегіні ойнау барысында, кейіпкерлердің жүріс-тұрысын , дауыс ырғағын, дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің маскалары.
Әрекетті ұйымдастыру |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Ертегілер еліне саяхатқа баратынын тәрбиеші хабарлайды. |
Балалар ертегілер еліне саяхатқа дайындалады. |
|
|
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу
|
Ендеше балалар ертегілер еліне саяхатқа шығу үшін поездьға отырайық. Балалар ертегілер елінде көптеген кейіпкерлері бар екен. Осы кейіпкерлердің ішінен мақта қыз бен мысық ертегісінің кейіпкерлерін таңдап алайық Д/о « Таңдап ал,да атын айт » Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін тани білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиеші балаларды кілемнің үстіне шақырады. -Тәрбиеші мен ертегі айтамын, ал сендер ертегі кейіпкерлерін көрсетіңдер. Тәрбиеші ертегіні айта бастайды. Баяғыда мақта қыз бен мысық дос болыпты.Бұл сәтте балалардың кейіпкерлердің іс-әрекетін көрсетулерін сұрайды. Тәрбиеші келесі үзінді бойынша ертегіні әңгәмелейді. Балалардан кейіпкерлердің мінез-құлықын, жүріс-тұрысын, дауыс ырғағын дұрыс жеткізе білуге үйретеді. Сергіту сәті: Менің атым балақан. Сенің атың балапан, Балапандар шоқиды. Балапандар оқиды. Д/о «Қай ертегінің кейіпкері» Мақсаты: Ертегілердін кейіпкерлерін ажырата білу. |
Балалар поездьға отырып саяхатқа барады. Балалар мақта қыз бен мысық ертегі кейіпкерлерін таңдап алады. Балалар мақта қыз бен мысықтың достық әрекетін, жүріс-тұрысын көрсетеді. Балалар балапанның қимылдарын келтіріп жаттығуды қайталап жасайды. |
|
|
Рефлексия- түзету жұмыстары. |
Балалар бүгін қайда саяхатқа бардық? Қандай ертегіні әңгімеледік? Қандай ертегі кейіпкерлері ұнады? |
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп, өздеріне ұнаған кейіпкерлерді атайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі кейіпкерлерін біледі.
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлерінің қимыл –әрекеттері, мінезі жайлы түсініктері бар.
Орындай алады: Ертегі кейіпкерлерің рөлінде ойнай алады.
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Күшік пен мысық»
Мақсаты:
Білімділік: Ертегіні мұқият тыңдай білуге, өз түсініктері бойынша айта білуге үйрету.
Дамытушылық: сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.
Қолданылатын көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Тәсілдері, кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы, оятушы |
Тәрбиеші балаларға күшіктің қонаққа келетінін хабарлайды. |
Балалар қонақ келетініне қуанады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Балалар бізге күшік қонаққа
келіпті. Ол өзі жайлы ертегіні білгісі келеді екен. Ендеше күшікке
бізбен бірге отыр дейміз. Біз балалар бағында, Тұрамыз өте көңілді. Көп болсақ та достықпен, Өткіземіз өмірді. Достықпен, достықпен, Тәрбиеші балаларға «күшік пен мысық» ертегісін мәнерлеп оқып береді. Қарны ашқан күшік тауда
қаңғырып жүрсе , қасқыр жүгіріп келіп: д\о «Қайсысы қалай дыбыстайды» мақсаты: ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің дауыс ырғаын келтіру. |
Балалар қонақты қарсы алады. Сұрақтарға жауап береді. Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасап көрсетеді. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар ертегі кейіпкерлерінің дыбыстарын келтіреді. -Мысық мияу-мияу. -Бұзау мө-мө-мө. Деп дыбыстайды. |
Рефлексивті түзету жұмыстары коррекция |
-Балалар біз қандай ертегімен
таныстық? |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегіні тыңдай біледі, мазмұнын түсініп, кейіпкерлерді сипаттай алады.
Түсінігі бар: Күшік, мысық –үй жануары, қасқыр – жабайы жануар екендігі жайлы, үй жануарларына деген қамқорлық, мейірімділік туралы түсініктері бар.
Орындай алады: Ертегінің қысқаша мазмұнын айта алады. Тәрбиеші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере алады.
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Күшік пен мысық» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балалар ертегінің қарапайым модельдерін құруды үйренеді.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайту және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, шапкалары.
Тәсілдері, кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға ойын ойнайтынын хабарлайды. |
Балалар ойын ойнауға дайындалады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларға сұрақ қоя отырып «Күшік пен мысық» ертегісінің мазмұнын сұрайды. -Балалар біз қандай ертегімен
таныстық? |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Ойынды қызуғышылықпен ойнайды. Кейіпкерлер дауыс ырғағын сала отырып ойнайды. |
Рефлексия-түзету жұмыстары |
Балаларға ерттегі жөнінде сұрақтар қойылады. Балалардың жетістіктерін бағалап, мадақтау. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.Баланың көңіл- күйі көтеріледі. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар ертегінің мазмұнын біледі.
Түсінігі бар: Күшік, мысық, қасқыр, түйе жайлы түсініктері бар.
Орындай алады: Ойындарға қатысып , сұрақтарға жауап береді.
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі (оқу, талдау)
Мақсаты:
Білімділік: Айтылған ертегінің мазмұнын, дауыс ырғағына келтіре отырып, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер: түлкі, тырна, ертегі желісі бойынша суреттер.
Тәсілдері, кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға саяхатқа шығатындарын хабарлайды. |
Балалар саяхатқа дайындалады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларға ертегілер әлеміне ұшатын кілеммен баратындарын айтып, кілеммен ертегілер еліне келеді. Жұмбақ жасыру Д\о « Кім тапқыр» Мақсаты: Балалардың жылдамдығын тапқырлығын анықтау, ой-өрісін дамыту. Өзі қу, жүрген жері айғай да шу. Ол не ? ( Түлкі) Жұмбақтың жауабы шешілген кезде сиқырлы сандықтан кітапты алып шығады Тәрбиеші балаларға «Түлкі мен тырна» ертегісін мәнерлеп бірнеше рет оқып береді. - Ертегі қалай аталады? - Ертегі қандай сөздермен басталады? - Тырна не деп айтты? - Ал түлкі қалай жауып береді? - Тырна құтылатын қандай амал табады? -Ертегі қалай аяқталды? Сергіту сәті: “Түлкі, түлкі түлкішек” Жаңа сөздер: амал-шешім, құтылу-қашып кету, шыбық салыпты- соқты. Балаларға сөздердін мағыналары түсіндіріледі. Мақал жаттаймыз: “Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда” Дидактикалық ойын: «Әрекетерін ата» Мақсаты: Балаларды суретті қарай отырып істеген әрекеттері бойынша әңгіме құрату. |
Балалар ертегілер еліне кілеммен ұшатындарына қуанады. Балалар тәрбиешінің айтқан жұмбағын шешеді. Балалардың назары сандықтан шыққан кітапқа ауады. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар ертегі желісі бойынша жетектеуші сұрақтар арқылы ертегіні айтып шығады. Балалар тәрбиешімен бірге қимылдарын келтіре отырып сергіу жаттығуларын жасайды. Балалар қайталап айтады. Балалар мақалды бірнеше рет қайталап жаттайды. Балалар үстел үстіне суретті алып ондағы, қимыл әрекеттері бойнша әңгіме құрайды. Мысалы: Түлкі жүгіріп келе жатыр. Тырна ұшып келеді. Тырна апанға кіреді. Адам інді қазады. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
Сурет бойынша әңгіме құрастыру , оларды сипаттау. Түлкі суреті қандай? Тырна суреті қандай? Балалардың жетістігін әңгімелеу. |
Түлкі қу, ақылды, батыл, әдемі, сұлу, түсі сарғыш. Ол орманда, далада өмір сүреді. Тырна ақылды, әдемі, түсі сұр. Балалар риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар ертегі кейіпкерлерін біледі.
Түсінігі бар: Түлкі , тырна, апан, амал сөдері туралы түсінігі бар.
Орындай алады: Ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап береді.
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды ертегі желісі бойынша айтып бере алуға, сақналай білуге үйрету
Дамытушылық: Балалардың тілдік белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: түлкі, тырна, апан, құтылады, амал табу.
Қолданылатын көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, ертегі желісі бойынша суреттер.
Тәсілдері, кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға балабақшаға келе жатқанда сиқырлы қобдиша тауып алғанын айтады. |
Балалар сиқырлы қобдишаға қызыға қарайды. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Сиқырлы қобдишаның ішінде «Түлкі мен тырна» ертегісі желісі бойынша суреттер . Тәрбиеші балаларға Балалар мынау қандай ертегі. Оның кейіпкерлерін ата? Ертегі не жайлы? Түлкі мен тарна адамнан қалай құтылады? Д/о “Дұрыс орналастыр” Мақсаты: Ертегіні желісі бойынша орналастыра білуге үйрету. Сергіту сәті: «Шымыршық» Шымыршық, шымыршық ата қалай жүреді? Шымыршық, шымыршық апа қалай жүреді? Шымыршық, шымыршық қыздар қалай жүреді? Шымыршық, шымыршық күшік қалай үреді? Шымыршық, шымыршық мысық қалай жуынады? Шымыршық, шымыршық тышқан қалай дыбыстайды? Ертегіні сахналау. Тәрбиеші ертегіні меңгерген үш балаға бір-бір кейіпкер ролін тандап оны ойнауын ұсынады. Балаларға тос белгілерді алады. Ертігіні ойнауда ең маныздысы кейіпкерлердің интонациясы, дауыс ырғағы. Тәрбиеші мәтінді (автор) оқиды және кейіпкерлердің кезекпен шағуын қадағалайды. Сөздік жұмыс: түлкі, тырна, апан, құтылады, амал табу. Д/о “Кейіпкерлерді ата” Барасы: Балалар суреттегі кейіпкерлерді атау керек. |
Балалардың назары тәрбиешінің басындағы қобдишаға ауады. Балалар сұрақтарға жауап беребі. Балалар суреттерді ертегі желісі бойынша орналастырады. Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп мәтінін қайталайды Балалар тос белгілерін мойынға тағып, рөлді ойнауға дайындалады. Балалар ертегі желісі бойынша тәрбиеші көмегімен ертегіні сақналайды Балалар бұл сөздерді қалай түсінесіңдер? Балалар ертегі кейіпкелерін ажыратып, дұрыс орнатуға тырысады. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қойылады. Балалардың жемісін мақтау, мадақтау.
|
Балалар сұрақтарға толық жауап береді. Балалар мақтау алғандарына риза болады. |
Күтілетін нәтиже
Біледі: Балалар ертегінің қалай аталатынын және ертегі желісі бойынша қандай кейіпкерлер ойнайтынын біледі.
Түсінігі бар: Балалар «Түлкі мен тырна» ертегісіндегі кейіпкерлері сияқты тату және бір біріне көмек көрсету керектігін түсінеді.
Орындай алады: Ертегі желісін және мазмұнын айта алады, сұрақтарға толық жауап бере алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы : Қызыл телпек
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Балалардың сөздік қорын молайту.Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу. Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру.
Көрнекіліктер: Ертегі кітап , ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырып бір-біріне әдемі тілектер айтуды ұсынады. |
Балалар шеңберге тұрып достарына әдемі тілектерін айтады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларды шеңбер бойымен кілемшеге жайғасып отыруларын сұрайды. -Балалар бізге ертегілер әлемінен "Ғажайып қоржын" беріп жіберіпті Қоржынды ашайық не бар екенін көрейік. -Балалар бізге ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп жіберіпті. Сендер ойын ойнағыларың келеме? Д\ойын :"Кейіпкерлерді ата" Мақсаты: балаларды ертегі кейіпкерлерінің атын атауға,дұрыс орналастыруға дағдыландыру. -Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар? -Мен бүгін "Қызыл телпек" ертегісін оқып берейін зер салып,мұхият тыңдаңдар. Тәрбиеші ертегіні оқып бергенсоң балалармен бірнеше қайтара қайталап,сұрақтар қойып ертегі кейіпкерлерін көрсете отырып түсіндіреді.Балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп ертегі желісімен орналастыруды тапсырады. |
Балалар кілемге отырып тәрбиеші апайларына назар аударады. Балалар қоржынға қуана назар аударады. Балалар ойынды қызыға ойнап кейіпкерлерді апайды. Балалар ертегіні мұхият тыңдайды. Балалар ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерді ертегі желісімен орналастырады. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
Тәрбиеші сабақ соңында балалармен бір ойын ойнауды ұсынады. Ертегі желісін өзгертіп кейіпкерлерді орналастырады. Ертегілердің кейіпкерлерін жасырып қай кейіпкер жоғын тапқызады. Тәрбиеші балалардың бүгінгі жетістігіне мақтау айтып мадақтайды. |
Балалар ойын барысында ертегінің дұрыс орналаспағанын тауып, жасырынған кейіпкерді атайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегінің мазмұнын түсіне алады.
Түсінігі бар: Ойлау қабілеттері қалыптасқан.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы : Қызыл телпек ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту. Сахналау арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру
Көрнекіліктер:Ертегі кітап , ертегі кейіпкерлерінің маскасы.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырып бүгінгі күнге тілектер айтуды ұсынады. |
Балалар шеңберге тұрып бүгінгі күнге сәттілік тілейді. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларға қонаққа Айжан қуыршақ келгенін айтады. -тәрбиеші балалар қонағымыз сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көргісі келеді.Біз бүгін қонағымызға ертегіні саханалап берейік. -Біз өткен қандай ертегілерді тыңдадық, есімізге түсірейікші. -Апаны қасқыр жеп кетіп,аңшылар көмектесетін қай ертегі? -Қызыл телпекті анасы қайда жұмсайды? -Қызыл телпекке не кездеседі? -Жақсы балалар енді сендер ертегі кейіпкерлеріне бөлініп ойнайық. Тәрбиеші балалардың кейіпкерлердің интонациясын,дауыс ырғағын,дауыс қаттылығын дұрыс жеткізуін қадағалап отырады.Мәтінді оқып кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды. Айжан қуыршақ балаларға риза болып сыйлығын беріп қоштасып қайтады |
Балалар қонақты қарсы алады. Ертегіні сахалауға дайындалады. Балалар ертегілерді атайды. -Қызыл телпек ертегісі. -Анасы көрші ауылдағы әжесіне бәліш апарып кел деп жұмсайды. -Қасқыр кездеседі. Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерді таңдайды. Ертегіні сахналайды Балалар қуыршақтың сыйлығына қуанып,қоштасады. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
Д\ ойын: "Жалғасын тап" м\ы: балалардың ойлауын,тілін дамыту. Тәрбиеші ертегіден үзінді айтады балалар қай ертегіден және жалғасын айтады. Мысалы. Ата мен апа болыпты.Ата бір күні кемпіріне бауырсақ пысыруды тапсырады. Тәрбиеші балалардан қонаққа кім келгенін,не өтінішпен келгенін сұрайды.Балаларды сабаққа жақсы қатысқандарына мақтау айтады. |
Балалар ойынды қызыға ойнайды.Жалғасын айтаджы. -Бауырсақ ертегісі. Апа үйде ұн жоқ деп айтады. Балалар сұрақтарға жауап беріеді.Мақтауға қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегінің мазмұнын түсіне алады.
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлері жөнінде түсініктері бар.
Орындай біледі: Ертегіні сахналай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Дос іздеген бота»
Мақсаты:
Білімділік: Ертегіні тындай білуге, өз түсінгенін ойын жеткізе білуге үйрету, есте сақтау қаблеттерін дамыту
Дамытушылық: Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу, баулу
Тәрбиелік: жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертегі мазмұнын бейнелейтін суреттер
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Топқа қонаққа бота келеді. Балалармен амандасады |
Балалар ботамен амандасады |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Мұнда қандай әдемі балалар жиналған. Ол балаларға өзіне дос іздеп жүргенін айтып, көмек сұрайды. Тәрбиеші балалардың назарын ботаның әдемілігіне аударады, ол туралы көптеген ертегілердің бар екенін айтады. Бүгін сендер балалар «Дос іздеген бота"атты ертегімен танысасыңдар. Сабақ барысында балалар ертегі желісіне байланысты суреттерді орналастыруды үйренеді. Тәрбиеші балаларға «Мен қазір ертегіні оқимын, сендер сәйкес суреттерді көтересіңдер» дейді. Оқу барысында балалар сәйкес суреттерді көрсетеді. Егер бала қателессе, тәрбиеші оқуын тоқтатып, олармен эпизодтың мазмұнын талдайды, сәйкес суретті көрсетеді. Одан кейін тәрбиеші балалардан суреттерді ертегі желісі бойынша орналастыруларын сұрайды. Балалар тапсырманы орындап болғаннан кейін, тәрбиеші ертегіні тағы да оқиды, балалар сәйкес суреттерді тағыда көтереді. ( және үлкендерге көрсетеді). Сабақ соңында тәрбиеші мынадай ойын ұсынады. Ол суреттерді әдейі қате орналастырады да, балалардан «қай сурет өз орнында тұрған жоқ» - деп сұрайды. Одан кейін ойынды қиындатады. Бір суретті алып тастап, балалардан «қай сурет жетіспей тұр?» - деп сұрайды. Бұндай тапсырмалар балалардың сюжетті ашу тізбегін және кейіпкерлерді белгілі бір белгілеріне қарай орналастыруды түсінуіне үйретеді. |
Балалар ботаға қарап қызығады. Тәрбиешінің бота туралы әңгімесін тыңдайды. Балалардың назары тәрбиешіге ауады. Балалар ойынды қызыға ойнайды балалардан «қай сурет жетіспей тұрғанын айтады. кейіпкерлерді белгілі бір белгілеріне қарай орналастырады. |
Рефлекция , түзету жұмыстары |
Сұрақ жауап.
Балаларды марапаттау. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді Марапат алған балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Бота мен оның достарын сипаттай алады.
Орындай алады: Ертегінің кейіпкерлерін ажырата алады.
Түсінігі бар: Ертегі қандай болатындығы, достық жайлы түсінігі бар.
Күні
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Дос іздеген бота» ертегісін сахналау
Мақсаты:
Білімділік: балалардың бота мен оның достары туралы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ертегі кітап, кейіпкерлердің суреттері, медальдар
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды жылулық шеңберге шақырады |
Балалар шеңбер құрып тұрады |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларға қонаққа Айжан қуыршақ келгенін айтады. -тәрбиеші балалар қонағымыз сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көргісі келеді.Біз бүгін қонағымызға ертегіні саханалап берейік. -Біз өткен қандай ертегілерді тыңдадық, есімізге түсірейікші. Жақсы балалар енді сендер ертегі кейіпкерлеріне бөлініп ойнайық. Тәрбиеші балалардың кейіпкерлердің интонациясын,дауыс ырғағын, дауыс қаттылығын дұрыс жеткізуін қадағалап отырады. Мәтінді оқып кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды. "Жалғасын тап" м\ы: балалардың ойлауын,тілін дамыту. Тәрбиеші ертегіден үзінді айтады балалар қай ертегіден және жалғасын айтады. |
Балалар қонақты қарсы алады. Ертегіні сахалауға дайындалады. Балалар ертегілерді атайды. Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерді таңдайды.
Ертегіні сахналайды Балалар ойынды қызыға ойнайды. Жалғасын айтады |
Рефлекция , түзету жұмыстары |
Тәрбиеші балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қояды
Белсенді қатысқан балалар мадақталады |
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Бота мен оның достары жөнінде біледі
Орындай алады: Ертегінің кейіпкерлерін ажырата алады.
Түсінігі бар: Ертегіні сахналай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Алтын балта»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға «алтын балта» ертегісі жайлы мағұлмат беріп, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ертегіні жандандырып, создік қорын арттыру.
Тәрбиелік: Ертегіні мұқият тыңдауға, түсінгендерін айтуға үйрету.
Қолданылатын көрнекілік: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, конустық театр.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші қонаққа Айгүл қуыршақтың келгенін хабарлайды. |
Балалар қонақты қарсы алып, амандасады. |
Ұйымдастыру жқмыстары
|
Балалар қараңдаршы Айгүл қуыршақ бізге сыйқырлы сандық әкеліпті. - Қанекей бұл сандықтың ішінде не бар екенін көрейікші. Д\О «Ертегі кейіпкерлерін ата?» Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін табады. - Мынау не? -Балта не үшін керек? - Ендеше балалар қазір мен сендерге «Алтын балта» ертегісін оқып берейін. Баяғыда бір кедей болыпты. Бір күні ол көршілес байдың балтасын сұрап алып, отынға барыпты. Біраз отын шауып бола берген кезде, кедейдің балтасының басы ұшып кетіп, қасындағы диірмен тасын айналдырып жатқан суға барып түсіпті. Кедей диірменші шалға келіп, балтамды алып бер жалынады. Шал диірменін тоқтатып, суға қолын тығып жібереді де, бір алтын басты балтаны алып шығады. -Мынау ма балтаң?-дейді шал. -Жоқ бұл емес дейді кедей. -Шал суға екінші рет қолын малып жіберіп, күміс басты балтаны алып шығады да: -Мынау ма балтаң?-дейді тағы да кедейге. Бұл да емес. Диірменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. Сол кезде ғана кедей: Е, міне мынау менің балтам!-деп оған қолын соза бергенде, диірменші шал оны тоқтатып . Шырағым дүние қоңыз емес ақ пейіл адал жан екенсін. Сол үшін менен мына балтаны сыйға ал. Онығ сен сияқты кедейге тигізер пайдасы көп. Осы балта қолында тұрғанда, күнкөрісің түзелер, тез арада-ақ ел қатарына қосыларсың,-деп оған алтын балтаны береді. - Кедей бұл балтаны үйге әкелген күннен бастап, құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы балта екен, кедей отынды да өндірте жарады. Сөйтіп ісі оңға басады үйге береке кіреді. Мұны көрші бай да байқап қалады. Бір күні ол кедейден мұның сырын сұрайды. Кедей жасырмай барлық болған оқиғаны айтып береді. Енді баяғы кедейге бере тұрған қара балтасын ала салып, бай да отынға келеді. Ол отында шабаршаппас- тан, шыдамай, балтасын диірмен суына лақтырып жібереді де, алып бер деп диірменші шалға келеді. Шал судан алтын басты балтаны алып шығады. Сол -ақ екен бай: - Менің балтам!- деп тұра ұмтылады. Бірақ диірменші шал оны кеудесінен иітеріп, тоқтатады да: - Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме! Міне, сенің балтан,- деп байға өзінің темір балтасын алып береді. Бай амалы құрып, үйіне қайтады. Еңбегімен күнелткен кедейді күндеп көре алмай, ішқұса болған бай шаруасына да жөндеп қарай алмапты. Тұрмысының да берекесі кетіпті. Сары ауыру боп ақырында бай өліп тыныпты. Д/О «Қай кейіпкер артық» Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін арттыру |
Балалардың назары сыйқырлы сандықта. Балалар ертегі кейіпкерлерін табады. Балта. Отын жару үшін керек. Балалардың назары Айгүл қуыршақ пен тәрбиешіде болады. Балалар тәрбиеші айтқан ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар тәрбиешінің айтқан ертегідегі кейіпкерлерді естеріне сақтауға тырысады. Балалар тәрбиешімен бірге ойынды қызыға ойнайды. Ертегіде кездескен кейіпкерлерді атайды. Ертегіде жоқ артық кейіпкерлерді атайды. |
Рефлекция-түзетуші. |
-Қонаққа кім келді? -Қандай ертегі тыңдадық? -Қай кейіпкердің әрекеті ұнады? -Қонақпен қоштасу -Балаларды мақтау, мадақтау. |
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар балта жайлы біледі.
Түсінігі бар: Балалар «Алтын балта» ертегісі жайлы түсінігі бар.
Орындай алады: Балалар ертегіні жандандыра алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: Алтын балта
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға алтын балта ертегісін айтып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту үшін ертегі кейіпкерлерінің іс-өимылдарын, көрсете алуға үйроету.
Тәрбиелік: Ертегіні ойнау барысында, кейіпкерлердің жүріс-тұрысын , дауыс ырғағын, дұрыс жеткізе білуғе тәрбиелеу.
Әрекетті ұйымдастыру |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Ертегілер еліне саяхатқа баратынын тәрбиеші хабарлайды. |
Балалар ертегілер еліне саяхатқа дайындалады. |
|
Ендеше балалар ертегілер еліне саяхатқа шығу үшін поездьға отырайық. Балалар ертегілер елінде көптеген кейіпкерлер бар екен. Осы кейіпкерлердің ішінен алтын балта ертегісінің кейіпкерлерін таңдап алайық. Д/о « Таңдап ал да, тап» Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін таба білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиеші балаларды кілемнің үстіне шақырады. -Тәрбиеші мен ертегі айтамын, ал сендер ертегі кейіпкерлерін көрсетіңдер. Тәрбиеші ертегіні айта бастайды. Баяғыда бір кедей болыпты. Бір күні ол көршілес байдың балтасын сұрап алып, отынға барыпты.Бұл сәтте балалардың кейіпкерлердің іс-әрекетін көрсетулерін сұрайды. Тәрбиеші келесі үзінді бойынша ертегіні әңгімелейді. Балалардан кейіпкерлердің мінез-құлықын, жүріс-тұрысын, дауыс ырғағын дұрыс жеткізе білуге үйретеді. |
Балалар поездьға отырып саяхатқа барады. Балалар алтын балта ертегі кейіпкерлерін тәрбиешімен бірігіп таңдап алады. Балалар кедейдің байға барып, балтасын сұрау әрекетін, жүріс-тұрысын көрсетеді. |
Рефлекция-түзетуші. |
Тәрбиеші балалардан қандай ертегімен танысқандарын сұрап, кейіпкерлерді ататады. |
Балалар қандай ертегімен танысқандықтары жөнінде баяндайды. |
Күтілетін нәтиже:
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлері жайлы түсінігі бар.
Біледі: Балалар балта жайлы біледі.
Орындай алады: Сұрақтарға жауап беріп, ертегіні баяндай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Мақтаншақ қоян» ертегісі (оқу, талдау)
Мақсаты:
Білімділік: Оқу-іс әрекетінде « Мақтаншақ қоян» ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
Тәрбиелік: Достарымен тату болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: «Мақтаншақ қоян» ертегісінің кітабы, ертегі кейіпкерлерінің суреттер, конустық театр.
Тәсілдері, кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға хат тасушы апай біздің топқа «Мақтаншақ қоян» ертегісінін алып келгендігі туралы айтады. |
Балалар тәрбиешінің қолында тұрған кітапты көріп қуанады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
- Қоян туралы не білісіндер? - Ол қандай жануар? -Қоян туралы қандай тоқпақ, өлен білесіңдер? - Қоян туралы тағы бір ертегі тыңдағыларын келе ме? Тәрбиеші «Мақтаншақ қоян» ертегісін бірнеше рет оқып береді. Ертегі желісі бойынша сұрақтар қояды. Қоян қалай мақтанады? Бұл мақтанғаның кім естіп қояды? Қарға не істейді? Қоян қарғаға қалай көмек көрсетеді? Сергіту сәті: Көлбең, көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Қарға қалай жүреді, Қарға былай жүреді. Көлбең, көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Қоян қалай жүреді, Қоян былай жүреді. Дид/ойын: «Ертегіні құрастыр» Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін есте сақтау. Ертегідегі оқиға желісін жүйелі түрде құруға үйрету. Тілдерін дамыту. Ертегіге деген қызығушылығын ояту.
|
Балалар өз ойларымен сұрақтарға жауап береді. Балалар білген тақпақтарын айтып береді. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Мұртым менің мойылдай, табандарым күректей, тістерім болат қанжардай- менешкімнен қорқпаймын. Қарға. Қарға қоянды іздеп жүріп, тауып алады. Ол қарғаны иттерден құтқарады. Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп, мәтінін қайталайды. Балалар ертегіні қызыға тыңдайды. Балалар сергіту сәтін жасайды. Балалар қызыға ойнайды. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
-Балалар бүгін сендер қандай ертегі тыңдадыңдар? -Ертегі кейіпкерлерін атандар? Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. |
Балалар өз ойларымен сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже
Біледі: Балалар ертегі мазмұның, желісін біледі.
Түсінігі бар: Балалардың ертегі жайлы түсінігі бар.
Орындай алады: Балалар кейіпкерлерді ажыратып, сұрақтарға толығымен жауап бере алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Мақтаншақ қоян» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Оқу-іс әрекетінде « Мақтаншақ қоян» ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып, мазмұндай білуге үйрету, ертегі желісі бойынша сақналауға үйрету
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
Тәрбиелік: Достарымен тату болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: ертегісінің кітабы, ертегі кейіпкерлерінің суреттер, кейіпкердердің атрибуттары.
Тәсілдері, кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға қонақ келетінін хабарлайды. Есікті қағып топқа Айша қуыршақ келеді. Балалармен амандасады. |
Балалар қонақты күтеді. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Сәлеметсіңдерме балалар. Менің досым қоянды жоғалтып алдым. Қасқыр: Қоян менде. Сендер досын жайлы маған тақпақ, өлең, ертегі айтып берсен мен оны қайтарамын. Айша қуыршақ: Балалар маған көмектесесіңдер ме? Қасқыр: - Балалар қоян туралы не білісіндер? -Ол қандай жануар? -Қоян туралы тақпақ айтып беріндер Қасқыр:Қандай өлен білесіңдер? Қасқыр:Қоян туралы ертегі білесіңдер ма? Айтып беріндер. Айша қуыршақ: Енді қоянымды жібер. Қасқыр: Маған ертегіні сахналап берсеңдер жіберемін. Тәрбиеші: Балалар «Мақтаншақ қоян» ертегісін сахналап берейік. Тәрбиеші көмегімен сахналайды. Қасқыр: Жарайсындар балалар мен қоянды жіберім. (қасқыр шығып кетеді, қоян келеді) Маған көмектескендеріне көп рахмет. Сергіту сәті: «Қоян тұршы» Д/о «Қай ертегінің кейіпкері» Мақсаты: Ертегілердін кейіпкерлерін ажырата білу. Айша қуыршақ пен қоян қоштасып, рахметтерін айтып кетеді. |
Балдлалар амандасады. Балалар өз ойларымен сұрақтарға жауап береді. Балалар білген тақпақтарын айтып береді. Балалар қоян туралы тақпақ, өлеңдерін айтады. Балалардын біреу ертегіні айтып, әңгімелеп береді. Балалар ертегі кейіпкерлеріннің атрибуттарын киіп, сахналай бастайды. Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп, мәтінін қайталайды. Балалар қызыға ойнайды. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
-Балалар сабаққа кім келді? - Біз Айша қуыршаққа қалай көмек көрсеттік? Сендерге ұнады ма? Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. |
Балалар өз ойларымен сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже
Біледі: Балалар ертегі мазмұның, желісін біледі.
Түсінігі бар: Балалардың ертегі жайлы түсінігі бар.
Орындай алады: Балалар кейіпкерлерді ажыратып, сұрақтарға толығымен жауап бере алады, сахналай біледі.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: Түлкі мен ешкі
Мақсаты:
Білімділік: Ертегіні әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілін есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер:Конустық театр
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиешіге балаларға сиқырлы сандық тауып алғанын көрсетеді. |
Балалар сиқырлы сандыққа қызыға қарайды. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Балалар егер мына жұмбақты шешсеңдер,мына сиқырлы сандық ашылады. Балаларға жұмбақ жасырылады Сыр сандық ашылып ішінен түлкі мен ешкінің суреттері шығады. -Балалар мынау ненің суретті? Енді қазір мен сендерге түлкі мен ешкі ертегісімен таныстырады. Бір күні түлкі келе жатып апанға түсіп кетеді,апаннан шыға алмай тұрғанда.бұны өтіпбара жатқан ешкі көреді: «-Әй,түлкі батыр онда неғып тұрсың?» «ой, неғыласың, қырда сусып жүр едім, бұл жер салқын,суыда тып-тынық екен»бұны естіген ешкі су ішейін деп апанға секіріп түскенде түлкі ешкінің үстіне сосын мүйзіне секіріп апаннан шығып өз жөніне кетеді. Сергіту сәті: Күн сияқты күлейік Жел сияқты соғайық Секіреміз аспанға Отырамыз жерге Д/о: «Үй жануарларын ажырат» м\ты:үй жануарларын ажырата білуге үйрету. |
Балалар жұмбақты шешеді Балалар суреттерді атайды Балалар сұраққа жауап береді. Балалар ертегіні қызыға тыңдайды. Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасайды. Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
-Балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Ертегі сендерге ұнады ма? Тәрбиеші жақсы жауап берген балаларды мақтайды ,мадақтайды. |
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді. Балалар мақтауға риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі туралы біледі
Түсінігі бар: Түлкі мен ешкі ертегісі туралы түсініктері бар.
Орындай алады.сұрақтарға жауап бере алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: Түлкі мен ешкі
Мақсаты:
Білімділік: Ертегіні әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілін есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер:Конустық театр
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады. |
Бір-біріне жылы лебіздерін айтады. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Бұл сабақта тәрбиеші ертегіні үлгі бойынша меңгерген балаларға бір кейіпкер ролін таңдап оны ойнауын ұсынады. Ролдарді анықтау үшін кейіпкерлер бейнеленген төс белгілерді алады. (медаль) Ертегіні ойнауда ең маңыздысы балалар кейіпкерлердің интонациясын, дауыс ырғағын, дауыс қаттылығын дұрыс жеткізу. Жүргізуші ролін атқаратын тәрбиеші мәтінді оқиды және кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды. Д/о: Қай сурет өз орнында тұрған жоқ. Мақсаты: Сурет арқылы ертегі желісін есте сақтауын арттыру. |
Балалар ролдарді анықтап кейіпкерлер бейнеленген төс белгілерді алады. (медаль) балалар кейіпкерлердің интонациясын, дауыс ырғағын, дауыс қаттылығын дұрыс жеткізуге тырысады Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
Балаларға бірнеше сұрақтар қойылады Тәрбиеші жақсы жауап берген балаларды мақтайды ,мадақтайды. |
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді. Балалар мақтауға риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі туралы біледі
Түсінігі бар: Түлкі мен ешкі ертегісі туралы түсініктері бар.
Орындай алады.Ертегіні сахналай алады.
Күні
Білім беру саласы:Қатынас, әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Әдеп
Мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында балалардың әңгіме желісіне байланысты сөлей алуға.Суретке қарап әңгіме айтуға үйрету.
Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Әдепті болуға үйрету.
Сөздік жұмыс:Әдеп, бай, кедей, әкім
Көрнекіліктер: сюджеттік суреттер
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Топқа қонаққа Айша қуыршақ келеді. Балалармен амандасады |
Балалар қуыршақпен амандасады |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Мұнда қандай әдемі балалар жиналған. Тәрбиеші балаларға Айша қуыршақ қызықты әңгімелер жинағын алып келіпті.
Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсете отырып әңгімелейді. Әңгіме Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас үрып сәлем беріпті, Оған қарсы әлгі әкім оған да төменірек бас ұрып сәлем алады. Қасындағы бай:
Сергіту сәті: Біз қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз. Д/О «көршіңді ата» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру |
Балалардың назары қуыршаққа ауады. Әнгіме естігілері келетінің айтады. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап суретке назарларын аударады. Әңгімені ынта қойып тыңдайды. Тәрбиешімен бірге жасау Балалар ойынды қызыға ойнайды. |
Рефлекция , түзету жұмыстары |
Тәрбиеші балаларға бірнеше сұрақтар қояды -Балалар әңгіме не туралы? -Сендерге ұнады ма? -Бай деген кім? -Әдеп деген не? -Әкім деген кім? Балаларды мадақтау |
Берілген сұрақтарға жауап береді. Әдеп туралы білетін тақпақ, мақал-мәтелдерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әдепті болуды біледі
Орындай алады: Ертегіні жандандыра алады.
Түсінігі бар: Бай , кедей, әкім, әдеп туралы түсініктері бар.
Күні :
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Әдеп
Мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында балалардың әңгіме желісіне байланысты сөлей алуға.Суретке қарап әңгіме айтуға үйрету.
Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Әдепті болуға үйрету.
Сөздік жұмыс: Әдеп,бай, кедей, әкім
Көрнекіліктер: суреттер
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Топқа қонаққа Айша қуыршақ келеді. Балалармен амандасады |
Балалар қуыршақпен амандасады |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Мұнда қандай әдемі балалар жиналған. Тәрбиеші балаларға Айша қуыршақ тың әкелген қызықты әңгімелер жинағынан жақсы бір әңгімен танысқанбыз. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
Сергіту сәті: Біз қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз. Д/О «көршіңді ата» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру Тәрбиеші балаларға әңгіме желісі бойынша рөлдерге бөлініп ойнауды ұсынады. Тәрбиеші: «Мен әңгімені айтамын , ал сендер кейіпкерлерді көрсетіңдер». Тәрбиеші әңгімені оқи бастайды. Бұл сәтте тәрбиеші балалардан кейіпкерлердің іс-әрекетін көрсетулерін сұрайды. Тәрбиеші келесі үзіндіні оқып оны ойнап беруін сұрайды. Әңгіме желісі барысында ойнау. балалардан кейіпкерлердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, дауыс ырғағын дұрыс жеткізе білуге үйретеді, талап етеді. |
Балалардың назары тәрбиеші мен қуыршаққа ауады. Сұрақтарға жауап береді. Әдеп дегеніміз- үлкенді үлкен деп кішіні кіші деп сыпайылық көрсету. Сергіту сәтін жасайды. Ойында кейіпкерлерді ретімен орналастырады. Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды. кейіпкерлердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, дауыс ырғағын дұрыс жеткізе білуге тырысады. Қалған балар кейіпкерлерге мұқият қарап, тыңдап отырады. |
Рефлекция , түзету жұмыстары |
Сұрақ- жауап:
ма? Қуыршақ балалармен қоштасады. Үздік қатысқан балалар марапатталады. |
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді Айжан қуыршақпен қоштасады. Балалар қуанады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әдепті болуды біледі.
Орындай алады: Әңгімені рөлдерге бөліп сомдай алады.
Түсінігі бар: Бай , кедей, әкім, әдеп туралы түсініктері бар.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Тышқанның өсиеті»ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.
дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Адамгершілікке,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ірімшік, қақпан.
Қолданылған көрнекіліктер: тышқанның, ірімшіктің, қақпанның суреттері.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға топқа қонаққа Ата келгенін хабарлайды. Балалармен амандасады. |
Балалар қонақ келгеніне қуанады. Атамен амандасады. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сонау алыс ауылдан келдім, мен сендерге ертегі кітап ала келдім. Тәрбиеші балаларға « Ата бізге ертегі кітап ала келіпті» мен сендерге сол кітаптың ішінен «Тышқанның өсиеті» атты ертегіні оқып берейін. Тәрбиеші ертегіні оқып берген соң балалармен бірнеше қайтара қайталап,сұрақтар қойып ертегі кейіпкерлерін көрсете отырып түсіндіреді. Балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп ертегі желісімен орналастыруды тапсырады. Сергіту сәті: Тышқан шықты інінен Сағат неше болды деп Тартып еді жібінен Бүкіл әлем дүрс етті Тышқан қашты ініне Д/о: «Ойлан тап» Мақсаты:ойлау қабілет дамыту. |
Балалар атаның ертегі кітабына қызығушылық танытады. Балалар ертегіні қызыға тыңдайды.
Балалар ертегі кейіпкерлерінің суретін ертегі желісімен орналастырады
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыс арқылы сергіту сәтін жасайды. Ойынды аса қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
-Балалар атай бізге қандай ертегі кітап ала келді? -Ертегі ұнады ма? -Ертегі кейіпкерлерін атаңдар? Атай балаларға өз ризашылығын білдіріп.балалармен қоштасады. Тәрбиеші сабаққа жақсы жауап берге балаларды мақтау,мадақтау. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар қуанады.атамен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі кейіпкерлерін атай біледі
Түсінігі бар: Үлкеннің сөзін тыңдау керек екенін түсінеді
Орындай алады.сұраққа толық жауап бере алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Тышқанның өсиеті»жандандыру
Мақсаты:
Білімділік. Балалар халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ірімшік,қақпан.
Қолданылған көрнекіліктер: тышқанның, ірішік, қақпанның суреттері.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балалардан қандай ертегімен танысқандарын сұрайды. |
Балалар ертегіні естеріне түсіреді. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Бұл сабақта тәрбиеші балалармен ертегі кейіпкерлерін алмастырушы заттармен алмастыру қаблеттеріне байланысты жұмыс жасалады. Тәрбиеші балалрға ертегінің кейіпкерлері және олардың заттары бейнеленген карточкаларды көрсетеді. Тәрбиеші әр кейіпкерге тиісті заттарды таңдап алуларын тапсырады. Д/о: Қай зат дұрыс тұр? Барысы: Тәрбиеші ертегіге байланысты бірнеше заттардың орнын ауыстырып қояды. Тәрбиеші ертегіні үлгі бойынша меңгерген балаларға бір кейіпкер рөлін таңдап оны ойнауын ұсынады. Ролдарді анықтау үшін кейіпкерлер бейнеленген төс белгілерді алады. (медаль) Ертегіні ойнауда ең маңыздысы балалар кейіпкерлердің интонациясын, дауыс ырғағын, дауыс қаттылығын дұрыс жеткізу. Жүргізуші ролін атқаратын тәрбиеші мәтінді оқиды және кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды. |
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар карточкаларды ертегі желісі бойынша орналастырады. Балалар заттарды ертегі желісі бойынша өз орнына қояды. Балалар медальдарды алып рөлдерге бөлініп ойнайды. Балалар ертегі кейіпкерлерін баяндап, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді атайды |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
Тәрбиеші қорытындылай келе, осы сабақта балалардың емін еркіндігін дамытады және жеке тұлға болуына жол бағыттайды. Жетекші сұрақтар қойылады Тәрбиеші балалрдың ертегіні мұқият тыңдап кейіпкерлерді дұрыс орналастырғаны үшін мақтау, мадақтау. |
Сұрақтарға жауап береді. Балалар тәрбиешінің мақтауына риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі кейіпкерлерін атай біледі.
Түсінігі бар: Ертегі туралы түсінігі бар.
Орындай алады. Ертегіні сахнай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды ертегі желісіне байланысты суретттерді орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Ертегі желісі туралы түсініктерірін артыру.
Тәрбиелік: Ертегі желісін түсініп тындай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреті
Әрект кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Балалар бүгін ерекше күн. Мен жолдан мына бір хатты тауып алдым. Ішінде ертегі кітап бар екен |
Балалардың назары тәрбиешінің қолындағы хат пен ертегі кітапқа ауады. |
Ұйымдастыру ізденіс жүргізу
|
Тәрбиеші балаларға «Үш аю» ертегісін оқып береді. Ерте –ерте , ертеде Машенька деген қыз өмір сүріпті. Ол бір күні орманға саңырауқұлақ теруге барыпты. Машенка бір себет саңырауқұлақ теріп алып, үйіне қайтар кезде адасып кетеді. Ол орман ішінде көп жүрді. Бір кезде ол ескі ағаш үйді көреді. Есік ашық тұрған соң кіріп кетеді. Ол үйде үш аю тұрады екен. Әкесінің аты Михайло Иванович. Ал екінші аю кішірек, оның аты Настасья Петровна. Үшінші ең кішкентай қонжығы, ол Мишутка екен. Аюлар үйінде болған жоқ, олар орманға серуендеп кетіпті. Үйдің ішінде екі бөлме бар екен. Ал Маша бірінші бөлмеге кіргенде, үш тостағанға салынған ботқаны көрді. Бірінші өте үлкен тостаған, Михаил Ивановичтікі, екншісі орташа, Настасия Петровнанікі, ал үшінші ыдыс Минутканікі еді. Әрбір тостағанның қасында қасық жатты: үлкен, корташа, кішкентай. Маша үлкен қасықты алып, үлкен тостағаннан жеді. Одан кейін ортаншы қасықты алып, ортаншы тостағаннан жеді. Сосын кішкентай қасықты алып, кішкентай тостағаннан жеді. Оған Мишутканың ботқасы бәрінен дәмдірек болып көрінді. Маша шаршап, отырғысы келді жанында орындықтар тұр екен: Бірінші өте үлкен орындық, Михаил Ивановичтікі, екншісі орташа, Настасия Петровнанікі, ал үшінші орындық Мишутканікі еді. Маша үш орындыққа да отырып көрді. Оған кішкентай орындықта өте ыңғайлы болды, ол тербетіле бастады.Орындық әрі-бері шайқалған сайын сықырлап жатты. Орындық ырғала –ырғала сынып қалды. Ал Маша еденге құлап түсті. Ол енді келесі бөлмеге өтті. Онда үш төсек тұр екен. Бірінші өте үлкен төсек, екіншісі орташа, ал үшінші төсек Мишутканікі еді.Маша үлкен төсекке жатып көрді тым кең екен, екіншісі тым биік болды, ал кішкентай төсекке жатып бір дәмді тәтті ұйқыға батты. Аюлар серуеннен оралып, үстелге отырды. - Кім менің тостағанымдағы ботқаны жеген? – деп үлкен аю ақырды. Аю – ана өзінің тостағанына қарап: -Кім менің тостағанымдағы ботқаны жеген? – деді. Мишутка өзінің бос тұрған ыдысын көріп:
Михаил Ивановичтің көзі орындығына түсті де,
Настасия Петровнада өз орындығын көріп:
Қонжық өзінің тербетіліп ойнайтын орындығының сынып қалғанын көріп:
Үш аю жатын бөлмеге кірді.
Ал Мишутка өз төсегінде жатқан қызды көріп, айғайлады:
Д/о: Қай сурет өз орнында тұрған жоқ. Мақсаты: Сурет арқылы ертегі желісін есте сақтауын арттыру. Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың, Құлпынайы көп екен Теріп -теріп алайық, Себетімізге салайық. |
Балалар ертегіні мұқият тыңдап, Сәйкес суреттерді көрсетеді.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар суретттерді ертегі желісі бойынша қадағалайды
Балалар суретттерді ертегі желісі бойынша жоқ суретті тауып өз орнына қояды.
Балалар сәйкес суреттерді дұрыс көрсеткені үшін, мақтаныш сезімі оянады.
Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды. |
|
|
|
Рефлексия түзету: |
Д/о: Қай сурет жетіспей тұр. Мақсаты:Кейіпкерлерді белгілі бір белгілеріне қарай оранластыруды үйрету. Ертегі желісі бойынша бірнеше сұрақтар қояды. мақтау, мадақтау. |
Ойын шарты бойынша Кейіпкерлерді белгілі бір белгілеріне қарай оранластырады |
Күтілетін нәтиже: Біледі: Ертігі желісі туралы біледі. Түсінігі бар: Ертегі желісі туралы түсінігі бар. Орындай алады: Суреттерді орнына қоя алады. |
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік:Балаларды ертегі желісіне байланысты суретттерді орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Ертегі желісі туралы түсініктерірін артыру.
Тәрбиелік: Ертегі желісін түсініп тындай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:
Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреті
Әрект кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Ынталандырушы,оятушы |
Тәрбиеші балаларға қонаққа Машаның келгенін хабарлайды |
Балалар Машамен амандасады. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балалардан қандай ертегімен танысқандарын сұрайды. Бұл сабақта тәрбиеші балалармен ертегі кейіпкерлерін алмастырушы заттармен алмастыру қаблеттеріне байланысты жұмыс жасалады. Тәрбиеші балалрға ертегінің кейіпкерлері және олардың заттары бейнеленген карточкаларды көрсетеді. Тәрбиеші әр кейіпкерге тиісті заттарды таңдап алуларын тапсырады. Д/о: Қай зат дұрыс тұр? Барысы: Тәрбиеші ертегіге байланысты бірнеше заттардың орнын ауыстырып қояды. Мысалы: Кішкене аюдың қасығын әке аюдың қасығымен ауыстырып қояды. Тәрбиеші ертегіні үлгі бойынша меңгерген балаларға бір кейіпкер рөлін таңдап оны ойнауын ұсынады. Ролдарді анықтау үшін кейіпкерлер бейнеленген төс белгілерді алады. (медаль) Ертегіні ойнауда ең маңыздысы балалар кейіпкерлердің интонациясын, дауыс ырғағын, дауыс қаттылығын дұрыс жеткізу. Жүргізуші ролін атқаратын тәрбиеші мәтінді оқиды және кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды. Тәрбиеші қорытындылай келе, осы сабақта балалардың емін еркіндігін дамытады және жеке тұлға болуына жол бағыттайды. Жетекші сұрақтар қойылады Тәрбиеші балалрдың ертегіні мұқият тыңдап кейіпкерлерді дұрыс орналастырғаны үшін мақтау, мадақтау. |
Балалар ертегіні естеріне түсіреді. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар карточкаларды ертегі желісі бойынша орналастырады. Балалар заттарды ертегі желісі бойынша өз орнына қояды. Балалар медальдарды алып рөлдерге бөлініп ойнайды. Балалар ертегі кейіпкерлерін баяндап, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді атайды Балалар тәрбиешінің мақтауына риза болады. |
Рефлексия түзету: |
||
|
||
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертігі желісі туралы біледі.
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлері туралы түсінігі бар.
Орындай алады: Ертегі желісі бойынша сахналай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Мақтаншақ бақа
Мақсаты:
білімділік: Ертегі мазмұнын толық білуге үйрету.
дамытушылық: Балалардың тілін, ой-қиялын, сөздік қорын дамыту. тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: суреттер
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға қонаққа қуыршақ келетінін хабарлайды. |
Балалар қуыршақтың қонаққа келетініне қуанады. |
Ұйымдастыруізденіс жүргізу |
Балалар қуыршақ өзімен бірге ертегі кітабын ала келіпті. Ол кітаптың ішінде «Мақтаншақ бақа» ертегісі бар екен. -Балалар бақаны білеміз бе? - Бақа қайда мекендейді? - Бақаның түсі қандай болады? - Бақа қандай дыбыс шығарады? -Ендеше мен сендерге сол ертегіні оқып берейін. Жаз айының жайма-шуақ күні еді. Айдын көл жағасын бір кесіртке мекен етіпті. Бір күні ол ұзақ ұйқысынан оянып, тас қауырсыннан шықты. Айналасына, күнге сүйсіне қарады. Тастың үстіне шығып, денесін қыздыра бастайды. Кенет көл суын шолпылдатып шашып жанына бақа келді. -Су деген қандай тамаша! Шомылғың келе ме? Бірақ мен сияқты жүзе алмайтын шығарсың?-дйді мақтанып. -Жүзе аламын. Су қазір суық қой. Мен жылыны жақсы көремін. Жоқ , жүзе алмайсың. Сен судан қорқасың,-деп бақа жалпақ денесімен кесірткені суға итеріп жіберді. Кесіртке ашулы көздерімен бақаға бір қарап, судан шығады. Денесіндегі су тамшыларын сілкім тастап, ағаш басына шығып кетеді.Ал өзіне-өзі разы болған бақа: -Өй қорқақ, қашып кеттің ғой,-деп масаттанды. Осы кезде қарны ашқан бақа ұшып жүрген инелікті көріп, тыныштала қалды. Ал инелік еш нәрсені байқамайды. Мұны сырттай бақылап отырған кесіртке: -Инелік, кет бұл жерден! айтпесе, бақаға жем боларсың, - деп үн қатады. Кесірткенің сөзін естіген бақа ашуланып, өзінің ұзын тілін серпіп жібереді. Инелік ұшып кетеді. -Қап, бәлем, сені ме?- дейді де, бақа секең-секең етіп көлге күмп береді.біраздан кейін көл жағасын бойлай асықпай жылжып бара жатқан тасбақаны көрген бақа судан шығады да: -Тасбақа, мен сияқты секіре аласың ба? Кел, екеуміз жарысайық,-деп секеңдей бастайды. Тасбақа оған таңдана бір қарайды да өз жолымен кете барады. Бақаны сырттай бақылап отырған кесіртке «мырс» етіп күледі. Секеңдеп-секеңдеп шаршаған бақа шөп үстіне жата кетеді. Осы араға алқызыл әдемі көбелек ұшып келеді. Оны ұшып жұрген гүл ме деп те қаласың. Көбелекті көрген бақа: -Кесіртке, қарашы, мен қандай әдемімін. Осы маңда менен өткен сұлу жәндік бар ма?-деп сұрайды. Мұны естіген кесіртке тағы да «мырс» етіп күлді.Жата-жата әбден жалыққан бақаның енді іші пыса бастайды. Осы кезде тас арасынан жылжып жылан шығады. Екі айыр тілі оттай жалындап сумаң-сумаң етеді. Бақа оған жақындай түсіп: -Бәрібір де менің денем сенің денеңнен жылтыр, мен ....-дей бергені сол еді, кесіртке: -Қаш, жылан сені жұтып жібереді!-деп айғай салады. Шошып кеткен бақа артқа қарай ыршып түседі. Ал жылан бақаны құйрығымен салып қалып ініне барып бұтаққа ілінеді.Біраздан кейін бақа есін жиып, жан-жағына қарайды. Көршілес бұтақта ән салып отырған бозторғайды көреді. Әнін тыңдар-тыңдамастан баяғы мақтаншақтық әдетіне басып: -Бозторғай, бәрібір мен сияқты ән шырқай алмайсың. Менің әнімді тыңда,-деп бар дауысымен бақылдай бастайды. Дауысы тарғылданып, айналаны шуға толтырып жібереді. Ән айтамын депкүшенгені сонша бұтақтан құлап түседі. Жақын маңайда жүрген тырна бақаның дауысын естіп, көл жағасына ұшып келеді. Бақаны өткір тырнақтарымен бүріп ала жөнеледі. Көкке көтеріп бара жатып, бозторғайға соқтығысады.Бақа көлге күмп етіп құлап түседі. Осының бәрін бақылап отырған кесіртке асықпай ағаш басынан жерге түсіп: -Тым көп мақтанып кетіп ең, -дейді де қуысына кіріп кетеді. Сергіту сәті: Жапырақтай жайқалып, Табиғатты сүйеміз. Денемізді тік ұстап, Билеп-билеп аламыз. Д/ойын «Ретімен орналастыр» |
Балалардың назары ертегі кітапқа ауады Балалар бақа жайында өз білгендерін айтады. Балалар ертегіні зейін қойып тыңдайды Балалар шеңберге тұрып сергіту сәтін орындайды. Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды. Балалар кейіпкерлерді ертегі желісі бойынша орналастырады |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
Балалар мен сендерге қандай ертегі оқып бердім? -Бақаны неге мақтаншақ деп атады? |
Мақтаншақ бақа жайында баяндайды. |
Күтілетін нәтиже
Біледі: балалар мақтаншақ бақа ертегісін біледі.
Түсінігі бар: бақа, инелік, жылан, бозторғай, тасбақа, кесіртке жайында түсінігі бар.
Орындай алады: Кейіпкерлерді ретімен орналастыра алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Мақтаншақ бақа
Мақсаты:
білімділік: Ертегіні толық білуге және жандандыра білуге үйрету.
дамытушылық: Актерлік шеберлік қасиеттерін, тілдерін дамыту.
тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: суреттер, маскалар
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату,түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға қонаққа қуыршақ келетінін хабарлайды. |
Балалар қуыршақтың қонаққа келетініне қуанады. |
Ұйымдастыру,ізденіс жүргізу |
-Тәрбиеші балалар өткен сабақта қуыршақ өзімен бірге ертегі кітабын алаып келген болатын, сендер кітаптан қандай ертегімен танысқан едіңдер? -Дұрыс айтасыңдар балалар. -Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, ертегінің мазмұнын сұрайды. -Біз қандай ертегімен танысып едік? -Неге бақаны мақтаншақ деп атады? -Бақа кесірткеге не деп мақтанды? -Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Д/о: «Ретімен орналастыр» Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін рет-ретімен орналастыруға үйрету. Бұл сабақ барысында үлгі бойынша ертегіні мазмұндауды игерген балаларға тәрбиеші ертегінің бір кейіпкерінің рөлін таңдап, соны сомдап шығуға береді. Рөлдерді белгілеуде балалар кейіпкерлердің суреті бар медальдарды алады.(Дөңгелек пішінге суреттер жабыстырылып, лента байланады). Ертегіні қоюда аса маңыздысы, балаларды кейіпкер дауысы ырғағын дұрыс салуы. Тәрбиеші жүргізуші рөлін ойнап, ертеті мәтінін оқып, кейіпкерлерді кезекпен сахнаға шығуын қадағалау. Сергіту сәті: Сергіту сәті: «Балық» Балық суда жүзеді, Өте таза, тынық су. Біресе ашылады, Біресе керіледі. Біресе құмға тығылады.
|
-Балалар мақтаншақ бақа ертегісімен танысқандарын айтады. Сұрақтарға жауап береді. балалар рөлдерді белгілеуде кейіпкерлердің суреті бар медальдарды алады да рөлдерге бөлініп ойнайды. . Балалар шеңберге тұрып сергіту сәтін орындайды. |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
Тәрбиеші балаларға бірнеше сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды. Үздік қатысқан балалар марапатталады |
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарды айтып береді |
Күтілетін нәтиже
Біледі: Ертегі кейіпкерлерін атай алады.
Түсінігі бар: бақа, инелік, жылан, бозторғай, тасбақа,кесіртке түсінігі бар.
Орындай алады: балалар мақтаншақ бақа ертегісін сахналай алады
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Бір уыс мақта
Мақсаты:
Білімділік: мақта туралы білімін арттыру
Дамытушылық: Есте сақтау қаблетін дамыту
Тәрбиелік: Кез келген затты ысырап жасамай, пайдаға жарту, әрқашанда көмектесе білуді.
Қолданылатын көрнекіліктер: Мақта, кейіпкерлердің суреттері,күрте, көрпе,шапан және торғайдың суреті.
Әрекет кезңдері |
Тәрбиешінің әркеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға Айша қуыршақ қонаққа келтінін хабарлайды. |
Балалар қуыршақтың қонаққа келетініне қуанады |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларға Айжан қуыршақтың өзімен бірге бір зат ала келгенін айтады. Қандай зат әкелгенін сұрайды. Тәрбиеші балаларға мақта жөнінде баяндайды. Балалар мынау-мақта. Ол-жұмсақ,түсі-аппақ.Мақтадан көптеген заттар тігуге болды. Мысалы:күрте, шапан, көрпе тігуге болды. Тәрбиеші балаларға осы бір уыс мақта жөнінде әңгімені айтып береді Кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, анасы қасын отырып, ақыл айтты: Балам, дүниеде жартылған жанды – жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, - дейді. Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып далаға тастады: -Әже, осы қиқымнын ешнәрсеге керегі бола қоймас,-дейді. Шешесі: Балам, сол да жерде қалмайды, - деді. Осылайша сөйлеп, қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көтеріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана ұшып кетті. Қыз әжесіне: Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылды?- деп сұрды. Әжесі: Көрдіңбе балам, ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, - деді. Сергіту сәті Тез қозғалып осылай Жаттығулар жасайық. Жақсылықты үйреніп, Жамандықтан қашайық Д\О: «Қандай зат» Мақсаты: мақтаның не екенін және кез келген затты іске асырудың жолын» білу. Ойлау қаблеттерін дамыту.. |
Балалар қуыршақтың қандай зат әкелгенін айтады
Балалар тәрбиешімен бірге мақта жайында өз білгендерін айтады.
Балалар тәрбиешінің бір уыс мақта әңгімесін тыңдайды
Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп, мәтінін қайталайды.
Балалар заттарды ажырата отырып ойынды ойнайды. |
Рефлекция – түзету жұмыстары |
Балалар мақта деген не? түсі қандай? қатты ма, әлде жұмсақпа Бүгінгі әңгіме сендерге ұнады ма? Ертегі кейіпкерлерін атаңдар? Айжан қуыршақ балалармен қоштасады. |
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді. Мақта туралы өз білгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже.
Біледі: Мақтаның пайдасы жөнінде біледі.
Түсінігі бар: Мақтаны көптеген заттарға пайдалануға болатындығы жайында түсініктері бар.
Орындай алады: Әңгімені баяндай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Бір уыс мақта
Мақсаты:
Білімділік: мақта туралы білімдерін арттыру
Дамытушылық: Есте сақтау қаблеттерін дамыту
Тәрбиелік: Кез келген затты ысырап жасамай, пайдаға жартуға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер: Мақта, кейіпкерлердің суреттері және торғайдың суреті.
Әрекет кезңдері |
Тәрбиешінің әркеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады. |
Балалар шаттық шеңберін жасайды. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балалармен амандсып, Бір уыс мақта ертегісін естеріне түсірулерін өтінеді.Бұл сабақта тәрбиеші балалардың ертегі кейіпкерлерін алмстырушы заттармен алмастыру қаблеттеріне жұмыс жаслады. .Онда мақтаның қажетті тұрмыстық заттарға жататынын, ондғы кейіпкерлерді сипаттап, әженің, ананың ақылын тыңдау керектігін, торғайдың іс – қимылын, блапандарына деген қамқорлығын, ұянын не екені жөнінде айтады. Балаларға «бір уыс мақта» әңгімесінің желісі бойынша рөлдерге бөлініп, кейіпкерлердің дауыс ырғақтарын келтіре отырып сахнаулары ұсынылады Сергіту сәті Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. Д\О: «Қажетті кейіпкерді тап» Мақсаты: басқа ертегі кейіпкерлерінің ішінен қажетті кейіпкерлерді табу |
Балалар естеріне түсіріп жауап береді Мақтаның қандай жағдайда қолданылатыны жөнінде білгендерін баяндайды. Балалар әңгіме желісі бойынша рөлдерге бөлініп, кейіпкерлердің дауыс ырғақтарын келтіре отырып сахналайды. Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп, мәтінін қайталайды. Балалар дидактикалық басқа ертегі кейіпкерлерінің ішінен қажетті кейіпкерлерді табады |
Рефлекция – түзету жұмыстары |
Тәрбиеші балаларға әңгіме желісі бойынша сұрақтар қояды Үздік қатысқан балалар мадақталады |
Балалар әңгіме желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже.
Біледі: Кейіпкерлерді біледі
Түсінігі бар: Мақтаның пайдасы жөнінде түсініктері бар
Орындай алады: Әңгіме желісі бойынша сахналай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Күн, ай және әтеш
Мақсаты: Балаларды ертегі желісімен толықтай таныстыру. Ертегіні тындай білуге, өз түсінгенін, ойын жеткізе білуге үйрету, есте сақтау қаблеттерін дамыту, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Тілдерін дамытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі мазмұнын бейнелейтін суреттері.
Әрекеттің кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды щаттық шеңберге шақырады. Балалар, сендермен кездескеніме өте қуаныштылмын. Бір-бірімізге қарайықшы. Мен сендердің сөздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Бүгінгі күндерің сәтті өтсін! Балалар бір бірімізге тек жақсылық тілейік |
Балалар шеңбер құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу. |
Балалар, сендерге ертегілер елінен сандықша жіберіпті. Ашып көрейік пе? Ішінде не бар екен?
Ертеде аспанда ағайынды үш бала өмір сүріпті. Үлкені-Күн, ортаншысы-Ай, кішісі-Әтеш екен. Күн жерде тіршілік ететін адамдарға, өсімдіктер мен жануарларға жарық пен жылу таратуға кеткенде, үйдегі кіші інілері Ай мен Әтеш үнемі келіспей қала береді екен. Бір күні әбден ыза болған Ай Әтешті айдарынан ұстап алып жерге лақтырып жіберіпті. Кешке үйге келген Күн болған жағдайды естіп біледі. Ашуға булығып Айға: -Туған ініңді көзің қиып, қалай лақтырдың? Сендей рақымсызды көргім келмейді. Бұдан былай аспанға мен күндіз, сен түнде шығатын боламыз. Ал Әтеш жақын інім болып қала береді. Ол мені ұмытпайды,-дейді. Сол уақыттан бастап Әтеш таң атысымен, Күнді көргенде «Кукареку!» деп айғай салатын болыпты. Бұл «Амансыз ба Күн-аға!» дегені екен. Ал кеш түссе, қонақтауға кетеді. Өйткені, аспанға шыққан Айды көргісі келмейтін көрінеді. Сергіту сәті: Орнымыздан тұраық, Алақанды ұрайық. Бір отырып бір тұрып Сәл демалып алайық Д/о: Кейіпкерлерді тап: мақсаты: ойлау әрекетін, еске сақтау қабілетін дамыту. |
Балалар қуана келіседі.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар мұқият тәрбишіні тындайды.
Ертегі желісі бойынша көрсетілген суреттерге назарларын аударады.
Сергіту сәтінде балалар қимылмен бірге орындайды.
Ойынды қызыға ойнайды
|
Рефлекциялы – түзету кезең |
Тәрбиеші балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қояды
Белсенді қатысқан балалар мадақталады |
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегіні біледі
Түсінігі бар: Кейіпкерлер жөнінде түсініктері бар
Орындай алады: Ертегі желісі бойынша баяндай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Күн, ай және әтеш
Мақсаты: Ертегіні тындай білуге, өз түсінгенін ойын жеткізе білуге үйрету, есте сақтау қаблеттерін дамыту. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу, баулу, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі мазмұнын бейнелейтін суреттер
Әрекеттің кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды жылулық шеңберге шақырады |
Балалар шеңбер құрып тұрады |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу. |
Тәрбиеші балаларға қонаққа Айжан қуыршақ келгенін айтады. -тәрбиеші балалар қонағымыз сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көргісі келеді.Біз бүгін қонағымызға ертегіні саханалап берейік. -Біз өткен қандай ертегілерді тыңдадық, есімізге түсірейікші. Жақсы балалар енді сендер ертегі кейіпкерлеріне бөлініп ойнайық. Тәрбиеші балалардың кейіпкерлердің интонациясын,дауыс ырғағын,дауыс қаттылығын дұрыс жеткізуін қадағалап отырады.Мәтінді оқып кейіпкерлердің кезекпен шығуын қадағалайды. : "Жалғасын тап" м\ы: балалардың ойлауын,тілін дамыту. Тәрбиеші ертегіден үзінді айтады балалар қай ертегіден және жалғасын айтады. Мысалы. Ата мен апа болыпты.Ата бір күні кемпіріне бауырсақ пысыруды тапсырады. |
Балалар қонақты қарсы алады. Ертегіні сахалауға дайындалады. Балалар ертегілерді атайды. Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерді таңдайды. Ертегіні сахналайды Балалар ойынды қызыға ойнайды.Жалғасын айтады. . |
Рефлекс – түзету жұмыстары коррекция |
Айжан қуыршақ балаларға риза болып сыйлығын беріп қоштасып қайтады Балаларды сабаққа жақсы қатысқандарына мақтау айтады. |
Балалар қуыршақтың сыйлығына қуанып,қоштасады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегіні айтып бере алады
Түсінігі бар: Кейіпкерлер жөнінде түсініктері бар
Орындай алады: Ертегіні сахналай алады
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Құмырсқаның серуені. Оқу, әңгімелеу.
Мақсаты: Балалар халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.
дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Адамгершілікке,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: Жәндіктер
Қолданылған көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінң үстел үсті театры, муляждары. Ұшақ шапкасы.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға жәндіктер әлеміне көрмеге баратынын айтады. |
Балалар көрмеге баруға дайындалады. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Балалар көрмеге қандай көлікпен барғыларың келеді? Ендеше ұшаққа отырып жәндіктер әлеміне барайық. Тәрбиші балалар біз жәндіктер көрмесіне келдік. Қандай жәндіктерді көріп тұрсыңдар? д\о «Қандай жәндік» Мақсаты.Жәндіктердің тіршілік етуін әңгімелеу. Балалар жәндіктерді бақылап , тәрбиеші көмегімен әңгімелейді. Балалар осы жәндіктер туралы ертегі тыңдағыларың келеме? Тәрбиеші балаларды кілем үстіне шақырады. Балаларға құмырсқаның серуені ертегісін әңгімелейді. Білесіңдер ме, балалар?Ертеде құмырсқалар қазіргідей еңбекқор болмапты. Күні бойы қыдырып, одан қалса жатып ұйықтайды екен. Анда –санда аш болмау үшін жұмыс істейді екен. Онда да ерініп шын көңілімен істемейді екен. Олардың біреуі мүлде жалқау екен. Күн сайын ұйқысынан тұрсымен: -Аһ, аһ.. Бүгін еш нәрсе істемей қарынымды қалай тойдырсам екен?- деп ойланады екен. Сөйтіп ойланып жүргенде ойына бір нәрсе келіпті. Ее, менің досым бар екен ғой. Күнде солардың біреуіне қонақ болсам ешкімге зияным жоқ . Осылайша әрі қарынымды тойдырам, әрі жұмыс істемеймін.,-деп ойланған құмырсқа, ойын жүзеге асыруға кірісіпті.Құмырсқа жолға шығыпты. Бір араның үйіне келіпті . Есік қағыпты. Есіктің арғы жағынан «Кім бұл!-деген дауыс шығыпты. Сол кезде құмырсқа: - Есігіңді аш, бауырым. Мен құмырсқа бауырыңмын ғой. Бүгін сенің үйіңе қарынымды тойдыруға келдім. Үйіңдегі барыңды құмырсқа бауырыңа бер депті. Ара есігін ашып ,үйіндегі бар дәмдісін беріп, құмырсқаның көңілін көтеріпті.Кешке құмырсқа араға рахметін айтып үйіне келіпті. Төсегіне жатып.Ох мен жұмыста істеген жоқпын, шаршаған да жоқпын қарынымды тойдырдыдепті. Құмырсқа келесі күні өрмекшіге барыпты.Өрмекшінің дәмді тамақтарын жеп, рахметірн айтып үйіне қайтыпыты. Осылай қыдырып жүріп қарынын тойдырған құмырсқаға қатты ұнапты. Үшінші күні құмырсқа көбелекке келіпті. Көбелек бар тапқан асын құмырсқаның ауызына төсепті. Көбелек құмырсқаны қанатына отырғызып гүлден-гүлге қондырып ,биіктерге самғап ұшып көңілін көтеріпті. Құмырсқа рахметін айтып үйіне қайтыпты. Қандай керемет .Жұмыс та істеген жоқпын, қарынымды тойдырыдым-депті. Сөйтіп жылжып күндер өтіпті. Құмырсқаның қонаққа баоратын достары таусылыпты. Енді не істесем екен?Достарыма қайтадан қонаққа барсам ба екен деп ойланыпты. Ұйқысынан тұрғанда біреулер есік қағыпты. Сөйтсе достары оған қонаққа келіп тұр екен. Құмырсқа қатты сасып, не сітерін білмепті. Сонда ұялып тұрып: -Сендерді қонақ қылғым келеді? Бір-ақ үйімде сендерді отырғызаитын орын жоқ, не бір тілім наным доқ –депті. Достары құмырсқаға қатты ренжігені соншалық енді оған көмектеспеуге бел байлапты. Құмырсқа өзінің достарын ренжіткені үшін, әрі өзінің жалқаулығына қатты ренжіпті. Сөйтіп, балалар , құмырсқа жалқаулықтың өте жаман нәрсе екенін түсініп, сол күннен бастап тыным таппай еңбек ететін болыпты. Сергіту сәті: «Құмырсқа» Д\о «Кім не істеді» Ертегі желісін балалрмен бірге әңгімелеу. Балалар енді ұшағымызға отырып тобымызға оралайық. |
Балалар ұшақпен барғылары келетінін айтады. Балалар ұшаққа отырып музыка ырғағымен табиғат бұрышына келеді. Құмырсқа, көбелек, өрмекші, шегіртке. Құмырсқа еңбекқор жәндік. Көбелек өте нәзік әрі әдемі жәндік. Олар гүлдердің үстінде ұшып – қонып жүреді. Иә. Балалар құмырсқаның әрекеттерін келтіріп сергіту сәтін жасайды. Ертегі кейіпкерлерінң қимыл әрекетін әңгімелейді. Балалар ұшаққа мініп топқа келеді. |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
-Балалар қайда қонаққа бардық? - Қандай көлікпен бардық? -Көрмеден қандай жәндіктерді көрдіңдер? -Қандай ертегіні
әңгімеледік? |
Жәндіктер көрмесіне бардық. Ара , құмырсқа, көбелек, шегіртке. Құмырсқаның серуені. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі кейіпкерлерін атай біледі.
Түсінігі бар: Ертегі туралы түсінігі бар.
Орындай алады.Ертегіні әңгімелей алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Құмырсқаның серуені. сахналау
Мақсаты: Балалар халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.
дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Адамгершілікке,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер:жәндіктер
Қолданылған көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің шапкалары. Ара , көбелек, өрмекшінің үйлері.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға топқа қонақтар келетін хабарлайды. |
Балалар дайындалады. |
Ұйымдастыру, ізденіс Жүргізуіне |
Есік қағылады. Топқа Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сонау алыс ауылдан келдім,мен сендерге қожын алып келдім д\о «Танып алда атын айт» Қандай жәндіктерді көріп тұрсыңдар? Мақсаты.Жәндіктердің тіршілік етуін әңгімелеу. Қоржыннан жәндіктердің шапкаларын алады. Ата осы жәндіктер туралы ертегіні әңгімелей бастайды. Білесіңдер ме, балалар?Ертеде құмырсқалар қазіргідей еңбекқор болмапты. Күні бойы қыдырып, одан қалса жатып ұйықтайды екен. Анда –санда аш болмау үшін жұмыс істейді екен. Онда да ерініп шын көңілімен істемейді екен. Олардың біреуі мүлде жалқау екен. Күн сайын ұйқысынан тұрсымен: -Аһ, аһ.. Бүгін еш нәрсе істемей қарынымды қалай тойдырсам екен?- деп ойланады екен. Сөйтіп ойланып жүргенде ойына бір нәрсе келіпті. Ее, менің досым бар екен ғой. Күнде солардың біреуіне қонақ болсам ешкімге зияным жоқ . Осылайша әрі қарынымды тойдырам, әрі жұмыс істемеймін.,-деп ойланған құмырсқа, ойын жүзеге асыруға кірісіпті.Құмырсқа жолға шығыпты. Бір араның үйіне келіпті . Есік қағыпты. Есіктің арғы жағынан «Кім бұл!-деген дауыс шығыпты. Сол кезде құмырсқа: - Есігіңді аш, бауырым. Мен құмырсқа бауырыңмын ғой. Бүгін сенің үйіңе қарынымды тойдыруға келдім. Үйіңдегі барыңды құмырсқа бауырыңа бер депті. Ара есігін ашып ,үйіндегі бар дәмдісін беріп, құмырсқаның көңілін көтеріпті.Кешке құмырсқа араға рахметін айтып үйіне келіпті. Төсегіне жатып.Ох мен жұмыста істеген жоқпын, шаршаған да жоқпын қарынымды тойдырдыдепті. Құмырсқа келесі күні өрмекшіге барыпты.Өрмекшінің дәмді тамақтарын жеп, рахметірн айтып үйіне қайтыпыты. Осылай қыдырып жүріп қарынын тойдырған құмырсқаға қатты ұнапты. Үшінші күні құмырсқа көбелекке келіпті. Көбелек бар тапқан асын құмырсқаның ауызына төсепті. Көбелек құмырсқаны қанатына отырғызып гүлден-гүлге қондырып ,биіктерге самғап ұшып көңілін көтеріпті. Құмырсқа рахметін айтып үйіне қайтыпты. Қандай керемет .Жұмыс та істеген жоқпын, қарынымды тойдырыдым-депті. Сөйтіп жылжып күндер өтіпті. Құмырсқаның қонаққа баоратын достары таусылыпты. Енді не істесем екен?Достарыма қайтадан қонаққа барсам ба екен деп ойланыпты. Ұйқысынан тұрғанда біреулер есік қағыпты. Сөйтсе достары оған қонаққа келіп тұр екен. Құмырсқа қатты сасып, не сітерін білмепті. Сонда ұялып тұрып: -Сендерді қонақ қылғым келеді? Бір-ақ үйімде сендерді отырғызаитын орын жоқ, не бір тілім наным доқ –депті. Достары құмырсқаға қатты ренжігені соншалық енді оған көмектеспеуге бел байлапты. Құмырсқа өзінің достарын ренжіткені үшін, әрі өзінің жалқаулығына қатты ренжіпті. Сөйтіп, балалар , құмырсқа жалқаулықтың өте жаман нәрсе екенін түсініп, сол күннен бастап тыным таппай еңбек ететін болыпты. Сергіту сәті: «Құмырсқа» Д\о «Кім не істеді» Ата балалардың ертегісін көріп тамашалағанына рахметін айтып үйіне қайтады. |
Балалар ойынды ойнайды. Құмырсқа, көбелек, өрмекші, шегіртке. Құмырсқа еңбекқор жәндік. Көбелек өте нәзік әрі әдемі жәндік. Олар гүлдердің үстінде ұшып – қонып жүреді. Бала құмырсқаның шапкасын киіп құмырсқаның іс-әрекетін жасайды. Құмырсқаның дауыс ырғағын келтіреді. Араның қимыл –әрекетін, мінез құлқын, дауыс ырғағын келтіреді. Келесі бала өрмекшінің әрекеттерін жасайды. Балалар құмырсқаның әрекеттерін келтіріп сергіту сәтін жасайды. Ертегі кейіпкерлерінң қимыл әрекетін әңгімелейді. |
Рефлекция-түзету жұмыстары |
-Балалар қайда қонаққа -Көрмеден қандай жәндіктерді көрдіңдер? -Қандай ертегіні тамашаладық Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларға жұлдызша таратады. |
Ара , құмырсқа, көбелек, шегіртке. Құмырсқаның серуені. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі кейіпкерлерін атай біледі.
Түсінігі бар: Ертегі туралы түсінігі бар.
Орындай алады.Ертегіні сахнай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Үш торай»
Мақсаты:
Білімділік: Үш торай туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері , үйдің суреттері бейнеленген карточкалар, геометриялық фигуралар.
