Материалдар / Ыбырай әңгімелеріндегі өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай әңгімелеріндегі өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны Кіріспе І Негізгі бөлім 1.1 Ыбырай Алтынсарин — Алаш ұлтының ағартушылық негізін салушы тұлға 1.2 Ыбырайдың еңбек жолы 1.3 Ыбырай жазған оқулықтар ІІ Зерттеу бөлімі 2.1 Ыбырай шығармаларының биік шыңы – әңгімелері 2. 2 Ыбырай әңгімелеріндегі үлгі – өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі ІІІ Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2024
475
6 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Ғылыми жоба



Тақырыбы: Ыбырай әңгімелеріндегі өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі







Дайындаған:

Ғылыми жетекшісі:







2022-2023 оқу жылы



Мазмұны

Кіріспе

І Негізгі бөлім

    1. Ыбырай Алтынсарин — Алаш ұлтының ағартушылық негізін салушы тұлға

1.2 Ыбырайдың еңбек жолы

1.3 Ыбырай жазған оқулықтар


ІІ Зерттеу бөлімі

2.1 Ыбырай шығармаларының биік шыңы – әңгімелері

2. 2 Ыбырай әңгімелеріндегі үлгі – өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



































Аннотация


Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі нақыл сөздердің мақал-мәтелмен үйлесімдігі тақырыбына жазылған жұмыстың мақсаты - әңгімелерінде айтылған өсиет, нақыл сөздермен мақал-мәтелдер арқылы болашақ жасөспірімдерге үлгі өнеге беру. Әр оқушы Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі мақал -мәтелдерді күнделікті сабақ барысында және өмірде қолданып, оны өмірлік ұстаным ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, адамгершілік құндылықтарды үйренеді, бүгінгі жастарда осындай ақын, жазушыларымыздың шығармаларын оқыса деп соны негізге ала отырып жасалған ізденіс жұмыс екені жазылған жұмыс мазмұнынан айқын көрінеді.

Жоба барысында оқушы ағартушы педагогтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, әңгемелерінің мазмұнына талдау жасаған. Әңгімелеріндегі өсиет, нақыл сөздерінің тәрбиелік мәнін жасөспірім өзіне өмірлік ұстанымы ретінде қолдануға жобаның ықпалы зор.

Бұл жұмыстың зерттеу бөлігінде оқушы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерімен толық танысып, оның ішіндегі нақыл сөздерді жинақтаған. Жинақталған нақыл сөдердің бүгінгі күнгі мақал-мәтелмен қандай үйлесімділігі бар екенін анықтаған. Осы мақсатта 5-сынып оқушыларынан зерттеу кестесі алынды.

Міне, осы зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасай отырып, әрі оқушының өз таңдаған тақырыбының мақсатына сай жасаған жұмыстарын оқи отырып, ғибраттық, өсиеттік мәні дүниетану қабілетіміздің дамуына баулумен және ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қатар, мақал мәтелдердің мағынасын түсіне отырып, өмірде өз жолын дұрыс таңдауына септігін тигізеді деп сенемін.


Аннотация

Цель работы по совместимости пословиц в рассказах Ибрая Алтынсарина с пословицами - подать пример будущим поколениям через заповеди, пословицы и поговорки в их рассказах. Каждый ученик использует пословицы из рассказов Ибрая Алтынсарина на повседневных уроках и в жизни и использует их как жизненный принцип. В то же время они учатся моральным ценностям, и по содержанию произведения видно, что сегодняшняя молодежь ищет такого поэта, чтобы читать произведения наших писателей.

В ходе проекта ученик проанализировал содержание своих рассказов, проанализировав жизнь и деятельность педагога. Проект имеет большое влияние на использование образовательной ценности заповедей и пословиц в их рассказах как жизненного принципа для подростка.

В исследовательской части работы студент познакомился с рассказами Ибрая Алтынсарина и собрал пословицы. Он выяснил, как собранные пословицы соотносятся с сегодняшними пословицами. Для этого был получен график опроса учащихся 5-х классов.

Я надеюсь, что, направляя это исследование и читая работы учащихся в соответствии с целью выбранной им темы, поучительное, завещательное значение поможет развить наше мировоззрение и взрастить патриотизм, а также понять значение пословиц и помочь им. выбрать правильный жизненный путь.


Аnnotation

The purpose of the compatibility of proverbs in the stories of Ibraia Altynsarin with proverbs - to submit an example of future generations through the commandments, proverbs and sayings in their stories. Each student uses proverbs from the stories of Ibrai Altynsarin on everyday lessons and in life and uses them as a vital principle. At the same time, they study moral values, and the content of the work shows that today's youth is looking for such a poet to read the works of our writers.

During the project, the student analyzed the content of his stories, analyzing the life and activities of the teacher. The project has a great influence on the use of the educational value of the commandments and proverbs in their stories as a life principle for a teenager.

In the research part of the work, the student met the stories of Ibraia Altynsarin and gathered proverbs. He found out how the assembled proverbs relate to today's proverbs. For this, a chart of survey of students of 5th grades was obtained.

I hope that by directing this study and reading the work of the student in accordance with the aim of the topic chosen by him, instructive, testamental importance will help to develop our worldview and grow patriotism, as well as understand the meaning of proverbs and help them. Choose the right life path



























Мақсаты:

Әңгімелерінде айтылған өсиет, нақыл сөздермен мақал-мәтелдер арқылы болашақ жасөспірімдерге үлгі өнеге беру.

Қойылған мақсатқа сүйене отырып, зерттеу міндеттерін қарастырдым.

Міндеттері:

Интернет желісі және әдебиеттерден әңгімелерін тауып оқып, мәлімет жинастыру;

-Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбегін жастарға үлгі-өнеге ету;

- Қазіргі уақытта Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәнінің зор екенін көрсету;

Гипотезасы:

Егер, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелеріндегі нақыл сөздерді мақал-мәтелдермен салыстыра түсіндірсе, оқушылар Ыбырайдың көркем шығармаларын аса қызығушылықпен оқыр еді.

Зерттеу обьектісі: Ыбырайдың әңгімелері

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Кіріспе негізгі бөлімі зерттеу бөлімі қорытынды

пайдаланған әдебиеттер.



Жаңалығы:

Зерттеу барысында әңгімелерін оқып, ғаламтор желісінен мәліметтер жинап, нақыл сөздерін жазып жинадым. Оның әңгімесіндегі нақыл сөздерді кестеге жазып, оны мақал-мәтелдермен салыстырдым. Нақыл сөздерінің көбісінің «Еңбек, достық, жалқаулық» тақырыптармен үйлесімділігі бар екенін дәлелдедім.



Өзектілігі

Еліміздегі болашақ жастар үшін, Ы. Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні өте зор. Еңбек, жалқаулық тақырыбындағы әңгімелерін оқи отырып, айтылған нақыл сөздердің бүгінгі күнде өзектілігі зор екенін түсіндіру арқылы, жас жеткіншекті еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу.

Зерттеу әдістері: Жинақтау, талдау, салыстыру, зерттеу, суреттеу.



Кіріспе

Белгілі бір қоғамда тарихтың әр кезеңінде әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды, зиялы өкілдерін жарыққа шығып отыратыны аян. Олар туған халқының игілігі үшін бар күш-жігерін жұмсап, елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік борышын арнаған ардақты азаматтар ретінде халық жүрегінен ойып орын алған.

Қазақ халқының тарихында елеулі орын алған осындай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. 
Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету оның негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.

Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек «Білім» деп есептеген Ы. Алтынсарин ауыр заманда білім алып, халқымыздың інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау етті. Ол - жаңашыл, дарынды ағартушы ұстаз

Биыл Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай мен «Ыбырай әңгімелеріндегі өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі» тақырыбында өз жобамды сіздерге ұсынып отырмын. Жазушы шығармаларын оқи отырып, тілдік талдаулар жасап, оның әңгімелерінің шынайы, өміршеңдігін өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімдігін дәлелдегім келеді. Өйткені, Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәнінің мазмұны бүгінгі күнге дейін қолданыста.

Ыбырай Алтынсарин өмірінің ізденіске, күреске толы болғанын баршамыз үшін, әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін, ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесіндей танылуы, солай қабылданылуы заңды. Өйткені ол өзіне дейін толғағы әбден жеткен, бірақ шешімін таппаған бірсыпыра әлеуметтік мәселелерді бірінші болып қолға алып, алғаш іске асырды.

Ағартушы ұстаздың ұрпағына қалдырған қазынасы телегей-теңіз. Санаулы ғұмыр кешкен ағартушының өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының кәдесіне жарауда. Ыбырай салған дара жол – қанатын кеңге жайып, тамырын тереңге жіберіп, дамыған тәуелсіз Қазақ елінің білім ошақтарында жалғасын тауып отыр.
Өз жұмысым барысында Ы.Алтынсаринның шығармаларының, соның ішінде әңгімелерінде айтылған мәселелердің әлі күнде маңызды екендігін бүгінгі күнмен байланыстырып дәлелдегім келеді. Сондықтан алдыма мынадай мақсат қойдым.

Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Маған оның аз сөзбен көп мағынаны әңгімелерін нақыл сөздермен жеткізу қабілеті ұнайды. Сондықтан мен оның әңігмелеріндегі нақыл сөздердің, мақал-мәтелдермен байланыстыра зерттегім келді. Сол себепті тақырыпты «Ыбырай әңгімелеріндегі өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі» деп алдым.
































ІІ Негізгі бөлім

1.1 Ыбырай Алтынсарин — Алаш ұлтының ағартушылық негізін салушы тұлға

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Аманқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң атасы Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады. Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

Ыбырайдың анасы Айман - Шеген Дәуітбайұлының қызы Әкесі – Алтынсары қайтыс болғаннан кейін, атасы – Балқожа би тәлім-тәрбие берді. Балқожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз ) – би. Ыбырай Алтынсариннің атасы, Қостанай облысында дүниге келген.

Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызы – Ыбырайдың әйелі(жары) Айғаныс өзі оқымаған адам болғанмен, Ыбырайдың шығармашылық жұмысына барлық уақытта жағдай жасап отырды.

Балқожа би немересі жасынан – адалдыққа, тапқырылққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып жүріп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, атасын жерге қаратпай, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленеді. 1850 жылы Орынбор қаласында 9 жасында мектепте оқып, 1857 жылы бітіреді.

Ол уақытта Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті əкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер əзірлеу еді.

Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тəрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі əдебиеті мен орыс əдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып нəр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857–1859 жылдар аралығында ол атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасады. Өзінің тікелей күш салуымен 1864 жылы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп ашады. Осыдан бастап оның ағартушылық жəне педагогикалық қызметі басталады.

1864 жылы  наурыздың 16-шы жұлдызында Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Балаларды оқыту ісіне мен құлшына кірістім, мені ерекше таңдандырған нәрсе — бұл балалар не бары үш айдың ішінде оқуды тіпті орысша, татарша жазуды да үйреніп алды».

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылык қызметі осылайша басталған еді.

Біздiң үлесімізге ең ауыр, ең жауапты кезең тап келіп отыр — деп жазды ол,— барлығын жаңадан құру керек, барлық жаңалыктарды енгізу арқылы күш-жігеріміз жеткенше қараңғы қауымды ағартуымыз керек.

Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). 





1.2 Ыбырайдың еңбек жолы

Қазақ балаларының надандықтан көзін ашып, білімнің нәрімен сусындатуды ойлаған. Сөйтіп, Ыбырайдың бүкіл өміріндегі ағартушылық – педагогтік қызметі мектеп ашудан басталды. Балалар оқып білім алсын, деп тұңғыш – педагог- Торғай жерінде 1964 жылы 8 қаңтарда алғаш мектеп ашқан. Ыбырай Алтынсариннің өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселелерін көтеруге бет бұрды. Алтынсариннің елеулі еңбектері:

1857 – 1864 ж. Орынборда тілмаштық қызмет атқарған;

1879 ж. Орынборда «Қазақ хрестоматиясын» жазды.

1860 ж. Торғай жерінде мұғалімдік қызмет атқарды.

1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш мектеп ашты.

1887 ж. Ырғызда тұңғыш қыздар мектебін ашты.

1983 ж. «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралын жазады.

1987 ж. Қостанай уезі, Обаған және Жетіқарада 1 сыныптық мектеп ашты;

Алтынсариннің осы елеулі қызметтері қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып саналады.

Ыбырай елеулі еңбек жолын педагогикалық – ағартушылық – қызметке арнаған. Оның ағартушылық бағыты педагогикалық көзқарастың үш бірдей саласын қамтыды.

Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқулықтар жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз, тәлімгер күнделікті ғыдыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси-әлеум еттік оқиғаларды жан-жақты қамтып жазуға жұмсады.


1.3 Ыбырай жазған оқулықтар



Ыбырай оқу – ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерінқолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берліуіне айрықша мән береді. Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе – оқу құралын жазу деп біледі. Ол балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді.

Мектеп кітапханасын ұйымдастырып, оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі құралдарды аударып, қазақ тілінде оқулық жазып, бұл салада да тынымсыз іс жасады. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», 1983 жылы «мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралдарын жазады. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кирилица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Бұл кітаптары оқушыны Отансүйгіштікке, еңбекке, кісілікке – тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймаған. Оның әсіресе, көркем еңдектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зрттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жазуды ойлайды.

Өзінің қатардағы әдеби шығармашылық еңбегінен басқа - «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Қазақ хрестпматиясы» еңбектері ана тілінде құрастырылған Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде басып шығару керек деп білді.

Ыбырай алтынсарин - «Қазақ хрестоматиясы» деп талатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы.

Кітаптың ішінде Ы. Алтынсариннің өнер білімге шақыратын, табиғат туралы өлеңдері енгізілді. Аударма әңгімелері мен қатар әңгімелері , мақал-мәтелдер де жазылған.

Әңгімесін оқыған бала әрқашан пайдалы, өнегелі істерге үйренеді, өнегесіз істерден жирене түседі. Ал баланың өзінің жауапкершілігін түсіну сезімін біле бастауы еңбек етуге төселуден, еңбекті сүйе білуден пайда болады. Еңбек етсең ғана мұратыңа жетуге болатыны, өмір сүру жеңіл болатыны ескертеді.

Ыбырай Алтынсарин еңбегі, әдеби шығармаларының бірден – бір жинағы, қазақ жазба әдебиетінің төл басы «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы деп мақтанышпен айтамын.









2.1 Ыбырай шығармаларының биік шыңы – әңгімелері

Ыбырай шығармаларынң биік шыңы – проза жанры.

Көркем әдебиеттің күрделі жанр – әңгіме. Ыбырай балалар әдебиетіне тән көптеген әңгімелер жазды. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін», - дейді.

Бұл тұрғыдан Ыбырай әңгімелерді түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының мұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді.

Ыбырай қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Шынында да Ыбырайға дейін көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді.

Оның әңгімелерін тақырып жағынан мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі – еңбек пен өнерге баулитын, екіншісі – адамгершілікке, еңбекті сүю, қадірлеуге тәрбиелейтін әңгімелер. Оның осы тақырыпта жазылған «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т.б. әңгімелері бар.

«Асан мен Үсен» (2-сурет) атты әңгімесінде құрдас екі баланың жұртта қалып қойып, жаңа жерге көшкен ауылды іздеп тапқандығы туралы айтылады. Ыбырай еңбекке деген қоғамдық, таптық көзқарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу арқылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.

Жазушының жақсы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп, олардың арасындағы таптық теңсіздікті де шебер суреттейді. Жарлы баласы Үсен – еңбек адамы. Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығын дәріптейді. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан деп суреттеген. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмауды, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім,басына іс түскенде жол таба білуге еңбексүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуге тәрбиелейді.

Бұл әңгімеден байқағаным, бізде, 9-сыныпта функционалдық сауаттылық жайында сынып сағаттары өткізіліп, оның мәні: өз білімін өмірде қолдана білуге және өмірлік дәлелдемесін көтеруге,  олардың тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыру екені түсіндірілді. Қазіргі күндегі функционалдық сауаттылықты Ыбырай Алтынсарин «Асан мен Үсен» әңгімесіндегі Үсеннің қиын жағдайға тап болған кезде, сол тығырықтан жол тауып шыға білуі арқылы он ХІХ ғасырда-ақ дәлелдегеніне көзім жетті.

Ыбырайдың «Әке мен бала» (3-сурет) - деген шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді.



Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді». 
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. 

«Қарлығаш, өрмекші, құмырсқа» (4-сурет) әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзіде тіршілік ұшін тыным таппай еңбек етіпжүргендігіні көрсете келіп, «қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», - деп балаларды еріншектік, жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға, еңбек етуге шақырады.

Ыбырай кез келген әңгімесінде шәкірттерді адал, шыншыл, еңбекті сүюге, жаман міенезден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді.

Әңгімелерін идеялық нысанасы жағынан жүйелер болсақ, еңбекті сүю, қаділеу, жақсы мінез-құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат-мейрім (ана-бала) перзенттін парыз, т.б. өмірдің өзекті мәселелерін қамтиды.


Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның мазмұнды да мағыналы, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

«Еңбекпен табылған дәм тәтті»

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі  тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде  үгіт, өсиет түрінде берсе, кей  шығармаларында халықтың қоғамдық санасын  тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»  әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай  жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін  көрсете келіп, оларды балаларға  үлгі етеді. «Қарлығаш, өрмекші ғұрлы  жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», – дейді.

«Атымтай жомарт» әңгімесінде  жазушы халық арасындағы Атымтай  жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса  да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», – дейді ол. (5 сурет)

Shape1

 


«Бағу-қағуда көп мағына бар»


«Жаздың бір әдемі  күнінде бір кісі өзінің баласымен  бақшаға барып, екеуі де егілген  ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық  біткен»? – деп сұрады баласы. «Ата-анаңның  тілін алсаң, ана ағаштай сен  түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен», – деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», – деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің», – деді.

Ыбырай «Бақша ағаштары»  атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Адам өмірінде тәрбиенің алар орны ерекше екенін дөп басып жеткізе білді.

Соның бірі – талап. Талап  етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен  туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың  мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал.


«Талаптың пайдасы» деген  әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді.

IПетр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда,арт жақта  бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын!» – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. Жазушының бұл арқылы айтқысы келгені — жас баланың талабын, сол  талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына  жететіндігін дәлелдеу.

Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді «Мейірімді бала» әңгімесінде . қылмысты боп, қолы шабылуға бұйырылған әкесін жазадан арашалап қалған қыз жайлы айтылады. Осы арқылы отбасы мүшелерінің бір-біріне деген мейірімінің үлгісін көрсете отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағаны - меніңше, мейірімділіктің, ата анаға деген бала махаббатының биік шыңы. Бүгінгі таңда кей отбасыларында осы нәрсенің жетіспеуінен баланың басқа ортаға кетіп қалу жағдайы жиі кездесіп отырады.Бұл әрине, қоғамды алаңдататын жағдай.

Жазушы «Аурудан аяған күштірек”  деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт  деген бала, ауруы қанша батса  да, анасын қиналтпау үшін қабақ  шытпағандығы айтылады. «Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын», – дейді ол.

Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы  әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі  мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр. Олар біртіндеп жетіліп, Отан сүю, ел сүю сезімдеріне ұласатыны даусыз. Ыбырайдың мейірімді балалары нағыз отаншыл азаматтар болатынына сенесің.

Ыбырайдың жақсы жолдас пен жаман жолдас туралы әңгімелерінің бірі - «Жаман жолдас» аударма сипаттағы әңгімесі.



Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

Бұл арқылы жазушы адал достық пен амал достықтың аражігін ажыратып, достыққа адал болуға, адамгершілікке баулиды.


2.2 Ыбырай әңгімелеріндегі үлгі – өсиет, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің үйлесімі.

Ыбырай әңгімелеріндегі ерекшелік – аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен нақыл (афоризмдерді) сөздерді орынды қолдану, әр әңгіменің соңында түйін тағылымдық сөздермен түйіндеу.

Мақалдар мен мәтелдердің ғибраттық, өсиеттік мәні дүниетану қабілетіміздің дамуына баулумен және ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қатар, өмір шындығының көрінісі ретінде ұлтымыздың тарихымен танысуға да септігін тигізеді.

5 сынып оқушыларын зерттеу кестесін бердім. Оған 20 оқушы қатысты. 15 оқушы нақыл, өсиет сөздердің мақал-мәтелмен ұқсастығын дұрыс тауып, 5 оқушы дұрыс байланысын таба алмады.




Зерттеу нәтижесі

Әңгімелері

Өсиет-нақыл сөздері

Мақал-мәтелдермен үйлесімі

1

«Әке мен бала»

«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың;

«Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың».

Еріншектік ерді аздырар.

Жалқаулық – жаман ауру.

Қанағат қылсаң қарның тоқ.

2

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

«Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа».

Еңбек етсең емерсің.Еңбектің наны- тәтті, Жалқаудың жаны – тәтті. Ер дәулеті – еңбек.

3.

«Жаман жолдас» мысал

Л. Толстой аудармасы

«Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма»

Жолдасын тастаған жолда қалар. Жаман жолдастан таяғым артық.

Ақылсыз достан – ақымақ дұшпан артық.

4.

«Атымтай жомарт»

«Еңбекпен тапқан дәмнің тәттілігі өзгеше болады».

Еңбекпен тапқан дәм тәтті. Еңбек түбі береке.

5.

Бақша ағаштары

Қате істеріңді ұғып, орнына келтірсең түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең мынау қисық ағаштай қисық өсерсің

«Қисық ағаш қиыспайды, қыңыр адам сыйыспайды»

«Дұрыс қанаттанған түзу ұша-

ды»


6

Талаптың пайдасы

Сурет реуішті де емес, әйтеуір, өз білімінше сызған сызық

Талаптыға нұр жауар.

Талап - талмас қанат.



7

Бай баласы мен жарлы баласы

Далада жүріп адассаң молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады.

Еңбек шыққан жерден-төзімділік шығады

Төзімді тілегіне жетеді


8

Шеше мен бала

Әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін құдай рақым етер

Жақсылық еккен алғыс орады.

Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.

9

Дүние қалай етсең табылады

Жасынан еріншектікке, бос жүруге, қиналмай мал табуға үйретпедім.

Еңбек етсең емерсің

10

Бір уыс мақта

Дүниедегі жаратыл- ған жанды, жансыз -дардың ешқайсы -сының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды

Керек тастың ауырлығы болмайды

11

Тәкаппарлық

Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр

Кішіпейілділік кішірейгендік емес.

Еңкейгенге еңкей басың жерге тигенше

12

Таза бұлақ

Тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқау -ланып тоқтап қалма, ақырында зорайып мұратыңа жетесің

Ізедеген жетер мұратқа


Зерттеу нәтижесінде нақыл сөздердің көбісінің «еңбек, достық, жалқаулық, тапқырлық,мейрімділік » тақырыптарындағы мақал-мәтелдермен үйлесімдігі бар екенін оқушылар анықтады.

Қазақ әдебиеті сабағын өткенде Ыбырайдың «Әке мен бала» әңгімесінде айтылған нақыл сөзді еңбек, жалқаулық тақырыбындағы мақал-мәтелдермен байланыстыруға болады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту кезінде нақыл сөздермен мен мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың тіл байлықтарын дамытуына әсер етеді.

Оның қай әдеби шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның әңгімелеріндегі нақыл, өсиет сөздері мәңгі өшпейтін мұра болып қалатыны туралы түсінік беруге тырыстым.

Мұндағы мақсатым, Ыбырай атамыздың әңгімелеріндегі рухани – адамгершілік құндылықтар, нақыл сөздер туралы біле келіп, басқалар үшін де, аз да болса көпке татыр мәліметтерді тауып топтастырып ұсынуға жұмыс жасадым.

Мен өз ғылыми – ізденістерім арқылы барлық балалардың бойында әдептілік, адамгершілік, еңбектену қасиеттері болса, жалқаулықтан, менсінбеушілік жаман қасиеттен аулақ болса екен деймін.






























ІІІ Қорытынды


Ыбырай Алтынсариннің өмірі жемісті, туған халқы үшін жасаған еңбегі елеулі болды. Ыбырай жас буынды оқу-өнерге, еңбекке баулыды. Олардың бойындағы асыл қасиеттерін жетілдіріп, ұнамсыз жақтардан аулақ болуға талмай еңбек етті.

Мен оқушымын, өмір тәжірибем де аз. Өзім сияқты балалардың, достарымның бойында мәдениет, адами қасиеттер қалыптастыру мақсатында айтылатын әрі әсерлі, әрі ойда сақталып қалатындай мәнді мақал-мәтелдер, ақыл-өсиет төл әдебиетімізден көптеп табылатынына көзім жетті. Біз қоғамның қамын ойлайтын азамат болып өсуіміз керек.

Осы Ыбырай Алтынсариннің елеулі еңбегінде бізде қарыздармыз, өйткені ол бізді білім алуға шақырып, қазақ балалары үшін мектеп ашып, қараңғылыққа күн сәулесін шашуды, білімнің қажеттілігін көрсетті.

Біз бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ тоссақ, адаспай-абыржымай, жаңылмай, жаза баспай, арман-тілегімізге неғұрлым тезірек жетуімізге жол табылады. Халқымыздың сөз мәйегі мақал-мәтелдер бізді ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, Отаншылдыққа тәрбиелейді. «Мақал - сөздің атасы» дегендей, өмірде мақал-мәтелдің қажеттілігін түсіне отырып, санамыздың өсуіне ықпал ететін ұлттық мұраның сақталуы біздің қолымызда. Халық педагогикасының қағидалары қатарына қосылатын туған халқымыздың кез келген мақал-мәтелімен сусындап өссек, жемісіміз молығады, толығады. Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді сусындап оқысақ, өмірде кездесетін оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табамыз.

Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті елдердің өрге тартқан көшінде халқымыздың мерейін көтеруге, қасиетті қызыл тіліміздің үстемдігін көтеруге үлес қоссам деген тұжырымға келдім.

Ыбырай Алтынсарин туған халқы үшін жасаған елеулі еңбегі әр ұрпаққа өсиет ретінде табылады. Ыбырай жаққан шамшырақ қазақ балаларына мәңгі жарық сәулесін береді.

















Пайдалынылған әдебиеттер


1.Айтқазинова Ш. Ы. Алтынсарин қазақ мәдениетінің көшбасшысы/Бала тәрбиесі/ 2009. №4. Б. 33-34 б.

2. Алтынсарин Ы. «Қазақ энциклопедия» Т.1-121 б.

3. Әлдіғазы Руфинат Бекдайырқызы. Ыбырай алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні/ Р. Б. Әлдіғазы//Әдіскер – 2010. №1, 27-29 б.

4. Сүйінкина, Пиалаш. Алтынсаринді асқақтату – алты алашқа аманат/Қазақстан мектебі. 2012. №2 Б. 48-52 б.

5. Сарбаева А. «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері» оқу-әдістемелік құрал. Көкшетау «Келешек 2030» 2011ж. 144 – 166 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!