"Ыбырай Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ыбырай Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Ыбырай Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесі". Ыбырай Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Новобратск ауылының білім беретін мектебі» КММ















Мақала

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесі»



Орындаған:

қазақ тілі мен әдебиет пәні

мұғалімі Ехиена Б.Е















«Ыбырай Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесі»

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Əдебиетке тың тақырыптар, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары туралы əсем лирикалық өлеңдер, қысқа да əсерлі əңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалық мақалалар жазды. Оның шығармаларында философиялық пайымдаулар мен тұжырымдар молынан келтірілді. Орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген еңбектерді қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Сөйтіп, ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.

Қазақ поэзиясында Ы.Алтынсарин несімен ерекшеленеді дейтін болсақ, ең бастысы, асыл сөздің негізгі міндетін орындап, өлеңдерін оқыған адамның жанына қажетті рухани білім бере білгенінде. Ол халықтың дəстүрлі өлең үлгілерін жаңашылдықпен түрлендіріп, байытты. Ыбырай Алтынсарыұлының өлеңдері көп емес. Бірақ қай-қайсысында да ғибрат бар. Ақынның өлеңдерінде өнер, еңбек, кəсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, еуропалық мəдениет үлгісі уағыздалды. Өмір мəселелері кейіпкерлер əрекеттері арқылы ашылды. Ыбырай мен Абай қазақ əдебиетінде жыл мезгілдерін өз алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик ақындар болды. Ұлы ұстаз балалардың оқу керектігін, оқығандардың көңіліне ықыласпен тоқу керектігін айта келіп, оқыған баланың тілегені алдынан шығып, шырақ болып жағылатынына сенген.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Ыбырай Алтынсарин — көрнекті ақын, дарынды жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тəрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мəселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы — қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мəдениетті елдердің қатарына қосу. Сондықтан Ыбырайдың қоғамдық-педагогикалық, жазушылық қызметі өзектес, оның ізгі, көкейтесті ойларының туындысы.

Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Өмір шындығын танытар көркем проза жасады.Қазақ балалар əдебиетінің негізін салды. Өзінің шығармалары арқылы қазақ əдебиетін жанр, түр жағынан да, мазмұн-идея жағынан да ілгері бастырды.Ыбырай Алтынсарыұлы қазақтың əдеби тілінің негізін салуда да елеулі еңбек етті. Тіл тазалығы үшін күресіп, оны ұстартты. Өз туындыларында халықтық тілдің негізгі сөздік қорын пайдалана білді. Əдеби тіл принципін қатаң сақтады. Шығармаларында мақал, мəтел, нақыл сөздерді, аңыз- əңгімелерді шебер пайдаланды. Өмір шындығын халықтық стильде жазды. Сонымен, Ыбырай Алтынсарин — кемеңгер ағартушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген аса дарынды суреткер, қажырлы қоғам қайраткері. Ол заманның ең маңызды мəселелерін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы. Сөз жоқ, Ыбекең сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ол өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды Азамат.

Көрнекті əдебиетші-ғалым Қ.Жұмалиев «ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті» деген ғылыми-зерттеу еңбегінде педагог-жазушыға: «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мəдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дəрежесіне көтерілген əрі педагог, əрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор» , — деп баға берген.































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2021
1751
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі