МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

уке

Материал туралы қысқаша түсінік
кке
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2017
572
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы

14 жалпы білім беретін орта мектеп

Досмухаммедова Шырайлым Джумабиевна

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Қысқа мерізімді жоспар

ҰМЖ бөлімі

8-бөлім Адамның сырт келбеті мен мінезі

Сабақ

Қазақ тілі

Тақырып

Ы.Алтынсарин

«Бақша ағаштары» әңгімесі

Мектеп:

Жаңаөзен қаласы

«Жалпы білім беретін №14 орта мектебі» КММ

Мерізімі


Мұғалім:

Досмухаммедова Шырайлым Джумабиевна

Сынып : 5

Қатысқандар: 17

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Егжей-тегжейлі білуге арналған оқылым әдісі арқылы мәтінді оқи отырып жалпы мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым әдісімен мәтінді оқи отырып нақты ақпаратты таба алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Нақты нәрсені анықтауға

арналған оқылым жүргізе отырып қосымша ақпарат көздерін оқып тақырыпқа байланысты талқылайды,мәліметтерді таба алады.

Бағалау критерийі

1.Мазмұнын түсіну үшін мәтінді оқиды.

2.Мәтін мазмұнын түсінеді.

3. Нақты ақпаратты табады

4.Талқылай алады.

5.Тірек сөздерді таба алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мәтінді оқи отырып тақырыпқа қатысты нақты ақпаратты табу үшін тірек сөздерді табады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: төре,ғибрат,жас ағаш,бағу-қағу, қисық бұтақ т.б

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жаздың бір күні, төре баласы, гүл жапырақтры,егілген ағаш, қисық бұтақ,бағусыз ағаш,жақсы кісі т.б

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Әке мен бала арасында қандай әңгіме талқыланды?

2.Неліктен ағаштар әр түрлі болып өседі?

3.Бала мінезінің қалыптасуына отбасында берілетін тәрбиенің қандай маңызы бар?

Не себепті «Бағып қағуда көп мағына бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ишара: Бас изеу,қолдау

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын «Зайырлы қоғам және жоғары руханиятты» кіріктіруге болады. Зайырлы қоғам үшін жоғары рухани дүниесі қалыптасқан тұлға өте қажет екендігін ескере отырып,рухани құндылыққа баулимын. Қоғамның рухани өмірін арттыру, адамгершілікке баулитын, өз еліне деген сүйіспеншілікке, құрметтеуге тəрбиелеймін.

Пәнаралық байланыс

Талқылау сұрақтарын бере отырып әкені сыйлауға, құрметтеуге,жақсылықтан үйреніп,жамандықтан жирену керек екендігін айта отырып , өзін-өзі тану пәнімен байланыстырамын.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

3мин

«Ойлан –жұптас - бөліс» әдісімен алдыңғы білімдерін ескере отырып, жаңа тақырыппен сабақтастырамын.

-Әдептілік дегеніміз не?.

-Жақсы бала қандай болады?

-Жақсы мінез қалай қалыптасады?

- Жақсы мен жаманды қалай айыруға болады?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Басы

3мин

Не болды? әдісін пайдаланып сурет арқылы тақырыпты анықтап аламын.

Алма ,шие,алмұрт суреттері арқылы топқа бөлемін





Ортасы

20мин






































5мин

















5мин























5мин













































5мин









1.Ойлау дағдылары: Білу,түсіну

Бағалау критерийі:

Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқи алады.

Мазмұнын түсіне алады.

Тірек сөзді таба алады.

«Бақша ағаштары» мәтінді оқыңдар.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өзі шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым,мұнан сен де өзіңе ғибарат алсаң болады, сен жас ағашсың саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

Мәтінді оқыған соң тірек сөздерді жазады.

Дескриптор

Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқиды

Мазмұнын түсінеді.

Мәтіннен тірек сөздерді табады.

Кері байланыс: ауызша

2.Ойлау дағдысы:түсіну

Бағалау критерийі:

Мәтінді оқи алады.

Сұрақ құрастыра алады.

Өзі түсінбеген сөздерді анықтай алады.

Сөздіктерден іздеп жаза алады

Мәтінді детальді түрде оқиды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Түсініксіз сөздерді анықтайды, сөздік жұмысы жүргізіледі.

Ғибрат – өнеге

Түзік кісі – тәрбиелі кісі

Дескриптор

Мәтінді детальді түрде оқиды

Сұрақ құрастыра алады.

Өзі түсінбеген сөздерді анықтайды.

Сөздіктерден іздеп жазады

Кері байланыс : ауызша

3.Ойлау дағдысы: қолдану

Бағалау критерийі

Талқылауға арналған сұрақтарға жауап бере алады.

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі бойынша Талқылауға арналған сұрақтарға жауап береді.

1. Мәтінді егжей–тегжейлі оқу арқылы нені түсіндіңдер?

2.Әке мен бала арасында қандай әңгіме болды?

3.Неліктен ағаштар әр түрлі болып өседі?

4.Бала мінезінің қалыптасуына отбасында берілетін тәрбиенің қандай маңызы бар?

Дескриптор

Талқылауға арналған сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс:ауызша

4.Ойлау дағдысы: жинақтау

Бағалау критерийі

Нақты ақпаратты анықтау үшін оқи алады.

Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді айқындай алады.

Түсініктеме бере алады.

Кестені толтыра алады.

«Ривин кестесі» әдісі бойынша

білім алушылардың қажеттілігіне қарай саралау тапсырмалары.

Тура және ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркестерін табады.Оларға түсініктеме беріңдер.

Білім алушылар қажеттіліктеріне қарай кестені толтырыңдар.


Қалыптастырушы деңгей


Тура мағыналы сөздер

Ауыспалы мағыналы сөздер




Қалыптасқан деңгей

Тура мағыналы сөздер

Ауыспалы мағыналы сөздер

эпитет





Жоғары деңгей


Тура мағы

налы

сөздер

Ауыспалы мағы

налы сөздер

Эпитет

Метафора






Дескриптор .

Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді айқындайды.

Түсініктеме береді.

Кестені толтырады.

Кері байланыс: ауызша

5.Ойлау дағдысы: талдау

Бағалау критерийі

Көп мағыналы сөздер мен омоним сөздерді анықтай алады.

Салыстыра алады.

Мәтіннен көп мағыналы сөздер мен омоним сөздерді анықтап оқыңдар.Венн диаграммасымен олардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.

Дескриптор

Көп мағыналы сөздер мен омоним сөздерді анықтайды.

Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.

Кері байланыс: ауызша

« Бағдаршам» әдісі



























Өте тамаша





















Өте жақсы



















Жарайсыңдар















































Керемет











Өте тамаша



5-сынып

«Қазақ тілі»

оқулығы



АКТ

https://www.google.kz/

Соңы

3мин

Рефлексия

«Мұғалімге хат»

Оқушылар мұғалімге кері байланыс береді. Жазбаша немесе ауызша беруге болады.

Үйренгенім ...................................

Мұғалімге ұсыныс .....................





Қосымша ақпарат



Саралау: оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?


Бағалау. Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс.

Гарднердің көптік зият теориясы бойынша саралау тапсырмаларын білім алушылардың лингвистикалық қабілеттерін ескере отырып дайындадым

Білім алушылардың білімін анықтау, бағалау келесі әдістермен жүргізілді.

Ауызша бағалаймын.

Бағдаршаммен,смаиликтермен бағалаймын.














Пәнаралық байланыс қалай жүзеге асты: Талқылау сұрақтарын бере отырып әкені сыйлауға, құрметтеуге, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жирену керек екендігін айта отырып, өзін-өзі тану пәнімен байланыстырамын. Талқылау сұрақтарын бере отырып өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.

Баланың гигиеналық тазалығы сақталған.

Акт-ны қолдана алады. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарынан «Зайырлы қоғам және жоғары руханиятты» алдым. Зайырлы қоғам үшін жоғары рухани дүниесі қалыптасқан тұлға өте қажет екендігін ескере отырып, рухани құндылыққа баулимын. Қоғамның рухани өмірін арттыру, адамгершілікке баулитын, өз еліне деген сүйіспеншілікке, құрметтеуге тəрбиелеймін.

Рефлексия

Сабақтың мақсат мен оқу міндеттері орындалды ма? бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Сабақтың мақсат-міндеттері орындалады, өйткені оқушылар мәтінмен жұмыс барысында нақты ақпаратты анықтайды.. «Сұрақтар жаңбыры» бойынша мәтінмен жұмыс жүргізуді үйренеді. Сабақ жақсы деңгейде өтеді деген ойдамын Саралау іске асады, себебі тапсырмалар оңайдан қиынға бағытталады. Әрбір тапсырма берілген уақыт мөлшеріне сай орындалады, сондықтан уақыт тиімді пайдаланылады.

Кері байланыс

«Білім мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы курстан тренерден Бағдарламаның спиральдік қағидат бойынша құрылғандығын, педагогикалық әдіс тәсілдерді,тілдік дағдыларды тыңдалыммен айтылым қатар жүретіндігін, белсенді оқудың болатындығын, сабақ жоспарлау кезінде оқу мақсатының дайын екендігін,қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың болатындығын, бөлім және бөлімше болатындығын үйрендім.Тренердің айтуынан, тәжірибелік жұмыстар жүргізгенінен үйрендім.Тренерден кері байланыс алдым.Қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар дайындаған кезде оқу мақсатына сәйке тапсырма алу керек екенін айтты. Әріптесімнен тәжірибе алмастым.Қай кезде қандай әдіс – тәсілдің тиімді екенін үйрендім. Әріптесім саралауға арналған тапсырманы дайындаған кезде үш кестеге салуға болатындығын айтты.



Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе

1.«Сұрақтар жаңбыры» әдісі бойынша топпен жұмыс

2.Венн диаграммасы мен омоним мен көп мағыналы сөздерді салыстыру



Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!