400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зар заман – тар заман. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Қанайұлы "Зар заман - тар заман"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

2.Толғауы тоқсан қызыл тіл


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Курбанова Лескул Ергешқызы

Күні:

18.11.2022ж.

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып:

7 «А»

Сабақтың тақырыбы

Зар заман – тар заман

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.3.1.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

Сабақтың мақсаты

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың

басы

5 мин.


І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық жағымды атмосфера қалыптастыру.

«Сәлемдесу» тренинг

Оқушылар отырған орындыққа стикерлер жабыстырылды. Ол жерде, сәлемдесу, бір-бірінің көңіл-күйін сұрау секілді сөздер жазылады. Стикердегі жазбаны оқып, іштей жауап беріледі.

Үй тапсырмасын сұрау. (жасырынған QR код арқылы)

Талқылау сұрақтары:

1.Шортанбай Қанайұлы қай кезеңде өмір сүрді?

2. Отаршылдық деген не?

3. Отаршылдық қазақ халқының өміріне қандай өзгерістер әкелді?

4. Ақын неге толғауын «Зар заман» деп атады?

5. Ақынның өзі өмір сүріп отырған қоғамға қарсылығы неде?

6. Шортанбай халықтың бұл зұлмат заманнан, қиындықтан құтылар жолын көрсете алды ма?

7. Ақынның арманы неде?


Сабақтың мақсатын таныстыру мен бағалау критерийімен таныстыру.









Жаңа сабақ







35 мин.




1-тапсырма

quizizz.com сайты арқылы

жасалған тест тапсырмаларын орындаңыздар

Жеке жұмыс жасайды

Оқушылар жылдам әрі дұрыс жауап беруге жарыса жұмыс жасайды

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді

- жылдам жауап береді

15 баллдық тапсырма

6-9 – 4-5 б.

10-12 – 6-7б.

13-15 – 8-10б.

ҚБ: « Жарайсың жақсы жауап» мұғалім бағалауы



2-тапсырма.

«Зар заман – тар заман»

«зар» сөзі мен «тар» сөзіне ассоцияция

1) мысалдар келтіру

2) антониміне мысалдар келтіру

Оқушылар жеке жұмыс жасайды

ҚБ: « Жарайсың жақсы жауап» мұғалім бағалауы




3-тапсырма.


Өлең жолдарынан берілген көркемдегіш құралдарды табыңыз.



Кестеде берілген өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды табады


Дескриптор:

- берілген үзінділердегі көркемдегіш құрал түрлерін анықтайды;

- көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.



Сергіту сәті https://youtu.be/zkKCs3Htktk





Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин




Рефлексия

Кері байланыс:

Сабақтың басында берілген стикерге «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен кері байланыс жасалады

Үйге: Оқу мақсатына сәйкес


Оқушылардың пікірлері тыңдалып сабақ қорытындыла-нады.






. ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау



Қосымша ақпарат



























1.Шортанбай Қанайұлы қай кезеңде өмір сүрді? (ХІХ ғасырда, орыс патшалығының отарлау кезінде өмір сүрді;)

2.Отаршылдық деген не?

3.Отаршылдық қазақ халқының өміріне қандай өзгерістер әкелді? Елдің хал – жағдайы әлсіреді, би – болыстар орыстарға жағымпазданып, байлықты көкседі.

4.Ақын неге толғауын «Зар заман» деп атады? Себебі, сол кезеңде өмір сүрген жандар зар еңірегеп, қиындық көрген.

5.Ақынның өзі өмір сүріп отырған қоғамға қарсылығы неде? Бай – болыстардың кедейлерге қолғабыс етпей, ашкөз болуы.

6.Шортанбай халықтың бұл зұлмат заманнан, қиындықтан құтылар жолын көрсете алды ма? Иә. Адамдардың бір – біріне бауырмал болуға шақырды

7.Ақынның арманы неде? Елдің азаттық алып, бейбіт өмір сүруін көксеуі.




Тілдің көркемдегіш тәсілдері

Ажарлау----

Теңеу, эпитет, ассонанс, аллитерация

Құбылту – троптар ----

Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.

Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,

Ойнақтап басылайын аз желдетіп. (І. Жансүгіров, «Әнші»)

Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу.

Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»)

Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.

Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға. 



Айшықтау --

Анафора, эпифора,

Риторикалық сұрақ – риторикалық сұраққа, әдетте, жауап күтілмейді, айтылған ойға тыңдаушының назарын аударып, екпін түсіру үшін қолданылады.






Мысалдар

Көркемдегіш құрал түрлері

Қолданылу ерекшелігі

Орыс - бүркіт, біз - түлкі

Аламын деп талпынды.







Қайсыбірін айтайын,

Қазақтың ұлы қамалды.

Қамалмай енді неғып тұр?






Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.







Билер жейді параны

Сақтап қойған сүріңдей.

Заманның түрі бұзылды

Текеметтің түріндей.
















Мысалдар

Көркемдегіш құрал түрлері

Қолданылу ерекшелігі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
11.12.2023
645
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі