Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
уыквеапролбтьтри
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дүйсенбаева Шұғыла мб-11
4- АПТА СӨЖ
SWOT
Ярославск профессоры Герман Константинович Селевконың «Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруға басшылық» тұжырымдамасына талдау
S- күшті жақтары
Әрбір оқушы өзін -өзі тәрбиелеу барысында :жеке адамның өзін ұжымның қабылдауына ұмтылысы арта бастайды ; жақсы үлгі көрсетуге бағдарланады ; салауатты сын мен өзі-өзі сынау жағдайын қалыптастырады ; өз ойын жеткізе алады ; жан-жақты дамытуға ықпал етеді . Оқушылардың өз-өзін тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктері есепке алынады. Ұстаз оқушының кемшіліктерін түсінуге көмектесіп бағыт-бағдар берсе , ал оқушы өзінің кім екенін танып , жетіле түседі.
W- әлсіз жақтары
Өзін-өзі тәрбиелеуде оқушы
өзінің кемшіліктерін қабылдай алмауы; Оқушыға басшылықтың дұрыс
бағыт-бағдар бере алмауы .
O-мүмкіндіктері
Мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болса және мұғалім оқушыға тәртібіне баға беріп отырса, оқушы өзінің кемшіліктеріне сын көзбен қарап, олардың болдырмаудың жолын іздестіре бастайды .Өз-өзін жетілдіріп тәрбиеленуге ұмтылған оқушының өмірге деген көзқарасы артып , жетістікке жету мүмкіндіктері көбейе түседі .
T-қауіп –қатер
Ең ескеру керегі егер оқушы өзін-өзі тәрбиелеуде басшылық оқушыға көңіл бөлмесе , педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де,өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі.
5- АПТА СӨЖ
Балалар үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің ерекшеліктері
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.
Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі баланы әлеметтендірудің туыстық сезімге негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады. Баланың туғаннан мектепке дейінгі кезеңді туыстық эмоционалды байланысқа сүйене отырып, бірінші кезекте ана мен бала байланысы қарастырылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың қарым-қатынасқа түсетін адамдары ортасының өзіндік ерекшеліктері бар. Психологтар мен педагогтардың пікірінше, сүйіспеншілікке, сенімге , өзара қызығушылыққа негізделген ересектермен жақын қарым-қатынас, жанұялық тәрбиені сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. Олай болса, жеке адам дамуының негізгі шарты — баланың адамдармен қарым-қатынасқа түсуі .
Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе – ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «әке», «ана» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады. Жетімдер үйі, мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруға көмек-тесетін гуманды, яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады. Балалық әлемін жақсы біліп, түсінетін адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян, ал оның педагогикалық тактісі тек қана педагогикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен, әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады. Баланың әділдігі, адамгершілігі, сыйластығы – дұрыс тәрбиенің негізгі шарттары осылар, әсіресе жетім-балаларда осы жеке және әлеуметтік қорғаныссыздығы жас қосқан сайын өткір бола түседі.
Ана бала үшін жалғыз ғана жақын адамы, қамқоршысы болады. Балалар үйінде де бірнеше қамқоршы-тәрбиешілер бар, олар сондағы балалардың туған анасын алмастыруға әрекеттер жасайды. Балалар үйі тәрбиешілерінің жұмысының тиімділігі , балалардың жеке адам болып қалыптасып, дамуы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысына тигізетін әсері туралы мәселелерді көптеген психологтар жан-жақта қарастырған.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өз бетінше өмір сүруге бейімделуіндегі қиыншылықтар барлығымызға белгілі. Оның басты себебі олардың жетімдік тағдыры мен көбінесе балалар үйіндегі ерекше жағдайда әлеуметтік енжар тұрғыдағы тұлға қалыптасуымен байланысты. Бұл шынайы жағдайлар, осылар әлеуметтік жетімдердің жағдаяттық дамуы. Сондықтанда қазіргі уақытта тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру жұмысы маңызды болып табылады.
Қазіргі таңдағы қоғамның әлеуметтік-эканомикалық жаңаруы жағдайындағы білім мекемелерінің мақсат және міндеттерінің ішінде кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау мәселесі алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі болып табылады.
Балалар үйі тәрбиеленушілері бүгінгі таңда нарық жағдайында кімнің жақсы кәсіби дайындығы бар, тілі жетік, еңбек өзгерісіне бейімделгіш, жұмыссыздық кезінде бәсекелестікке шыдай алатындар ғана жетістікке жете алатынын түсінгендері абзал.
Сондықтанда тәрбиеленушілермен кәсіби бағдар беру жүмыстарын жүргізу қажет және тәрбиеленушілерді кәсіби түрғыда өзін-өзі анықтауға дайындау керек. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің психологиялық ерекшеліктері олардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау үрдісін қиындата түседі. Балалар үйі жасөспірім-тәрбиеленушілерінің кәсіби түрғыда өзін-өзі анықтаудағы қиыншылықтар олардың зияткерлік дамуының; таным үрдісінің яғни ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерініңтөмен деңгейіне; көңіл-күй сферасының жұпынылығын дұрыс бағаламауына байланысты. Отбасының не екенін білмейтіндерге кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау үрдісі қиындау.Сондықтанда көбінесе баланың өз-өзіне сенімсіздігіне әкеледі.Жасөспірімдерді кәсіби қызмет арқылы өмірде өз орындарын табуда салиқалы ізденіске дайындау маңызды. Бұл осы арқылы жасөспірімдердің өздерінің қажеттіліктерін сезіне алатындай әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне кіруге мүмкіндік тудырады.Мінез-құлықтарындағы ерекшеліктерді, қабілеттерін ескере отырып кәсіп таңдауда дұрыс таңдау жасау ересек өмірдегі жетістіктің кепілі.
Балалар үйінің тәрбиешісі өте маңызды адам, өйткені топтағы жағдайлар, жауапкершілік жүгі оған артылады. Тәрбиеші жұмысының негізгі бағыттарының толық емес тізімі: балалар тәртібі, оқуы, тазалығы, бос уақыттарын өткізуі, түзету жұмыстары т.б. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғаудан басқа балалар жанын кеңейту және мамандық таңдауларына көмектесу де тәрбиеші мойнында.
Балалар – біздің айнамыз, олар бізден үлгі алады. (басқа үлгі аларлық олардың көз алдарында ешкім жоқ). Оларға көп уақыт бөліп, өзіңді соларға арнасаң, жаның мен жүрегіңді сезіндіре алсаң балалар да жылдам қолын созады. Балалар тәрбиелеуде таңғажайыптар мен шығармашылыққа берілген дұрыс, бірақ та педагогикалық еңбектің ауыр, қиын жолына даяр болу керек. Тәрбиеші жұмыстары нақты көрсеткіштер арқылы бағаланады - мектептегі бағалары, жатын бөлмесіндегі тазалық, тәртіп бұзушылықтардың болмауы, түзету - дамыту жұмыстары мен тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуі, т.б
Тәрбиеленушілердің әрқайсысының жүрегіне жол табамын десең, олардың алдында жүрегің ашық болуы керек. Олар қандай болса, сол қалыптарында жақсы көргенің дұрыс. Ар заңы алдында қызмет етіп өз жұмысыңды жақсы көрсең ғана тәрбиеленушілер жүрегінен орын аласың. Адам сияқты өмір сүрмей тұрып, адам бола алмайсың, тіпті тәрбиешіде. Ұлы жазушы, әрі педагог Л.Н.Толстой : “Егер тәрбиеші өз жұмысын сүйсе және тәрбиеленушілерін сүйе білсе ғана – ол жақсы педагог”- деген пікірі дәл айтылған деп ойлаймын.
Балалар үйінің тәрбиеленушісі тәрбиешісін анасы, досы, ұстазы деп таниды. К.Д.Ушинский: “Үлкен адамдардың жүрек жылуынан ғана тәрбиелеу күші шығады”, деп айтқан екен және ол күш шыншыл болуы керек.
Жеке тұлғаны тұлға тәрбиелейтіні бәріне таныс. Сен өзің оқып бітпейінше оқытушысың, тәрбиелеудің басты әдісі - жеке үлгі тәрбиелеу.
Бүгінгі күні менің байқағаным балалар үйінің тәрбиеленушісі сүйіспеншілік пен сенімділіктің, шыдамдылық пен қолдаудың арқасында ғана өз мүмкіншіліктері мен талаптарын және өз күштеріне сене алу қабілеттерін шыңдай алады және бұл сүйіспеншілік күші күйрету емес, жақсылыққа бағыттайды.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп алса, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады .