Заманауи
сабақ –
оқу мен
оқытудың негізі.
Шолакова
Л.Б
Балқаш қаласы, №24
ЖОББМ
Биылғы оқу жылынан бастап
барлық білім беру саласы жаңа форматтағы білім жүйесіне көшті деуге
болады. Осыдан 1 жыл бұрын деңгейлік курсты бітірген мен осы
өзгерісті жақсы дайындықпен күткен болатынмын. Өйткені
мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтары осы өзгеріске
ұстаздарды да алдын– ала дайындады. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені
өзгеріске қоғам емес, бірінші ұстаз дайын болуы қажет еді. Дамыған
елдердің тәжірибелерінде бұл білім реформасы іске асқан. Мысалға
алсақ осы өзгерісті білім саласына жапондар 1960 жылы ендірген.
Содан бері әлемдік білім деңгейлерін көрсетуде. Міне осы дамыған
елдердің қатарында біздің еліміз әлі- ақ әлемдік білім деңгейін
көрсететініне сенімдімін. Өйткені қазіргі заманауи заманда білім
үдерісі жоғары талаптарды қажет етуде. Нақты талап, нақты стратегия
бар. Сондықтан біз мұғалімдер білімдерімізді әрі қарай тереңдете
түсуіміз қажет. Тек тереңдете ғана қоймай жаңа
тәсілдерді, жаңа ойларды, идеяларды қоса алуымыз
қажет.
Біз оқыған Кембридж
университетінің бағдарламасынан күтілетін нәтиже оқушылардың қалай
оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел–
уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни-пікір
көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларды құзырлық
танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Сондықтан өзгерісті
менде өзімнен бастадым. Осы бағдарламаның негізгі
идеясы сабақ барсында 7 модульді кіріктіріп сабақ
өту. Өзгерісті алдымен мен өзімді-өзім
реттеуден бастадым. Мен сыни тұрғыдан ойлай алдым. Оқу жылының
басында алдымен мен орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді
жоспарды дұрыс құруды қолға алдым, бұл менің өзгерісімнің бірі
деуге болады. Бұл жоспар толығымен сабақ барысын қамтиды, сабақ
барысындағы мұғаліммен оқушының толығымен іс-әрекеттерін қамтиды.
Бұл жоспарда мақсат қойып оның нәтижесін шығарып, қандай әдіс
-тәсіл қолданатынымды, қандай модульді кіріктіретінімді, әр
стратегияға қанша уақыт арнайтынымды және қандай дерек көздерін
пайдаланатынымды толығымен егжей-тегжейлі жоспарладым және осы
жоспар бойынша жұмыс жасаймын. Сабақ барысында біз дәстүрлі оқытуда сергіту
сәттерін өткізбейтін едік, ал бұл бағдарламаның арқасында оқушылар
түрлі тренингтер, сергіту сәттерін ұйымдастыру арқасында бір-біріне
жақын бола бастады, өздерін еркін ұстап, бір-біріне жылы жақсы сөз
айта алды, бұл мен үшін де оқушылар үшін де үлкен өзгеріс
болды.
Екінші өзгеріс әрбір сабаққа
дайындықтың шығармашылдығында болды. Тақырыптарға байланысты тек
кітаппен ғана шектелмей түрлі мәліметтерді, суреттерді,қосымша
ақпарат көздерін интернет желісінен дайындадым. Балаларға сабақ
қызықты өтуі үшін үнемі ізденіс үстінде болдыруды
көздедім. Бірінші кездері балаларға қиын болды. Өйткені
олар әбден дәстүрлі оқытуға дағдыланған және де жақсы оқитын
оқушылар бөлектенетін. Топтық жұмыс жасағанда жақсы оқитын оқушылар
да, үлгірімі
төмен оқушылар да бір-
бірімен жарысу деп түсінді. Сергіту сәтінде де
оқушылар бір-біріне жылы сөз айтуға еркін сөйлеуге кедергі болды,
сондықтан алғашқы кедергі берілген уақыттан асып кетіп, уақытты
тиімді пайдалана алмадық.
Қиындықты қалай
шештім? Балалармен үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп
отырдым. Топпен жұмыс жасағанда бұл жарыс емес екенін, бір-біріне
көмектесіп топпен жұмыс жасау екенін сөзбен ғана емес, түрлі
тренингтер өткізу арқылы көрсеттім. Нәтижесінде оқушылардың
көзқарасы өзгерді. Олар топқа бөлініп жұмыс жасағанда әрдайым еркін
еш қысылмай, пікірін айта білетін, өзін-өзі бағалай білетін және де
өзгені әділ бағалай білетін болды. Енді топпен едәуір жұмыс істеуге
төселіп алған соң, уақытты да тиімді пайдалана бастадық. Әр
тапсырма нақтыланған уақытында аяқталып жатты. Оқушылар өзін –өзі
реттеді, сыни тұрғыдан ойлай алды. Оқушылардың сөз саптары, өзін -
өзі ұстауы өзгерді. Мен әрдайым әрбір
сабағымда зерттеуіме үш оқушыны алып
отырамын. Олар АВС
тобы.Олар жақсы оқитын,
екпінді оқитын және үлгірімі төмен
оқушы. Осы үшеуіне күнделікті сабақта
зерттеу жұмысын жүргізіп отырамын.Осы зерттеуімде оқушылардың
бойларында өзгерістер пайда болғанын байқадым. Менменшіл, тек
өздерін ойлайтын, ешкімнен көмек сұрамай және көмек көрсетпейтін
оқушылар енді топпен бөлісетін, бір-бірлерін тыңдайтын, көмек
көрсеткісі келіп тұратын оқушыларға айнала бастады. Керісінше мүлде
сөйлемейтін, бір нәрсе айтпайтын, өзінің білімсіздігіне сеніп, мен
мұны бәрібір түсінбеймін деген оймен, сабаққа қатыспай отыратын
оқушыларда жақсы жаққа өзгеріс бар. Бұл дегеніміз біздің қолданып
жүрген стратегиямыздың тиімділігінде деп ойлаймын. Жағымды пікірлер
өзіндік тиімділігін арттырса, жағымсыз пікірлер оны әлсірете
түспек. Оларды әрдайым мадақтау арқылы мақтау арқылы қолдау
көрсетіп отырдым. Соңында ешкіммен араласпайтын оқушы өзін көшбасшы
ретінде танытты, әр топта өзі жеке оқушыларға тапсырма беріп
отырып, қасындағы отырған жолдасына көмек беріп, топтың ойын
тыңдап, өзі соңында қорытып отырды. Оқушылардың өзгергені
Выготскийдің айтуы бойынша «Баланың мәдени дамуындағы кез келген
қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі
–әлеуметтік, содан соң –психологиялық әуелі шығармашылық санат
ретінде адамдар арасында, содан кейін интрапсихикалық санат ретінде
баланың жан дүниесінде көрініс табады» дегендегі осы оқушылардың
бойындағы өзгерістен байқауға болады. Тіпті оқушылар «сенің ойың
қандай?», «бізге бір идея тасташы», «мына постерге сен салшы»-деп
бір-біріне айтқанда оқушылар арасындағы ынтымақ-бірлікті көріп
қолдау көрсетіп отырдым. Асхат Әлімовтың айтуы бойынша «Ұстаздық
негізгі қағидалары мынандай болуы қажет «Жасасын қате!», «Тек
ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді», «Адам қателесу арқылы
үйренеді! демекші жасаған қателер мен қиындықтарды жойып әр
оқушының бойынан конструктивизм, оптимизм, позитивизм секілді
жағымды қасиеттерді дамытуға ұмтылғым келеді. «Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету» модулін сабақта қолдану тиімді модульдердің бірі
деп айтар едім. Себебі аталған модульді сабақта қолдану үшін
әр-түрлі әдістерді қолданып, тапсырмаларды орындатқанымда алдымен
сол тапсырманы орындатсам оқушылар игере ала ма екен? деген сияқты
сұрақтарға жауап іздей отырып өзімнің де сыни ойлана бастағанымды
байқадым. Олай ойлау мен үшін тиімді болды, себебі мен тапсырманы
орындатып жатқанда сол тапсырманы таңдаған кезде кедергі болса
былай әрекет етемін деген қосымша тапсырмаларды да жоспарлап
жүретін болдым. «...Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып
табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді
құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны
жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты жақсы түсінуіне
қол жеткізу үшін сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары
дәрежелі сұрақтарды кең қолданамын.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың
түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі
техникаларын пайдаланып
жүрмін.. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»
модулі балалардың пәнге, ондағы тақырыптарға жете мән беру арқылы
тақырыпты салмақты саралап, зерделеп және салыстыра отырып
түсінуіне жол ашатын сыни тұрғысынан ойлауға бағытталған
тапсырмаларды орындатқанда көз жеткіздім. Жеті модуль ықпалдасқан
сабақтарымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артуда.
Критерийлер арқылы бағалауды ендіре отырып сабақ барысында
бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін қолданғанымда оқушылардың оқуға
деген көзқарастары өзгерді. Себебі топтар бір-бірін өзара бағалап
отырды. Сабақта үнемі АКТ модулін пайдаланудың маңызы
ерекше. Мен
интерактивті жазу тақтасында түрлі бейнеролик, түрлі материалдарды
көрсету үшін, оның таптырмас құрал екендігіне тәжірибе кезеңінде
көз жеткіздім. Тек қана интерактивті тақта емес, одан басқа
ноутбук, ғаламтор, бейнекамера, фотоаппарат қолданып отыру арқылы
өзімнің де АКТ жайлы білімімнің артқанын сездім. Мұның бәрі
оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады және көбірек
ақпарат алуына мүмкіндік берді. Сабақтың сапасын арттырып,
жоғарғы жетістіктерге қол жеткізудің бір жолы - талантты және
дарынды оқушыларды анықтап, олардың қабілеттеріне қарай жүйелі
жұмыс істеу мен үшін де тиімді болды. Және де талантты дарынды
оқушылармен жұмыс істегенде оларға оңайдан қиынға қарай бағыттап
отыратын тапсырмалар беріп отырдым.
Өз тәжірибем кезінде өзімнің
үнемі шығармашылық ізденісте жүруімді, білімімді тоқтаусыз
жетілдіріп отыруым қажеттілігін байқадым. Сыни тұрғыдан ойлауын
дамытуға бағытталған тапсырмаларды таңдай білуді үйрену арқылы
оқушы бойына интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік,
азаматтық сияқты көптеген адами қабілеттерін қалыптасуына септігін
тигізетіні айдай анық. Заманауи сабақтар арқылы оқушының өз бетімен
білім алуына, өзіндік ой- пікірін қалыптастырып, қорытынды жасай
білуін, өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін
қалыптастырып, шығармашылық іс- әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
Қолданылған әдебиет:
1.Подласый И.П. Совершенствования методов
обучения. в кн.: Выбор методов обучения в средней школе / под ред.
Ю.К. Бабанской. Москва, 1991.
2.Бабанский Ю.К.Оптимизация учебно
воспитательного процесса.Методические основы. Москва,
1982.
3.Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот
Уолтер. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Әдістемелік құрал.Алматы, 2000.