Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Заманауи оқырманға - заманауи кітапхана
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ 47 М.В.Ломоносов атындаға мектеп – лицейі
Заманауи оқырманға заманауи кітапхана
Заманауи оқырманға - заманауи кітапхана
Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану -кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді.Бүгінгі таңда әрбір адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі білімді ұрпақ тәрбиелеу.Олай болса біздің барлық іс әрекетіміз осы бағытта болуы керек.Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан.Өйткені тәрбие мен білім егіз ұғым десек,жан жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі мектеп кітапханасы.Кітапханалар сол оқу орнындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай -ақ ұстаздардың табылар жері.Мектеп кітапханасы оқырман сұранысын толық қанағаттандыра алады. Оқу залы қазіргі заман талабына сай жабдықталған .Кітап қорында жоқ материалдарды ,қосымша іздену мақсатында интернет желісіне қосылған. Бүгінгідей ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында да кітап, кітапхана өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғыры оқырманмен біте қайнасып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып келеді. Заман ағымына ілесе отырып, кітапхана заманауи оқырмандардың қалауы мен талабын орындауда. Қазіргі таңда кітап ордаларын заман талабына сай жаңғырту ақырындап жүзеге асырылуда. Бүгінгі кітапханалар тек кітап беретін орын болып қана қоймай, оқырман ақпарат алатын, бірлесе жұмыс жасайтын, ойын, білім, ғаламторды ұштастырған заманауи орынға айналуда.Кітапхана өмірі- сырт көзге біліне бермеитін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жатады . Кітапханада оқырмандарды кітап оқытудың ықпалы зор .Біздің кітапхананың мақсаты – кітапханаға оқырман тарту ,кітап сөрелеріндегі кітаптарды оқырман қолына жеткізу.Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Заманауи қоғам – ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттық, мәдени-ағарту орталығы болып табылатын заманауи кітапхана озық технологиямен жұмыс жасауды талап етеді. Заманауи өзгерістер қамтыған қызметтің бір түрі - мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханасындағы өзгерістер кітапханашыны да шет қалдырмады. Кітапханашы бүгінгі күндегі әмбебап мамандықтардың біріне айналды.Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыруда, оқырман мәдениетін дамытуда бір реттік шаралар аздық етеді.Осы бағыттағы жұмыстарды мектеп кітапханашысы жүйелі түрде үздіксіз жүргізіп отыру керек. Оқырмандық мәдениет пен талғамды қалыптастыру жоспарлары жасалып, заманауи технологияларды қолдана отырып іс-шаралар өткізу көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз. Біз мектеп кітапханашылары Қызылорда қаласы Н.Назарбаев зияткерлік мектебіне семинарға қатысып сол жақтан алған әдіс -тәсілдерімізді өз оқырмандарымызбен бөлісіп отырамыз.«3 д кітап жасау», «Дәмді кітап», «Синквкйн», «Пазл», «Сиқырлы сандықша », ««Book Bingo» өткізу кітапхана оқырман санын арттыруға септігін тигізетіні анық.Мұндай іс-шаралар кітапхана қызметін жандандырып қана қоймай, оның имиджін қалыптастыруға да негіз болады. Мектеп кітапханашысының үздіксіз біліктілік арттырып, соңғы жаңалықтармен таныс болуы да сондай маңызды. Кітап оқу бүгінгі күні әлемдік мәселеге айналып отыр. Біздің елімізде де «Бір ел-бір кітап», «Балалар оқуының қазақстандық картасы», «100 кітап», т.б. жобалар республика көлемінде жүзеге асырылуда.Осы «100 кітап » оқы жобасы аясында мектеп кітапханасында «30 кітап »жобасы жұмыс жасайды. .Бұл жобаның да басты мақсты кітапқа деген қызығушылықты арттыру және оқырман тарту.