Материалдар / Уақыттың қадірі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Уақыттың қадірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсаттары 5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру 5.4.4.1 – жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарындаеркін білдіре алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2235
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Уақыттың қадірі

Күні 6.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова С.

Сыныбы 5ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағаны.

Оқу мақсаттары

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.4.4.1 – жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарындаеркін білдіре алады

Жетістік критерийлері

Ақпараттарды іріктейді,ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді,шығармашылық жұмыс жазады.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: тіл үйрену,бос уақытты пайдалы өткізу, спорт секциялары.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, қарсылық білдіремін, мен бұл пікірді қолдаймын.

Алдыңғы оқу

Бос уақытты тиімді пайдалану ережелерін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ойтүрткі. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Сендерді қай тілдер қызықтырады?

2. Тіл үйренуге не кедергі болып жүр?

3. «Уақытты бос өткізу» дегенді басқа қандай сөздермен беруге болады?

ОӘК материалдары

Ортасы















Ойлау дағдыларының

деңгейі


Бағалау критерийі

1. Оқушылар оқылым және тыңдалым материалдары негізінде ой түйінін жасайды. Өз уақытын тиімді пайдалана білген миллиардар Билл Гейтстің қайырымдылық істері туралы өз ойларымен бөліседі. Оқушылар топқа бөлініп,деңгейлік тапсырманы орындайды.

1-топ.Сұхбаттағы диалог мәтінінен зат есімдерді теріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа сөздер жасайды.

2-топ.Оқылым мәтінінің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазады.

3-топ. «Уақытты бағалай білеміз бе?» сұрағына «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жауап жазады.

Ойдан түбір сөздер жазып,сол сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап, кестеге түсіреді.Осы сөздерден сөйлемдер құрастырады

Түбір сөз

Туынды сөздер

тіл

тіл+ші







Білім алушы

Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді.

Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді.


Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ қойыңыз. Мәтіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ойыңызды дәлелдермен келтіріңіз.

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» - деген екен. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», - деген екен немістің ұлы ақыны Гете. Бұл жөнінде еңбекқор қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген нақыл сөз бар. Рас, біле білгенге уақыт – мүмкіндік. Ал сол мүмкіндікті кім қалай пайдаланып жүр?!


Дескриптор

Білім алушы

- мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады;

- дайындаған сұрақтарын жұбына қояды;

- жұбының сұрағына жауап береді;

- өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді


Деңгейлік тапсырмалар


ОӘК материалдары



Соңы

Рефлексия. «Бағдаршам» арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жауаптарға сәйкес бояйды.

Үйге тапсырма. «уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында эссе жазады..

«Бағдаршам» әдісі


Қосымша ақпарат

Саралау Қосымша критерийлер арқылы бағалау

«Ғибратты сөз» айдарымен берілген нақыл сөздердің мәнін түсініп оқиды. Оларды салыстыра отырып, ой толғайды. Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін.Бұл оның қандай іспен не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. ( С.Маршак)

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

«Басбармақ» әдісі

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

Мен келесі сабағымды жетілдіруге қандай факторлар әсер ететінін білдім.?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.





















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!