Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқу арқылы алатын тәрбие
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқу арқылы алатын тәрбие
Мазмұны:
Абстракт............................................................................................... 3 бет
Кіріспе.............................................................................................. 4 – 5 бет
I тарау
Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог
-
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты.............6 – 7 бет
-
Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы ........................................................................................................ 8 - 10 бет
II тарау
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқу арқылы алатын тәрбие
2.1 Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы ................ 11 – 12 бет
2.2 Еңбекті сүю және қадірлеу. Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы шағармалары .................................................................................. 13 бет
Қорытынды ...................................................................................... 14 бет
Пайдаланылған әдебеттер тізімі ...................................................... 15-16 бет
Абстракт
Ғылыми жұмысының мақсаты:
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттей келе,оның еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің мағынасын қазіргі заманмен салыстыру арқылы насихаттау.
Ғылыми жұмысының зерттеу әдістері:
- бақылау, зерттеу әдістері.
Зерттеу пәні:
- Озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқытуға байланысты ғылыми –
- теориялық және әдістемелік еңбектер.
Зерттеу нысанасы
- тіл байлығын арттыру;
- шығармашылыққа баулу.
Жұмыстың ғылыми болжамы
- Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың әдебиет және қазақ тілі пәндерінен терең де тиянақты білім алуына қол жеткізіледі;
- әртүрлі жақсы қасиеттерден үлгі алады;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болуға тырысады;
- Ыбырай Алтынсариннің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын оқып үйренеді;
Жұмыстың теориялық қолданылымы:
- 5-7 сыныптар да әдебиет пәнін оқытуда;
- пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесін жетілдіруде.
- 3 –
Кіріспе
Ғылыми жұмысының көкейкестілігі
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы бойымызға дарытуымыз керек.
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан ғылыми жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеу басты мақсатымыз.
Ғылыми жұмысының мақсаты:
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттей келе,оның еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің мағынасын қазіргі заманмен салыстыру арқылы насихаттау.
Ғылыми жұмысының міндеттері:
- шығарма авторы жайлы ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді негізге алу;
- бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы жүйелі түсініктер беру;
- шығарма кейіпкерлерін тануға, талдауға үйрету.
- 4 -
Жұмыстың ғылыми болжамы
- Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың әдебиет және қазақ тілі пәндерінен терең де тиянақты білім алуына қол жеткізіледі;
- әртүрлі жақсы қасиеттерден үлгі алады;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болуға тырысады;
- Ыбырай Алтынсариннің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын оқып үйренеді;
Ғылыми жұмысының зерттеу әдістері:
- бақылау, зерттеу әдістері.
- 5 -
I тарау
Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Ол – тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.1850 жылы жиырма екінші тамыз күні Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, дарынды болған.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен?» - дейді. Ол өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңі айқын дәлел.
Әуел бастан – ақ Ыбырайдың бар ынтасы халық ағарту жұмысы болады. «Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат салысуды көксейтін. Бұл оған бақыт, рахат сияқты көрінетін» - дейді Ильминский. Сол үшін Ыбырай халық ағарту жұмысына өзі сұранып, соған ақыры 1864 жылы ауысады, 1869 жылы бірінші қыркүйекте Торғай облысының оқу инспекторы болып тағайындалады, өмірінің соңына дейін осы қызметте болады.
- 6 -
Оның алдында жалпы өнер – білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан екі салт – сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: «Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта қайтпаймын», - деп Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың он төртінші сентябрі) сеніммен жазғандай, сан – сала қиындақтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл – кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен – балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы жеңісін) Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың сегізі күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған он төрт қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар», - деп айрықша мақтаныш сезіммен жазды.
Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» - деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогтық мақсатына лайықты жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай - ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз – тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
- 7 -
Баршамызға бастауыш сыныптардан таныс, әрі ыстық «Кел, балалар, оқылық!» - «Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер – білімі бар жұртқа» - терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман – сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! –
деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық халықтық идеясымен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек.
Ұлы ағартушы туған халқының тамаша болашағына сенді.
Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.
Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихындағы қадірлі орнын көрсетеді.
Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы аса бай және алуан жанрлы.
- 8 -
Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Өлеңдері». Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді.
Екінші бөлім – «Төл әңгімелері» - деп аталды да, бұған жазушының хрестоматия – оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталды.
Үшінші бөлім – «Аударма сипатты әңгімелері». Бұл бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындылары.Бесінші бөлім – «Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары» деп аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты
Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Тарихшылардың ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.
Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек жариялайды. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес қосқан. Профессор Ә.Ламашев ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: «Алтынсариннің мұраларын іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес қосты. Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды.
- 9 -
Ол кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел – елді аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі ашылады. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.
Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі» - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.
- 10 -
ІІ тарау
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқу арқылы алатын тәрбие
Ыбырай Алтынсарин - ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай бір жағынан ақын болса, екінші жағынан халық ағарту майданында қызмет қылған. Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын жазған және сол ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш оқытушысы болған. Қазақ әдебиетін Европа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл, суретші ақын.
Ыбырайдың шығармаларының мәні сол замандағы орыс елінің өнерге, өнеркәсіптеріне аяқ басуы арқасында орыс оқығандарынан шыққан, жаңашылдардың әсерімен және қазақ даласына сауда капиталының, отаршылдықтың мықтап шеңгел салуының әсерімен Ыбырай жастарды оқуға, өнерге шақырды. Енді одан басқа жолдың жоқ екенін біледі. Онан соң Ыбырай қазақ елінің білім майданында тез ілгерілеуіне үлкен бөгет болатын сол заманда – ақ білген, араб әрпіне қарсы болған. Сондықтан қазақтың ана тілінде жазған оқу құралын орыс әрпімен жазған. Бұл ретте Ыбырайды орыс миссионерлері пайдаланбақ болған, Ыбыраймен жақындасқан, Ыбырай олардан қашпай, оларды өзі пайдаланып жүрген, сондықтан қазақ ескішілдері оны «шоқынды» деп шығарған, талай өсектер таратқан.
Осы күнде кейбіреулер Ыбырайдың істерімен таныс болғандықтан, сол бұрынғы ескішілдердің таратқан өсектерінің қалдық – сарынымен Ыбырайдың заманында қазақ көпшілігіне кәдірсіз болған еді, - деген сияқты теріс сөздерге малданатын тәрізді. Расында, оқуға талпына бастаған қазақ жастарына Ыбырай айрықша болған адам. Жас буынға арнап шығарған Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылығын» жатқа білмеген оқушы болмаған.
Ол армандары орындалмады. Оқып білім алып, өз тізгінін өз қолына алған күннен бастап – ақ Ыбырай туыстарынан іргесін бөлек салды. Олардың күткен үміттерін үзіп кетті. Осы айтылғандардың бәрі де Ыбырайдың жолында бүк түсіп жатқан үлкен – үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең келген, көзқарасы бір серігі жоқ, ең қараңғылықтың жуан ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де,сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті.
- 11 -
Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп, қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы да , екіншісі халықтың ой – санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. 1871 жылы отыз бірінші август күні Н.И.Ильминскийге жазған хатында жастарға дін мектептерінің басын қатырған зияннан басқа ешбір пайда берметінін, халықтың ілгері дамуына бөгет жасайтындықтарын айта келіп:«Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құралы – мектеп. Бірақ даладағы мектептер шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр, әйтсе де олардың үміт күтері – мектеп, тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты», - деді.
Ол кезде надандыққа белшесінен батып жатқан елді оқуға шақыру, мәдениеттілікке үндеу айтарлықтай тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды.
Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама –қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті.
Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда жұмыс істеді, талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Әсіресе, оның келешекке сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:
«Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды,
«Өнер жігіт көркі» - деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды» - деді.
- 12 -
Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке, махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке, қысқасын айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді. Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог – ғалымдардың ертеден бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогі Ыбырай Алтынсарин.Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтердің, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог – ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой мен пікірлес болды.
Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі – еңбек.
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», - дейді.
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып» бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан – жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес.
Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», - деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Оның осы тақырыпқа жазған бір әңгімесінде:
«Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» - деп сұрады баласы. «Ата – ананың тілін алсаң ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен», - деді атасы. «Олай болса бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой»,- деді баласы. «Бағу – қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең сен де мына қисық біткен ағаштай қисық өсерсің», - деді.
- 13 -
Қорытынды
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан, олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «Жол болсын!» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктеп, мән мағынасы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы сандақтардың бірі.
Ыбырай Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып қоймайды, хрестоматиямен нақты танысқан бастапқы аз ғана адамдардың да оның жаңаша мазмұны мен мақсатын дұрыс бағалап, оған лайықты үміт артқанын білдіреді.
Ыбырай Алтынсариннің еңбегі, әдеби шығармаларының бірден - бір жинағы, қазақ жазба әдебиетінің төл басы «Қазақ хрестоматиясы» екенін мақтанышпен айтамыз.
5-7 сыныптарда ұлы ағартушы – ұстаздың мұраларының енгізілу себебі, Ыбырай Алтынсариннің қазақ жұртшылығын қараңғы түнектен алып шығып, тұңғыш рет ана тілімізде сауаттылық жолына бастауда сан түрлі ұлттық мектептер ұйымдастырып, мектеп және мұғалімдер үшін оқулық пен әдістемелік еңбектер жоғалмақ емес. Сондықтан да бүгінгі педагог қауымы ағартушы шығармаларын өз жұмыстарында үнемі басшылыққа алып келеді. Ыбырайдың өлең, әңгімелері түгел дерлік оқушысына түсінікті, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор, оқып отырған оқырманына үлкен ой салатындай тақырыбы әсерлі, көркем бейнеленген және ойын жеткізуде тілдік стиль ерекшелігі зор.
Мектеп бағдарламасына Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.
- 14 -
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Алтынсарин Ы. тағлымы». Алматы, Жазушы, 1991ж.
2. Асқаров А. «Ұлы Тұранның ұлдары», Алматы, 1998 ж. 51-58 б.
3. Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.
4. Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы,
2003ж. 18 – 21 б.
5. Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.
6. Ахметова Ә. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы». Алматы, 1992ж.
7. Асылов Ұ., Әміров Р. «4 класс қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау». Алматы, Рауан 1997 ж.
8. «Алтынсарин әңгімелері». Алматы, Мектеп 1980 ж.
9. Алтынсарин Ы. «Өнер – білім бар жұрттар». Алматы, Жалын 1991ж.
10. «Алтынсарин оқулары». Білім, 2005ж. 5-7б.
11. Әбдікәрімова Т. «Ана тілі оқулығы». 3 сынып. Алматы 2003ж.
12. Әлімханұлы Д. «Бір уыс мақта». Астана, Таным 2003ж. №5
13. Әбжанов Х., Әлпейсов Ә. «Ы.Алтынсаринды жаңаша оқығанда».
«Қазақстан мектебі» Алматы 1992 ж. 129б.
14. Бәшірова Ж. «Ы.Алтынсарин имандылық туралы». Бастауыш мектеп 2001 ж. №11 20 – 21б.
15. Дербісәлин Ә. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы». Алматы 1958ж.
16. Жадрина М. «Ы.Алтынсарин және қазіргі оқулық мәселесі». Бастауыш мектеп, №11 10 – 11б.
17. Ильминский Н. «Воспоминания об И.Алтынсарине». Казань, 1891ж.
18. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы». Алматы,
1969ж. 81-82б.
- 15 -
19. Қоңыратбаев Ә. «4 – 7 класқа арналған әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы, 1964ж.
20. Құбаева И. «Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері». «Қазақ тілі мен әдебиеті» №7 – 8, 160 – 161б.
21. Қазмағамбетова З. «Бастауыш сыныптарда көркем шығарманы оқыту». Алматы, 2001ж. 4 – 5б.
22. Ламашев Ә. «Алтынсарин туралы естелік». Алматы, 1991ж.
23. Махмова Ж., Тұрсынғалиева Т. «Тіл дамыту жұмыстары». «Қазақстан мектебі», №7 65б.
24. Рахметова С. «Ана тілі» 2 сынып. Алматы, Атамұра, 2002ж. 4, 61б.
25. Рахметова С. «Ана тілі» 4 сынып. Алматы, Атамұра,
2000ж. 174, 191б.
26. Сүлейменов Б.С. «Жизнь и деятельность Ибрагима Алтынсарина». Алматы, 1962ж. 27б.
27. Сүлейменов Б.С. «Ы.Алтынсарин таңдамалы шығармалары». Алматы, 1955ж.
28. Сыздықова Р. «Әліппе» 1 сынып. Алматы, Атамұра, 2001ж.
29. Сәрсенбаев Ә. «Сәулелі жұлдыз іздеген адам». «Қазақстан мұғалімі», 2001ж., №11 90б.
30. Табылдиев Ә. «Ы.Алтынсариннің этнопедагогикалы еңбектері». «Қазақ тарихы» журналы, №1 61б.
31. Талжанов С. «Тұңғыш ағартушы және аудармашы». Бастауыш мектеп, №2, 266
-
16 -