400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А

XIХ-XX ғасырдың басындағы

Қазақстанның мәдениеті


Мектеп:


Сағат саны: 1 сағат

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Жаугашева Мехирбан Досмагамбетовна


Сынып: 8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы

(Алғашқы сабақ, 1-сабақ)

Зерттеу сұрағы


Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау


Тарихи концепт (фокус)

  • Маңыздылық

Сабақтың мақсаты

Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу

Бағалау

критерийлері




Білу және түсіну- Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халидтің тарихи еңбектерінің атауы мен олардың мазмұнын анықтайды;


Сыни ойлау мен талдау- тұлғалар шығармаларындағы негізгі ой мен олардың маңызын талдайды


Тілдік мақсаттар


Шежірешілер туындыларын тарихи дереккөз ретінде құндылығын зерттейді (оқылым мен жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Шежіре, түп-тамыры, даланың ауызша тарихнамасы

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Шежірешілер шығармашылығындағы негізгі ой...

Деректерге сүйене отырып...

Деректерге сүйене отырып, қандай нәтиже шығаруға болады?

Құндылықтарды дарыту

-патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

Құндылықтарды негіздеу арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сыни ойлау, талдау, қорытындылау, бағалау дағдыларын жетілдіру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады


АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірінің маңызын, өнер тұлғаларының өмірін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



5 мин











(Б) Ұйымдастыру сәті.

БЫМ . Ой шақыру.

- Суретке қарап, Сізге қандай ой келді?

-Ойыңызды түсіндіріңіз

-Бүгінгі тақырып мазмұны не туралы болмақ?


(М) Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.


  • Тарихи концепт (фокус): Маңыздылық


Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?

Презентация



Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы, 2010.

Сабақтың ортасы


5 мин











7 мин









10 мин























10 мин









(Б) Жаңа ұғымдармен жұмыс.

«Жұптарды сәйкестендір» тапсырмасы ұйымдастырылады. Әр топ берілген ақпарат бойынша тақтада көрсетілген ұғымдардың біреуін, оның мағынасымен сәйкестендіреді.



Әр жұп «шежіре», «шежіретанушы», «түп-тамыр», «даланың ауызша тарихнамасы» ұғымдарын мағынасына қарай сәйкестендіреді. Әр жұп жаңа сөздің мағынасын сынып оқушыларына түсіндіреді.


Зерттеу мен талдау


1-қадам. Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға шешіре туралы мәтін ұсынылып, төмендегі сұрақтарға жауап алынады.


-Шежіренің қандай түрлері тарих пәні үшін маңыздырақ? -Қазақ шежіресі қаншалықты зерттелген?

-Шежіретанушылардың еңбектерінен қандай құнды мәлімет алуға болады?

-Мәтіннен ХІХ ғасырдағы шежіре құрастырушылардың мақсатын түсіндір


2-қадам. Мәтінмен жұмыс.

Топтарға Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінен үзінді-мәтін таратылады. Белгіленген уақытта топ оқушылары жинақтаған ақпаратты бірге оқып, мазмұнын талқылап, зерттеу жүргізеді.

Сонан соң сынып алдында әр топ тұлғалар туралы ақпаратты сынып алдында жариялайды. Қалған топ оқушылары өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алып отырады.


1-топ. Ш. Құдайбердіұлы

2-топ. М. Көпейұлы

3-топ. Қ. Халид



Дескриптор:

-Тұлғалар шығармаларындағы негізі тақырыпты анықтайды;

-Тұлғалар шығармаларындағы кемінде тарихи оқиғаны бейнелейтін 1-2 дәйек келтіреді;

- Тұлғалардың қоғамдағы орнына баға береді.


Кері байланыс. Топтардың бірін-бірі бағалауы. «Екі жұлдыз, бір тілек»


Интерпретация

(Т) Оқушылар алған білімдерімен алмасу үшін «Ағаш» тапсырмасын орындатылады.Топтар өз ағаш діңгегіне шежірешілердің атын жазады, бұтақтарына сұрақ жазады. Сағат тілімен топ тапсырмаларымен (ағаштарымен) алмасады. Оқушылар сұрақтың жауабын жапырағына жазып қайтарады. Топтар жапырақтарындағы жауапты оқып, басқа топтардың жауабын бағалайды. Жауаптарының деңгейіне қарай смайлик ұсынады.


Дескриптор:

-Сұрақ құрылымын сауатты құрады;

-Дәйекпен дәлелдеп, жуаапты дұрыс береді


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. «Смайлик сыйлау»




Қосымша-1

Карточкалар



Оқулық

Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы Ж/ б/ б/м 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.


Хрестоматия Атамұра, 2012.






Қосымша-1

Мәтін таратпалар



"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том















«Ағаш» макеті.,

Түрлі-түсті стикерлер

Сабақтың аяғы



3 мин

Рефлексия. «Бағдаршам»

-Мен барлығын түсіндім-жасыл;

-Мен орташа түсіндім-сары;

-Ешнәрсе түсінбедім- қызыл



Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
1723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі