Әл – Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық Университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі
білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі
дайындық кафедрасы
Аға оқытушылар Усенбекова
Айнагуль Ермекбаевна
Сандықбаева Өрікүл
Дүйсеновна
Савденбеков Бауыржан
Есимханұлы
Университетім - қазақтың
қара шаңырағы
Қазақстан Республикасы әлемнің
көптеген елдері мойындаған егеменді, дамушы ел. Осындай елімізге
нағыз білімді, мықты да білікті мамандар қажет екені белгілі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы:
«Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес,
сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың
болашақ айнасы» - дегенін білеміз. Жасөспірім ұрпақ білімді
мектептен, колледжден, жоғары оқу орнынан
алады.
Еліміздің жетекші жоғарғы оқу
орны, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Ол өткен
ғасырда 1934 ж ірге тасын қалады. Ол кезеңде елімізде енді ғана
өркендеп келе жатқан өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылық
салаларына білікті мамандар аса қажет кез болатын. Мықты, білікті,
іскер мамандар даярлау ел экономикасының басты талаптарының бірі
еді. Осыған орай, 1933 ж 20 қазан күні ССР Одағының Халық
Комиссарлар Советі Алматыда Қазақ мемлекеттік университетін
ұйымдастыру туралы қаулы қабылдап, ресми түрде 1934 жылы 15
қаңтарда ашылды. Өз жұмысын бұл университет 94 студентімен, 25
оқытушысымен бастаған болатын. Бұл сан 1984 жылдары 13 000
студентке, 928 оқытушыға өскеніне уақыт
куә.
Міне, сол жылдардан бері
қаншама уақыт өтті, университет қабырғасы кеңейіп, оқытушы –
профессорлар саны, қызметкерлер саны, студенттер саны өсті.
Университет қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы
оқу орны ретінде мақтанышы, жыл сайын осы университет қабырғасында
білім алғысы келетін талапкерлер саны артуда екеніне
куәгерміз.
Университетіміздің тарихындағы
жарқын беттер - ғылым және мәдениетінің ең үздік шақтары 1970 -
1980 жылдарды қамтиды. Сол жылдары университетті еліміздің белді
қоғам қайраткері, қазіргі ҚазҰУ – нің әсем қалашығының негізін
қалаушы, академик Ө.А.Жолдасбеков (1970 – 1986жж) басқарған
еді.
Қазіргі таңда ҚазҰУ – нің
қалашығы ғылымның, білімнің ошағы шоғырланған тұтас кешен деп
сенімді айта аламыз, себебі осында ректорат, факультеттердің оқу
корпустары, спорттық стадион, кітапхана, мұражайлар, «Керемет»
орталығы, Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, студенттер
жатақханалары үйлесімді түрде орналасқан. Студенттерге қолайлы
жағдайлардың барлығы жасалған.
1985 жылы Университет
қабырғасында шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті
ашылды. Бұл факультет қазіргі таңда да қарқынды жұмыс істеп, Иран,
Ауған Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының,
Өзбекстан, Тәжікстан Республикасының азаматтарына білім берумен
қатар, азамат болып қалыптасуына да зор үлес
қосуда.
Ғылым мен білімнің жаңа
дәстүрлері дамып, нығая түсті. Университеттің студенттері де,
дайындық курсының тыңдаушылары да ғылыми жоба, білім, түрлі өнер
және спорт салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп
келеді.
Қазақ мемлекеттік
университетінің аты мен мәртебесі өзгере бастады. 1991 жылы 23
қазанында Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы философ,
энциклопедист ғалым әл - Фараби атамыздың есімі беріліп, 1993
жылдың 9 қаңтарындағы №1059 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қаулысымен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті
деген статус берілді.
ҚазҰУ-і Халықаралық
Университеттер Ассоциациясына кірген Қазақстандағы, сонымен қатар
Орта Азиядағы тұңғыш жоғары оқу орны. Университет жаңа тарихи
жағдайларда білім беру және ғылым саласында өзінің шетелдік
әріптестерімен тығыз қарым - қатынас жасап отырады, атап айтар
болсақ, Түркия, Иран, Қытай, Оңтүстік Корея, Египет, т.б.
университеттер.
2001 ж. университет ректоры
қызметін академик Т.А. Қожамқұлов атқарды және 2001 ж. әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің Қаулысымен
Студенттер сарайына университет ректоры Ө.А. Жолдасбековтың есімі
берілді.
Бүгінгі күні университетте
20000 – ға жуық студенттер білім алып, 1500 – ден астам оқытушылар,
олардың ішінде: 27 ҰҒА академигі, 6 Халықаралық жоғары мектеп
академиясының академигі, 300-ден аса профессорлар мен докторлар,
700-ден астам кандидаттар мен доценттер және де аға оқытушылар
еңбек етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті - Quacquarelli Symonds (QS,Ұлыбритания),
Thomson Reuters (США) агенттіктерінің зерттеулеріне сәйкес, дүние
жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша әлемдік
топ-университеттер рейтингіне енген (2011), БҰҰ бас хатшысы Пан Ги
Мунның ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал»
бағдарламасына қабылданған әлемдік үздік университеттердің ортаңғы
бөлігіндегі Орталық Азиядағы тұңғыш университет. Осындай
көрсеткіштер ҚазҰУ – ін Қазақстан Республикасы егемендігінің 27
жылдық мерекесі қарсаңында аса ерекше, жетекші жоғарғы оқу орны деп
айтуымызға толық мүмкіндік береді және университетімізді мақтан
тұтамыз.