Материалдар / Ыбырай.Алтынсариннің қыздарға арнап ашқан мектептерінің білім беру жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай.Алтынсариннің қыздарға арнап ашқан мектептерінің білім беру жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсариннің қыздарға ең алғаш ашқан мектептері жайлы және тәрбиесі. Ы.Алтынсарин қыздарға арнап ашылған мектептерде оқуды негізінен ана тілінде жүргізді, мүны жоғарыда да айтып кеткен болатынбыз, бірақ орыс тілі де оқу мазмүнының ең маңызды бөлімі болып саналды. Ушинскийдің педагогикасын зор көрегендікпен меңгере отырып, орыс-қазақ қыздарына арналған мектептеріне арнап жаңа оқулықтарының негізгі түрлерін, олардың өзара педагогикалық ерекшеліктерін Ыбырай екшей білді. Ол асқан шеберлікпен негізгі үш бағытты – ғылымилылық, көркем әдеби және пайдалы техникалық – өз оқулығында үштастыра алды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2022
866
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ы.Алтынсариннің қыздарға арнап ашқан мектептерінің білім беру жүйесі

Айткен Алия Бақытбекқызы

ШҚО,Семей қаласы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Аннотация: Бұл мақалада Ы.Алтынсариннің қазақ қыздарына арнап мектеп ашудағы іс-әрекеттері мен ондағы білім беру жүйесі сөз болады. Училищелерде қыздардың оқуына, өміріне керек барлық қажеттіліктерімен танысуына, оқып білуіне көмек көрсетілуі. Ы.Алтынсариннің Қазақстан әйелдеріне білім беруде жасаған біршама қадамдары тілге тиек етіледі.



Аннотация: В этой статье обсуждаются усилия И. Алтынсарина по открытию школы для казахских девочек и система образования. Помогаем девочкам учиться в школах, знакомиться со всем необходимым для жизни. Отмечен ряд шагов, предпринятых И. Алтынсариной в образовании женщин в Казахстане.

Түйінді сөздер: мектеп, ағартушы, педагог, училище,оқу процесі, архив, интернат.



Ыбырай Алтынсарин – бар ғұмырын туған халқын өнер мен білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.

Ыбырай өзінің әрбір оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде жас буынды тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп, өзектілігі мен шешіміне ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын,әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін ашып көрсетеді.Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда.

Ы.Алтынсарин қыздарға арнап ашылған мектептерде оқуды негізінен ана тілінде жүргізді, мүны жоғарыда да айтып кеткен болатынбыз, бірақ орыс тілі де оқу мазмүнының ең маңызды бөлімі болып саналды. Ушинскийдің педагогикасын зор көрегендікпен меңгере отырып, орыс-қазақ қыздарына арналған мектептеріне арнап жаңа оқулықтарының негізгі түрлерін, олардың өзара педагогикалық ерекшеліктерін Ыбырай екшей білді. Ол асқан шеберлікпен негізгі үш бағытты – ғылымилылық, көркем әдеби және пайдалы техникалық – өз оқулығында үштастыра алды.[1]

Қазіргі Ақтөбе аймағы ғана емес, жалпы қазақ даласында қыз балаларға арналған тұңғыш білім ордасы Ырғызда ашылғаны мәлім. Барша алаш жұртына жағымды жаңалық болған мектеп қашан, қалай ашылды?

1886 жылы Ырғыз қалалық қоғамы Торғай облыстық оқу ісінің басқарушыларының алдына Ырғызда қыздар мектебін ашу туралы мәселе қойып, бұл мектеп үшін қала қаражатынан 500 сом және алғашқы қажеттілікке 200 сом бөлуді сұрап хат жазды. Сол жылдың 18 желтоқсанында және 1887 жылы 5 ақпанда Торғай облыстық әскери губернаторы, генерал-майор Проценко Ресей Халық ағарту министрлігіне Ырғызда қыздар училищесін ашудың қажеттілігі, оның жергілікті ұлтты өз саясаттарына тәрбиелеу құралы болып табылатындығы туралы және ол үшін қосымша қаражат бөлу жөнінде хаттар жолдады. Қорытындысында, Ресей Халық ағарту министрі 1887 жылғы 11 наурызда Ырғызда қыздар училищесін ашу туралы № 4565 бұйрығын шығарды.

Торғай облысының білім саласының басшысы ретінде Ыбырай Алтынсарин бұл бұйрықтың орындалуына бар ынтасымен кірісті. Орынбор губерниясының мектептер инспекторы В.В.Катаринскийге 1887 жылғы 28 мамыр күні жолдаған хатында «… ұмытып бара жатыр екенмін ғой, Ырғызда қыздар мектебін ашу үшін августің аяғында сонда боламын» деп жазды. Ал 1887 жылы 10 шілдеде жазған хатында «… қымбатты Василий Владимирович, Ырғыздағы қыздар мектебіне бір оқытушы әйел тағайындап жіберуіңізді сұрар едім. Өйткені осы уақытқа дейін Воронцовадан ешбір хабар жоқ. Ол, сірә, Ырғызға келгісі келмейді-ау деймін. Бұл мектепті ашу үшін мен әрі кетсе августың орта шенінен қалмай Ырғызға барамын» – деп жазды. Ырғызға келген сапарында мектеп үйіне сол заманның зиялысы, тұрмысқа еуропалық мәдениетті енгізуімен ел есінде сақталған, 40 жылдай ел басқару қызметінде болған атақты Самырат Алматовтың үйін жалдайды, оқуға қабылданатын қыздардың тізімдерін алады, оқу-құрал жабдықтарымен қамту жұмыстарымен айналысады.

Жалпы, 1887 жыл Ыбырайдың ағартушылық қызметіндегі жаңа бір өрлеу кезеңі болды. Алтынсариннің өмір жолын зерттеуші Ә.Дербісалиннің жазуы бойынша, «ол қыркүйек-қазан айларындағы жаңа мектептерді бірінен соң бірін ашу, ұйымдастыру жұмыстарының алуан түрлі дамылсыз, ешбір демалыссыз қиындықтарына қарамастан өзін ерекше көңілді, сергек сезінеді.

Сол 1887 жылы 15 қыркүйекте қазақ даласына білім нұрын төккен оқиғаның бірі — қыздарға арналған тұңғыш оқу орны — 40 балалық Ырғыз қыздар училищесінің ашылуы болды. Бұл мектептің алғашқы мұғалімі болып Е.Сахарова жұмыс атқарды. Оған сол жылы бекіністе тұрақты тұратын өзге ұлт өкілдерінің 18 қызы қабылданды.

Алтынсарин екі кластық орыс-қазақ училищесінің оқу процесін жасағанда, сол кездегі орталау дәрежедегі орыс мектептерінің оқу бағдарламасын басшылыққа алған. Қыздар мектебінің оқу жүйесін де сол ізбен құрған, яғни мектепте әліппе, география, бөлшекке дейінгі арифметика, сызу, қысқаша орыс тарихы, жаратылыс тану сабақтары оқытылған. Негізгі басымдық қыз балаларға қолөнер түрлерін үйретуге берілген. Облыстағы оқу жұмысы туралы жазған есебінде «Алғашқыда қыздар тек қана үйлерінен қатынап оқып, қарапайым халықтың тұрмысына лайықты әйелдер жұмысын, мысалы, іш киімдер, басқа киімдер пішу, тігу, шәлі тоқу, жамау, қазақтарда үнемі көп болатын жүн, жылқының қылы сияқты материалдардан шекпен тоқу, киіз басу, тағы басқа соған ұқсас өнерлерді үйренеді» деп жазды. Мектептің бұл бағыттағы жұмысы дұрыс жолға қойылып, жақсы нәтижелер береді. 1890 жылы Қазан қаласында болған ғылыми-өнеркәсіп көрмесінде Ырғыз қыздар мектебінің қол шеберлік жұмыстары жоғары бағаланып, мақтау грамотасымен марапатталады.

Ыбырай осы екпінмен 1888 жылы 6 қаңтарда оқу округының почитетеліне кіріп, Ырғыздағы қыздар училищесінің жанынан қазақ қыздары бөлімін ашу туралы мәселе қояды. Ыбырай мұндағы негізгі міндет — қазақ қыздарын сәнді-салтанатты өмірге баулу, үйрету емес, орысша, қазақша азды-көпті білім беріп, оқуға, жазуға үйрету, еңбекке, қолөнеріне (іс тігу, тоқыма өнері, т.б.), үй шаруашылығына баулу, қысқасы, болашақ отбасының бақытын өз қолымен жасай алатын адамды тәрбиелеп шығару деп мәлімдейді.[2]

Ұлттың болашағы білімде екенін, оқу-білімге талпыныстан қазақ балалары, оның ішінде қыз балалар да құр қалмауы тиістігін мақсат тұтқан және осы жолға өз ғұмырын арнаған Ыбырай сол жылы 28 қазанда Торғай облысының әскери губернаторына кіріп, Ырғыз қыз балалар училищесінің жанынан қазақ қыздары үшін 12 орындық интернат ашудың қажеттілігін түсіндіріп, өтініш жасады. Архив құжаттарынан Ыбырайдың Ырғызға жақын маңдағы көшпелі ауылдардың қыз балаларын мектепке тартуды көздегенін аңғаруға болады. Қазандағы мұғалімдер семинариясының директоры, пікірлес досы Ильминскийге сол тұста: «Қымбатты Николай Иванович, мен жанданып, қимылдай бастадым: биыл Ырғыздағы әйелдер училищесінің жанынан қазақ қыздарына арнап әйелдер пансионын ашқалы отырмын» — деп жазды. Облыстың ұсынысымен губерниядан келісім алынып, 1888 жылы 28 қазанда 12 орындық қазақ қыздары интернаты ашылды.

Ы.Алтынсарин қазақ қыздарының мектепке көбірек тартылғанын қалады, бірақ облыс білім саласының басшысы болғанымен оның қолындағы мүмкіндік шектеулі болатын. Архив деректеріне қарағанда, білім саласының барша мәселелері тек губерния арқылы шешіліп отырғанын аңғаруға болады. Орынбор губерниясының мектептер инспекторы В.В.Катаринскийге 1888 жылы 5 қарашадағы жазған хатында «Ырғыздағы қыздар интернатында қазақ қыздары үшін орын санын 20-ға дейін көбейту туралы губернаторға ұсыныс енгізген едім. Қолыңыз босай қойған кезде осы мәселелер жөнінде бір сұрау салып көрмес пе екенсіз, қайырымды Василий Владимирович?» деп өтініш білдіруі осы пікіріміздің дәлелі бола алатындай. Сол хатында «Оқуға қазақ қыздарын жинау, оларды орналастыру үшін, онан кейін қазақ қыздары интернатындағы оқу жұмысының өзін жолға салып жіберу үшін Ырғызда екі жетідей отырып қалдым. Онда, өзіңіз де ендігі естіген боларсыз, істің беталысы өте жақсы, алғашқы күннен бастап қол ісі үйретіле бастады, оны қазақ қыздары өте ұнатады, ал олардың ата-аналары да істерін көріп мәз болып жатыр. Ыбырай атамыздың қыздар мектебінің ашылуына ғана емес, оның толыққанды жұмыс істеп кетуіне де көп күш жұмсағанын айғақтайды.

1888 жылдың күзінде мектепке Ыбырайдың ұсынысы бойынша, Ә.Сейдалин мен мектеп меңгерушісі Гайжевскаяның қолдауымен 10 қазақ қызы алынады (пансионатта жатып оқиды). Олардың қатарында Ғайша Шахмұратова, Айша Алдабергенова, Ғафира Махатова, Балжан Әбілезова, Қазина Жәукеева, Салиха Құрмашева, Қатима Ерғозина сияқты ауыл қыздары болатын. Бұлар мектепте орыс қыздарымен аралас оқыды. Ыбырайдың Торғай облысындағы халық ағарту жұмысының жайы туралы қызметінің соңғы жылында (1889 жылы) жазған есебінде Ырғыз уезіндегі оқушылар саны: ер балалар — 92, оның 40-ы орыс, 52-сі қазақ, қыздар 35, оның 15-і орыс, 20-сы қазақ қызы екенін көрсеткен.[3]

Қазақ қыздарын алғаш Царегородцева, кейін қазақ тілін білетін Васильева оқытады. Ырғыз мектебінде қазақ қыздарының жақсы оқып, білім, тәрбие алуы, тоқу, тігу өнерлерін үйренуі басқа уездер үшін сабақ болады, олар да осындай мектеп ашу мәселесін көтере бастайды. Қыздар мектептері 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта ашылды. Ал 1896 жылы облысымыздың орталығы Ақтөбеде жанында интернаты бар қыздар училищесі жұмыс жасай бастады..

Қазақ сахарасында қыздар үшін ашылған тұңғыш оқу орны — Ырғыз қыздар училищесі туралы архив деректері осындай. Биыл бұл мектептің ашылғанына 130 жыл толады.

Жалпы, Ы.Алтынсарин 1862жылдардан бастап, жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мүғалім болды. Сөйтіп, Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу қүралдары және әдістемелік кітаптар жазу жүмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелер ін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, б ілім-ғылыммен, сол білім- ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған. Сондықтан да ол: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты түтқасы... Үміт мектепте, халқының келешегі мектеппен байланысты», деп жазған болатын.[4]

Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. Қарабүтақ фортында қазақ балалары үшін мектеп ашу және Ырғызда қазақ қыздары үшін мектеп ашу мәселелерін қайта көтеріп, Орынбор әскери губернаторына қыркүйек айының 12 жүлдызында рапорт жазады.Қаңтар айының 6-жүлдызында Алтынсарин Ырғыз қыздар училищесі жанынан қазақ қыздарына арналған он орындық интернат ашуға рүқсат сүрады. Соған сәйкес қазан айының 28-жүлдызында қазақ қыздарына арналған 12 орындық интернат ашылды.

Қаңтар айының бірінші жүлдызында Торғайда қыздар мектебін ашуға рүқсат сүрады. Рүқсат Ыбырай дүние салғаннан кейін, 1890 жылы берілді. Интернаты бар қыздар мектебі Торғайда 1891 жылы, Қостанайда 1893 жылы, Қарабүтақта 1895 жылы, Ақтөбеде 1896 жылы ашылды. Орысша-қазақша бес қыздар мектебіндегі «оқушылар саны 1896 жылы 211 болса олардың 141-і орыс, 70-і қазақ қыздары болды».



































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қадыржан Сейталиев. «Педагогика тарихы». «Білім» баспасы, 2008.

2.Қоңыратбай Т.Ә. «Ыбырай Алтынсарин - 2». – 2009.

3.Бижанова Ғ.Қ. «Ыбырай танымының: кешегіс і мен бүгінгісі». – Арқалық, 2010.

4.Әсет Ламашев. «Ыбырай Алтынсарнин» . – Алматы «Ана тілі», 1991.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!