Материалдар / Зайырлылық және дінтану пәнін оқытудың ерекшеліктері.

Зайырлылық және дінтану пәнін оқытудың ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Зайырлылық және дінтану пәнін оқытудың ерекшеліктері туралы.Дінтану – діндер туралы ілім болғандықтан діннің шығуы, мәні және дамуы, діни ілімдер, ғибадаттар,діни мейрамдар, және олардың ерекшелігі туралы кешенді білім. Сондықтан дінтануды оқытуды негізгі ұстаным діндер туралы толыққанды ғылыми негізделген тұжырымдар мен әлемдік дінтану саласындағы жетістіктері жайлы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
1061
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Зайырлылық және дінтану пәнін оқытудың ерекшеліктері

Дінтану – діндер туралы ілім болғандықтан діннің шығуы, мәні және дамуы, діни ілімдер, ғибадаттар,діни мейрамдар, және олардың ерекшелігі туралы кешенді білім. Сондықтан дінтануды оқытуды негізгі ұстаным діндер туралы толыққанды ғылыми негізделген тұжырымдар мен әлемдік дінтану саласындағы жетістіктермен нәтижелер баяндалуы тиіс. Яғни пәнді қарастыруда нақты-тарихилық және обьективтілік басты өлшем. Оқытушының діни нанымы мен дүниетанымдық ұстанымы негізге алынбауы тиіс. Дінтану пәнінің ұстаздары кәсіби білікті педагогтар болу керек. Дінтану пәнін оқыту мен тәрбие үдерісінде қолданудың әдістемелік ыңғайларын толық игеру үшін дінтану пәнін жүргізетін ұстаздар діни және дінтанулық білімін көтеру қажет. Дінтану саласы бойынша маман ұстаздардың жетіспеушілігі алғашқы жылдары білім беру жүйесінде біраз мәселелер тудыруы мүмкін, сондықтан дінтану пәнінің ұстаздарының кәсіби және мәдени дайындық деңгейін көтеру үшін ел аймақтарда арнайы кәсіби біліктілікті көтеруші курстар ұйымдастыру керек. Кәсіби дінтанушыларды дайындауда ең маңызды мәселе әлемдік діндердің тарихы және діндер теориясы бойынша терең білім қалыптастыратын және дінтану пәнін оқытудың әдістемесін бүгінгі білім беру жүйесінің заманауи жетістіктерін тиімді қолданатын оқу бағдарламаларын жасау қажет. Дінтану пәнінің ұстазы қазіргі ғылым мен діндер негіздері жөніндегі терең білімін үйлесімді үйлестіре білетін білікті маман болуы қажет. Осыған байланысты дінтанушы мамандарды дайындауда төмендегідей мәселелерге көңіл аудару қажет:дінтану пәнің оқытуда зайырлылық қағидатын әдістемелік негіз ретінде ұстану; әлемдік және дәстүрлі діндер туралы мәдениеттанулық, тарихи, философиялық білімдердің болашақ тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыда қалыптасуындағы рөлін ұғыну; білім беру мазмұнындағы дінтану пәнінің мақсаты мен міндеттерін және дінтанудың негізі теориялық әдістерін білу; дінтану пәні мен діни құндылықтарды оқытуды білім беру және тәрбие берумен ұштастыра білу; дінтану пәнін оқытуды инновациялық технологиялар негізінде іске асыру; ұстаздардың дінтану пәнін ғылымитеориялық, мәдениеттанулық, педагогикалық негізде қарастырудағы педагогикалық шеберлігін көтеру жүйесін айқындау қажет. Сондықтан ұстаздардың білімі мен әдістемелікСондықтан ұстаздардың білімі мен әдістемелік деңгейін көтеру үшін қалалық, аудандық, аймақтық әдістемелік кеңестер, орталықтар, бірлестіктердің жұмысы маңызды болып табылады. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде ,нашақорлыққа, маскүнемдікке, шылым қорлыққа, әдепсіздікке қарсы тұратын жолдар мен тәсілдерді іздеуде діндердің рухани құндылықтарына (имандылық, діни төзімділік, отан сүйгіштік, мейірімділік, бейбітшілік мәдениеті және т.б.) назар аудару керек. Саламатты өмір салтын ұстану және діни фанатизм мен соқыр еліктеушілікке,әсіре діншілдікке қарсы тұратын қалқан болатын діни мәдениет пен діни сана қалыптастыру үшін дінтану зайырлы тұрғыда берілуі керек. Елімізде ұлтаралық келісім, діни төзімділік мәдениеті мен өзара құрмет қағидаты орныққан мұны сабақтастықпен жас ұрпақтың сасына сіңіре білу керек . Дін адамның рух ани әлеміне тыныштық беріп, адамның абыройы мен ар-намысын үйретеді. Әрбір адамның жан-дүниесіндегі келісім мен ішкі мәдениет бұл адамаралық қарымс- қатынастағы түсіністіктің шарты. Әрбір адам парасатты және рухани дүниесі бай, көзқарасы кең,рухы мықты болғанда ғана зұлымдық пен зорлыққа қарсы тұра алады. Сол себептен адам жанын тәрбиелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру үшін әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани құндылықтарын тиімді қолдану маңызды болып саналады. Бүгінгі күнде еліміз үшін бейбітшілік пен келісімді сақтау маңызды. Сондықтан да жас жеткіншектер Қазақстанда тұратын ұлыстардың дәстүрін, мәдениетін, діни сенімі туралы хабардар болу керек. Бүгінгі күнде еліміз үшін бейбітшілік пен келісімді сақтау маңызды. Сондықтан да жас жеткіншектер Қазақстанда тұратын ұлыстардың дәстүрін, мәдениетін, діни сенімі туралы хабардар болу керек. Өйткені, дін кез-келген халықтың ұлттық сана-сезімі мен мәдениетінің ерекшелігін ашатын фактор. Дінтану пәні жеткіншектерді отансүйгіштік,адамгершілік, төзімділік рухында тәрбиелеп, әлемдік діндердің құндылықтарына оң көзқарас қалыптастыруы тиіс. Дінтану пәні ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне және жауапкершілікеке, отансүйгіштікке, мәдениеттер үнқатысуына, ұлыстардың ерекшелігін түсіну мен сыйлауға, өзге діндегілерге құрметпен қарауға, діндердің құндылықтық негіздерін үйретуі тиіс. Еліміздің білім беру жүйесінде дінтану пәнін оқыту енді ғана басталғандықтан, бұл білім беру жүйесі үшін өте өзекті болып табылады. Кеңестік атеистік кезеңде және одан кейінгі жылдары дінді оқыту білім беру саласынан алып тасталған еді. Ал қазіргі кезде дінтану пәні оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің қайнар көздерінің бірі болып отыр. Дінтану пәні діндер тарихы мен теориясы, сондай-ақ мәдени адамгершілік, дүниетанымдық, этномәдени, әлеуметтік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастықпен беруші және адамның өзіне, қоршаған ортасына қатынасын қалыптастырушы, кешенді пән ретінде оқушыларды гуманизмге, руханилыққа, зайырлылық пен отансүйгіштікке тәрбиелейді. Дінтану пәнін оқытуда еліміздің Ата Заңының баптары және ар-ождан бостандығы сақталуы тиіс. Дінтануды оқытуда діннің рухани мәдениеттің дамуы аясындағы орны, мәдениеттің феномені ретіндегі діннің ерекшелігін, діни мәдениет ұғымын ашу және ұлттық руханияттағы діннің рөлін көрсетуде маңызды.Құдай сипаттары,ажал мен ажалсыздық, о дүние мен бұл дүние,жұмақ пен тозақ, жан мен тән арақатынасы, адам болмысы мен тіршілік сынды дүниетанымдық және теологиялық мәселелерді талдау дінтану пәнінің оқытатын ұстаздар үшін философиялық ойлау мәдениеттің тереңдігін талап етеді. Дінтану пәнінде оқушылар адамзат мәдениетінде жинақталған адам,қоғам,әлем жөніндегі діни және діни емес дүниетанымның ерекшелігі туралы хабардар болуы тиіс. Зайырлы мәдениет және діни мәдениет ерекшелігін және жалпы адамзаттық құндылықтардың артықтығын, яғни діни және діни емес дүниетаным түсініктерінің біріктіруші және сұхбаттастық негіздерін төзімділікпен түсіндіру. Дінтануды оқыту мазмұны мен әдістемесі зайырлылық пен төзімділік қағидаттары, ар-ождан, діни сенім бостандығы және ой-еркіндігі сынды еліміздің және халықаралық құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс. Дінтану пәнін оқытуда әлемдік және дәстүрлі діндердің адамзатқа ортақ құндылықтары мен мұраттарын оқушылардың дүниетанымына сіңіру ұстазға зор жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы сабақ беру процесінде шетелдік және отандық оқулықтармен әдебиеттерді пайдалану барысында көп ізденуі қажет. Әдебиеттерді қолданудӘдебиеттерді қолдануда еліміздегі қалыптасқан діни жағдайды, шетелдік жат діни ағымдардың теріс ықпал әсерін,экстремистік пиғылдағы діни топтардың зиянды ұстанымдарын әшкерелейтін баспасөз материалдарын,тиым салынған әдебиеттерді және діни басқарманың пәтуаларын сабақ барысында үнемі назарға алынуы керек. Дінтану пәнің оқыту процесінде Қазақстандағы діндердің тарихы мен діни іліміне, ғибадаттық ерекшеліктері мен діни мейрамдарына ерекше тоқтала кеткен жөн. Қазақстандағы сүнниттік ислам және христиандық православиялық бағыттың елімізге келуі мен таралуын жан-жақты қарастыру бұл ислам мен христиандықтың еліміздегі дінаралық татулық пен келісімдегі атқаратын қызметін ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.. Дәстүрлі ұлттық діндердің қоғам өміріндеДәстүрлі ұлттық діндердің қоғам өмірінде және ұлттардың рухани мәдениеті мен дүниетанымдық ұстанымдарындағы алатын орнын саралау қажет. Еліміздегі мұсылман халықтарының басым бөлігі ұстанатын Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктерін жас жеткіншектерге үйрету халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымақты өмірінің шарты десек, діни ұстанымдағы татулық пен көзқарастың бірдейлігі рухани тұтастықты нығайта түседі. Оқушылар ислам өркениеті мен мәдениетінің інжу-маржандары мен құңдылықтарын ақылпарасат пен білім-негізінде түсінуі қажет. Басқа діндегі отандастарымызға құрметпен және түсіністікпен қарайтын, отанын, мәдениетін, тарихын сүйетін рухани жан дүниесі бай, иманжүзді, әдепті, білімді де білікті жас ұрпақты тәрбилеу басты мұратымыз. Сондай-ақ жастарымызға қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен дәстүріндегі діни салт жораларды ,тиымдарды дінтану пәнін оқытуда тиімді және үйлесімді қолдана білген жөн. Жаңа жас буынның дүниетанымын қалыптастыру мен тәрбиелеуде ұлттық дәстүріміздегі адамгершілік пен ар-ұят ұстанымдарын бүгінгі заман талаптарына сай тиімді түрде қолдана алсақ бұл ұлтжанды және иман жүзді ұрпақ қалыптастырудың негізі болады. Дінтану пәнін оқыту үдерісінде ұлттық және адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтарды және тарих сынынан өөткен рухани қағидалар мен мәдени мұраларды болашақ тұлғаның болмысы мен дүниетанымына сіңіре беруіміз қажет. Дінтану пәнін оқытатын мұғалімдер ең алдымен өздерінің әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер, әсіресе ислам туралы жеткілікті білімі мен білігі, болуы қажет. Дінтану пәніне жақын философия мәдениеттану, сынды ғылымдардан хабары болуы керек. Дінтану пәнінің ұстазының бітім-болмысы мен мәдениеті, үлгілі өмірлік ұстанымымен ерекшеленіп, діни-философиялық мәселелер төңірегінде пікірталас жүргізе алатындай деңгейде болуы дінтану пәнінің қызықты және тағылымды болуына оң ықпалын тигізеді. Дінтану пәнің оқып-үйрену арқасында жас ұрпақ, діннің адамзат өркениеті мен ұлт-ұлыстардың мәдениетіндегі орнын, рухани құндылықтардың тәлім-тәрбиелік маңызын, діни төзімділік пен ұлтаралыққарым-қатынас мәдениетін, әртүрлі лаңкестік және экстремистік, зиянды ағымдарды білетін болады. Дінтану пәнін оқыту ең алдымен еліміздегі дінаралық келісім мен ұлтаралық татулыққа, еліміздің гүлденуі жолына қызмет етуі керек. Білім беру жүйесінде дінтану пәні қоғамда және әлемде басып жатқан үрдістерді теориялық ұғынумен байланысты туындайтын білімдерге деген жас ұрпақтың сұранысын талап-тілегін қанағаттандыруға бағытталуы керек. Дінтану пәні адам үшін маңызды мәнге ие дүниенің мен ғалам құрылым, ажал мен ажалсыздық, өмірдің мәні, құңдылықтар жүйесі, адам болмыс, махаббат, руханиет шектілік пен шексіздік жан мен тән арақатынасы, туралы өмір мәнді сұрақтарға жауап іздейді. Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндердің пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, діни ілімі мен ғибадаттық негіздерін, адамзат өркениеті мен діни мәдениет аясында ұғынықты негізде түсіндірілуі тиіс. Оқушылар діндердің тарихы мен ілімін терең түсінумен қатар, діндердің рухани құңдылықтарын салыстыра талдауға үйренуі тиіс. Қазіргі заманғы оқыту әдістемесі дінтанупәнінің практикалық маңызын ашумен қатар, интеллектуальды тұрғыдан тағылымды, оқып-зертеу үшін қызықты, жас ұрпаққа берері мол пәнге айналдыруы қажет. Әрбір дінтанушы қоғамдық ғылымдардың озық жетістіктерін пайдалана отырып, оқытудың өзіндік тиімді әдістерін табуы керек. Өйткені алғашқыда дінтану пәнін оқытудағы қиындықтар түрлі оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарының жетіспеушілігінен, оқытудың белсенді формаларын дайындаудағы кемшіліктерден туындайды. Ұстаз сабақ беру әлемдік және ұлттық діни сенімдердің ерекшеліктерімен ортақ, үндес негіздерін түсіндіруге, діндердің адамзат руханиятына қосқан үлесін, бүгінгі таңдағы діни бағыттардың ұстанымдарын талдап бағалауға көңіл аудару керек. Оқушыларды діни әдебиеттерді оқып-түсіну мәдениетіне үйрету үшін ҚұранКәрім, Інжіл,Тәурат бойынша қысқа үзінділерді үй тапсырмасы ретінде беру арқылы адамзатқа ортақ руханият құндылықтарын нақты дәлелдеуге болады. Қасиетті кітаптардың құрылымы мен мазмұнын, негізгі идеяларын түсіндіру үшін ортақ ұғымдар мен мәселелерді қарастыру керек. Алайда оқушылар үшін күрделі және ауқымды діни мәселелер мен ұғымдарды, діни-философиялық ағымдардың ұстанымдарын түсіндіруде белгілі бір шекті ұстанған жөн. Өйткені оқушылардың діни мәтіндер мен діни-философиялық ағымдар және теологиялық қағидаттар туралы түсініктері толық қалыптаспағандықтан, дінтану пәні-жалпы адамзатқа ортақ рухани құндылықтарды оқытатын болғандықтан оқушылардың рухани білімін және дінге қатысты түсінігін және өмір мәнді сұрақтарға жауап беретін ойлау мәдениетіне үйрету керек. Елімізде қалыптасқан діни жағдайды ескерсек, ұрпақты өзінің ата-бабасының құндылықтары негізінде тәрбиелеу, плюрализм мен түрлі діни сенімдерді уағыздаған миссионерлік және жат- ағымдар жағдайында өзіндік дүниетаным қалыптастыру және өз ой-пікіріңді айқындау,күмәнді ағымдарға сыни көзқарасты орнықтыру, адамзатқа ортақ құндылықтар мен ұлттық мәдени құндылықтарды ардақтауды жас ұрпаққа қалай үйретеміз. Бұл міндеттерді шешу оқушылар үшін дінтану пәнінің барынша өзекті де тиімді концепциясдайындау мен қатар,қазіргі заманғы талаптарға сай әдістемелік және шығармашылық ізденіске негізделген жаңа оқыту әдістемесін жасау жолдарын іздеуге жетелейді. Дінтану оқыту әдістемесі тұлғаның рухани болмысын жетілдіруге және мәдениетін қалыптастыруға, руханият жетістіктерін жан-жақты түсінуге, діни ілімдерді зерделеп, талдауға үйретумен қатар,жат діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, басқаның мәдениетіне түсіністікпен қарауға, кешірімділік,діни толеранттылық дін аралық келісім ұстанымдарын сыйлауға тәрбиелеуі тиіс. Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жаупакершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл-парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным- сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп,зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын. Зайырлы мемлекетте дінтану пәні білім беруді гуманитаризациялауға, яғни, гуманитарлық пәндердің беделін көтеруге және білім беруді ізгілендіруге көмектеседі. Дінтану пәнін оқыту үдерісі жастардың бойына зайырлылық пен зиялылық, имандылық, салауаттылық, ұлттық дәстүр мен руханилық нәрін егіп, оларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ардақтауға үйрететіп,ұлтаралық және конфессияаралық қатынас мәдениетіне,діни әдебиеттермен жұмыс жасау мәдениетіне,діни құндылықтарды таныпбілуге,дүниетанымдық сұхбаттастық пен төзімділікке,діни ғимараттарда әдепті болуға үйретіп және діни экстремизм мен фанатизмге, лаңкестікке қарсы тұратын иммунитет қалыптастыруы тиіс. Түйін сөзер: зайырлылық, төзімділік, діндарлық, дінтану, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, әдістеме, келісім мәдениеті

Қызылорда қаласы

Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ мектеп- лицейінің тарих, дінтану пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі

Наврузова Ажар Бисенбаевна





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