Материалдар / Ы. Алтынсарин Қыпшақ Сейтқұл Әңгімесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ы. Алтынсарин Қыпшақ Сейтқұл Әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында ұсынып отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
1256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Сынып: 5


Мектеп: №264

Мұғалімнің аты-жөні:


Қатысқандар:

Қатыспағандар

2


Сабақ тақырыбы

Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

Т.А.5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру, мәтін үзіндісін оқып, бөліктерге ат қою;

Т/Ж.2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

ӘТН.3. Сөз мағыналарын түсініп, әдеби нормаға сай қолдана білу.


А/И.1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Сабақтың мақсаттары








Барлық оқушы орындай алады, мазмұнын біледі, қосымша ақпараттарды анықтайды. Оқушылардың көбі орындай алады. 1.Сейітқұлдың алға қойған мақсатын біледі. 2.Ойын дәлелмен жеткізе алады.

Кейбір оқушалар орындай алады. 1. Мазмұнын өз ойымен байланыстыра алады. 2. Мәтіннің идеясын мақал-мәтелмен дәлелдеп айта алады

Бағалау критерийлері

- Мәтін үзіндісін топта оқиды, түсінеді,мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

- Мәтіндегі көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіре алады және өмірмен байланыстыра алады;

- Көркем шығарманың құрылысын меңгереді, талдай алады, мақал-мәтелмен түйіндейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тобыр, барымта, кетпен, шығыр, шым, жабағы;

Ой-толғау жазуға арналған пайдалы тіркестер: отыз үйлі кедей, егін егу, қорған салдыру, сауда жасау, көшпелі халық, бай болу.


Құндылықтарға баулу

1. Қазіргі еңбек қатынасына байланысты өз ұстанымын анықтай алады.

2. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі арқылы еңбекке деген құрметі артады.

Пәнаралық байланыс

География, музыка, тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ы.Алтынсариннің өмірі, оның мақсатын, шығармаларының тақырыбын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Басы



















Бағалау


1.Психологиялық ахуал тудыру,оқушы назарын сабаққа аудару.Оқушылармен үш тілде амандасу. Топқа бөлу 1,2,3

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл»

Үй тапсырмасын «Зымыран сұрақтар» арқылы сұраймын.

1. Ы.Алтынсарин кім?

2.Шығармаларын ата

3.Шығармаларының тақырыбы мен идеясы қандай?

4.Өлеңдерін ата

5.Өлеңдері ұнадыма? Не себепті?

6. Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің жарық көрген жылдарын ата

7.Ең алғаш жарық көрген шығармасын ата.



«Жұлдызшалар» арқылы бағалаймын.





















Жұлдызшалар

Ортасы







Топтық жұмыс









Бағалау





Жұптық жұмыс



Бағалау

3. Жаңа сабақ .

- Әңгімені әр топ өзі оқиды

Сөздікпен жұмыс

1.Тобыр-бұл жерде : белгілі бір мақсатпен жиналған халық, топтасқан адам

2.Барымта- көне сөз.Жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алуы, кек қайтару.

3.Кетпен- арық қазуға, жер өңдеуге арналған құрал.

4. Шығыр- көне сөз. Құдықтан су тартып шығаруға арналған жүккөтергіш құрал.

5. Шым- бұл жерде: жерден ойып алынған шым кесегі, яғни саз.

6. Жабағы- бұл жерде: түйе мен қойдың ұйысқан жүні



І топӘңгіменің негізгі идеясын үш сөйлеммен тұжырымдап, ойымызды мақал-мәтелдермен түйіндейік.

ІІ топҮргеніш, Қоқан, жортуыл, арық қазу сөздерін түсініп, синонимдерімен алмастырып сөйлем құрап жазайық.

ІІІ топ Сейітқұлдың мақсатына жету жолындағы әрекеттерін мәтін бойынша ретімен баяндайық.

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды




3 топқа: Әңгіме бойынша өз жұбымызбен «Неге?», «Не үшін?», «Қалай?», және т.б сұрақтар қою арқылы сұқбат жасайық.




«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша балалар бір-бірін бағалайды.



Аудио



Музыка




Оқулық







«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау


«Ашық микрафон» әдісі






















Жеке жұмыс



Бағалау





















Соңы



---Әңгімеден үзінді тыңдатамын (5 аудио)

І топ: Тыңдалым мәтінінде кездескен кейіпкерлерді салыстыр.

ІІ топ: Сейітқұл қандай адам? Себебі... ... ...

ІІІ топ: Сейітқұлдың ағасы қандай адам? Себебі... ... ...

Дескриптор

Ұпай

1

Әңгіменің мазмұнын түсінеді, мазмұндайды

1

2

Кейіпкерлердің іс-әрекетін сипаттап айта алады, салыстыра алады

1

3

Сейітқұлға мінездеме бере алады

1

4

Өз ойын мақал –мәтелмен түйіндейді

1

5

Өмірмен байланыстыра алады

1



Үйге тапсырма. «Менің өмірлік мақсатым қандай?» өзіндік пікірінәңгіме желісімен ой-толғау жазу

Кері байланыс. Эдвард Де Бононың «ҚАҚ» ойлау құралы

Қосу

Алу

Қызықты

+

-

*




Аудио











Бағалау парақшасы



















Кесте



Қосымша ақпараттар : Оқиға өткен жерлерді картадан көрсетіп, қазір ол жерде адам немен айналысатындығын айтамын.Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы жайлы ақпараттар. «Қабырға өзені» жайлы мәлімет





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Топтық, жұптық тапсырмаларды түрлендіруді жоспарлаймын.



Топтық, жұптық, жеке бағалаймын

Сергіту сәттерін өткізу, жас ерекшелігіне және деңгейіне қарай тапсырмалар беру, балалардың өмір қауіпсіздігінқамтамасыз ету.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ жоспарланған мақсатына жетті. Оқушылар Ы.Алтынсариннің әңгімесінің негізгі идеясын түсінеді. Оқушылар мәтінді оқи отырып, өмірде жетістікке еңбектің арқасында жетуге болатынын түсінді, мақсатқа жету жолында ізденді және жұмыс барысында бір-бірінің жұмысын талдады.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1. Көркем шығарманың жалғасын оқушылар дәл болжады:

2. Мәтін идеясын мақал-мәтелдермен қорытындылау.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет ақпаратты білдім.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктер мен қиыншылықтары туралы анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сабақтың бұданда жақсы өтілуіне жаңа сабақты меңгеруде әдіс-тәсілдерді өзгертер едім.

Кей оқушылардың сөздік қорының жұтаңдығы, сөз қайталаулар көп қолданатындығы, уақытты тиімді пайдалана алмайтындығы байқалды.Келесі сабағымда осы ескертулерді басшылыққа алуым керек.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!