Материалдар / Вирустар мен бактериялардың айырмашылығы неде?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Вирустар мен бактериялардың айырмашылығы неде?

Материал туралы қысқаша түсінік
Вирустар мен бактериялардың айырмашылығын зерттеу арқылы алдын алу шараларын жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2023
1114
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Зерттеу мақсаты : Вирустар мен бактериялардың айырмашылығын анықтап, олардан туындайтын ауру түрлерімен күресу шараларын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

Вирустар мен бактериялардан сақтану жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Вирустар мен бактериялардың айырмашылығын зерттеп ,олардан сақтану жолдарын көрсету;

Вирустар мен бактериялардың таралуын азайту үшін ұсыныстар әзірлеу;

 Зерттеудің әдістері:Статистикалық мәліметтерді салыстыру, кітапханадан мәліметтер жинақтау, сараптама жасау;

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

1.Вирустық ,бактериялық аурулар туралы мәлімет жинақтап,сауалнама жүргізу;

2.Вирустық және бактериялық аурулардың айырмашылығын білу үшін оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы сақтық шараларын айту;

3.Мен арулардың таралуын азайту үшін карантин ережелерін қатаң сақтауды және сарымсақ немесе пиязды,сынып бөлмесіне ашып қойсақ вирустардың таралу жылдамдығын осылай азайтуға болатынын ұсынамын;

4.Жек бас гигиенасын және дұрыс тамақтану ережесін ұсынамын.

Зерттеу нәтижесінің құндылығы мен практикалық мәні.

Қазіргі таңда вирустар мен бактериялардан таралатын аурулар көптеген түрлері кездесуде әсіресе күз,қыс мезгілінде.Сол себепті аурулармен күресу жолдарын,алдын алу шараларын жоспарлы түрде жүргіздім.Оқушылар арасында сауалнама,түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы вирустық аурулардың таралуын алдын алдым. Вирустық аурумен күресудің бірден бір жолы кезең бойынша вакцина алу.



I Негізгі бөлім

1.1 Вирустар мен бактериялардың ашылу тарихы

Бактериялар біржасушалы организмдер және қоректік заттарды, олар өмір сүретін ортадан алады.Бактериялар әрқашан ауру тудырмайды.Олардың кейбіреулері пайдалы әсер етеді,мысалы асқорыту жүйесінің қалыпты жұмыс жасауына көмектеседі.Олар тағамнан қоректік затарды өңдеуге және алуға көмектеседі және зиянды бактериялардың енуіне жол бермейді.Бактериялардың кейбір түрлері тіпті өмірді құтқаратын дәрілер мен вакциналар жасау үшін қолданады. Микробиологияның атасы Нидерландық микробиолог 1695 ж Антон Ван Левенгук ашқан.Бактерия біржасушалы ағза,көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз болып келеді кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Бактериялар –табиғатта кеңінен тараған ,негізінен бір жасушадан тұратын ,оқшауланған ядросы жоқ ,ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш ретбактерияларды таяқша тәрізді болып келетінін байқаған. 17 ғасырда голанд ғалымы , микроскопты жасаушы Антон ван Левенгуг байқаған. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты жасуша қабаты,цитоплазмалық мембрана,цитоплазма , нуклеоид, рибосома болады. Бактериялардың формалары мен өлшемдері әртүрлі :шарлар,цилиндрлер,жіптер ,таяқшалар немесе тізбектер. Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы

Д.И Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XIX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп ,ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып ,ол жуындыны бактериялардан сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Вирустар өте ұсақ, көзге көрінбейтін ағзалар.300 мың есе ұлғайтып көрсететін электрондық микроскоппен қарағанда вирустардың өзіндік ерекшеліктері байқалды оны полиморфтық қасиет деп атайды.Соның нәтижесіннде табиғаттағы шар тәрізді, элипс пішінді, таяқша немесе жіп тәрізді түрлері анықталды. Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес өзгергіш келеді. Олардың осы қасиеттерін ескере отырып , қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті барвакциналарды жасайды. Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температурасы +55 +66 C градуста көтерілгенде кейбіреулері бір сағаттың ішінде , ал көшілігі 90 С градуста қырылып бітеді.

Вирустар тірі жасушалардан тыс жерде аз уақыт тіршілік ете алады. Алайда, олар адам ағзасына енгеннен кейін тез көбейеді және адамдарды ауруға шалдықтырады.

1.2 Вирустар мен бактериялардың айырмашылығын зерттеу

Бактериялардың вирустардан айырмашылығы бар ма?

Әрине,екі биологиялық субъектіні жеке таңдағаннан кейін, айырмашылықтар айқын болады. Дегенмен, оларды одан да айқын ету үшін біз негізгі нүктелер түрінде бактериялар мен вирустар арасындағы негізгі айырмашылықтарды таңдадық. Ендеше бастайық.

1.Бактерия - тірі организм, вирус өлі яғни жоқ. Бактериялар тірі организмдердің ішінде өз патшалығын құрса және прокариотты бір клеткалы организмдер болса, вирустар тіпті тірі жан ретінде қарастырылмайды. Бактериялар тірі болуы үшін қажетті сипаттамаларды орындайды, вирус жоқ.

2.Бактерия геномы әрқашан ДНҚ болып табылады,вирустың РНҚ болуы мүмкін.

3.Вирустың барлық түрлері патогенді;бактериялар өте аз.

Көріп тұрғанымыздай , милиардтаған бактерия түрлерінің ішінде патогенді өмірге маманданғаны санаулы ғана , ал кейбірулері басқа организмдермен симбиоз жасайды.

Вирустар керсінше әрқашан зиянды.Кез келген вирустық түр өзінің тіршілік циклын аяқтау үшін жасушаларды жұқтыру қажет паразиттер болып табылатын патоген сияқты әрекет етеді.

4.Вирустар жасушаларға енеді;бактериялар жоқ.

Бактериялар мен вирустардың жұқпалы процесі де өзгеше .Бактериялық инфекция кезінде бактериялар колония құрып жасушаларға енбейді,вирустар әрқашан жасушалық плазмалық мембранадан өтеді және олар жасуша ішінде орналасады,онда ол екі есе көбейеді.

5.Бактерияларвирустарға қарағанда үлкен.Бактериялар вирустардан 100 есе үлкен.Көріп отырғанымыздай ,бактериялардың мөлшері 0,5-тен 5 микрометрге дейін болса,вирустікі әдетте 100 нанометрге жуық.вирустар бактериялардан басқа тірі жасушалардан әлдеқайда кіші.

6.Бактерияларға қарағанда вирустар көп.Нақты сандарды айту өте қиын,өйткені бәрі статистикалық болжамға негізделген.Десе де,әлемдегі вирустардың саны бактерияларда көп деп есептеледі.Әлемдегі бактериялардың саны 6 миллион немесе триллион болуы мүмкін .

7.Бактериялар жасушалық,вирустар жоқ.Байқағанымыздай, бактеиялар қарапайым болғанымен бізде жасуша туралы түсінікке жауап береді.Шын мәнінде олар прокариотты бұл бір клеткалы организмдер .Вирустар жасуша емес.Вирустық бөлшектер-бұл қарапайым ақуыз қабықтары оның ішінде жұқпалы процеті бастау үшін қажет бірнеше гендері бар өте қарапайым генетикалық материал бар.

8.Бактериялар антибиотиктерге сезімтал,вирустар жоқ.Емдеу –маңызды айырмашылықтардың бірі.Табиғи сұрыпталу арқылы антибиотиктерге төзімді бактериялар пайда болғанына қарамастан ,шындық мында бактерияларлық инфекциялардың басым көпшілігін (бір жылдан кейін көреміз)осы антиобиотиктер арқылы емдеуге болады.вирустық инфекция жағдайында антибиотиктер мүлдем пайдасыз.Яғни сіз техникалық тұрғыддан тірі емес нәрсені өлтіре алмайсыз.

Вирустар жоқ. Вирустар көбеймейді. Оның орнына паразит ететін жасушаның жасушалық техникасын пайдаланады.Зауыт сияқты олардың көптеген түрлері шығарылады.Вирустық бөлшектердің пайда болуы биологияда реплекация деп аталады [1].

1-сурет. Зерттеу кезеңі

2-сурет. Микроскоптан түсірілген ашыту бактериялардың көрінісі

1.3 Вирустар мен бактериялардан туындайтын ауруларды салыстыру

Бактериялар жер бетіндегі барлық тіршілік орталарында бар және олардың механизмі оны өте төзімді етеді. Осы себепті, вирустардан айырмашылығы, олар өте жоғары температурада өмір сүре алады және басқа организмдерден тыс ұзақ өмір сүре алады. Олардың өміршеңдігін арттыратын тағы бір факт - олар азық -түлікті органикалық және бейорганикалық әр түрлі көздерден ала алады. Емдеу жолы: вирустар мен бактериялар арасындағы ең үлкен айырмашылық. Антибиотиктер вирустарға қарсы тиімді емес, олар оларды өлтіре алмайды, сонымен қатар бактериялық төзімділіктің пайда болуына байланысты науқастарға үлкен қауіп төндіреді. Сонымен қатар, белгілі бір вирустарға қарсы вирусқа қарсы препараттар әзірленді.Егер аурудың көзі бактериялар болса және жеткілікті антибиотиктер болса, емдеу салыстырмалы түрде арзан және емдеу жоспары аяқталғаннан кейін әдетте бірнеше күн немесе апта ішінде қалыпты жағдайға оралады. Егер аурудың шығу тегі вирус болса, жағдай күрделене түседі, себебі вирусқа қарсы препараттардың саны мен тиімділігі бойынша баламалы деңгейі жоқ.

Осылайша, медицина қызметкерлері жоғары патогенді бактериялық инфекциялар мен вирустар тудыратын вирустық инфекцияларды тиімді емдеуге тап болады. Бұл вирустар патогенді емес, бірақ тиімді емдеу әдістері жоқ. Сондықтан олар иммунитеті әлсіз егде жастағы адамдарда пациенттің патологиясының өте ауыр немесе бұрынғы екенін білу үшін қолданылады.

Вакцинация – вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі әдісі. Алайда кейбір вирустық инфекцияларды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар зерттелді және өндірілді, мысалы, гепатит С немесе АИТВ. Антивирустар бактерияларға қарсы әсер етпейді.

Кесте1. Адамдардың, өсімдіктердің, жануарлардың арасындағы вирустық инфекциялық аурулардың алды алу және олармен күресу шараларын түсіндіру

Адамдар арасындағы вирустық аурулар

Өсімдіктер арасындағы вирустық аурулар

Жануарлар арасындағы вирустық аурулар

1

ЖРВИ (Жедел Респираторлы Вирусты Инфекция)

Кенеттен пайда болады.Кеше бала керемет болса,бүгін ауырып қалады.Тұмау және парагрипп; Аденовирустар; Риновирустар мен реовирустар Энтеровирустар

Симптомдары: Егер баланың дене қызуы көтерілетін болса, жөтелетін болса, тамағы ауырсынып ,

қызаратын болса бұл қарапайым ЖРВИ

Емдеу жолдары:

Алғашқы 48 сағат ішінде Осельтамвир препаратын ішу . Баланың температурасы 38-39С градус температурадан жоғары болғанда Ибупрофен,парацетамолды 3 айдан бастап беруге болады.Баланың 6 айлығынан бастап жыл сайын гриппке қарсы екпе алу қажет.


Қияр мозаикасы. Қоздырушысы- Cucumber mosaic virus

Симптомдары: Қиярдың құрғақ мозаикалық жапырақтарында инфекция 5-тен 60 күнге дейін сақталады, 35°С-та қиярдың мозаикалық жемістерінде 30 күнге дейін сақталады.Өсімдіктің зақымдалғанда жапырақтардың өзектеріннің арасында, кейде өзектерінде де сары-жасыл дақтар пайда болады.

Емдеу жолы:

  • Культиверленуші өсімдіктерді инфекция көздерінен кеңістіктік изоляциялау

  • арам шөптерді –вирустар резерваторларын жою

  • вирустарды тасымалдаушыларменкүресетін химиялық заттарды қолдану

төзімді сорттарды қолдану


Маймыл шешегі- кеміргіштер мен приматтар сияқты жабайы жануарларда пайда болатын және кейде адамдарға жұғатын вирус. Орталық және батыс Африка аймақтарында тіркелген.

Сиптомдары: Маймыл шешек кәдімгі шешек ауруы сияқты вирустар тұқымдасына жатады, бірақ оның симптомдары жеңілдеу.Одан пациенттердің көпшілігінің денесі қызып, ауырып, қалтырап, шаршайды. Инкубациялық кезең шамамен бес күннен үш аптаға дейін созылады.

Емдеу жолдары: Бұл вирусты жұқтырғандарға көбінесе шешекті емдеуде тиімділігі дәлелденген шешек вакциналарының бірі беріледі..



Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады.

Ауру туғызатын бактериялармен адамдардыңжаппайауруын індет (эпидемия) дейді. Бактерияларды антебиотиктер арқылы емдеуге болады.

Адамдар мен өсімдіктерде, жануарлар арасындағы бактериялық инфекциялық аурулардың түрлері мен олардан емделу жолдарын көрсету

Адамдар арасындағы бактериялық ауру

Өсімдіктер арасындағы бактериялық аурулар

Жануарлар арасындағы бактериялық аурулар

1

Менингит –бұл ми қабықшаларының , ми мен жұлындарды жабатын тіндердің инфекциясы және шығу тегі вирустық немесе бактериялық болуы мүмкін.Бактериялыққ менингитті Neseria бактеиялары қоздырады,бұл өте ауыр тез арада емдеуді қажет етеді,өйткені бұл аурудан зардап шегетіндердің нейрондық жұмысына әсер етуі мүмкін. Бұл жұқпалы ауру. Менингит жоғары температураны,жүрек айнуды,құсуды,мойын бұлшықеттерінің қатаюын,психикалық жағдайдың өзгеруін және қатты бас ауруын тудырады. Егер бактериялар қоздыратын минигиттің болуы анықталса,арнайы антибиотиктер тағайындалады. Негізгі прфилактикалық шара-вакцинация кестесін сақтай отырып, нәрестелер мен балаларға вакциналар егу.

Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдап, зор нұқсан келтіреді.

 Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары – тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.

 Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу)ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады.






Сальмонеллез — жұқпалы ішек ауруы. Аурудың қоздырғышы — сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885 ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр анықтайды. Емі: асқазанды жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер қолдану.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы – тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны шынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т.б. (Ауасы тазартылған бөлмеде бактериялар саны 13 есе азаяды.)

ІІ Зерттеу бөлімі

2.1 Вирустық және бактериялық аурулардан сақтану жолын білеміз бе? 8 « Б» сынып оқушыларының арасында вирустық және бактериялық аурулар туралы білетін мәліметтері бар жоғын зерттеу мақсатында жазбаша сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 22 оқушы қатысты.

Сауалнама

Оқушының аты-жөні: Сыныбы:

1.Вирустық аурулардың атаулары мен олардың зиянын білесіз бе?

2.Бактериялық ауруларға қандай аурулар жатады?

3.Вирустар мен бактериялардың айырмашылығын ажырата аласыз ба?

4.Вирустар мен бактериялық аурулардан сақтану жолын білесіз бе?

5.Вирусттық немесе бактериялық аурулармен ауырып көрдіңізбе ?

1 сұрақ

2 сұрақ

3 сұрақ

4 сұрақ

5 сұрақ

1

20%

10%

10%

30%

20%

3 кесте Сауалнама нәтижесі

Сауалнама қорытындысы бойынша көп оқушы вирустық аурулармен ауырғанын соның ішінде тұмаумен жиі ауыратыны белгілі болды. Сауалнама алынған кезіндегі нәтижесіне қарап, түсіндіру жұмыстарынан кейінгі нәтиже бойынша кестегі пайыздарға көрсеткіш динамикасын жасадым.

Picture 5 Picture 8

2.2 Аурудың алдын алу үшін бірқатар ұсыныстар әзірлеу

Вирустық, бактериялық аурулардан сақтану жолдарын түсіндіріп, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргіздім және қосымша материалдар тараттым. Вирустық, бактериялардан қандай жағдайда аурулар туындайды –ішек жұқпасының қоздырушылары қайнамаған су,жуылмаған көкеністер,лас-ыдысаяқтар, кір қол және сақтау мерізім өтіп кеткен тағамдар өнімдер арқылы түседі. Алдымызда қыс мезгілі келе жатқан соң аурулар одан ары өрши түсетіні белгілі. Сырқаттардың көбі адам ағзасында Д дәрумендері азаюына байланысты күшейеді. Қысқы мезгілде ағзаға күн сәулесі жетпейді сол себепті иммун жүйесін нығайтуға көмектесетін Д дәруменінің қоры азаяды. Осылайша адамдар басқа уақытқа қарағанда суықта инфекцияны тез жұқтырады.

3-сурет. Сауалнама жүргізу барысы

4 -сурет . Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысы

5- сурет. Кітапханада зерттеу мәліметтерін жинау кезеңі


ІІІ Практикалық зерттеу

3.1 Вирусттық, бактериялық аурулармен аурған оқушылардың динамикасын бақылау,зерттеу

Мен «Абай ауылындағы №2 мектебі» оқушыларына мектеп медбикесі Айгерім Омаровнаның көмегімен қазіргі кезде өршіп тұрған вирустық және бактериялық аурулардың түрлерін анықтап,зерттеу жүргіздім.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!