Зерде бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің даму ерешеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерде бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің даму ерешеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы мектепте сөйлеу тілін дамыту әдістемелік құралдарына қосымша пайдалануға кажетті ресурс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Бостандық ауданы

«№2 арнайы мектеп-интернаты»

Дефектолог

Ибрагимова Лаззат Турсумаметқызы

ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Сөйлеу тілі- ауызша тілдің ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, арнайы дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Сөйлеу тілі қарым – қатынастың маңызды бір түрі болып табылады және қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

Зерде бұзылыстары бар балалардың сөйлеу және коммуникативтік дағдылары қалыптасатын негізгі қызмет түрлерінде : пәндік-практикалық қызмет (еліктеу-орындаушылық, жаттығу,тұрмыстық); ойын қызметі: (пәндік және дидактикалық, сюжеттік-рөлдік,іскерлік ойындар, заттық -модельдеу);қарым -қатынастық (өз қалауларын, білімдерін, іс-әрекеттерін сұрақ-жауап түрінде ауызша айту үлгілерін игеру үшін лексикалық материалды қайталап, бірлесіп қайталау, жаттанды сөздер,фразалар, дыбыстарға еліктеулерді айту), тәжірибелік, көрнекі әдістер жетекші орын алады. Ауызша әдістер көрнекі оқыту әдістерін және оқушылардың өзіндік әрекеттерін толықтырады.

Қарым қатынас бала дамуында маңызды фактор болып табылады. Зерде бұзылыстары бар балалардың сөздік қорлары аз және сөйлеу тілінің дамуы өте тежелген, олар кейбір ең оңай заттардың атауларын, іс –әрекеттерді және белгілерді атай алмайды.Сөз және сөз мағынасын қабылдай алмайтындықтан арнайы түзету жұмыстары, байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру іс – әрекеттері арнайы талаптарға сай жүргізіліп, баланың байланыстырып сөйлеу тілі дағдылары қалыптастырлады. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып оны ұғынуға болмайды. Осы талаптарды үнемі орындау арқылы баланың байланыстырып сөйлеу тілі, сөз байлығы, сөз қоры молая түседі.

Бастауыш сыныпта жеке сөздерді айтқызу арқылы затты көрсетіп, заттарға байланысты сөздерді айтып, толық ойын жеткізу үшін мұғалім көмегін пайдалана отырып, сөзді байланыстырып сөйлеуге тырысады. Оқушыларға нұсқаулар, сұрақ қою арқылы сөздік қоры молая түседі. Мысалы: тұр, отыр, көрсет, алып кел, алып бер деген нұсқауларды орындау талап етіледі және оқушыдан істеген ісіне есеп беру талап етіледі және де бұл сөздер қоршаған ортасындағы заттардың атауын тануға көмектеседі. Мысалы: қарындаш бер, қаламды алып кел. Жаңа сөзді оқушымен таныстыруда оқушыға сурет арқылы, көру арқылы қабылдауын дамыту керек. Оқушы дайындық сыныпқа келгенде аш, жап, отыр, тұр деген нұсқауларды бірнеше рет көргенен кейін оқушы өзі қайталап, есеп береді.

Бала жинақтаған сөз қорларын, тұрмыста, қарым-қатынаста пайдалану қажет. Бала заттың атын атап айта білумен қатар, оны сипаттай да білулері керек. Мысалы: кітап, қалың кітап, жұқа кітап; алма, алма домалақ, алма қызыл деп сипаттау керек. Бұл дайындық, бірінші сыныптарда. Сыныбы жоғарылаған сайын сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілін; соның ішінде сұрақтарға толық, кең көлемді жауап беру. Оқыған ертегі, мәтінді қысқаша айту, суретке қарап сөйлем құрастыру, бір обьектіні суреттеу.Суреттер бойынша сөйлем құрау, өзінің іс әрекеті туралы және сюжетті сурет бойынша байланыстыра әңгіме құрастыру. Сурет бойынша мәтін құрастыру баланың ойын, тілін дамытумен бірге оқушыларды суреттің мазмұнын түсінуге үйретеді. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы (суреттер, муляж, ойыншықтар) жаңа сөздің мағынасын түсіндіруге болады. Оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді, ынтасы артады Сурет бойынша оқушы заттың атын, түсін біледі.Бұндай балаларда жиі кететін қателіктер:

- Синтаксистік байланыстың үйлесімділігі мен ережесінің бұзылуы;

- Жалғауларды дұрыс айтпау, артық шылау сөздерін қосу, ауыстыру;

- Сөздерді дұрыс қолданбау;

- Сөйлем мүшелерін тастап кету;

Әр оқушының қабілет ерекшелігінде ескеру керек. Қабілеті төмен оқушыға жеңіл сөздік материал, белсенді оқушыға күрделі сөздік материал беріледі.

Сабақтың әрбір кезеңінде, ұйымдастыру кезеңінен бастап сөйлеу тілін және сөздік қорын дамиды. Ұйымдастыру кезеңінде сыныпта қысқа сұрақтар қойылады ары қарай сұрақтар көлемі ұлғая түседі. Оқушылар бір сөзбен емес толықтай жауап беруге дағдыланады. Әр сабақта әр түрлі сұрақтар қойылады. Сұрақтар қою арқылы сөздік қорын, сөйлеу тілі дамиды.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, дыбыс айтуының бұзылуы, сөздік қорының мардымсыз толығуы және байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуы қарым қатынасқа түсуіне қиындық әкеледі, сол себепті айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын шектейді.Зерде бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде нақты айтқанда сөздік қорын молайтуда мұғалім және жеке сабақ мұғалімі, тәрбиешінің ынтымақтаса бірлесе жұмыс істеу маңызы зор. Мұғалім, тәрбиеші, жеке сабақ мұғалімі өзара тығыз қарым-қатынас жасап отырса сөздік қоры және сөйлеу тілі молаяды. Балада қарым-қатынас тілінде сөздік қорын молайтып, грамматикалық, жағын және дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру керек.

Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді, ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.

Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері, себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі. Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдеріс. Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуінің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология, генетикалық себептердің ықпалы, есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері болуы мүмкін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.07.2024
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі