Ыбырай Алтынсарин

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсаринның өмірінен қысқаша мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ыбырай Алтынсарин

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы.

Н.Ильминский-Ыбырай туралы тұңғыш естелік еңбек жазып қалдырған адам. Оның “Ы.Алтынсаринді еске алу” деген көлемді кітабы бар. Бұл кітап-Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі.

Ыбырай шығармаларын талдау орта мектеп оқулықтарынан бастау алады. Оның педагогтік қызметі мен ағартушылық идеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы Қ.Бисембиев пен Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов зерттеулер жүргізді. Ал шығармалары туралы М.Әуезов, С. Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Дербісалиндер еңбектер жазды. Бұларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың бәрі де Ыбырай творчествосына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында (бұрынғы Арақарағай болысы ) туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы ру басы, ірі феодал Балқожа бидің отбасында өтті. Балқожа-қазақтың белді биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді меңгерген сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде айналасындағыларға әмірін жүргізіп отырған-ды.

Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. 1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып берген. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүрсе де Ыбырай оқуда аса ыждағаттылық көрсетеді.Өзі қатарлас отыз баланың алды болып көзге түседі. Мектеп оқуындағы діншілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына қарамастан Ыбырай ғылымға құштар жас болып шығады.Мектеп жылдарында Ыбырайдың орыс халқы мен Батыс, Орта Азия мен Шығыстың аты шулы ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға қолы жетеді.

Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, өз бетімен ізденуі, орыс интеллегенциясымен араласуы оның ой-өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына көп жағдай жасайды. Осындай ұзақ та, тұрақты ізденіп оқу арқылы ол өз мақсатын айқындай алады. Тілмаш болып кеңсе қызметінде қалып қоймай, халқына қызмет етуді арман етті. Сол арманының алғашқы қадамы 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алып аттанған сапарынан басталады. Ыбырай бұл мектепті тек 1864 жылы ғана аша алды.Оған дейін өз үйінде 4-5 баланы жинап оқытып, болашақ мектеп оқуының негізін сала берді. Өзінің тәжірибесін арттырды. Осылайша 1864 жылы салынып біткен тұңғыш мектепке үлкен даярлықпен жеткен Ыбырай оқыту жұмысына құлшына кірісті.

Ыбырайдың педагогтік жұмысының ілгері басып, қыза түскен кезі оның Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болып тағайындалған (1879) жылдардан басталады. Әрбір уездік қалалардан орыс-қазақ балалары бірге оқитын училищелер ашуды да қолға алады. Ол үшін елден қаражат жиып, ақыры бірнеше алты жылдық уездік училищелерді ашады.

Ыбырай мектеп тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқытушыларының сапасына да ерекше көңіл аударды. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат көретін адамы санайды.

Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе – оқу құралы. Ол балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді. Мектеп кітапханасын ұйымдастырып, оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі құралдарды аударып, қазақ тілінде оқулық жазып, бұл салада да тынымсыз іс қылады.

Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай – белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңыш бұқарашыл педагогикасын, халықтық мектептерін негіздеуші. Өзінің дидактикалық көққарасынан ол – ұлы ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, бұқарашыл педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті адам. Белинский, Добролюбов, Чернышевскийлердің озық идеялары, ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Паульсон сияқты даңқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы адамдардан тәлім алып өсті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2021
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі