Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Заманауи байланыстың қажеттілігі мен зияны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мазмұны
І. Кіріспе.
1.1. Адамдардың бір-бірімен хабарласуы туралы алғашқы деректер.
1.2. Телефонның шығу тарихы.
ІІ. Негізгі бөлім .
2.1. Заманауи байланыстың қажеттілігі.
2.2. Қалта телефонының зияны.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Мұжықсу негізгі орта мектебінің 4 сынып оқушысы Адмакин Досжанның «Заманауи байланыстың қажеттілігі мен зияны» атты ғылыми жұмысына жазылған
Пікір.
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Еңбектің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, жаңалығы мен маңыздылығы кіріспеде орынды жазылған және зерттеу жұмысының қолданылу аясы көрсетілген.
Досжанның «Заманауи байланыстың қажеттілігі мен зияны» атты тақырыпқа жазылған ғылыми жұмысы бүгінгі заман талабына сай өзекті болып табылады. Жұмыспен танысу барысында оқушының көп ізденіп, еңбектенгендігін байқауға болады. Досжан – логикалық ойлау, есте сақтау қабілеті жоғары дамыған дарынды жеке тұлға. Жұмысынан өзі ізденіп, тарихы телефонның шығу тарихына шолу жасап, бүгінгі күнгі қоғамдағы орынына тоқталып кеткен. Өз мектебінде сауалнама жүргізіп, тәжірибе жасап, қорытынды жасай білген.
Оқушы ізденіс барысында көптеген қосымша деректер пайдаланған, үнемі кітапханамен байланыс жасап, газет-журналдардан қызықты мәлімметтер алып, энциклопедиялармен жұмыс жасаған. Заманауи технологияларын да ұтымды пайдаланып, ғаламтордан да көптеген мағлұматтар алғандығы байқалады. Әлемдік ғалымдардың пікірлерін де назардан тыс қалдырмаған. Оқушының өзіндік ізденістерінен, пікір, дәлелдемелерінен тақырыпты ашуынан алдына қойған мақсатына жеткендігі аңғарылады. Жұмыс соңында ұсыныстар берген.
Автордың тілі жатық, өз ойын сауатты түрде жаза біледі. Жұмыстың ғылыми деңгейі жоғары, практикалық маңызы жоғары.
Әсіресе, ұялы телефонның адам ағзасына келтірер зияны кең түрде айтылған. Зерттеу жұмысының нәтижесі бүкіл халыққа ұялы телефонды қолданар алдында оның зияндылығы туралы хабардар болуына мүмкіндік береді. Жұмыста жарияланған әдебиеттер мен мақалалардағы деректермен қатар зерттеушінің өзі жиған материалдары баяндалады. Досжанның ғылыми жұмысымен танысып, оқушының жас ерекшелігін ескеріп жұмысына «өте жақсы» деген баға беремін.
Ғылыми жетекші:
Ахмадиева Қ Б.Бастауыш сынып мұғалімі
Мұжықсу негізгі орта мектебінің 4 сынып оқушысы
Адмакин Досжанның «Заманауи байланыстың қажеттілігі мен зияны»
атты ғылыми жұмысына жазылған
Аннотация
Қазіргі заман талабына сай байланыстың түрлері де күннен күнге дамып келе жатыр. Осы орайда «Заманауи байланыстың қажеттілігі мен зияны» тақырыбына қызығушылық танытып зерттеу жүргізген Адмакин Досжанның бұл ғылыми жобасының мазмұны өзекті. Жұмыс барысында әр түрлі ғылыми көпшілік журналдарға, статистикалық мәліметтерге сүйене оттырып,телефонның пайдасы мен зиянын зерттеді. Ол өзі таңдап алған тақырыпта телефон туралы көпшілік біле бермейтін «құпияларын» өзінше дәлелдемек болған. Ол телефонның шығу тарихынан бастап қазіргі ұялы телефондар туралы әдебиеттерден мәліметтерді оқып, тақырыпқа сәйкес деректер жинақтаған. Осы тақырыпта зерттеу жасаған әлемдік ғалымдардың пікірлерін де назардан тыс қалдырмаған. Өзі оқитын мектепте сауалнама жүргізіп, көпшіліктің ойын да ортаға салған. Ұялы телефонның адамға қажетті қызметтерді атқару мүмкіндігі бар екендігін айта отырып, оның адам денсаулығына зияндылығын жан-жақты дәлелдеп көрсеткен. Зерттеу барысы төмендегідей бөлімдерге бөлінген:
Кіріспе: Алғашқы хабар алудың пайда болуы, телефонның шығу тарихы.
Зереттеу обьектісі: Заманауи байланыстың қажеттілігі және оның зияндылық мөлшері. Қорытынды, ұсыныстар жасау.
Жұмыста жарияланған әдебиеттер мен мақалалардағы деректермен қатар зерттеушінің өзі жиған материалдары баяндалады.
Автордың тілі жатық, өз ойын сауатты түрде жаза біледі. Жұмыстың ғылыми деңгейі жоғары, практикалық маңызы жоғары.
Досжанның таңдаған тақырыбы бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты, тілі түсінікті, пайдалы ақпарат болып табылады. Оқушылар телефонды неше жастан бастап қолдануға болатыны, оның денсаулық үшін зияны туралы, қалай пайлалану керектігі туралы тәлім - тәрбие алады. Бұл тақырыпты ана тілі сабағына, тәрбие сабағында қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Досжанның ғылыми жұмысымен танысып, оқушының жас ерекшелігін ескеріп жұмысына «өте жақсы» деген баға беремін.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
б.ғ.к., доцент Ж.Т. Игисинова
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
«Мұжықсу» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Авторы: Адмакин Досжан
Сынып: 4
Тақырыбы: Заманауи байланыстың қажеттілігі мен зияны
Бағыты: Экология. Бірінші кезекте – адам денсаулығы: «Елбасының жолдауын іске асырудың негізі»
Жетекші: Ахмадиева Кымбат Бахытбековна
Бастауыш сынып мұғалімі.
Көкжыра ауылы
2018 жыл
І. Кіріспе.
Жобаның тақырыбы: «Заманауи байланыстың қажеттілігі мен зияны»
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманымызда техниканың дамыған кезінде, заманауи байланыстың қажеттігі мен оның адам ағзасына тигізер зиянын зерттеу өзекті болып табылады Ғылыми жұмыстың мақсаты: Телефонның адам өміріндегі пайдасы мен денсаулыққа тигізер зиянын ашып көрсету. Жұмыстың міндеттері: 1.Ұялы телефон туралы қызықты мәлімет беру.
2. Ұялы телефонның денсаулыққа қаншалықты зиянды екенін анықтау. (сауалнама, ғылыми деректер)
3. Өзіндік ой қорыту, ұсыныс беру.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Зерттеу жұмысының нәтижесі бүкіл халыққа ұялы телефондарды қолданар алдында зиянынан хабардар болып, адам ағзасына тигізер кері әсерін , зиянын түсіндіруге мүмкіндік береді. Зерттеудің дереккөздері: Ғылыми,әдеби оқулықтар, энциклопедиялар, интернет көздері,көненің көзі мен сөзі. Зерттеудің практикалық құндылығы: Телефон, телефон желілері туралы білімдерін толықтыру, денсаулықтарын нығайту.
Зерттеу нысаны: Телефонның құрылымының ерекшелігі және адам ағзасына зияндылық мөлшері. Зерттеу әдісі: Іздену, ғалымдардың дәлелдемелерінен мысал келтіру,салыстыру.
Жобаның мазмұны: 1.Алғашқы хабар алудың түрлері. 2.Телефонның шығу тарихы. 3. Заманауи байланыстың қажеттігі. Қалта телефонының зияны. 4. Қорытынды.
Ғылыми жұмыстың бағыттары:
1.Заманауи байланыс қаншалықты қажетті. 2.Телефон адам денсаулығына қаншалықты қауіпті және оқушының ойлау қабілетіне, сабақ үлгеріміне тигізер зияны бар ма? 3. «Мұжықсу»мектебіндегі ұялы телефонға көзқарас қандай?
4..Телефонның кішкентай сәбиге қауіптілігі. 5.Ұялы телефонның жол жүру ережесіне және көлікті басқару кезіндегі зияндылығы. 6. Дүние жүзі ғалымдарының пікірі. 7. Достарыма айтар ұсынысым.
Мен озім оқып жүрген мектеп оқушыларынан телефон туралы, жалпы зияны туралы біле ме екен деп 4 сыныптан, 9 сынып оқушыларынан сауалнама алдым.
Сауалнама сұрақтары
1. Ұялы телефоннан шығатын сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба? а/ Иә. ә/ Жоқ. б/ Білмеймін
2. Сіз ұялы телефон таңдағанда төмендегі көрсетілген қасиеттердің қайсысы маңызды деп есептейсіз? а/ Құны ә/ Төзімділігі б/ Қызмет түрлері. в/ Өндіруші танымалдығы.
3. Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз? а/ Сөйлесуді ә/ SMS, ватсап арқылы байланысуды б/ бейнебет арқылы
4. Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз? а/ 10-45 сек ә/ 5-10 минут б/ 15 минуттан артық
5. Үйде болсаңыз қай телефонды қолдануға тырысасыз? а/ Үй телефонын ә/ Ұялы телефонды
І.1. Алғашқы хабар алысу түрлері қандай еді?
Біз өзіміз кішкене болсақта, ойымыз үлкен. Айналамызда болып жатқан құбылыстардың сыры бізді қызықтырады. Заман ағымына қарай техниканың дамыған кезінде техниканың жетістігі алуан түрлі өте көп.Осы техника жетістігінің ерекше дамуының бір мысалы, қазіргі таңда әр адамның қалтасында жүрген ұялы телефон. «Айшылық алыс жерлерден көзді ашып – жұмғанша жылдам хабар алғызды» деп Ыбырай атамыз айтқандай телефонның шығу тарихы туралы,бүгінгі таңдағы қажеттілігі және денсаулыққа тигізер зияндылық мөлшері туралы деректер жинақтап, нәтижесін сіздерге ұсынбақпын. Бұрынғы заманда ешқандай техниканың жоқ кезінде де адамдар бір- бірімен хабарласа білген екен.
Алдымен сіздерге адамдар бұрын бір- бірімен қалай хабарласқаны туралы айтып берейін: ( Алғашқы хабарласу түрінің қайсысы бар слайдтан көрсету) 1.Жерге құлағын төсеу арқылы алыстағы келе жатқан түйе керуенін немесе жау әскерінің дыбысын естіп білген екен. 2. Мұхит , теңіздерде жүрген саяхатшылар , теңіз қарақшылары құмыраға (бөтелкеге) хат жазып салып, құмыраны суға жіберу арқылы хабарласқан. 3.Бұрынғы кездегі кейбір тайпалар алау (от) жағып бір- біріне хабар берген. 4.Кептерлердің аяғына хат байлап жіберу арқылы да хабарласқан.
5.Дауылпаз (барабан) соғу арқылы хабар берген. 6.Жаушылық кезеңдерде ту көтеріп хабар берген. 7.Атпен шауып келіп хабар берген. 8. Бертін келе 18-19-ншы ғасырларда хат, ашық хат жазу, жедел хат жазу жолдау кең қолданылды. Міне,көрдіңіздерме, бұрынғы өткен ғасырларда да ешқандай ұялы телефонсыз бір- бірімен хабарласа білген екен.
І. 2. Телефонның шығу тарихы .
( Алғашқы телефонның пайда болуы ,ойлап тапқан адамдар туралы және алғашқы телефон түрлері , ұялы телефон туралы слайд көрсетіледі)
1876 жылы алғашқы телефон нұсқасын жасаған Александр Грэм Белл.
А. Грэхем Белл (1847 -1922) Бостан қаласында саңыраулар мектебінде жұмыс істеген.Кейін Бостандағы университетте қызмет жасаған.Ол алыстан сөйлесу құралын ойлап тапқан.(слайд) Кейбіріміз телефонды ойлап тапқан адамдарды, ғалымдарды, шығу тарихы жайлы білмей жатамыз.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1.Заманауи байланыстың қажеттілігі.
Осыдан 30-40 жыл бұрын біреумен хабарласу үшін телефон орталықтарына барып , қаншама уақыттарын зая етіп отырған екен. Ал қазір ондай қиыншылықтың бәрі артта қалды.Тіпті көпшілік үй телефонды, таксофондарды,телефон бутиктарын ұмыта бастады.
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі.Рас,оның ішінде не керектігінің бәрі бар.Мәселен: сағат, күнтізбе есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, өлең тыңдау,неше түрлі ойын ойнау, хат жолдау және ватсап, инстограмм, ғаламтор, бейнебет арқылы сөйлесу тағы басқасы.Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз.Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ , осының көмегімен тауып аласыз. Кез-келген жерде телефонмен қажет болса көмекке шақыру, қуанышты хабарды есту, білмей тұрған сұрақты шешу,тіпті қуанышпен қатар жүретін қайғыны да естіп жатамыз. Интернетке кіріп әлемді де шарлап кетеміз.ҚАЛТА ТЕЛЕФОННЫҢ ЕЛІКТІРГІШ ТҰСЫ- ВАТСАП, ИНСТАГРАМ. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені ватсапта бір-біріңмен сөйлесіп,хат жазысып, инстаграмда дүние жүзінің барлық адамын көруге болады. Қазіргі кезде барлық мектептер «Күнделік KZ»ке кіріп, үй тапсырмаларын жазып, оқушылардың бағаларын да қойып отырады. Ата-аналар да, оқушылар да «Күнделік KZ»ке кіріп, үй тапсырмаларын , бағаларын көруге болатынын білеміз. Жалпы, ұялы телефонға қызығушы топ- балалар мен жастар. Тұтынушы назары үшін барын салатын ұялы байланыс операторлары балаларды баурау үшін түрлі ойындарды, жаңа қызметтерді ұсынады. Қызықты айта кететін мәселе осы ұялы телефон арқылы машинаның есігін ашуға болады екен.
Ұялы телефон туралы сөз тіпті сонау 1888 жылы пайда болған екен. Ал Америкада ұялы телефон туралы пікір1901жылы, .Ресейде 1912 жылы пайда болды. Ал қолданысқа енгізу туралы алғашқы ой 1946 жылы айтылды.Алғашқы «Моторолла»деген ұялы телефон 1983 жылы 6 наурызда сатылуға шықты.
1983 жылы 1 млн, 1990 жылы 11 млн, 1995 жылы дүние жүзі бойынша 90 млн, 2003жылы 1, 29 млрд, 2007 жылы 2, 15 млрд тұтынушы болған.Ал Қазақстанда ең алғаш «Алтын» деген желі бойынша 1993 жылы қолданысқа кіре бастады.Қазақстанда 17 млн адам тұрса , 25 млн абонент бар екен. Сонда кейбір адам 2,3 ұялы телефон ұстайды деген сөз. ТМД елдері ішінде желі бағасы ең қымбат бізде екен.Бізбен салыстырғанда Ресейде 3 есе, Өзбекстанда 5 есе, Беларуссияда 4 есе арзан және сапасы жақсы . Қазір Актив, Кисель, Теле-2, Беллайн т.б желілер жұмыс жасайды. Статистика бойынша 1 адам 1 айда 100 минут сөйлеседі екен.(слайд)
Адам баласы ұялы телефонға үйір болып алғаны соншалықты, егер телефон шығарушы компаниялар телефон шығаруды және тұтынуды тоқтатса,халықта жер бетінде тіршілігін тоқтатқандай болар еді. Бір кезде жер бетінен жойылып кеткен динозаврлар сияқты. Міне, осыдан біз заманауи байланыстың өте қажет екенін көреміз. Мен енді телефонның зиянды жақтарына тоқталайын! 2.1.Қалтада жүрген қауіп. Қалта телефоны адам денсаулығына, ойлау қабілетіне, сабаққа тигізер зияны қаншалықты қауіпті? (1 слайд) Осы ой мені мазалай берді. Үнемі телефонды қасынан тастамай тіпті ұйқыға кеткенде де басына жастап жататын балаларға, жастарға қарап ойланушы едім.Осы, телефонның адамға қаншалықты пайдасы мен зияны бар екен?- деп осы сұраққа жауап іздей бастадым. Сол себептен оның зияндығына жан-жақты көз жеткізе ашып, білгім келді. Қаншалықты зиян екенін достарыма айтып көздерін жеткізсем деген оймен әжемнен, анамнан телефон жайлы мәліметтер сұрастырып, бірге іздестіріп, газет-журналдардан қарап, мектепте кітапханадан, ғаламтор желісінен қарастырып, ұстазыммен ой бөлісіп, мәлімет жинастырып, телефон сататын дүкендерге барып, құрылысымен, сапасымен, бағасымен танысып, өмірдегі түрлі оқиғалар арқылы телефонның зияндылық мөлшеріне көзім жеткендей болды . Адамның басты байлығы- денсаулық десек, оны пайдаланушы адамдар адам ағзасына тигізетін радиация бар екенін ескере бермейді. Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі үшін ойлап тапқан ғой.Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы.Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған.Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны «Ақпарат Құмарлығы» деп атады.Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта телефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді,кейде сондағы әуенге елітіп , ұйқылы – ояу , маужырап отырады. Ал, сергек отырғандарының өзі бір-біріне «хат» жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді.Бұл тірлік, үйге келген соң да қайталанады. Төсекке ұйқыға жатқанша қолдарынан телефон түспейді. Тіпті түн ортасына дейін агентте жатып , таңертең ұйқылы ояу мектепке келеді. Ертеңінде тағы сол тіршілік жалғасады. Мұғалім 40 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, бала парта астында ватсапта отырады. Міне, көрдіңіз бе титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын. (слайд)
«Мұжықсу»мектебінде ұялы телефонға деген көзқарас кандай?
Мен оқитын «Мұжықсу» мектебінде соңғы бірнеше жыл көлемінде мектепке ұялы телефон әкелуге тыйым салынғаны жөнінде бұйрық шығарылған. Барлық сынып жетекшілер жыл сайын жаңа оқу жылы бастала салысымен сыныптағы барлық оқушыларға ұялы телефонның зияндылығы жайлы сынып сағаттарын өткізіп отырады. Мектепке әкелген жағдайда туатын келеңсіз жағдайлар туралы түсіндіріліп қолдарын қойдырып отырады.Ұялы телефонның зияндылығы туралы сынып сағаттары өткізіліп отырылады, дүниетану сабағында адам ағзасына зиян екенін айтылады. Мектепке ұялы телефон әкелмеудің тиімді жағы 1-шіден, бала денсаулығына зиянының аз болуы, 2-ншіден, сабақта алаңдап , көңілін бөлмей отыратындығы, 3-ншіден, телефонның ешбір қажетті мәлімдемелерінсіз , калькулятордың көмегінсіз логикалық ойлау мақсатында жұмыс жасау болып табылады. Өткен жылдары естеріңізде болса «Көк кит» (Синиий кит) «Красная Сова» атауымен елдің бәрін дүрліктірген ойынды бәріміз білеміз. Оқушылар сайтқа кіріп ойын ойнап, өздерін өлтіруге дейін барды. Қазір сайттарға кіруге шектеу жоқ. Сол себепті оқушылар түрлі сайттарға кіреді және ата-ананың қадағаламауынан осындай жағдайлар болып жатыр. Бір айта кететін оқиға Астанада 1 сынып оқушысының ұялы телефоны жарылды. Қыздың денесін үшінші дәрежелі күйік шалған. Ақтөбеде қуат көзінде тұрған ұялы телефон жарылып, әйелдің денесінің 40 пайызын күйік шалған. Сол сияқты тағы бір ер адамның ұялы телефон жарылысынан құлағы жыртылып, кеудесі жараланып, саусақтары сынған.
Ұялы телефонның кішкентай сәбиге тигізер қауіптілігі.
Ұялы телефонды пайдаланып жүрген адамдарды бақылау нәтижесінде олардың сөйлескен кезде бастарын бір жағына қарай қисайтып , сөйлесетіні, құлаққа жақсы есту үшін қаттырақ басып сөйлесетінін байқадым.Ал адамның басы қисық болса ол адамның тепе- теңдігін бұзады. Көп жағдайда ата- аналар ұялы телефонды кішкентай сәбилерге тыныштандыру үшін қолдарына беріп қояды.Ал бұл өз баласына деген қастандық екендігін біле бермейді.Сәби оны тілімен жалап, иіскеп ойын заты екен деп ойлайды.Ал осы кезде кішкентай ғана зат өз зиянын сәби бойына сіңдіріп жатады екен.Сәбидің нерв жүйелеріне тез әсер ететіндігі де зерттеулер бойынша дәлелденген.Балаларға ұялы телефонды 18- 20 жастан бастап қолданғаны дұрыс деп ойлаймын.Сонда көпшілік баланың денсаулығынан ақау табылмас еді.(слайд)
Дүниежүзі ғалымдарының пікірі: Швед ғалымдарының тұжырымдамасы бойынша телефонды көп пайдаланатын адамда жүйке мен ұйқының бұзылуы, есту жүйесінің нашарлауы және оның қауіпті ісікке айналуына әкеліп соғатыны дәлелденген. Ал Анкара дәрігерлерінің мәлімдемесі бойынша «Европада жүргізілген зерттеулер бойынша ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда ми ісігінің кездесу жиілігінің артқанын көрсетті.» Және мәлімдемеде телефон станцияларын мектептің ауласына, балабақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екендігі айтылған.АҚШ –тың ғалымдары телефонмен сөйлесу уақытын 10 минуттан аспауын ұсынады.Және де олар телефонның ең қауіпті кезі –телефон шырылдаған кез және сіз терген нөмірге байланыс құрған кез екенін айтады.Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Европаның көптеген елдерінде мектеп қабырғасындағы оқушыларға ұялы телефон ұстауға үзілді –кесілді тиым салды.
Мен де Европа мемлекеттерінде қолданылатын тәжірибені отандық мектеп қабырғаларына енгізу керек деп ойлаймын. Тағы да айта кетейін дегенім:
Ұялы телефонның жол жүру ережесінде және көлікті басқару кезінде тигізер қауіпі бар ма?
Алысқа бармай өзіміздің –облысымыз бойынша осы ұялы телефонның әсерінен жол жүру ережесін бұзу, апатты жағдайларға душар болу көтеп кездесуде. Статистикаға жүгінсек облыс бойынша болатын жол апаттарының 30 пайызы көлікте осы телефонмен сөйлесу әсерінен екен.( слайд) Кейбір адамдар жолды қиып өтіп бара жатып телефонмен сөйлесіп бара жатады. Бұл өте қауіпті. Ал қалада балалар құлақтарына музыка тыңдағышты салып –ап трамвай, пойыз, көлік жолдарынан қиып өтерде әр түрлі қиын жағдайға ұшырап жатқандарын теледидардан да естіп жатамыз. Өзіміздің Дайыр ауылымызда 3-4 ай бұрын осы жағдай орын алды.
Өз ойымды қорытындылай келе төмендегідей қорытынды жасадым:
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың көбісі телефон зияндылығын білмейтіндігі анықталды.
Ұялы телефоннан шығатын сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба? 40 пайызы білмеймін, 10 пайызы жоқ, 50 пайызы иә деген. Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз? 45 пайызы смс, ватсап, 40 пайызы сөйлесу, 15 пайызы бейнебет арқылы сөйлесуді.
Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз?
4 2 пайызы 10-45 мин, 18 пайызы 5-10 мин, 40 пайызы 15 мин артық сөйлесу керек деген. Оқушылардың көбі телефон зияндылығын біле бермейді екен.
Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе айтарым, алдыма қойған мақсатыма жеттім. Менің бұл жұмысыммен танысқан кез- келген оқушы телефон жайлы көп мағлұмат алары сөзсіз.
Достарыма айтар ұсынысым. Кішкентай балаларға ұялы телефон бермеу, сайттарға шектеу қою, көлікті жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлеспеу, ұйықтарда телефонды өзіңнен 1,5-2 метрге жерге ауаша қою, үнемі ата-аналар балаларын қадағалап отыру, сөйлесу уақытын 10 минуттан асырмау
Сонымен, ұялы телефонды пайдаланудың жас үшін де, егде адам үшін де өзіндік сақтық ережелері болуға тиісті деп ойлаймын.Біз осы ережелерді сақтап қалтамызда жүрген кішкене қауіпті затты азырақ мөлшерде , өте қажетті жағдайларда пайдаланар болсақ ,онда біздің денсаулығымызға еш нұқсан келмейді деген сенімде болар едік!
Ойымды қорыта келе, ұялы телефоннның пайдасы мен зиянын төмендегідей көрсетемін.
Ұялы телефонның пайдасы:
Видеоға түсіру Хат жолдау
Уақыт, күнтізбені білу
Есептеуішті пайдалану Жылдам хабар алу
Өлең тыңдау, жазып алу Әртүрлі ойындар ойнау
Ұялы телефонның зияны:
Ойлау қабілетін төмендетеді Ақ қан, құлақ ми ісігіне айналады
Баланың мінезін өзгертеді Көздің көруін нашарлатады
Менмендікке тәрбиелейді
Саусақ әрекеті шектеуге ұшырап, Қылмысқа итермелейді
өзге шаруаға бейімсіз келеді
Жұмысымның аяғында төмендегідей ұсыныстар айтқым келіп тұр:
Балалардың ұялы телефонды бермеу
Ұйықтар Үйде кабельді телефонды
алдында телефонды сөндіріп таста қолдану керек
Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек.
Ешуақытта кішкентай балаларға Телефонды ойын құралына
телефон бермеңіз! айналдырма!
Зерттелмейтін дәнеңе жоқ. Ендеше кез- келген дүниені зерттейтін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Халқыма, Отаныма адал қызмет етемін! Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Балалар энциклопедиясы: энциклопедия( Бас редакторы Б. Аяған)
2.Облыстық «Дидар»газеті.№10. 25 қаңтар.2016 ж.
3. «Егемен Қазақстан»Республикалық газеті.№34.19 қаңтар.2017
4. «Кто такой, что такой?» Б.С Лекерова 2007 ж
5. Телефон туралы не білеміз? Бастауыш сынып журналы
2016 № 5
6. сайт Яндекс, Google Телефон Уикипедия жобасынан алынған мәлімет.
7. «Большая детская энциклопедия» А.И. Кима, В.В.Демыкина.
8. Большая книга «Почему?» О.А.Живаго.
Ғылыми жұмыстың бағыттары.
Заманауи байланыс қаншалықты қажетті Телефонның адам денсаулығына
тигізер зияны бар ма?
«Мұжықсу» мектебінде ұялы телефонға көзқарас қандай?
Телефонның сәбиге тигізер қауіптілігі Дүние жүзі ғалымдарының пікірі
Жол жүру ережесінде, көлікті басқару кезіндегі қауіптілігі