Материалдар / Ядролық қару – адамзатқа төнген қауіп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ядролық қару – адамзатқа төнген қауіп

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғалы да 30 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын көз көрді, көңіл сенді. Бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ядролық қару – адамзатқа төнген қауіп.

Қазақстан Республикасының егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғалы да 30 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын көз көрді, көңіл сенді. Бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты. Әріге бармай-ақ қояйық, атом бомбасынан қазақтың да көрген азабын айтып тауысу қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды.Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы. Елбасымыздың осы ядролық қарудан бас тарту жөнінде « Бейбітшілік кіндігі» атты еңбегі де бар. Елбасымыз өз жолдауында да осы ядролық қарусыздану жөнінде жазған.1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Биылғы жылы тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар Семей ядролық полигонының жабылуына да 30 жыл толып отыр. Міне осылай, ХХ ғасырдың ортасында Қазақстан барша әлемге ядролық сынақ алаңын біржақты жапқан, бұл қаруды территориясынан шығарып, атом қаруынсыз елге айналған мемлекет ретінде белгілі болды. Ал, осының барлығы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сол мерзімдегі Тәуелсіз Отанымыздың алдында тұрған аса күрделі мәселені ойдағыдай шеше білуі, осы арқылы республиканы әлемге іс жүзіндегі бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танытқан қызметінің көрегендігінен болды. Талай қиындықпен келген тәуелсіздігіміз – тұғырлы болсын.





Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта меектебінің

9 сынып оқушысы Құрманова Ақнұр

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!