400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Заттарды массасы бойынша салыстыру» Сабақ жоспары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 15.02.2021

Сыныбы: 2а – сынып

Пәні: Математика

Оқушылар саны: 1 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Заттарды массасы бойынша салыстыру»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Заттың массасы, заттардың саны және массасы туралы түсіндіру. «>» және «<» таңбаларын массаны салысты­ру кезінде­ пайдалана білуге үйрету.

Түзету-дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, көбейту және бөлуді қосу мен азайту арқылы есептеу дағдыларын дамыту. Заттарды массасы­ бойынша тиісті өлшем бірліктерін (масса, кг) пайда­­­ланып салыстыру дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, тақырыпты түсіндіруге арналған плакаттар, таразы, тапсырмалар жазылған паарақтар.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн сізде,

Қуанышқа толсын!



ІІ. Негізгі бөлім.



Picture 1



Picture 3



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

  1. Заттың массасын анықта. Оқушылар өз бетінше жұмыс нәтижесінде қалыптасқан дағдыларын қолданатын болады. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөліп орындауы керек.





















2-тапсырма.

Тапсырманы орындау үшін оқушыларды топқа біріктіру. Олардан суретке мұқият қарап шығып, қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсыру. Талқылау барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4кг) массасын білуге болатынын айтады. Бір қап картоп массасын анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі сұрақтардың көмегіне сүйену:

  • Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Теп-теңдік)

  • Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей?

  • (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың масссасы)

  • Азық-түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан)

  • Олардың массасы қандай? (6 кг)

  • Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай (6кг)

  • Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша?





















3-тапсырма.

а) Өлшеу нәтижесіне қара. Таразы «тілі» қандай бөлікке келіп тоқтады және қандай санды көрсетіп тұр? Неге?

ә) Таразыға өлшеу жұмысын орында.





ІV.Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық,

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.



4-тапсырма.

Есептерді шығару

А) Әр дорбада 2 килограмнан қант бар. 4 дорбада неше килограмм қант бар?

В) 8 кг қантты әр дорбаға 2 килограмнан бөліп салды. Қанша дорба керек болды?

В) 8 кг қантты 2 дорбаға тең бөліп салды. Әр дорбаға неше килограмм қант салынды?



5-тапсырма

«Кім тапқыр?» ойыны. Суретте берілген заттарды қандай таразымен өлшейтінін тап.





V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

  • Санжар, бүгін қандай тақырып өттік?

  • Заттың массасы.

  • Масса деген не?

  • Оны немен өлшейді?

  • Массаның өлшем бірлігі қандай?



VІ. Қорытынды

Әрбір заттың өзінің өлшемі болады. Мысалы, дүкенге барған кеезде осы өлшемдердің көмегімен зат сатып аламыз. Сондықтан бұл тақырыпты мұқият есімізде сақтайық!

Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыз!









Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі