400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ырғызым - ырысты мекен"

Материал туралы қысқаша түсінік
туған өлке жайында қысқаша ой толғам
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ырғыз — ырысты мекен.

Қазақы тірліктің қаймағы бұзылмаған, ғасырлар қойнауындағы талай тарихи өзгерістердің куәсі болған мекендердің бірі — Ырғыз.

Ырғыз – шежірелі өлке Ағайын бас қосып, алда-жалда ашылып шүйіркелескенде тілге тиек етері осынау текті мекен болса, ойымызға оралатыны – тарих. Олай дейтін себебіміз, талай дүлдүлді топырағында аунатып қана қоймай, қасиетін бойына сіңірткен жұпар иісті жусанды даланың ұрпағы ұялмай ұлықтайтын қазынаға толы құндылықтары көп

Ырғыз - тарих жәдігеріМұнда жүзеге асыруға әзір тұрған іс-шаралар көп-ақ. Іске асыруды тілеп, сұранып тұр. Атап айтсақ,  біріншіден, Ырғыз өңірінде көрікті жерлер көп. Шағаласы шулап, балығы тулаған өзен-көлдері бар бұл өлкенің табиғатына өзгелер таңырқай қарайды. Бір ғана Байтақ көлдің өзінен қоқиқаз, қызғылт бірқазан, сыбырлақ аққу, құтан, қасқалдақ, саз құладыны, қызылтұмсықты сүңгуір, көк сүңгуір, жалбағай, өзен қарқылдағы сияқты құстарды кезіктіруге болады. Соңғы жүргізілген санақ бойынша, Ырғыз өңірінде 30 мыңнан астам ақбөкен бар. Ал, бөкеннің мүйізінен пантакрин дәрісін дайындайтыны белгілі. Ол өкпе қабынуына, жүрек ауруына ем.

Сондай-ақ, көне тарих куәсіндей ескерткіштер мен сәулет өнері әлеміне түрен түсіп, зерттелсе, Ырғыздың қойнауында өзгеге паш етіп көрсетері жетерлік.

Өткенге үңілсек, Ырғыздың Мәнітөбе деген жерінде 1731 жылы 19 ақпанда Кіші Жүзді Россияға қосу туралы грамотаға қол қойды. Мұны біреу біліп, біреу білмейді. Тарихтың куәгеріндей киелі өңірде туризм саласын дамытса мұндағы көрікті мекендер жергілікті халықтың, ауыл қонақтарының көзайымына айналғалы тұр. Келген қонақтарға мынау деп көрсетерлік мекендерге жан бітірсе, әрлене түсері сөзсіз. Ендеше, Ырғызда туризм саласын дамыту қажет!

Екіншіден, бұл өлкеде елімізде сирек кездесетін дәрілік шөптердің алуан түрі өседі. Бір ғана «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» аумағының өзінде дәрілік өсімдіктердің 26 түрі кездеседі. Мысалы, қақырық түсіруге, қан тоқтатуға қолданылатын жалбыз, іш босатып, ішек-қарынның жұмыстарын реттейтін түймедақ және сонымен бірге, құрқұлақ ауруын емдеп, несеп жүргізетін сарыбас құрай сияқты емдік шөптер бар. Демек, Ырғызда ел экономикасын   әртараптандырудың бір саласы - фармацевтика кластерін  дамытуды  жолға қою керек!

Бұл өңір - елімізді еңсесі биік елу елдің қатарына қосатын, халқына шапағатын сыйлап, басшысына абырой әперетін  өлке. Тек ырғыздықтардың  сол ізгі идеясын  жүзеге асыра білсек керекті..



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі