Материалдар / "Волейбол үйірмесі" жоспар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Волейбол үйірмесі" жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Волейбол үйірмесі"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
352
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚУАНЫШБАЙ АҚЖОЛ ӘЛІБЕКҰЛЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ,

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 ЛИЦЕЙІ» КММ

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Санаты: Педагог-модератор

Ұялы телефоны: 8-707-398-66-79

Электронды мекн жайы: akzhol.24121996@mail.ru



Қысқа мерзімді жоспар


Үйірме тақырыбы: Волейбол ойыны элементтері


Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышбай А.Ә

Күні:

Сағат:

Өткізіледі:

5-6сынып ұлдары

Қатысқан оқушылар саны саны:

Мақсаты негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларға карантин кезінде волейбол ойынындағы элементтерді үйрету

Үйірме нәтижесі:


Мұғалімдердің нәтижесі: Оқушылар өз денсаулығына көңіл бөліп, дене шынықтыру сабағына қызығушылығын артырады

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылар волейбол ойынының ережелерімен ойын техникаларын танысады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Оқушылар волейбол ойынының ережелерімен ойын техникаларын біледі іс-тәжірибе жүзінде қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Жоғарыдағы ойынының ережелерімен ойын техникаларын ережелермен талаптарды түсініп, іс-тәжірибеде қолданып басқа оқушыларға түсіндіре алады.


Бағалау критерийі

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс алу.

Ресурстар

Волейбол добы, тор, презентация

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, кері байланыс (смайлик) арқылы.

Пәнаралық байланыс

АКТ

Үйірме жоспары

Жоспарланғануақыт

Үйірме барысы : 80 мин

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлеметсіздер құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі Біздің ашық сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымыздың тақырыбы спорттық ойындар - волейбол ойыны, бүгінгі сабақта біз сіздермен Волейболының ойынының ережелерімен ойын техникасын үйрету ( Допты ойынға қосу, қабылдау, пас, шабуыл, қорғаныс) үйренеміз.

















Слайд1




Жаңа білім

10 мин







Білу және түсіну

Түсінік беру: Волейбол ойынының тарихымен танысып өтейік

Волейбол-әлемде көп тараған ойындардың бірі. Волейбол ойынын 1895 жылы Американың Массачусетс штатындағы дене шынықтыру колледжінің мұғалімі ойлап тапқан. Американың дене тәрбиесі мұғалімі Уильям Морган керулі тұрған балық аулайтын тордан үрленген резеңке камераны келесі жағына лақтырып, шәкірттеріне береді. Шәкірттері камераны қайта кері лақтырып жерге түсірмей ойнай бастайды. Осы ойын оларды қызықтыра түседі. Осылайша волейбол ойыны пайда болады.

1897 жылы жарыс ережесі шықты.

1964 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына алғаш рет енді.

Доптың салмағы -260-280г,

диаметрі- 67 см


Сұрақ: Балалар волейбол ойынына ұқсайтын бастауыш сыныпта қандай ойын ойнап едік?


.















Слайд 3

Ортасы

60 минут











































































Түсінік беру: Ендігі кезекте волейбол ойынының алаңының өлшкмдерімен танысайық?

Өлшемдері – 9 х 18 м, ортасынан тормен бөлінеді

( биіктігі ерлерге 2,43 м

әйелдерге 2,24 м).

Алаң артқы және алдыңғы болып екіге бөлінеді.

Подача алаңы– 3-8 м Еркін алаң– 3-5 м.


Сұрақ жауап: Оқушылыр волейбол ойынында үстімізге қандай киім киеміз?

Футболка

Спорттық шорты

Шұлық

Кроссовка

Тізеге тізе буынын зақымданудан сақтайтын арнайы тізетаңғыш киіледі






Түсіндіру: Ойын ережесі

Волейбол- бірлесіп екі топ арасында жүретін ойын.

Әр алаңда алты ойыншыдан ойнайды.

Ойынның мақсаты– допты қарсы жаққа беріп, өз алаңына доп түсірмеу.

Ойын балалар үшін үш ойын, ересектер үшін бес ойын ойналады. Ойын подача беруден басталады. Ойыншылар допты өз командасында үштен артық бір-біріне береуге болмайды, үшінші допты тордың келесі жағына асыру міндет. Ойында 25 ұпай жинаған топ жеңеді. Егерде ұпай саны 24:24 болса, екі ұпай артық алғанша ойын жалғаса береді. Балалар үшін ойналатын үш ойында есеп 1:1 болса, үшінші ойын 15ке дейін ойналады. Ересектерде 5 ойында 2 : 2 болса, бесінші ойын 15ке дейін ойналады.



.








Слайд 5






















Слайд 7

























Слайд 8











Волейболдағы негізгі тұрыс

Аяқты иық кеңдігімен қойып, тізе сәл бүгіледі. Бір аяқты алға қояды, алға сәл еңкейіп қолды шынтақ тұсынан бүге ұстайды.








Слайд 9.10


Допты жоғарыдан екі қолмен беру техникасы

Допты т-меннен қабылдаған кездегі қолдағы таңба белгісі.
Екі қолды суреттегідей қосып, тіземізді бүгіп допты тосып аламыз.
Допты қабыылдаған кезде допты қарсы бағытына соқпай жұмсақ қабылдаймыз


Допты шабуыл соққысына үлестіру
допты шабуылға шығарушы адам жоғарыдан қабылдаған тәрізді допты қабылдап тордың бойымен шабуылдаушы ойыншыға допты береді

Шабуыл сққысының техникасы


Шабуыл соққысына тосқауыл қою техникасы


Волейбол ойынындағы қорғаныс











Допты ойынға қосу




Қолдану: Видео іс-тәжірибе

«Волейбол ойын техникалары»


Жинақтау: кері байланыс «Сұрақ - жауап әдәс»

Волейбол ойынықай елде шыққан,кім ойлап тапты?

Ойын алаңықанша шаршыметр, доптың салмағы қанша?

Ойын алаңы қанша шаршы метр, доптың салмағы қанша?

Жарыс ережесі қай жылы шықты?

Ойынға қанша адам қатысады?

Доптың салмағы қанша? Диаметрі қанша?


Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсың», «Өте жақсы», «Керемет»




















Слайд 12


















Слайд 14















Слайд 16













Слайд 17

























Слайд 18



















Видеоролик



Слайд 19

Аяқталуы

Үйірмені бекіту

5 минут

Оқушылар бүгінгі алған білімдеріңізді іс-тәжірибе жүзінде жүйелі түре қолданасыздар деп. Волейбол ойынының ережелері түсінікті деп ойлаймын. Енді оқушылар осы сабақтағы теорияны іс-тәжірибе жүзінде қолданайық, сіздерге «whatts app» платформасы арқылы волейбол ойынына арнаулы жаттығулар кешенін жіберем сол жаттығуларды орындаймыз


Кері байланыс



«СМС» дісі арқылы –кері байланыс





























Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі

«Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы.» атты


Мақсаты: 1) Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып , денсаулығын сақтау және аурудың алдын- алу жолдарын үйрету.

2.)Оқушыларға жақсы,саналы,білімді азамат болу үшін,мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын,басты байлық-денсаулық екендігін түсіндіру.Оқушылардың ізденімпаздық,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

3.)Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру,күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.

Халықта мынадай дана сөз бар:

«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,

Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».


Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.

Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.

«Шылымқорлық»

Ұстанымы: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

«Ішімдік»

Ұстанымы: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір».

«Нашақорлық», «АҚТҚ ІНДЕТІ»

Ұстанымы «Есірткіге жолама, жетелейді молаға».

.

Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.




578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!