Заманауи әдіс- тәсілдер білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, кітапхана жұмысында қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазіргі кезде әрбір кітапханашының алдына қойған басты міндеті-заманауи әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру және меңгеруі қажет. Заманауи әдістер оқушылар шығармашылығының шыңдалуына, өз ойын еркін жеткізе алатын, сындарлы ойлауға, топтық жұмыстағы талпынысының артатыны, жаттанды емес білім алып, өмірде қолданылатынымен маңызды.Осы тұрғыда жастар мен балаларға арналған коворкинг орталықтарының ашылуы қолға алынып келеді. . Мұндағы мақсат – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу. Кітапханалардағы коворкинг орталығы дегеніміз – заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған, адамның бос уақытының пайдалы әрі тиімді өтуіне негізделген және бірлесе жұмыс жасайтын орын . Әлбетте, мұндай жерлердің жастар үшін берері мол.Мұнда балалар уақытының тиімді өтуіне барлық жағдай жасалған. Интернет желісі іске қосылған Арнайы компьютерден сабаққа қажетті кез келген материалдарды алуға болады. Балалар әдебиеті, газет-журналдар ,ермексаз, бояу дәптерлері, тоқуға арналған бисерлер мен моншақтар, түрлі-түсті қағаз ,шахматпен қамтамаыз етілген.«Коворкинг балалар алаңы кітапханаларды руханият ошағына, замануи білім орталығына айналдыру мақсатында өзіміздің Шиелі ауданында №1 ауданаралық орталықтандырылған кітапханасында және ауылдық бірнеше кітапханаларда ашылды.Биылғы жаңа оқу жылында мектеп -лицей директоры Сауле Құрманәліқызының бастамасымен мектеп кітапханасында Коворкинг орталығы ашылып жұмыс жасауда Мұнда балалардың кітап оқуымен қатар, еркін демалуына, уақыттарын тиімді пайдалануларына, өзара тәжірибе алмасуларына, шығармашылықтарын жан-жақты жетілдіруіне барлық жағдай жасалып отыр. Жоғары жылдамдықтағы тегін WІ-FІ желісіне қосылу арқылы балалар ғаламтордан өздеріне керекті дүниелерді, электронды кітаптарды, қажетті мәліметтерді ақысыз жүктей алады. Сол секілді сурет салу,ермексазбен, қолөнермен айналысып, шахмат ойнайды. Электронды кітаптардың көмегімен сөздік қорларын молайтуға, көркем ойлауға мүмкіндік бар. Мұның өзі балалардың ой- өрісін арттыратын, олардың білімді болуына жасалған маңызды қадам. Бұл бір жағынан кітапхананың мобильді қызмет атқаруына, жұмысының жаңғыруына, қоғамдағы рөлінің артуына, кітапхана қызметіне деген сұраныстың артуына да сеп болады. Соған қоса уақытты тиімді өткізудің тамаша тәсілі. Алдағы уақыттарда осындай орталықтар мен оларға келетін оқырмандарымыз көбейіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Баланың қашанда бір нәрсені білуге құмартып отыратыны,еліктегіш келетіні белгілі.Олай болса жеткіншектердің осы асыл қасиеттерін көлеңкеде қалдырмай,оны ары қарай дамытып, оларды баулуда мектеп кітапханашыларының да рөлі ерекше .Егеменді еліміздің ертеңін нұрлы ететін жас- оқырмандарымызды өсіру үшін,ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін,елінің сөзін сөйлейтін ұрпақты баулып тәрбиелеуге ақпарат құралдарын насихаттау біздің қолымызда. Кітап – рухани азық .Сондықтанда біз мектеп кітаханашылары «Білімнің бастауы-кітап »-дей келе кітап мәртебесін көтерумен бірге жаңалықтар жаршысы,насихатшысы болып, қызметімізге деген қызығушылықпен атсалысудамыз. «Болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады », -деп Елбасымыз айтқандай ,білім -кітапта.ал сол қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап ,қадірлейтін кітаханашы қауымының еңбеі орасан зор.Ұлт руханиятының дамуына,еліміздің өркендеуінің кемелденуіне зор ықпалын тигізетін мамандық иелері кітапханашылардың атқарар тынымсыз еңбегі-ел ертеңінің жарқын көрінісі іспеттес.
№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп -лицей кітапхана меңгерушісі: Нәбішева Тұрсынкүл Дүйсебайқызы.