Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірліктері. 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірліктері. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2. 2.13 –тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру 7.2.2.14 – сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Тығыздық

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірліктері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2. 2.13 –тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру

7.2.2.14 сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар тығыздықтың анықтамасын біледі, тығыздық = масса /көлем формуласын біледі.

Көптеген оқушылар: физикалық мағынасын түсінеді, формуласын түрлендіре алады, туынды өлшем бірліктер мен негізгі өлшем бірліктерді ажырата алады..

Кейбір оқушылар : дұрыс, дұрыс емес пішінді денелердің тығыздығын, сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттай алады, өз болжамдарын жасай алады.

Бағалау критерийі

тығыздықтың анықтамасын біледі,

формула бойынша есептеу жүргізе алады.

туынды өлшем бірліктер мен негізгі өлшем бірліктерді ажырата алады.

дұрыс, дұрыс емес пішінді денелердің тығыздығын, сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттай алады

Тілдік мақсаттар














Масса Масса Мass Көлем Объем Volume

Тығыздық Плотность Density

Өлшеу Измерение Measure

Дене Тело Body

Жаңа терминдерді пайдаланады. Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру.

Құндылықтарға баулу




Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Әр түрлі салада кез- келген сұйықтың тығыздығын өлшейтін ареометрмен жұмыс істей алады. Ауыл шаруашылығында сүттің сапасын анықтау үшін лактометрмен жұмыс істейді.

Пәнаралық байланыс

математика ,шет тілі

Алдыңғы білім


Оқушылар масса және көлем ұғымын біледі

.Таразыға тартып анықтауды біледі

Дұрыс ,дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшей алады.

Белгіленуін ,өлшем бірліктерін біледі



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



Білу

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру)

ІІ. Психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері .Бір біріне жақсы тілектерін арнайды

ІІІ. Топқа бөлу. Мозайка әдісі (сурет қиындыларын топтау арқылы топқа бөлінеді.)

Физикалық шамалар

Физикалық приборлар

Физикалық бірліктер

ІV. «Сенемін-сенбеймін» (үй тапсырмасын сұрау)

Сұрақ –жауап әдісі (жалған ,шын)

1.Денелердің бір-бірімен әрекет етуі өзара әрекеттесу деп аталады. (жалған ,шын)

2.Өзара әрекеттесу күрделі құбылыс. (жалған ,шын)

3.Массаны V деген әріппен белгілейміз. (жалған ,шын)

4.Масса –денелердің инерттілігінің өлшемі(жалған ,шын)

5.Массаның өлшем бірлігі километр. (жалған ,шын)

6.1 т = 1000 кг

1 г = 0,001 кг (жалған ,шын)

7.Массаны өлшейтін құрал мензурка деп аталады. (жалған ,шын)

Проблемалық сұрақ:

Неге көлемі бірдей денелердің массалары әр түрлі?

Ал массалары бірдей денелердің көлемдері әр түрлі? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар?

Сонымен, бұл қандай екі шаманың арасындағы тәуелділік деп ойлайсыңдар?

Сонымен масса мен көлем арасындағы қатынас тығыздық деген жаңа бір физикалық ұғымды береді. Ол әрпімен белгіленеді. Ал ХБЖ өлшем бірлігі осы формуладан шығарсақ қалай болады

Мадақтау арқылы бағаланады

Дескриптор

массаның анықтамасын айт

өлшем бірліктерін жаз

өлшем бірліктерін ХБЖ –ға келтір

екі шаманың арасындағы тәуелділікті тап









Кеспе қағаздар









Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Түсіну, қолдау, талдау

ІV.Мәтінмен жұмыс

Топтық жұмыс

«Оқы, бірік, бөліс» стратегиясы бойынша жүреді.

Топ мүшелері рөлдерді (уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы) өзара анықтап алады.

1. Оқушылар жұмыс барысын жеке оқып шығады.

2.Сосын топта бірігіп талқылайды.

3. Оқығандарын ортаға салып бөлісіп, орындайды.

Тапсырмалар «Зерттейік, бақылайық, талқылайық»

І топ: Ағаш білеушенің тығыздығын табу керек. Оқушылар ағаш білеуше, таразы, сызғыш көмегімен тапсырманы зерттеп, есептеп, талдап берулері керек.

ІІ топ: Мензурка көмегімен көлемі әртүрлі денелердің тығыздығын табады.

Оқушыларға мензурка,тас, жүктер әртүрлі салмақтағы т.б, жіп беріледі.

ІІІ топ: Сурет көмегімен есептейді

бірдей ме?



Жұптық жұмыс. Анықтамалық кесте.

Белгіленуі өлшем бірлігі формуласы өлшейтін құрал

Тығыздық

Көлем

Масса

Сәйкестендіру.

Шашылған сандар мен өлшем бірліктерін белгілі ретпен шапшаң орналастыру керек

7,2 т 7200 кг

2г 0,002 кг

500 мг 0,0005 кг

40 см 0,00004 м

0,2 л 0,0002м


Жеке жұмыс. Жалғасын тап...

1.Заттың тығыздығы дегеніміз –______________________________________________________________

2.Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады: ρ=__________

3. Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз:

[m]=_______

[V]=­­­­­­_______

[ρ]=________

  1. Бірдей шелектердің біріне ауыз су, екіншісіне теңіз суы толтырылған. Бұлардың массалары бірдей бола ма?

  2. Ыдысқа толтыра су құйылған. Қандай жағдайда ыдыстан су көбірек төгіледі: ыдысқа массасы 1 кг қалайыны батырғанда ма, әлде қорғасынды батырғанда ма?

  3. Көлемі 1 л өсімдік майының массасы 920 г. Майдың тығыздығын тап.

  4. 1 мин ішінде адам демін ішке 15 рет тартқанда өкпесіне 600см3 ауа келеді екен. Бір сағатта адамның өкпесі арқылы өтетін ауаның массасын есепте.

  5. Машинаға арналған болат детальдің массасы 780г. Оның көлемін анықта

Таныстырылым

Бағалау парағы арқылы ұпай беріледі.


Оқушының аты-жөні

Теориялық білім

Практикада орындалуы

өлшем бірлігі

1





2





3





4





5





Дескриптор

Стикерлер , плакат ,түрлі түсті бояулар





















ағаш білеуше, таразы, сызғыш


Мензурка,таразы,суы бар ыдыс , тас, әр түрлі салмақтағы жүктер

























Интерактивті тақта

Сабақтың соңы





Үй тапсырмасы :

Р. Башарұлы § 31,32 оқу, тапсырма парағы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

























Саралау


Бағалау


Денсаулық

жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Ынтымақтастық саралау,

Тапсырмаға бағытталған саралау, мазмұн бойынша саралау , оқушыларды қолдау арқылы саралау

Сабақ басындағы үй тапсырмасын мадақтау,смайлик

арқылы бағалау.

Сабақ ортасындағы тапсырмаларды бағалау парағы арқылы бағалау.

-Интербелсенді тақтамен жұмыста техникалық қауіпсіздікті сақтау

-Столдың үстіне құралдарды байқап ұқыпты орналастыру. – шыны приборлармен абайлап жұмыс жасау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.01.2023
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі