400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ядролық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Шәріп Болат Ибрагимұлы


Сабақтың тақырыбы: Ядролық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазіргі заманғы жаппай жою құралдарының адам өміріне және қоршаған ортаға аса қауіпті екендігі жөнінде ақпарат беру.

Біліктілік: Оқушылардың жаппай қырып жою қарулары жөніндегі түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік: Жаппай қырып жою қарулары туралы айтып олардың адам

өміріне тигізер қаупін түсіндіру.

Дамушылық: Балалардың өз бетінше оқып үйренуіне бағыт бағдар беру.

Сабақтың әдісі: аралас.

Сабақтың орны: АӘжТД кабинеті.

Көрнекілігі: АӘжТД плакаттар, АӘжТД оқулығы, метод журнал.

Уақыты: 40 мин.

Сабақтың барысы.

Кіріспе бөлімі.

І. Ұйымдастыру.

Взвод командирі сапқа тұрғызады, әскери оқытушыға баяндайды. Сәлемдесу. Әскери формасына, сырт пішіндеріне назар аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыпты және оның мақсаттарын қайталау хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ.

Қазіргі кезде жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жатады. Олар қысқа мерзім ішінде, кең аумақты саны көп халықты, шаруашылық нысандарын қиратады.

Жаппай қырып жою қаруының басқа қаруларға қарағанда өз ерекшеліктері болады.

  • Зақымдаушы факторлардың әсер етуінің ауқымдылығы.

  • 3ақымдаушы фактордың әрекетінің ұзақтығы.

  • Кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі.

  • Кең моралдық – психологиялық әсер етуі.

  • Әскерлердегі жеке құрамының, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі нысандардың, жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізілудің қажеттілігі.

Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығатын, ішкі ядролық қуатты пайдалану негізінде әрекет ететін қару ядролық деп аталады. Ядролық зарядтың қуаты тротил эквиваленті арқылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезінде ядролық оқ-дәрі жарылғанда шығатындай қуат бөлініп шығарылуымен есептеледі. Оны ондық, жүздік, мыңдық және миллиондық тоннамен өлшейді. Тротилдің массасы көп болуына байланысты жарылыстыңда қуаты соншама күшті болады. Адамдардың ең көп шығынға ұшырау факторы бұл соққы толқыны болып есептеледі.

  • Ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу, жеткізу құралдары: ракеталар, авиация және артиллерия болып табылады. Одан басқа бұл мақсатта ядролық фугастар да қолданылады.

Ядролық жарылыстар ауада, биікте, жер, су үстінде, жер су астында жүзеге асырылады.

Жарылыс болған нүкте – орталық, ол жер үстіндегі оның проекциясы ядролық жарылыстың эпицентрі деп аталады.

Ядролық қарудың негізгі зақымдаушы факторлары

  • Соққы толқыны

  • Жарықтық сәуленуге шалдығу

  • Өткір радиация

  • Радиоактивті зақымдану

  • Электромагнитті импульс болып табылады.

Осы факторларды жеке-жеке талдап түсіндіріп меңгерту.


Жеке кұрамның аралас зақымдануы кезінде соққы толқыны әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға, зиянды сәулеге шалдығудан пайда болған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін. Кейбір әскери қару-жарақтар мен әскери техника түрлері, құрылыстар мен мүліктері соққы толқыны әсерінен қирап, бір уақытта зиянды сәулеге шалдығу арқылы жанып кетеді. Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптар электромагнитті импульс және ядролық жарылыстың иондалған сәулеленуі әсерінен қатардан шығуы мүмкін, бұл нейронды оқ-дәрілер жарылысына тән.

Аралас зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы, сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының иммунитеті төмендейді.

Зақымдануды оның ауырлыгына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады және көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне, әдетте, қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін азайтады.

Жеке құрамның соққы толқынының немесе зиянды сәулеге шалдығу әсерінен оның қатардан шығуы жеңіл зақымдану, ал өткір радиация әсерінен орташа зақымдану болуы мүмкін, ол медициналық мекемелерде емделуді қажет етеді.

Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен, яғни жарылыстан кейін бірнеше минут өткеннен кейін немесе ұзақ уақыттан соң жеке құрам дереу ұрысқа қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін, Соққы толқынның немесе зиянды сәулеге шалдығу кезінде зақымдану, әдетте, дереу өтеді. Өткір радиациямен адамның зақымдану дәрежесі және сәуле ауруы белгілерінің пайда болу уақыты мен әскери қызметшінің қатардан шығуы жұтылған сәулеленудің мөлшеріне байланысты, яғни адамда бірнеше күннен бірнеше айға дейін аурудың белгілері білінбеуі мүмкін.

Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.

Қорытынды.

Сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында мына төмендегі сұрақтар қойылады.

1.Ядролық қару дегеніміз не?

2.Ядролық зарядтың қуаты қалай өлшенеді?

3.Ядролық жарылыстың зақымдау факторларының қандай түрлері бар?

4.Семей – Ядролық полигоны орналасқан жері?

5.Ядролық сынақтарға қарсы күресу қозғалысы қашан құрылды, қалай аталады?

6.Қозғалыстың жетекшісі кім?

7.Семей полигонын жабу туралы жарлыққа кім қашан қол қойды?

Білу керек.

Семей ядролық полигоны аумағы-8,372 шаршы шақырым. Орналасқан жері – Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері.

Ядролық сынақтарға қарсы Невада- Семей қозғалыстың жетекшісі кім (О.Сүлейменов).

1991 ж. 28 тамыз – Қазақстан Республикасының Призидент Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.12.2020
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі