Материалдар / Заттың тығыздығы және өлшем бірліктері,Тығыздыққа есептер шығару,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заттың тығыздығы және өлшем бірліктері,Тығыздыққа есептер шығару,

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет дүние,дайын сабақ жоспары,үйренуге ыңғайлы,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
3657
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Тығыздық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Заттың тығыздығы және өлшем бірліктері .

Тығыздықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.13 Тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру

7.2.2.15-тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Заттың тығыздығының анықтамасын біледі

Оқушылардың көбісі орындай алады:

Тығыздық масса мен көлемге тәуелді екендігін біледі

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады:

Формулаларды түрлендіріп ,есептер шығара алады

Жетістік критерийлері

1.Заттың тығыздығы жайлы мағлұматтарды біледі

2.Заттың тығыздығын күнделікті өмірде тәжірибе жасау арқылы ажырата алады

3. ХБЖ -не келтіре алады, формуласын пайдалана отырып есептер шығара алады


Тілдік мақсаттар


Масса --масса ----mass

Көлем----объем ----volume

Тығыздық—плотность—density




Құндылықтарды дарыту




Мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау жəне мəдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты екенін оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттырудажүйелей білуге дағдыландыру.

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Пәнаралық байланыстар

Математика, биология

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, әр түрлі білім сайттары , эл. оқулық

Бастапқы білім


Масса және денелердің массасын өлшеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

10-минут


I . Ұйымдастыру : Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу , сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау

II. Ынтымақтастықты қалыптастыру

Топтарға бөлу : түстер арқылы топқа бөлу (жасыл, сары, қызыл )

III . Үй жұмысын тексеру :

«Сұрақ –жауап » әдісі арқылы сұрау

1.Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не ?

2.Денелердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде не байқалады?

3.Денелердің қандай қасиеті инерттілік деп аталады?

4.Қандай шама денелердің инерттілігін сипаттайды?

5.Неліктен лезде тоқтауға немеселезде үлкен жылдамдық алып зымырап кетуге болмайды?

6.Неліктен масса физикалық шама болып табылады? Массаның SI жүйесіндігі өлшем бірліктірін атаңдар.

7.Иінді таразы көмегімен дененің массасын қалай анықтауға болады.






Стикер Маркер

Сабақтың ортасы

25- минут

«Қонаққа бару» әдісі ,

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады.

Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.

Кейбір қатты заттардың тығыздығы

Қатты дене

ρ, кг/м3

ρ, г/cм3

Қатты дене

ρ, кг/м3

ρ, г/cм3

Осмий

22 600

22,6

Мрамор

2700

2,7

Иридий

22 400

22,4

Терезе шынысы

2500

2,5

Платина

21 500

21,5

Фарфор

2300

2,3

Алтын

19 300

19,3

Бетон

2300

2,3

Қорғасын

11 300

11,3

Кірпіш

1800

1,8

Күміс

10 500

10,5

Қант-рафинад

1600

1,6

Мыс

8900

8,9

Оргшыны

1200

1,2

Латунь

8500

8,5

Капрон

1100

1,1

Болат, темір

7800

7,8

Полиэтилен

920

0,92

Қалайы

7300

7,3

Парафин

900

0,90

Мырыш

7100

7,1

Мұз

900

0,90

Шойын

7000

7,0

Емен (құрғақ)

700

0,70

Корунд

4000

4,0

Қарағай (құрғақ)

400

0,40

Алюминий

2700

2,7

Тығын

240

0,24

4-кесте

Кейбір сұйықтықтардың тығыздығы

Сұйықтық

ρ, кг/м3

ρ, г/cм3

Сұйықтық

ρ, кг/м3

ρ, г/cм3

Сынап

13 600

13,6

Спирт

800

0,80

Күкірт қышқылы

1800

1,8

Мұнай

800

0,80

Бал

1350

1,35

Ацетон

790

0,79

Теңіз суы

1030

1,03

Эфир

710

0,71

Қайнатылған сүт

1030

1,03

Бензин

710

0,71

Таза су

1000

1,00

Сұйық қалайы
(t = 400 °C кезінде)

6800

 

6,80

 

Күнбағыс майы

930

0,93

Машина майы

900

0,90

Сұйық ауа
(t = –194 °C кезінде)

860

 

0,86

 

Керосин

800

0,80

5 -кесте

Кейбір газдардың тығыздығы

Газ

ρ, кг/м3

ρ, г/cм3

Газ

ρ, кг/м3

ρ, г/cм3

Хлор

3,210

0,00321

Көміртегі оксиді (II)
(улы газ)

1,250

0,00125

Көміртегі оксиді (IV)
(көмірқышқыл газы)

1,980

0,00198

Табиғи газ

0,800

0,0008

Оттегі

1,430

0,00143

Су буы
(t =100 °C кезінде)

0,590

0,00059

Ауа (0 °C кезінде)

1,290

0,00129

Гелий

0,180

0,00018

Азот

1,250

0,00125

Сутек

0,090

0,00009



« Кім жылдам » әдісі

Есептер шығару

1.Массасы 3 кг, ал көлемі 200см³ металдың тығыздығы қандай?

2.Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с-тан 60 см/с-ке өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?

3.Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар?













Кітаппен жұмыс ,суретпен жұмыс , эл. Оқулықпен жұмыс

Сабақтың соңы

10 –минут

Рефлексия;

«Ерекше саңырауқұлақ» әдісі-бұл әдіс сабақ соңында рефлексия жасау үшін тиімді . Әдісті жүзеге асыру үшін саңырауқұлақ бейнеленген плакат ілінеді де саңырауқұлақтың түбіртегіне жаңа сабақтың тақырыбы жазылады. Ал оқушылар сабақ барысында жаңа сабақ туралы не уйренгені жайлы стикерлерге жазып саңырауқұлақтың қалпақшасына желімдейді .

Үйге тапсырма; Тақырыпты оқу , сұрақ-жауап беру ,деңгейлік тапсырмалар беру







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

«Бағдаршам» , «Басбармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауды жүргіземін

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабілеті төмен оқушыларға қажет жағдайда үлгеруші оқушыны көмек көрсетуді ұсынамын . Мұғалім тарапынан нұсқау беріп , түрткі сұрақтар қоямын.

Критерий

Тапсырма

Дескриптор

Бал

1."Сұрақ-жауап"

Сұрақ-жауап

1.Дұрыс жауап беру

2.Физикалық мағынасын ашу

1


1

2."Қонаққа бару"

Берілген тақырыпты түсіндіру

1.Тақырыптың ашылуы

2.Ойдың түйінді идеясы


1


1

3."Кім жылдам"

Есептер шығару


1.Берілгені мен фомуласын қоя білу

2.Есептің шешімін табу, дәлелдеу


1


1

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау











Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!