Материалдар / Заман талабына сай химия пәнін меңгеру ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Заман талабына сай химия пәнін меңгеру ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға химия қызықты етіп үйрету
Авторы:
21 Желтоқсан 2023
136
15 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заман талабына сай химия пәнін меңгеру ерекшеліктері

Алимбаева Мафтуна-Ақсукент көп салалы колледжі

21-ғасыр ғылым мен техника заманы. Жаңа идеялар, креативті ойлар тудырып отырған жаңа заман, жаңа ғасырда ескіше ән айтып отыруға орын жоқ. Сөзімді өктемдеп бастауымның мәнісі жаһандану процесінде той тойлап, кредитке батып жүрген қайран қазақ дамыған алпауыт елдердің құрбаны болып кетпесін деймін. Елімізде ғылым саласы соңғы жылдары сәл ілгерілеп қалды. Бірақ жаңашыл болып, заман талабына сай өркениеттен қалмау үшін жұртымыздың әр азаматы өзінше үн қосса біз кенжелеп қалмаймыз деп ойлаймын. Мақаламның тақырыбын «Заман талабына сай химия пәнін меңгеру ерекшеліктері» деп алуымның да мәні осында жатыр.

Есімізде болса, мектеп қабырғасында химия пәнін таңдаушылар аз болар еді. «Химия ми ашу, оны түсінбейміз» деген сияқты жалаң сөздер ел аузынан да табылып жатты. Мұның бәрі неден деп ойлайсыз? Осы сұрақтардың жауабын тауып, химияны қызықты да, есте қаларлық және болашақта қазақ ғылымын дамытарлық жұмыстар жасаймын деп осы салаға келдім. Енді ойлап көрейік. Бұрынғы дәстүрлі оқыту технологиясы жүріп жатқан педагогикада оқушылар химияны меңгеруді түсінбесе, қаламаса ал қазіргі гиперактивті, ерекше, тез ойлайтын болып туған балалардың химия пәніне деген қызығушылығын қалай оятамыз? Оларды химияға қалай алып келеміз? Осы тақырыпта ойымды оқырманғажеткізіп, өз тәжірибеммен бөліскім келді.

Тақырыбымның мақсаты мен өзектілігі: заман талабына сай химия пәнін меңгеру: инновациялық технологияларды пайдалану, әр түрлі ерекше әдістерді қолдана отырып білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі таңда химиясыз адамзаттың өмір сүруін елестету мүмкін еместігін ескере отырып, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталу.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз беннемерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы –жастар. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай көпқырлы білім мен тәрбие құрылымды мазмұнды анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болды. Сонымен қатар, қай мемлекетті атар болсақ, негізгі тірегі-білікті, білімді, іскер, белсенді адамдар екенін көреміз. Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекеті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуына тікелей байланысты. Қазіргі уақыт ұстаздан жаңа тәсілдерді қолдануды, шығармашылықпен,ізденіспен жұмыс істеуді талап етеді. Әрбір мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларға тереңде тиянақты білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру. Оқыту үрдiсiндеинновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану мұғалім мен оқушы қарым -қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс - әрекеттерiнiң мазмұнын,құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім –оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы -компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесіндекомпьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп,жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдыңталаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген

жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесініңерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері

жатады.

Химия – ғылымы қиын да, күрделі ғылымдардың бірі, оны оқушыларға оңайлатып меңгерте білумұғалімнің шеберлігіне байланысты. Химия пәнін оқушыларды меңгерту үшін ең алдыменоқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту қажет. Химия – теория мен практикақатар жүретін ғылым саласы, оқушы теорияны меңгерумен қатар оны практикада қолданабілуі жөн. Оқушының химия пәніне қызығушылығын тудырудың бірден бір жолы –химияның тәжирібелері. Химиялық тәжірибені оқушылар өз көзімен көріп, жасаған кезде пәнге деген белсендігі артады. Сондықтан мен сабақтарды практикамен ұштастырыпотырамын. Қарапайым, үй жағдайында жасайтын тәжірибені жасаса, оқушылар белсендіжұмыс жасайды. «Химия – қиын, ашиды миың» деген ұғымнан арылады. Дегенмен де ауылдық мектептегі химия зертханасы мен қалалық мектептегі зертханамен салыстыруғакелмейді. Рас, қазір барлық тәжірибелер аудио, видео жолдарымен көрсетіледі. Бұлоқушыға жаттанды, бір сарынды болып көрінуі мүмкін. Сондықтан менің ойымша, білім алу ошақтарында зертханасына реактивтердің берілуі жолға қойылса деймін.Химияны басқа пәндермен де байланыстырып оқытса, бұл да мұғалімнің шеберлігі.Химияда тек есептер, химиялық реакцияларды шешумен ғана шектелмей, халықтықпедагогиканы да қолданса, ол оқушыларды өмірге деген көзқарасын қалыптастырып тәрбиелейді. Химия пәнін өлкетанумен байланыстыру – бұл тиімді тәсілдердің бірі. Оқушыөз ауылында, мектебінде, өлкесіндегі химик ғалымдарды біліп, олардың жұмыстарыментанысып отырса, ол оқушы шығармашылығын шыңдап, оның болашақта химик ғалымболып қалыптасуына зор ықпал ететіні сөзсіз.Химияның қазіргі сабағы дамытылған сабақ болуы тиіс. Ол оқытудың дамытылғантипіне сәйкес келеді. Мұғалім сабақты қалай құрса, соған сәйкес әдістер мен оқытутәсілдерін іріктеп алады, ол біріншіден, оқытудың мазмұны мен мақсатына сәйкес келеді, екіншіден, танымдық белсенділікті дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ойлауын,есте сақтауын, зерттеу қабілетін дамытады. Барлық жағдайда да қазіргі сабаққапроблемалық, тапқырлық мүмкіндіктер тудыру көзделеді. Оқушы сапасына білімді жүйелітүрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда Қазақстан Республикасымен Кембридж Университетінің бірлесіп әзірлеген методикасы маңызды рөл атқарады.Ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану ол – заман талабы. Заттардыңқұрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңазаттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу – мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттарәлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып,оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс.Осыған байланысты күнделікті сабақта:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық

оқулықтарды);

- зертханалық тәжірибелер;

- компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

- анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

- интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойыптыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.


Заман талабына сай химия пәніне деген қызығушылықты арттыру мен меңгерудің ерекшеліктеріне тоқталсақ.

1.Сабақтың мазмұнына сай бүгінгі таңдағы проблемаларды көтеру.

Әр сабақ барысында тақырыпты міндетті түрде өмірмен, еліміздегі проблемалармен байланыстырып өту керек. Қазақстанда Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі екен. Байлықтың қайнар көзі болып отырған алтын мен мұнайды алайықшы. Бұларды өндіру үшін шет елдік компаниялармен келісіп жұмыс жасап жатырмыз. Алтын, мұнай өңдеу бойынша да өз еліміздің азаматтары жетіспейді. Техникалар жоқ. Химияны мектеп қабырғасында жақсы көріп оқымаған, қызықпаған бала бұл саладағы мамандықтарды таңдай ма? Жоқ!

Кезінде Б.А. Бірімжанов «Біз – химия ғасырының тұрғындарымыз» деген екен. Дөп айтылған сөз. Біздің Қазақстан – өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстырдың енуі және метаформизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді. Сондықтан да Қазақстан химия өнеркәсібін қалайда жандандыруға күш салып, осы салада бренд жинауға барынша әрекет жасаған жөн. Сонда біздің келер ұрпақ алдында жүзіміз жарық, еңсеміз тік болатыны туралы проблемалар тасталу керек. Өйткені химия – мұнай-газ, алтын т.б., ол –экономика, химия – дәрі-дәрмек, ол – денсаулық, химия – атом, атап айтқанда химия – 21-ғасыр. Сол үшін де химиясын дамытқан ел қарыштай түседі. Оның экономикасы зор болады. Елімізде осыншама байлық бола тұра Қазақстан дамушы елдердің тізімінде болуы, шет елдерге белшесінен батып қарыздануы. Көп отбасындағы тұрмыстық жағдайдың төмендігінің сыры да оны дұрыс пайдаланбағандықтан, химия сияқты бүгінгі заман талабына сай ғылым салаларын дамытпағандықтан, кадр тапшылығынан. Бұл проблемаларды шешуге болады. Шешілмейтін түйін болмайды. Оның мәнісін білу қажет. Ынта-жігер керек.


2.Нақты заттарды аудиторияда қолдану. Химиялық заттардың зияны мен пайдасы туралы үйрету.

Орыстың ұлы педагогі Ушинский: «Естігенімді ұмытамын. Көргенімді есте сақтаймын. Өз істегенімді меңгеремін» деген.Химия пәнін оқытуда нақты заттарды пайдала отырып білім алушыларды сол заттарды көзбен көріп, өздері жасап сабақ жүргізу – пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Сондай-ақ химиялық заттардың зияны мен пайдасын айту – борышымыз. Баланың мұны білуі өте маңызды.

Химия – біздің өміріміз, болашағымыз. Бүгінгі таңда химияға қоғамдық тұрмысқа, ауыл шаруашылығына дейін тығыз байланысты болған материал, энергия қайнары, кеңістік пен тіршілік арасындағы байланыс күшеюде. Әр күні қолданып жүрген қарапайым ғана ыдыс жуатын, денеміз бен басымызды, киімдерімізді, үйімізді жуатын заттарсыз өміріңізді елестетіп көріңізші?

Білім алшушыларға осындай қарапайым және өмірімізге ең қажетті деген заттарды мысал келтіре отырып сабақ жүргізу оларды химияға қарай бағыттау болады. Сондай-ақ осы қолданып жатқан химиялық заттардың адам организміне зияны туралы да айтып, балаларды ескерткен жөн деп ойлаймын. Өйткені көптеген онкологиялық аурулардың тууына осындай химиялық заттардың әсері болар екен. Жоғарыдағы ақпаратпен бөлісе отырып, ешқандай зияны жоқ ыдыс жуатын көпірткішті жасауға болатынын айтып, оны сынып ішінде білім алушыларға эксперимент ретінде көрсетіп, қызығушылығын одан ары қарай оятуға болады. Мысалы, ас содасы, тұз, бор, лимон, кір сабынды майдалап үккіштен өткізіп сусабын жасауға болады. Оның үшін, алдымен, кір сабынды үккіштен майдалап өткізіп аламыз. Жақсылап сумен араластырғаннан кейін аппақ көпіршік пайда болады. Оған екі шай қасық сірке суын және бір шай қасық глицин қосып жақсылап араластырамыз. Сосын лимон не апелсин дәмі бар эфир майынан 5 тамшы тамызамыз. Нәтижесінде еш зияны жоқ залалсыз тұрмыстық зат пайда болады.

3.Жаңашыл, шығармашыл болу. Инновациялық технологияларды пайдалану

Бүгінде кез келген пән саласында күнделікті сабақта инновациялық технологияларды пайдалану міндет болып отыр. Мысалы:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық

оқулықтарды);

- зертханалық тәжірибелер;

- компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

- анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

- интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойыптыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде компьютер мен телефонсыз қарапайым ғана өмірімізді, жұмысымызды жүргізу мүмкін емес. Химия пәніне қажет интернет желісінде тақырыпқа байланысты алуан түрлі бейнежазбалар, слаидтар жетерлік. Соның ең керек дегенін сабақта пайдаланған тиімді болады. Мысалы, ютуб арнасында жас алматылық мұғалімнің тақырыптарды ерекше түсіндіргені туралы видеолар бар. Ол әр элементтерге байланысты рэп жазып, мультфильм кейіпкерлерін пайдаланып сабақты түсіндірген. Яғни сабақ өте түсінікті әрі қызықты өту үшін музыканы, ертегі кейіпкерлерін пайдаланып отыр. Әр мұғалім өзінің шығармашылық қабілетіне орай өзі де видео түсіріп сабақта қолданса болады.

Ойымды қорытындылай келе, жаһандану кезінде алпауыт елдерге жем болып жұтылып кетпеу үшін жаңашыл болуымыз қажет. Күн сайын, сағат сайын ғылым мен техника дамып бара жатыр. Қазір арқаға кеңді салып жатар заман емес. Ерінбей еңбек етіп, ғылымның жанартауына кіріп, химияны өсіп келе жатқан әр балаға меңгертуіміз міндет болып отыр. Жай ғана меңгермей, осы салада жаңалық ашатын, қажет деген дүниелерді өз елімізде шығаратын, химиялық процесстерді еркін жүргізетін жастар тудыру керек. Сеніп отырған алтын мен мұнайымыз мәңгі емес. Ол да бітеді бір күні. Сонда не істейміз? Ешқандай қазба байлығы жоқ жапондар қалай бай-қуатты ел болып отыр? Химияны әбден меңгеріп, тізгіндеп алған көрші қытай қалай дамып кетті? Міне, бізге де осы жайлы ойланатын кез келді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2.Портал материалдары

3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!