"Z ұрпағын" тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Z ұрпағын" тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер оқушылардың коммуникативтік белсенділігін арттыратын жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алады, жұмысында кәсіби даму болады және "Z" ұрпағы туралы әріптестерімнің білімі толықтырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Өскемен қаласы әкімдігінің "№45 бейімделген орта мектебі" КММ


Сынып жетекші:

Алпысбаева Асель Елгазыевна


Тақырыбы:

"Z ұрпағын" тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер


Мақсаты:

"Z ұрпағын" тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер бойынша теориялық және практикалық жағынан іс-тәжірибе бөлісе отыра сынып жетекшінің кәсіби дамуына ықпал ету. "Z ұрпағы" туралы әріптестерімнің білімін толықтыру.


Күтілетін нәтиже:

Сынып жетекшілер оқушылардың коммуникативтік белсенділігін арттыратын жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алады, жұмысында кәсіби даму болады және "Z" ұрпағы туралы әріптестерімнің білімі толықтырылады.


Іс-шара түрі:

Шебер сынып

Уақыты:

20 мин.

Қолданылған әдіс-тәсілдер:

Тренинг, brainstorming, "Қабырға галлереясы", "Ойлан-жұптас-бөліс", Вен диаграммасы, "Жазушы шеберханасы", "Мұғалім көмекшілері"

Бағдарлама:

ZOOM


Сабақ барысы

Сынып жетекшінің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


Кіріспе бөлім:

Сәлемдесу.

Жағымды психологиялық орта қалыптастыру


Сәлеметсіздерме, құрметті әріптестер, бүгінгі шебер сыныпқа қош келдіңіздер!

Кімнің көңіл-күйі жақсы? –оң қолымызды көтерейік.

Жаңалықтарды жатсынбай, үйренемін деп келгендер? – сол қолымызды көтерейік. Ендеше бір-бірімізге қол соғайық. Жақсы көңіл-күймен шебер сыныбымызды бастайық. Шебер сыныптың тақырыбы "Z ұрпағын тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер"

Тыңдаушылар іс-әрекетті қайталайды

"Қабырға галлереясы"

Шебер сыныптан не күтесіз?

Оқушыларды тәрбиелеуде қандай мәселелер толғандырады?

- оқушылардың сабақ үстіндегі шамадан тыс қозғалғыштығы;

- сабаққа қызығушылығының төмендігі;

- психологиялық тұрақсыздық;

- коммуникативтік дағдылардың төмендігі;

-академиялық дайындықтың басымдығы; т.с.с

Қатысушылар осы шебер сыныптан не білгісі келетінін қағазға жазып, оқып береді.

Негізгі бөлім:

"Ойлан-жұптас-бөліс" көрсетілім слайд арқылы жүргізіледі



1991 жылы  АҚШ  зерттеушілері  Нил Гов пен Уильям Штраус алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың  жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны құрды. Қазіргі таңда X, Y және Z ұрпақтары туралы жиі естіп жатамыз.

Х ұрпақтары-1963 жылдан 1983 жылға дейін туған адамдар. Ерекшеліктері: өзіне ғана сенім арта алады, балама ойлайды, әлемде болып жатқан нәрселер туралы хабардар болады, таңдау жасауға  және өзін өзгертуге дайын адамдар. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет  атқарып, бірте-бірте мансап жолында биік дәрежеге жетеді.

Y ұрпақтары-1983 жылдан 2003 жылға дейінгі туған адамдар. Ерекшеліктері: мақсатқа жету  мен жетістік туралы түсінігі өзгеше, көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес.
ХХІ ғасырда дүниеге келген балалар барлық алдыңғылардан ерекшеленетін - жаңа Z ұрпақ.

Ерекшеліктері:

-инновациялар және идеялар ұрпағы;

-компьютерге, ұялы телефон, жалпы техникаға жақын; Олардың қарым-қатынасы да көбінесе байланыс құралдары арқылы жүзеге асады. Соның салдарынан, Z ұрпағына тірі қарым-қатынас жетіспейді. Бұл олардың психикасы мен мінез-құлқына әсер етпей қоймады.

-ақпаратты лезде меңгере қояды;

-сандық әлемде оңай бейімделеді және таңғаларлық инноваторлық қабілеттерін танытады;

-өте сезімтал келеді, жаны тез жараланады. Сондықтан да бұрынғы кездегі бала тәрбиелеуде қолданылған әдіс-тәсілдер қазіргілерге жүрмейді. Егер оларды бұрынғыша тәрбиелер болсақ, біз олардың сезімдерін жаралап, рухани мүгедекке айналдырып алуымыз әбден мүмкін. Демек, оларды тәрбиелеу өзгерістерді, жаңа тәрбиелеу әдістерін қажетсінеді.

Қатысушылар тыңдайды, түртіп алады.




Венн диаграммасымен жұмыс

Сынып жетекші Y және Z ұрпақтарының балаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы талдауды ұсынады.











Тыңдаушылар берілген тапсырма бойынша Венн диаграммасын құрып, Y және Z ұрпақтарының балаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсінеді.


Z ұрпақтарын тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер


  • ұйымдастырылатын әр бір іс-шара жаңа форматта болуы қажет;

  • оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы арасында жағымды қарым-қатынас орнататын тренингтер қолдану;

  • оқушыларды шынайы жақсы көру;

  • ұстаз бағыт-бағдар беруші рөлін атқару қажет;

  • көп ақпаратты бірден беруге болмайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша z ұрпағының балалары жаңа ақпаратты 8 секундтан артық қабылдай алмайды.

  • берілген тапсырма нақты және түсінікті болуы керек.

  • жаңа ақпаратты визуалды түрде жақсы қабылдайды.

  • қарапайым тілде сөйлеу.

  • белсенді әрекеттерге баулу (ойындар, эксперименттер, зерттеу жұмыстары, шығармашылық жұмыстар т.б.)

  • олар үнемі мақтауды қажет етеді.

  • "Супермен принціпі" – оқушы өзінің және орындап жатқан тапсырмасының маңыздылығын түсінуі қажет.

Шаттық шеңбер, миға шабуыл, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, ізденіс жұмыстары, жобалар қорғату, АКТ-ны тиімді қолдану, "Арқаға жазылған комплименттер", "Атомдар мен молекулалар", "Аяқталмаған сөйлем ", "Әдемі ойла және демала біл", "Әйнек арқылы сөйлесу", "Батискаф", "Бэкроним", "Шахмат", "Сұрақ ілмегі", "Ширинг" т.с.с. әдістерді қолдану арқылы оқушылар қызығушылығын арттыруға болады.

Қатысушылар тыңдайды, түртіп алады.


Қорытынды бөлім:

«Жазушы шеберханасы» стратегиясын пайдалана отырып, XXI ғ. оқушы моделін жасау.

"XXI ғ. оқушысының моделін" жасауға ұсынады.


Қатысушылар «Жазушы шеберханасы» стратегиясын пайдалана отырып, XXI ғ.оқушы моделін" жасайды.

Кері байланыс: «Мұғалімнің көмекшілері»

К ері байланыстың мәнін түсіндіреді







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2020
1272
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі