Материалдар / "Заманауи технологиялардың маңызы" атты мақаласы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Заманауи технологиялардың маңызы" атты мақаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала,Заманауи технологиялардың маңызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
1067
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи технологиялардың маңызы


Жумаканова Райгуль Ешенгазиновна, КММ «№35ЖОББМ» қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

Семей қаласы, ШҚО


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа заманауи педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу

Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу

Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану

IV. Жаңалықтарды бекіту

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Заманауи технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:

Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

Заманауи технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Заманауитехнологиялар:

Жобалау технологиясы;

Саралап-даралап оқыту;

Дамыта оқыту технологиясы;

Модульдік оқыту технологиясы;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

Сатылай комплексті талдау;

VTS бағдарламасы;

Деңгейлеп оқыту технологиясы;

Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмысістеуге үйретеді.

6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. «Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8-бабында білім беру жүйесі басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі – функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың заманауи технологиялары:

тұлғалық-бағдарлық технология – бастапқы субъектілі білім алу, тұлғалық жетілу диагностикасы,  айналадағы проблемаларға оқу міндеттерінің қосылуы, тұлғаның шынайы, әлеумет- мәдениеттік  және білім алу кеңістігінде дамуы;

денсаулық сақтау технологиясы ерекше өзгешеліктерінің алғашқысы денсаулық, яғни, денсаулықты күту  білім алудың міндетті шарты;

ақпараттық технологиялар білім алу жүйесін саралау және даралау, білім алушылардың білімділік белсенділігі мен дербестігін ынталандыру;

ойындық технологиялар білім алу кезіндегі эмоционалдық күшейтулерді басқаруды қамтамасыз етеді, білімділік, еңбектік, көркемдік, спорттық қызметте шеберлікке ие болу. Ойын барысында балалар байқаусызда ертеде меңгеруге қиын болған білімдерді меңгеріп алады;

проблемалық – дамытушылық білім беру технологиясы оқушылардың шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді,  сыни ойлау және жай эмоциялар қалыптастыру.

жобалық технология-білім алушы оқу жобасының барысында нақты жағдаяттарды басынан өткізіп, айқын процесстрге объектілерге жетеді. Жобалық технологияның негізі – білім алушылардың білімдік дағдыны қалыптастыру, өз білімін өздігінен құрастыра білу, сыни ойлауды дамыту, ақпараттық кеңістікте бағдар ала білуге үйрену.

Педагогтардың арасында педагогикалық өнерді өте жекеше деп ұғынып кеткен, сондықтан оны қолдан қолға беру мүмкін емес. Бірақ, технология мен өнердің қатысы бар екенін айта отырып, педагогикалық технологияны меңгеруге болады, бірақ ол үшін алдымен педагогта жеке жанамалық педагогтық параметрлері болуы қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.«Ақылдың көзі» Алматы, «Жазушы» 1990ж

2. Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңапедагогикалық технология. – Тараз, 2003
3. «ХХ ғасырдағықазақмектебі: даму болашағы» аттыреспубликалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2006



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!