Материалдар / "Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы" 5-сынып

"Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай әңгімелері бойынша 5-сыныптар арасында қойылым. Материал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ы.Алтынсарин әңгімелері арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, жақсы жолдас бола білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1136
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ



Ыбырай әңгімелері бойынша 5-сыныптар арасында қойылым



Тақырыбы:





Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы









Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Идрышева Қ.Д.

















2016-2017 оқу жылы



Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ы.Алтынсарин әңгімелері арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, жақсы жолдас бола білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Кіріспе сөз. Құрметті,ұстаздар, оқушылар! «Ыбырай Алтынсарин– қазақ балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында өткізгелі отырған қойылымға қош келдіңіздер.

1-оқушы: Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған.Ол қазақ балаларының,жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам.Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып,оқулық жазған.

2-оқушы:Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнекөрсетілім

https://www.youtube.com/watch?v=SFmS5FfmxZ4

Ыбырай атаның өлеңдерінен үзінділерін жатқа оқу

«Кел, балалар,оқылық!» - 5 «А»-сынып оқушысы Танабек Ғазиза

«Өнер-білім бар жұрттар» - 5 «А»-сынып оқушысы Набидоллаева Ақниет

3-оқушы: Ы.Алтынсариннің шағын әңгімелерінің де әдебиетте ойып орын алғанын да айта кеткеніміз жөн. Ол алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, хрестоматиясына енгізеді.Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды.


Ендігі кезекті Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінен әр сыныптың дайындаған қойылымдарына береміз.

5 «А» -сынып – «Әке мен бала»

5 «Б»-сынып – «Таза бұлақ»

5 «В»-сынып – «Әке мен бала»

5 «Г»-сынып – «Жәнібек батыр»


Оқушылардың қойған қойылымдарына рахмет айта отырып, сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Қорытынды: Ыбырай - ақын, тұңғыш педагог, ұстаз, ғалым. Оның мұрасы тарихқа да әдебиетке де тән, ұстаздық тәрбиелік ой-пікірлері қазақтың таусылмас қазынасы.




























1-оқушы: Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған.Ол қазақ балаларының,жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам.Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып,оқулық жазған.


2-оқушы:Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.



3-оқушы: Ы.Алтынсариннің шағын әңгімелерінің де әдебиетте ойып орын алғанын да айта кеткеніміз жөн. Ол алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, хрестоматиясына енгізеді.Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