Ы.Алтынсаринның туғанына 175
жыл. «Дала қоңырауы»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен,
шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа,
адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері, слайд
І. Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына
тоқталу
Кіріспе
сөз:
Құрметті оқушылар! Қазақ
халқының тұңғыш ағартушысы, ғалым, педагог, қазақ балалар
әдебиетінің атасы-Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Дала
қоңырауы» атты кешімізді бастаймыз.
Ыбырай Алтынсарин – 19
ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге
асырған қазақ зиялыларының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы,
қазақ тарихында қоғамдық ой-пікірдің қалыптасуына үлес қосқан
көрнекті қайраткер. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше
көңіл бөлді. Биылғы жылы ұстаз ғалым, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің
туғанына 175 жыл толды. Осы кештің негізгі кейіпкері Ы.Алтынсарин
болғандықтан біз бүгін Ыбырай атамыздың әңгімелерімен және
өлеңдерімен танысамыз.
1
-жүргізуші: Әр халықтың болашаққа бет
алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар
сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше
аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы
Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса
көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың маңдайына
біткен осы үш жарық жұлдыз бар. Солардың бірі де, бірегейі биыл
туғанына 175 жыл толып отырған Ы.Алтынсарин атамыз жайында
болмақ
2
-жүргізуші: Ы. Алтынсарин - алғашқы
халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп
ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен
әңгімелер жазған жазушы.Ыбырай саналы өмірін оқытушылық,
ағартушылық жолына жұмсады. Ол қазақ сахарасында тұңғыш рет ана
тілінде мектеп ашып, оның тұңғыш мұғалімі болды, қазақ тілінде
әліппе жазды, алғаш рет ана тілінде оқулық хрестоматия жарық
көрді.
1-оқушы: Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20
қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге
келген. Шешесі Айман сауатты адам болған халық аузынан жинақталған
ертегілер мен жырларды көп білген. Әкесі Алтынсары ерте өліп,
жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Атасы Балғожа елге
беделді би және өлең жазатын ақындық қасиеті де болған. Жас
Ыбырайдың мектепке дейін өлең мен жырға әуестеніп, өсуіне осы
атасыныныңда әсері тиді. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы
Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты
ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен
бітіреді.
2-жүргізуші: Ы. Алтынсариннің оқып, білім
алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би
еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш -
қуат, ынта - жігер беріп отырады.
2-жүргізуші: Балқожа бидің баласына
жазған хаты. Өлең оқу
.................................................
1-жүргізуші: Содан кейін өз елінде 2
жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі
шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып,
оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал
сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған
кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат
алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің
педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше
жанданды.
2-жүргізуші: Ол өнер –білім жағынан қазақ
халқы үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын
қысқа көлемдегі поэтикалық шығарманың қажеттігін сезінді, ондай
еңбектер ел арасында кеңінен жайылып, жатталып кететіне, сол арқылы
бүкіл халыққа әсерін тигізетініне сенді. Оның «Кел балалар
оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осы мақсатта жазылды.
Ендігі кезекті осы және тағы басқа өлеңдерге
берсек.
«Кел балалар
оқылық!»..................................................
«Өнер-білім бар
жұрттар»..............................................
«Ананың сүюі»
.................................
«Қарға мен түлкі»
..........................
«Жаз»...............................
2-жүргізуші: 1876 жылы Ыбырай Петербург,
Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді.
Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға
кірісті.
1-жүргізуші: Бұл кітап ана тіліміздегі
тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген
шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма
шығармаларын енгізген болатын. Тағы бір шығармасы балаларға
арналған «Асыл шөп» және «Жаман жолдас» әңгімелері. Олай болса сол
көріністі тамашалайық.
Көрініс:
«Асыл
шөп»
Нұршат,
Шәмшат
Викториналық
сұрақтар
-
Ы.Алтынсариннің қандай
өлеңдерін білесіңдер?
-
«Түйе бойына сеніп құр қалды»
деген сөз қандай әңгімеден қалған?
3. Бай баласы мен жарлы баласы
туралы жазылған кітабының бас кейіпкерлері
кім?
4. Ы.Алтынсариннің қандай
ертегілерін білесіңдер?
5. «Достым аю құлағыңа не
сыбырлап кетті?»-қай әңгімесінен алынды?
Жұмбақтар. (орысша,
ағылшынын бірге айту керек)
-
Әне барады өзі, көрінбейді
ізі. (жел)
-
Үй үстінде уақ тас.
(жұлдыздар)
-
«Ти» десем-тимейді, «тиме»
десем тиеді. (ерін)
-
Елу аяқты, екі қолды, салады
елу аяқпен жалғыз жолды. (ара)
-
Жаны жоқ болса да, ақылды
адамның ісін істейді. (кітап)
-
Кішкене ғана безер, дүниені
кезер. (ақша)
-
Ізі бар, адымы жоқ аяғының,
тимейді ұшы жерге таяғының, хайуанға екі аяғын арта салып, келеді
сөзін сөйлеп баяғының. (арба)
-
Басы бар да, шашы жоқ, көзі
бар да, қасы жоқ, жүретін аяғы жоқ.
Суыққа тоңбайды, ыссыға
күймейді. (балық)
Мақал-мәтелдер жалғасын
табу
-
Ел ағасыз болмас, ............
тон жағсыз болмас
-
Жаман атқа жал бітсе жанына
торсық байлатпас, ......... жаман адамға мал бітсе жанына қоныс
қондырмас
-
Берсең – аларсың, ексең-
.....орарсың
-
Таспен ұрғанды, ..... аспен
ұр
-
Біреу тойып секіреді, біреу
..... тоңып секіреді
-
Ата көрген оқ жогар, ана
көрген .....пішер
-
Ағаны көріп іні өсер, апаны
көріп .... қыз өсер
-
Ағасы бардың ...... жағасы
бар
-
Жақсыға ерсең, жетерсің
мұратқа, жаманға ерсең, ........ қаларсың
ұятқа
-
Жері байдың ..... елі
бай
-
Жақсы кісі текшіл, жаман кісі
.... кекшіл
Көрініс
« Жаман
жолдас»
Санат, Атаберген,
Нұрбол
2-жүргізуші: Ы.Алтынсарин қоғамының
ертеңгі ұрпағы жастарға әр уақытта да зор сеніммен қарады, олардың
келешегіне сеніп, жоғарыда көрсетілген ғылым мен , техникалық
жаңалықтарын қазақ даласына осы жастарға жайып салды. Осы
өлеңдердің бірі «Әй достарым, жігіттерім».
«Әй, достарым,
жігіттерім»........................
«Өсиет
өлеңдер» ...........................
Қорытынды:
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты
бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ
мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да
абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да.
Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес,
ескірмес идеяларды көтереді. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай
Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы саңылақтардың бірі. Ыбырай
Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы
мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып
отырмыз. Осы кешімізге ат салысып, уақыттарыңызды бөліп келіп
отырғандарыңызға және осы кешке қатысқан оқушыларымызға көптен көп
рахмет! Сау болыңыздар!