Әрекеттің кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларға сиқырлы сандықша тауып алғандығы жөнінде хабарлайды. |
Балалар қызыға қарайды. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар қане сиқырлы сандықты ашып не бар екенін көрейік. Мынаны караңдар балалар ертегі кейіпкерлері, үй суреттері, түрлі түсті геометриялық пішіндер бар екен. Балалар қане айтындаршы бұл кейікерлер, үй суреттері таныс па сендерге? Бұл қай ертегінің кейіпкерлері? Д/о: «Тауып көр» Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту Балалар суретте бейнеленген торайлардың есімдерін атап, олардың үйлерін көрсетіндерші. Балалар кейіпкер белгілерін (түсті) дұрыс таба білу дағдыларын анықтау үшін шеңберлер мен төртбұрыштарды әр түрлі ретте орналастырамыз. Балалар шеңбердің түсіне қараңдаршы қызыл, жасыл, сары түсті шеңбер, ал төртбұрышта да қызыл, жасыл, сары осы пішіндерді түсіне қарай орналастырайық. Сергіту сәті: Орманда бір үй тұр Есігінде құлып тұр Айтындаршы балалар Құлыпты кім ашады. Ертегі желісі бойынша әңгімелеу: Мақсаты: балалардың ертегіні үлгі бойынша мазмұндау біліктілігін арттыру. Балалар төртбұрыш пн шеңбердің суреті бар карточкаға қарап, кейіпкерлерді атап беріндерші. Бір күні 3 ағайынды торайлардын ішінде ең ақылдысы Наф-Наф күн суытады үй салайық дейді.Ниф-Ниф пен Нуф-Нуф оған көмектескісі келмейді Біз өзімізге үй саламыз дейді. Қызыл төртбұрыш пен қызыл шеңберді қойып, Наф-Наф оларды көндірмей өзі жалғыз үй салады. |
Балалардың бар назары сиқырлы сандықта. Сандықтан шыққан суреттерге қызыға қарауда. Иә ол «Үш торай» ертегісінің кейіпкерлері. Балалар тәрбиешінің көмегімен торайлардың аттарын атап, үйлерін көрсетті. Балалар түстері бойынша пішіндерді орналастырады. Қызыл шеңбер мен қызыл төртбұрышты қояды. Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды. Наф-Наф, Нуф-Нуф, Ниф-Ниф |
Рефлекция- түзету жұмыстары |
Балалар суретте бейнеленген торайлардың есімі кім болды? Біз қандай түстермен таныстық? Наф-Нафтың салған үйі қандай? Балаларды мақтау, мадақтау. |
Балалар суретте бейнеленген торайлардың есімдерін естеріне түсіреді. |
Күтілетін нәтиже.
Біледі:Түстерді ажыратып, сұрақтарға жуап беруді біледі.
Түсінігі бар:Ертегінің мазмұны мен оның құрлысы жайлы толық түсінігі бар.
Орындай алады: Суреттермен жұмыс істей алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: «Үш торай»
Мақсаты:
Білімділік:Үш торай туралы білімдерін кеңейту.
дамытушылық: ой-өрісін танымдық қасиеттерін,зейінін дамыту.
тәрбиелік: Адамгершілікке,еңбек қорлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: Үш торай,үйшік т.б
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады. |
Шаттық шеңберін жасайды. |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу |
Дид/ойын: «Ертегіні құрастыр» Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін есте сақтау. Ертегідегі оқиға желісін жүйелі түрде құруға үйрету. Тілдерін дамыту. Ертегіге деген қызығушылығын ояту. Бұл сабақ барысында үлгі бойынша ертегіні мазмұндауды игерген балаларға тәрбиеші ертегінің бір кейіпкерінің рөлін таңдап, соны сомдап шығуға береді. Рөлдерді белгілеуде балалар кейіпкерлердің суреті бар медальдарды алады.(Дөңгелек пішінге суреттер жабыстырылып, лента байланады). Ертегіні қоюда аса маңыздысы, балаларды кейіпкер дауысы ырғағын дұрыс салуы. Тәрбиеші жүргізуші рөлін ойнап, ертеті мәтінін оқып, кейіпкерлерді кезекпен сахнаға шығуын қадағалау. Үйде бүкіл ертегіні көрсету қажет емес, ертегінің бір фрагментін көрсетіп шектелуге болады. Бұл жағдайда балаға бір кейіпкердің рөлі беріледі. Бұл сабақтың нәтижесінде балалардың нақты мазмұндауда сериялық іс-әрекетті қолдану шеберлігі қалыптасады. «Осал-орнықты-берік» сериясы, «сенімсіз-сенімді-өте сенімді» сериясымен байланысты, немесе «қорқынышты өте қорқынышты емес-қорқынышты емес» т.б. екендігін бала түсіне бастайды. Сонымен қатар, рөлдердің жалғасы баланың жеке тұлға болуына ықпалын тигізеді. |
Балалар ойынды қызыға ойнайды Ертегі кейіпкерлерін естеріне түсіріп, ертегідегі оқиға желісін жүйелі түрде құруға тырысады. Рөлдерді белгілеуде балалар кейіпкерлердің суреті бар медальдарды алады.(Дөңгелек пішінге суреттер жабыстырылып, лента байланады). Кейіпкерлердің дауысы ырғағын салады
Ертегіні қуана сахналайды
|
Рефлекция-түзету жұмыстары |
Тәрбиеші балаларға ертегі жөнінде бірнеше сұрақтар қояды. Тәрбиеші жақсы жауап берген балаларды мақтау,мадақтау. |
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді. Балалар риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі кейіпкерлері туралы біледі
Түсінігі бар: үш аю ертегісі туралы түсініктері бар.
Орындай алады. Ертегіні сахналай алады.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы : Жеті лақ
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Балалардың сөздік қорын молайту.Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу. Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру.
Көрнекіліктер: Ертегі кітап , ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырып бір-біріне әдемі тілектер айтуды ұсынады. |
Балалар шеңберге тұрып достарына әдемі тілектерін айтады. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларды шеңбер бойымен кілемшеге жайғасып отыруларын сұрайды. -Балалар бізге ертегілер әлемінен "Ғажайып қоржын" беріп жіберіпті Қоржынды ашайық не бар екенін көрейік. -Балалар бізге ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп жіберіпті. Сендер ойын ойнағыларың келеме? Д\ойын :"Кейіпкерлерді ата" Мақсаты: балаларды ертегі кейіпкерлерінің атын атауға,дұрыс орналастыруға дағдыландыру. -Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар? -Мен бүгін "Жеті лақ" ертегісін оқып берейін зер салып,мұхият тыңдаңдар. Баяғы заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы бар екен. Олардың үйі орманның шетінде орналасыпты. Ешкі лақтарына азық әкелу үшін күнде орманға кетеді екен. Үйінен шығып бара жатып «Есікті ешкімге ашпаңдар» деп кетеді екен. Бір күні ешкі орманға кеткенде, үйіне қасқыр келіп есігін қағады. Бірақ лақтар есікті ашпайды. Үйге кіре алмаған қасқыр тасаға тығылып, ешкінің келуін күтеді. Бір кезде ешкі келіп: - Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын, - дейді. Лақтар есікті ашып, ешкі үйге кіреді. Ертесіне ешкі орманға кеткенде қасқыр үйдің есігін қағып: - Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын, - дейді. Лақтар есікті ашады. Қасқыр үйге еніп лақтарды алып кетеді. Тек кішкентай лақ қана пештің ішіне тығылып, аман қалады. Ешкі үйіне оралғанда лақтарды таппай қайғырады. Сол кезде пештен кішкентай лақ шығып, болған жағдайды анасына айтады. Ешкі тездетіп аңшыға жолығып, лақтарын құтқаруын өтінеді. Аңшы қасқырды тауып, атып тастайды да, лақтарды үйлеріне алып келеді. Тәрбиеші ертегіні оқып берген соң балалармен бірнеше қайтара қайталап,сұрақтар қойып ертегі кейіпкерлерін көрсете отырып түсіндіреді.Балаларға ертегі кейіпкерлерінің суретін беріп ертегі желісімен орналастыруды тапсырады. |
Балалар кілемге отырып тәрбиеші апайларына назар аударады. Балалар қоржынға қуана назар аударады. Балалар ойынды қызыға ойнап кейіпкерлерді апайды. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерді ертегі желісімен орналастырады.
Балалар ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді көрсете отырып баяндайды. ертегі желісі бойынша кейіпкерлерді орналастырады. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
Тәрбиеші ертегі желісі бойынша балаларға сұрақтар қояды. Тәрбиеші балалардың бүгінгі жетістігіне мақтау айтып мадақтайды. |
Ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегінің мазмұнын түсіне алады.
Түсінігі бар: Ойлау қабілеттері қалыптасқан.
Орындай алады: Сұрақтарға нақтылы жауап береді.
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы : Жеті лақ ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту. Сахналау арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік:Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру
Көрнекіліктер:Ертегі кітап , ертегі кейіпкерлерінің маскасы.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Әрекетті туындату, түрткі болу |
Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырып бүгінгі күнге тілектер айтуды ұсынады. |
Балалар шеңберге тұрып бүгінгі күнге сәттілік тілейді. |
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу |
Тәрбиеші балаларға қонаққа Айжан қуыршақ келгенін айтады. -тәрбиеші балалар қонағымыз сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көргісі келеді. Біз бүгін қонағымызға ертегіні саханалап берейік. Ол үшін Үйірме барысында балалар ертегі желісіне байланысты суреттерді орналастыруды үйренеді. Тәрбиеші балаларға «Мен қазір ертегіні оқимын, сендер сәйкес суреттерді көтересіңдер» дейді. Оқу барысында балалар сәйкес суреттерді көрсетеді. Ертегі кейіпкерлеріне сипаттама береді. Егер бала қателессе, тәрбиеші оқуын тоқтатып, олар мен эпизодтың мазмұнын талдайды, сәйкес суретті көрсетеді. Одан кейін тәрбиеші балалардан суреттерді ертегі желісі бойынша орналастыруларын сұрайды. Балалар тапсырманы орындап болғаннан кейін, тәрбиеші ертегіні тағы да оқиды, балалар сәйкес суреттерді тағыда көтереді. ( және үлкендерге көрсетеді). Үйірме соңында тәрбиеші мынадай ойын ұсынады. Ол суреттерді әдейі қате орналастырады да, балалардан «қай сурет өз орнында тұрған жоқ» - деп сұрайды. Одан кейін ойынды қиындатады. Бір суретті алып тастап, балалардан «қай сурет жетіспей тұр?» - деп сұрайды. Бұндай тапсырмалар балалардың сюжетті ашу тізбегін және кейіпкерлерді белгілі бір белгілеріне қарай орналастыруды түсінуіне үйретеді. Рөлдерді белгілеуде балалар кейіпкерлердің суреті бар медальдарды алады. Ертегіні қоюда аса маңыздысы, балаларды кейіпкер дауысы ырғағын дұрыс салуы. Тәрбиеші жүргізуші рөлін ойнап, ертеті мәтінін оқып, кейіпкерлерді кезекпен сахнаға шығуын қадағалау. Үйде бүкіл ертегіні көрсету қажет емес, ертегінің бір фрагментін көрсетіп шектелуге болады. Бұл жағдайда балаға бір кейіпкердің рөлі беріледі. Бұл сабақтың нәтижесінде балалардың нақты мазмұндауда сериялық іс-әрекетті қолдану шеберлігі қалыптасады. |
Балалар қонақты қарсы алады. Ертегіні сахалауға дайындалады. Балалар ертегілерді атайды. Балалар сәйкес суреттерді көтереді. Бір суретті алып тастап, балалардан «қай сурет жетіспей тұр?» - деп сұрайды. Балалар кейіпкерлердің суреті бар дөңгелек пішінге суреттер жабыстырылып, лента байланған медальдарды алады. кезекпен сахнаға шығып рөлдерді ойнайды. |
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) |
Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қойылады. Үздік қатысқан балалар мадақталады. |
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегінің мазмұнын түсіне алады.
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлері жөнінде түсініктері бар.
Орындай біледі: Ертегіні сахналай алады.