З дыбысын машықтандыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

З дыбысын машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
. Ұйымдастыру кезеңі 1. Кіріспе Сәлемдесу тренингі /Жылулық шеңбері/ 2. Өткенді қайталау Үй жұмысын тексеру ІІ. Емдік уқалау Бет бұлшық еттерін босаңсытып, ауыз қуысына арналған емдік уқалауды жасап, тілдің қимыл-қозғалысын жақсарту. ІІІ. Тыныспен жұмыс «Түтікше», «күрекше», (шар үрлеу, сыбызғы ойыншықтарын үрлеу) Мұрынмен терең дем алып, ауыздан дем шығару.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пәні: Логопедия

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: З дыбысын машықтандыру 
Сабақтың мақсаты: З дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айтуға машықтандыру 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Кіріспе

Сәлемдесу тренингі /Жылулық шеңбері/

2. Өткенді қайталау

Үй жұмысын тексеру



ІІ. Емдік уқалау

Бет бұлшық еттерін босаңсытып, ауыз қуысына арналған емдік уқалауды жасап, тілдің қимыл-қозғалысын жақсарту.

ІІІ. Тыныспен жұмыс

«Түтікше», «күрекше», (шар үрлеу, сыбызғы ойыншықтарын үрлеу)

Мұрынмен терең дем алып, ауыздан дем шығару.

Ауызбен терең дем алып, мұрыннан дем шығару.

ІV. Артикуляциялық жаттығулар (тапсырманың бағалануы)

Айна алдында мимикалық, ерінге, тілге арналған жатығулар жасау. «Барабан», «ат шауып келеді», «тіс тазалау», «футбол», «тәтті тосап», «грибок-гормошка», «заборчик-трубочка», «алтыбақан», «жылан», «блинчики», «тарақ», «шар», «тостағанша», «сылақшы», «маса», «сағат тілі».


V. Дыбысқа артикуляциялық сипаттама 
Дыбысты жеке айтуға машықтандыру 
Маса қалай дыбыс шығарады? 
З дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады? 
Айнаға қарап айтып көрейік. 
—Еріндір күлкіге тән, сәл керіледі. 
—Тістер жақындасқан қалыпта болады, 
—Тілдің ұшы төменгі тістердің артында тұрады; 
—дауыс перделері бірігеді және тербеліске түседі; 
—Ауа ағыны жылы. 
З дыбысы қандай дыбыс? 
Ол қалай айтылады? 
Қандай текшемен белгілейміз? 


VI. «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны 
Қа ... з 

Жа ...з 
Пия ...з 
Ұста ..з 
Қора ...з 
Сәбі ...з 
З – з – з – з – з 
З дыбысын айнаның алдындда айтып, тілінің, тісінің, ернінің қайда орналасқандығын айтып береді. 
Бала З дыбысына сипаттама береді. 
Бала З дыбысын қосып, сөзді аяқтайды. 

VII. Дыбысты буындарда айтуға машықтандыру 
Көлшіктен өту үшін мына буындарды оқып, қайталайық. 
За – зо – зу – зұ 
Аз – оз – уз – ұз 
За – за – за 
Зо – зо – зо 
Зу – зу – зу 
Аз – аз – аз 
Уз – уз – уз 
Із – із – із 
Аза – озо 
Узу – ыза Бала буындарды қайталайды. 


VIII. Дыбысты сөздерде айтуға машықтандыру 
Көпірден өту үшін суреттерді атап, з дыбысының бар жоғын анықтайық. 
Суреттерді дұрыс атап, З дыбысының бар жоғын анықтайды. 


ІХ. Дыбысты сөз тіркесінде айтуға машықтандыру

Осы сөздерге сипаттама бер. 
Мысалы: терезе қандай? – таза терезе 
Бала сөздерге сипаттама бере отырып, сөз тіркесін құрайды. 


Х. Қорытынды
Бүгінгі сабақта қай дыбысты дұрыс айтып үйрендік? 
З дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады? 
З дыбысы қандай дыбыс? 
Жарайсың! Сен бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың! Бала сұрақтарға өздігімен жауап береді. 


Үйге тапсырма: айна алдында артикуляциялық жаттығуын жасау, З дыбысын машықтандыру 






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2022
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі