Материалдар / ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жастарға рухани адамгершілік тәрбие берудегі өз халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармаларының жас ұрпаққа берер ғибраты мол, асыл мұра екендігі жайлы сөз болады. Оның шығармалары арқылы жастарды жақсылыққа ,биік адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
687
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА


Молдагулова Ш.И.

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының
«Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК, Қостанай қаласы




Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов


Халқымыздың ғасырлар қойнауына кеткен тарихын, әдет-ғұрпын, қолөнері мен фольклорлық ерекшелігін, мәдени мұраларын зерттеп, оның келешек ұрпаққа жетуіне алтын көпір болған, ұлттық өнеріміз бен дәстүрімізді ғылыммен ұштастыра білген ұлтымыздың жанашыры, көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі этнограф, тарих ғылымының докторы Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының үлкен жанашыры болды. 

Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарайтын, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында «Сарықамыс» мекенінде 1931 жылы тамыздың 28 жұлдызында дүниеге келген. Азан шақырып иеленген есімін атамыз былай сипаттаған: « Ескі дәстүрмен ата –анам көршілерін шақырып, шілдехана жасап, ауылдағы ең қадірмен көнекөз қарт Өзбек ақсақалдың құрметіне өзбекәлі деп ат қойыпты» деген екен.
Қоңырат тайпасы Жаманбай руынан шыққан. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Шымкент облысының Келес ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, Келес ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент облысының 
комсомол комитетінің хатшысы , Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы,  Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы, Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, мәдениет министрі, Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды. [ 1 ]

Өзбекәлі Жәнібеков түрлі шенді қызметтерді атқара жүріп, қазақ халқының небір жауһарларын жинап, олардың көзден таса болмауына бар мүмкіндікті жасап бақты.
ХХ ғасырда қазақ
халқының салт-дәстүрін, мәдениетін қайта түлетіп, елі үшін аянбай еңбек еткен тарихи тұлғалардың бірі. Сонымен қатар саналы ғұмырын қазақтың ұлтық мәдениетін жаңғырту, дамыту ісіне арнаған. Халқымыздың Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібек секілді үш арысты қатар атауының өзіндік себебі болса, Жер бетіндегі әрбір ұлтың өзіне тән тілі, діні, тарихы болса, Өзбекәлі Жәнібеков өмірін осыларды халқының бойына сіңіруге тырысқан тұлға болды.

Өзбекәлі Жәнібеков - үлкен мәдениеттің иесі, жастарға ақылшы аға, мемлекет қайраткері, әдебиетші, тарихшы, өнер зертеушісі болды.

Ұлттық рухтың ұраншысына айналған атамыз қазақ халқы мәдениетінің, ана тілінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып дамуына сүбелі үлес қосты. Шымкенттегі Шығыс жастарының көсемі Ғ.Мұратбаевтың ескерткішінің орнатылуына, Отырардағы Арыстан баб, Түркістандағы – Қожа Ахмет Йассауи кесенелерінің қалпына келтірілуіне, Эрмитаждан Тайқазанды алдыртуға т.б. көптеген игі бастамаларға қамқоршы бола білді.

Сонымен қатар ол қазақтың ұлттық мәде­ниетінің өркендеуіне, қазақ тілінің мем­лекеттік мәртебе алуына көп күш-жігер жұмсаған қайраткер. ХХ ғасырдың жетпі­сінші жылдарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіруге ұйытқы болды. [ 2 ]

Оның бастамасымен көптеген этнографиялық мұражайлар ашылды. Қазақ жеріндегі тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Ол Торғайда «Шертер», «Ғасырлар пернесі», Алматыда «Сазген», «Адырна», «Алтынай» ансамбльдерінің құрылып, өнер көрсетуіне ақылшы, демеуші болған. Ө.Жәнібековтің «Қазақтың ұлттық қолөнері», «Жаңғырық», «Уақыт керуені», «Жолайрықта», «Қазақ киімі», «Ежелгі Отырар» атты бірнеше жинақтары жарық көрген . Ол өзінің саналы ғұмырында адам бойындағы асыл қасиетті аша біліп, дарынды жастарды үлкен сахнаға баулыған өнер жанашыры.
Ұлы тұлғаның ұстаздық еңбегі, өнерлі жастарға қамқорлығы жайлы халқымыздың көрнекті ғалымы, академик З.Қабдоловтың «Адамнан азамат шығаратын, баладан дана жасап шығаратын құдіретті күш – ұстаз еңбегі. Өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау ұстазға ғана тән. Өзбекәлі Жәнібеков арда туып, өмірде арман қуған жан. Адамдардың неге қабілеті бар, соны өсіруге күш-жігерін жұмсаған жан, өнер жанашыры» деген еді. Ол музей шеберханасында жасалған аспаптарға кеңесші болды. Ө.Жәнібеков «Сазген» ансамблімен алғаш Оңтүстік Қазақстан облысын аралады. Қазақстанның әр жерінен үш жүздей экспонат жиналды. Осыдан соң «Сазген» Югославия, Марий АКСР-і, Түрікменстан, Үндістан жерін аралап, Алжир мен Францияда концерт қойды. Мәскеуге үш рет барып, халықаралық фестивальдерге қатысты. ­Жұмыс десе жанын аямайтын жанкешті тұлға. Құрған ансамбльдерін «Адырна», «Арқас», «Сазген», «Алтынай» деп атауы да ерекше еді. Артынан бірнеше кітап қалдырды. Ғалымдар үйінің директоры Ғ.Бибатырова Өзбекәлі атамыздың адамгершілік қасиетіне ерекше тоқталып, «Мен ол кісімен замандас болғанымды мақтанышпен айтып жүремін. Ондай адамдар өте сирек. Бұл кісі үлкен ғалым, этнограф, публицист, керемет еңбекқор адам еді, мінез болмаса тұлға болмайды ғой. Жақсы көрген адамына әзілі де жарасушы еді, сұсы бар еді, сондықтан көбісі қарсы келуге батпайтын. Бұл кісінің есімі ел есінде мәңгі қалады» деп толғанады. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, Ө.Жәнібеков дарынды жастарға қамқор болып, олардың қанаттануына, сахналық шеберлігін шыңдауына ерекше көңіл бөлді. [ 3 ]

Академик Ә.Қайдаров Өзбекәлі Жәнібеков жайлы «Өзағаң туралы көп айтуға да, аз айтуға да болады. Ол кісінің қазақ халқына жасаған жақсылығы, игілікті істері мол. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе әперуге байланысты біз бірігіп еңбек еттік. Ақтаңдақтарды ақтап алуға байланысты көп ақылдасушы едік. Ол кісінің артына қалдырып кеткен ғылыми еңбектері баға жетпес қазына. Қолға алған нәрсесін аяқтауға тырысатын. Қазақ тілі қоғамын құруға мен мұрындық болсам да Өзағаңның көмегі көп болды. Тілімізге мемлекеттік мәртебе беру деген үлкен іс. Сондықтан бұл іске халықты араластыру, елдің санасын ояту керек болды. Осы істердің барлығына жол көрсетіп келген Өзбекәлі Жәнібеков еді» деп еске алады.
Өзбекәлі Жәнібековтің жақсылықтарын айтып , нұрын тасытып жүрген ел ағалары, Өзағаңның шапағаты тиген Ш.Мұртаза, М. Жолдасбеков т.б. ізбасарларының естеліктерінің де берер үлгісі мол.
Қалаубек Тұрсынқұлов Жәнібековтің ұлт кадрларына деген қамқорлығы мен жанашырлығын баяндайтын деректі повест жазып шыққан. Сол кездегі заман талабына сай кейіпкердің аты-жөнін өзгертіп Қырғызәлі Әжібеков деп алған. Бұл повест 1973 жылы «Есіңдеме сол бір кез» атты кітапта жарық көрген. [ 4 ]
«Георгий Рудов Я сердцем русский, духом евразиец» деп аталатын орыс тіліндегі кітабын жарыққа шығарды. Бұл естелігінде ол Отырар ауданында бір қойшының үйінде Өзбекәлі Жәнібековпен бірге барған кездегі қазақтың киіз үйі туралы, қазақ халқының қонақжайлылығын суреттеп жазған.

Қорыта айтқанда, халқымыз­дың өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеп, ерлігі мен бірлігін паш етіп, келер ұрпаққа баға жетпес құнды еңбектері мен өсиетін қалдырған еліміздің біртуар ірі тұлғаларының бірі – мемлекет қайраткері, белгілі этнограф, тарихшы-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегі мәңгілік ел есінде қалары анық.







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. https://kznews.kz/lifestyle/ozbekali-zhanibekovtyn-qazaq-madenietine-sinirgen-enbegi/


  1. https://el.kz/news/istoriya/uli_adamdap_omipi__ozbekali_zhanibekov/


  1. https://www.inform.kz/kz/osydan-86-zhyl-buryn-memlekettik-kayratker-ozbekali-zhanibekov-omirge-kelgen_a3059064


  1. https://yandex.kz/turbo/kk.wikipedia.org/s/wiki/Өзбекәлі_Жәнібеков










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!