Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары»
Жоспары
І. Кіріспе.......................................................................................1
1. Ыбырай шығармаларындағы оқу-тәрбие мәселелері..........2
ІІ. Негізгі бөлім
Ы. Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы....3
ІІІ. Қорытынды......................................................................................4
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе. Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі.Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы , қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. Оның үстіне осындай ізгілікті іске қараңғы орта –облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтыны, оқу мен білімге деген надан әкімдердің енжарлығы да болды. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады , ағартушылық идеямен қанағаттанған Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман тілегін орындау мақсаты оның көздеген мақсаты болып сол арманға жетуге құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел-елді аралап қаражат жинауға кірісті.
Сонымен, Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұнғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады.
Ұлы педагог қазақ ортасында үстемдік құрған қоғамдық әділетсіздікке қарсы болды. Надандық пен зұлыымдықтарды тудырушыларды әшкереледі. Феодалдық -рушылдық езгі мен патшалқ самодержавиенің қаратүнек заманында Алтынсаринның өлеңмен айтылған жоғарғы идеялары жастарды рухтандырып, халыққа жалынды үндеу тастады.
Ыбырай шығармаларындағы оқу-тәрбие мәселелері .
Ыбырай Алтынсарин балаларға сапалы білім ғана беріп қойған жоқ , саналы тәрбие берді. Тәрбиенің әр-түрлі бөліктеріне –адамгершілік , еңбек және дене тәрбиесіне баса назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпта алғаш рет талдады. Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа , тазалыққа , отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп , оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл , еңбексүйгіш , әдепті , қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді. Сонымен қатар Ыбырай қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да тәрбие мақсаттарына пайдалана білді десек артық айтпаған болар едік. Өз кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ халқының бай қазынасына үлкен назар аударды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің кітабына жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының үлгісі « Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр—халқы үшін ең қиыншылық кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда балаларға әсіресе батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды.Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бірі аңыз әңгіме негізінде жазылған. « Бай ұлы» шығармасында Алтынсариннің назарын аударған сірә екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының, достығы болу керек. Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ ретінде көрсетілетін. Дегенмен балалар арасындағы достық, олардың ойын үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бай ұлы ауыл көшкенде тай міне алмай, түйеге мінетінін біліп жылап тұрған кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда бай баласының мұндай « қайырымдылық» көрсетуі қажетті екендігін көрсеткісі келген. Сол уақытта бір ақсақал бай ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан « Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер»- деп батасын берген екен.Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында бай ұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болды. «Он екі ата бай ұлы» содан шықты деседі. Бұл әңгіменің тәрбиелік, адамгершілік мәні бүкіл ғасыр бойы керектігі айқын көрініп тұр. Қазіргі жастарымыз да осы кішкентай мысалдан үлкен мағына тапса керек. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»деген мақалға осы әңгіме дәлел іспетті.
Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінен мазмұн әсерлілігін стильінің жанды тартымдылығы кейде юмордың кездесетіндігін анық байқауға болады. Хрестоматияға енген тәлім- тәрбиелік мәні өте үлкен шығармаларына шолу, талдау жасауды аяқтай отырып, бұл шығармалар ұсақ болғанымен таза ақыл беретін, өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар шығармашылық екенін айта кеткен жөн
Ы. Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.Оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласына енгізетін тұңғыш педагог болды.Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол « Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді, ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: ., ... мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе , « Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесіңә деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Алтынсариннің мектептегі татарша діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, олардың халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал- мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге жақсы адамгершілік қасиаттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізеді.Ы. Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруда, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер д даярлауға, оларға күнделікті ғылыми- әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшіншіден шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде ,болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық зорлық жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады.
Қорытынды
Ыбырай
Алтынсарин-тұңғыш халық мұғалімі, Қазақстандағы халық мектептерін
бірінші ұйымдастырушы және қазақ халқынан шыққан тұңғыш
педагог-теоретик. Алтынсариннің қызметі біз үшін қоғамдық ойды
дамыту тұрғысынан оның халық ағарту ісі мен қазақ әдебиетінің
тарихындағы орны біздің көңілімізді ерекше аударып тұрады.Қазақ
балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер жазған
Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абаймен қатар жазушы- суреткер
ретінде тиісті орын алды. Оның шын ниетімен, жан-тәнімен жазған
шығармаларының соншалықты ол күні бүгінге дейін жастарды
жалықтырып, ескерген жоқ.Алтынсарин өз халқының игілігі үшін
қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін
дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге ,
көршілер ( орыстар) мәдениетін қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол
болашаққа деген сенімді қолдады. Өзінің барлық сөздерінде еңбекші
қазақ халқын, қарапайым халықтың бишаралық халге түскен балаларын
ескеріп, сонымен бірге билеуші топтардың тұрмысы мен
әдет-ғұрыптарының жарамсыз жақтарын көрсетті.Алтырсариннің тарих,
этнография, өлке танудағы бағытта да үлкен маңызды жұмыс атқарғанын
да көруге болады.Алтынсариннің шақыруымен орыстың еңбекші
интеллегенциясының өкілдері қазақ балаларына мұғалім болып ең
шалғай ауылдарына барды. Мерзімді шығып тұратын баспасөздің
беттерінде қазақ жұртшылығының мектеп пен білімге мұқтаждығы,
алғашқы мектептердің жұмыс тәжірибелері жайында мақалалар жиі
көріне бастады.Көрнекті совет педагогтарының бірі Е. Н. Медынский
өз еңбегінде Алтынсариннің жалпы атқарған қызметін жоғары бағалап
былай деп жазды.Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен
мектеп системасы ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, балаға
сүйіспеншілікпен қарап , рны қадірлеуге және өз халқының мүддесі
үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға
негізделген.Алтынсарин- Қазақстанда педагогика білімінің негізін
құрады. Мектеп –қашан да маман және дайындығы мол мұғалімдер
болғңанда ғана мектеп бола алатынын айтты. Сол уақытта қазақ
мектептерінде қанағаттанарлық түрде тіл мәселесін шешуді
Алтынсариннің зор еңбегіне санау керек. Алтынсарин қазақ балаларына
орыс тілін оқыту құралын құрастырғанда қатаң тәртіпке келтірілген
алғашқы лексикалық, фразиологиялық және грамматикалық материал беру
арқылы балалар жұмысын барынша жаңілдетуге тырысты. Мұғалімнің ролі
материалдарды есте сақтау, есіту дұрыс сөйлеуге дағдылануда ерекше
орын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-Алматы,1981.
-
Қоянбаев Б.Ж. Педагогика.-Оқу құралы.-А лматы, «Рауан»,1992.
-
Игнатьев Е.И. Психология в беседах с учителеями.-Санкт-Петербург,2001.
-
Макаренко А.С. Педагогикалық шығармалары. Т.5.-Москва, 1958
-
Боданов Ж., Болеев К. Қазақтың халық педагогикасы. Жамбыл: 1992
-
Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987.