Материалдар / Ыбырай ағартушы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ыбырай ағартушы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
343
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әль-Фараби академиялық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қамбарова Қызболған Әуесбекқызы


«Ыбырай Алтынсарин:Ұлттық педагогика. »

«Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі–осы тек қана осы мектептерде ...», – деп Ы.Алтынсарин зор үмітпен шабыттана жазды. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге мектептердің маңызы мен оның тәрбие ісіндегі орнын ерекше көрсеткені білінеді.

Қазақтың ұлттық педагогикасының қалыптасуында бағасын білетін өзіндік орны бар –қазақ халқының ағартушы-педагогы, фольклоршы, қоғам қайраткері, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсарин. Ұстаздық ұлағатымен, ағартушылық көзқарастарымен педагогика тарихында мол мұра қалдырған Ұлы ұстаз.

Жастайынан әкесі Алтынсарыдан ерте айырылған Ыбырай атасы Балқожа бидің қолында өсіп тәрбиеленеді. Бидің Ыбырайды оқытудағы мақсаты бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орында жоғары лауазымды жерде жұмыс істеп, орысша оқыған «төре» болса еді. Бірақ мұғалімдік, оқытушылық, мамандыққа қызығушылық балалық кезден беріледі. Өсе келе Ыбырай өз пәнін терең меңгерген, балаларды ерекше жақсы көретін өзін құрметтейтін, шәкірттерімен дос бола білетін, өз ісінің маманы, оқу-тәрбие жұмыстарды шебер ұйымдастыра алатын, зерттеушілік, ізденушілік қасиеттерге ие болды.

Ы.Алтынсарин білімін шыңдаумен Петербург, Қазан қалаларында орыс ағартушыларының еңбектерімен танысып, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын орысша-қазақша екі бөлімнен құрастырып жазды. Оқу құралының негізгі ойы орыс ғалымдарының жазған еңбектеріне сүйеніп, қазақ балаларына тек мұсылманша молдадан оқып, білім алып қоймастан, өзінің балаларға арнайы жазған педагогикалық-ағартушылық еңбегі болды. 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралы да өз уақытында шыққан орыс тіліндегі оқулықтардың таңдаулыларын педагогикалық шеберлікпен теріп алып, балалардың талап тілектерін алға қоя отырып, сараптап, оқу-тәрбие жөніндегі мақсаттарын қолданып жүзеге асыруға бағыттап жазды. Осы жерде, бір ескеретін нәрсе, Ш.Уәлихановтың сөзімен: «Шағылмаған, ұғымтал, қазақ халқына татар оқуы түкке аспайтын діни схоластикадан, адамның ойы өркендеуге бөгет жасайтын схоластикадан басқа ештеңе үйретпейді. Сондықтан, біз, қалайда татар дәуірін орап кетуіміз керек...» – десе, ал Ы.Алтынсарин: «...Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады, сонда татар фанатизмінің күлі көкке ұшады»-деген, негізгі міндеті сол уақытта етек алған татар жазуының орнына ана тілі жазуын қалыптастыру еді.

Осы бағытта Ы.Алтынсариннің кітаптарының негізгі идеясы балаларды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке – тәрбиелейтін ғибратты шығармалар мен мән-мағынасын жоғалтпайтын әңгімелері мен өлеңдерін жазды.

Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі баланың ой-санасына ерекше әсер қалдыратын туынды. Бұл нәрселер Алтынсариннің кейіпкерлері жолаушылардың сөзімен насихатталады. Әңгімеде жазылған «БОЛСАҢ, ОСЫ, БҰЛАҚТАЙ БОЛ!» деген сөз әр бір шәкірттің жүрегіне күшті әсерлі серпін береді. Өсіп келе жатқан жастың өз ойымен бойын түзеуге деген көмек көрсеткенмен теңдей болады.

«Бақша ағаштары» әңгімесінде Ы.Алтынсарин бақша ағаштарының әр түрлі өсетінін бейнелеп, айтып, мысалдармен келтірсе, тәрбиенің де солай адам бойына берілетінін көрсетеді. Ал «Әке мен бала» әңгімесі де «Бақша ағаштары» әңгімесінің жалғасы тәрізді, толықтыра түседі. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді білумен бірге оны еңбек арқылы қалыптастыруға болатынын әңгімеде әдемі суреттеп береді.

«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде Ы. Алтынсариннің озық ойларының жемісі көрінеді. Әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірдің сырын ұғуға, түсінуге бағыттайды. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, Үсенің іс- әрекетіне сүйсіне отырып, оның адамдық қасиеттерін еңбекке қатыстыра отырып бағалайды.Ы. Алтынсарин Үсен арқылы еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігінің, тірлікке қабілеттігінің, әр нәрсенің ретін таба білетіндігін суреттейді.

Қазақ халқының «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалы осы әңгіменің мәнін ашады. Бұл әңгімеде қазақ халқының тұрмыс -тіршілігінен, көшпелі өмірдегі ерекше еңбегін бейнелейді.

Ы.Алтынсарин бала тәрбиесі мен білімді қатар қойып, гуманистік, демократтық идеядағы әңгімелер жазды. Олар: «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», « Бақша ағаштары», «Атымтай Жомарт», «Әке мен бала», «Жамандыққа жақсылық» тағы басқа да әңгімелері қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері оқулықтарында, мектеп бағдарламасында оқытылып келеді. Бұл еңбектерінде өз дәуірінің елеулі мәселелерін көрсетумен бірге, халық ауыз әдебиетінің негізгі факторы ертегі жанырын қолдану арқылы бала тәрбиесіне елеулі педагогикалық үлес қосты.

Ы. Алтынсариннің шығармашылығын оқыту – білім алушыларға жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят, қамқорлық, қарапайымдылық сықылды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның «Өнер – білім бар жұрттар» «Кел, балалар, оқылық!», т.б. өлеңдерінің мән-мағынасы өте кең көлемді. Кезінде «Бір, Аллаға, сиынып» деп, бастап жазылған «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі оқуды «Аллаға» деп, оның басталуы қазақтың болмыс-бітімінің қалыптасуында сыйынудың бар екенін, сол кезден қазақ даласында атеизм емес, Құдайды танығанының дәлелі көрінеді. Өлеңде оқу-білімге құштарлық, жақсы қасиет адамға білімді қалыптастыруда Алланы еске алып барып оқу керектігін сыйынып барып жазғандығы көрінеді.

Бір, Аллаға, сиынып

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!-деп оқу-білімді насихаттаса, одан оры қарай «Сыйса көйлек үстіңде тоқуменен табылған, Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған»,– деп шумақтар жалғасын табады. Осылайша, Ы.Алтынсарин адам қай кезде де еңбек етсе, нәтижеге жететінін өлеңде анық суреттеп келтірген.

«Бәйгеге түспей жарыспай,

Желкіндеп шыққан көк шөптей,

Жасөспірім достарым,

Қатарың кетті-ау, алысқа ай.

Ұмтылыңдар қалыспай!»,

деген жолдар жастарды өнер-білім жолындағы жарысқа шақырады.

Ы.Алтынсарин Торғай облысында инспектор қызметіне тағайындалған кезде, 1879-1883 жылдар аралығында осындағы төрт уезде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. Бұл мектептер Ы.Алтынсариннің ағартушылық жолын ашты. Ырғызда қазақ қыздар мектебін ұйымдастыруы, ескішіл әдет-салттарға қарсы күреспен бірге білімді ұрпақ тәрбиесінің бастауы болды. «Бала тәрбиесі – тал бесіктен», демекші – қазақ қыздарын қырық үйден тию керек– деп, кірген үйден шыға алмайтын, тек ескіше молдадан хат танитын қазақ қыздары үлкен мектептерге барып оқу-білім алды. Ы.Алтынсарин мектептерінде «Тілашар» ретінде қазақ халқының халық ауыз әдебиетін пайдаланды.

Ы. Алтынсариннің шығармашылығы қазіргі оқу-ағарту жұмыстарында да, заманымыздың ең озық әдістемелерін қолданысында да, балаларға білімнің ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. Осы негізде оқытудың педагогикасы қалыптасқан еді.

Ы. Алтынсарин ұлттық педагогикамыздың қалыптасуына да үлкен жол көрсеткен жанашыр болды.

Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ даласында алғаш мектеп ашып, оқулықтар жазып, қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебіміздің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ы.Алтынсарин.

Қазіргі таңда бұл ұстаз еңбектері мен халқына істеген қызметтері ескеріліп, Ы.Алтынсарин атында мектеп, балабақша, мұражай, ғылыми-зерттеу институттары ашылған. Мұғалім – қай кезде де бала жанының инженері. Сондықтан Ы.Алтынсарин туралы әлі де айтылады, жазылады. Зерттелетін еңбектер де көп болады.

Ы.Алтынсарин еңбектерінің бағдарлама барысында оқытылуы мен меңгерілуі, білім алушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының ең алғашқы қадамы.

Қазіргі таңда білікті оқытушылардың Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталу – ұстаздың мерейін арттырып жатқан дүние болса, әр бір ұстаз, әр баланың бойынан өз шамын жаға алса, онда жасалып жатқан еңбектің еш кетпегені.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!