Материалдар / Ы.Алтынсарин (эссе)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ы.Алтынсарин (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсарин туралы эсседе ұлы педагог жазушының өмірі мен шығармашылығы сөз болады. Ы.Алтынсарин алғаш.ы мектепті ашты. Ол қазақ балалар әдебиетінің атасы .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
551
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дала қоңырауы» немесе Ыбырай тағылымы

(эссе)

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары,жасындай жарқ еткен әйгілі ғалым Ш.Уәлиханов пен ғұлама ақын А.Құнанбайұлының қатарында Ы.Алтынсарин есімі де қатар аталады. Бұл кездейсоқтық емес,әрине. Өйткені қазіргі қарыштап дамыған қазақ ғылымының,кемеліне келген балалар әдебиетінің бастауында Ыбырай тағылымы тұр. «Қазағым» деп соққан жүрек ешқашан ұмытылмақ емес.

Орынборда мектепте оқып жүрген жас Ыбырайға нағашы атасы Балхожа би бата түріндегі өлең – хатын жолдаған екен.

«Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам» - деп басталатын бұл өлең оның болашағына жол көрсеткен еді. Ыбырай мектепті үздік бітірген соң,тілмаштық қызметте жүргенде,өзінің білімін жан – жақты шыңдап отырды. Енді ол өзінің болашағын тілмаш болудан емес,халқына пайдалы қызмет істеуден іздейді. Ағартушылыққа деген ынтасы 1864 жылы қазақ балалары үшін мектеп ашуға алып келді. Бұл жыл қазақ тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. «Осы жылы, қаңтардың 8 күні көптен күткен ісім оңынан келіп,мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы,есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім», - деп жазады ол белгілі шығыстанушы,профессор Н.И.Ильминскийге жазған хатында. Ыбырайдың бұл ісін қараңғыда қолына шырақ ұстаған жол бастаушыға ұқсатуға болар еді.

Ы.Алтынсарин мектептегі оқу – тәрбие жұмысын мүлдем жаңа үлгіде құрды. Қоғамдағы қайшылық,адамдар бойындағы ұнамсыз мінездерді жоюдың жолы білім, мәдениет,өнер деп түсінді. Ыбырайдың бастамасымен бірнеше қалада қазақ балалары үшін мектептер,қыздар училищесі ашылды. Енді бұл мектептер үшін оқулық қажеттілігі туындаған еді. 1876 жылдан бастап көп ізденіп,білек сыбана кіріскен Ыбырай 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды. Бұл еңбек қазақ педагогикасында алғашқы оқулық болуымен де құнды. Кітап балаларды білім алуға шақыратын «Кел, балалар,оқылық!» өлеңімен басталатын:

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар,оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!...

Ыбырай өзі ашқан мектептердегі тәлім – тәрбие,оқу жұмысының жанды ұйтқысы болды. Оқу - тәрбие ісін жаңаша ағартушылық бағытта ұйымдастыра отырып, мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - деп жазды ол. Ыбырай туған халқын ерекше сүйді,оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. Солай етіп Ы.Алтынсарин қазақтың алғашқы педагог – ғалымы болып ел тарихына енді.

Сонымен қатар Ы.Аптынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол балаларға арнап тәрбиелік маңызы бар өлеңдер мен әңгімелер жазды. «Кел, балалар,оқылық!», «Өзен», «Жаз», «Өнер – білім бар жұрттар» т.б. өлеңдері әліге дейін көркемдік және тәрбиелік құнын жойған жоқ. Ыбырай әңгімелері негізінен еңбек, талап, адамгершілік,мейірімділік тақырыптарына арналды. Әңгімелерін «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне енгізе отырып,балалардың бойында ізгі қасиеттерді тәрбиелеуді мақсұт етті. Мыаслы, «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай,еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп,оларды балаларға үлгі етеді. «Қарлығаш,өрмекші құрлы жоқпысың,сен де еңбек ет,босқа жатпа», - дейді. «Атымтай жомарт», «Әке мен бала», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы» сынды әңгімелері қазіргі күнде де тәрбиелік маңызы бар құнды рухани мұраларымыз болып табылады.

Ыбырай кірісті дереу

Ағартушылық ісіне,

«Қазағым» деп соққан жүрек

Сақталады ел есінле.

Ұрпақ қамын ойлады көп,

Көз ілмей таңды атырды,

«Кел, балалар,оқылық!» деп,

Білім алуға шақырды.

Басталды бір іс ғажап

Мектеп ашқан күнінен,

Оянғандай бар қазақ

Сол бір қоңырау үнімен.

Қорыта айтар болсақ,Ы.Алтынсарин - қазақтың педагогика ғылымы мен ұлттық әдебиетінде терең із қалдырған дара тұлға. Өзінің бар күш – қуатын,қайрат – жігерін халқына қызмет етуге сарп еткен Ы.Алтынсариннің педагогикалық,әдеби еңбектері мәңгілік рухани мұрамызға айналды. Қазақ даласында тұңғыш рет мектеп ашып, «Дала қоңырауы» атанған Ы.Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған мінсіз еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.



А.К.Амирбаев,

Алматы облысы,Қарасай ауданы,Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!