Материалдар / «Зерде» интеллектуалды ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Зерде» интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2019
1514
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,қима қағаздар, тапсырмалар
Түрі: сайыс
Барысы:
Мұғалім:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің 1-3 сынып аралығында өтетін «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.


Құрылымы: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

  • Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған  «Зерде» интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

Бағдарлама кезеңдері:

I-айналым «Кім жылдам?»

II-айналым «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»

III-айналым «Мықты болсаң тауып көр»

IV-айналым «Айшықты сөздер»

V-айналым «Ойлан тап»

VI -«Білгенге маржан»



I-айналым «Кім жылдам?» әр сұраққа 5 ұпай


1сұрақ: Төрт түлікті ата
Ж: қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі
2 сұрақ: Өлі табиғатқа нелер жатады?
Ж: тас, құм, тау, ай, бұлт, су
3 сұрақ: Зеңгібаба қай малдың пірі?
Ж: Сиыр
4 сұрақ: Сөйлем неден құралады?
Ж: Сөзден
5. Сұрақ: Дауыссыз дыбыс нешеу?
Ж: 25
6. сұрақ: Балдырған сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
Ж: 3
7 сұрақ: Жыл мезгілдерін ата
Ж: Күз, қыс, көктем, жаз
8 сұрақ: Табиғат құбылыстарын ата
Ж: Жаңбыр, жел, қар, боран, құйын, аяз т. б


Мақалды жалғастыр: (тақтадан тексереді)

1. Еріншектің ............. бітпес. (ертеңі)

2. Еңбектің наны тәтті, ...жаны тәтті (жалқаудың)

3. Денсаулық – зор ...(байлық)

4. Кітап – білім бұлағы, ...– өмір шырағы (білім)

5. Анадан артық...бар ма? (дос )



II-айналым «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»

Слайд әр дұрыс жауап 5 ұпай

Қай топта аз балл сол топ босатылады

Ш-айналым «Мықты болсаң тауып көр»

Бұл бөлімде жұмбақ шешіліп, жауабы үш тілде айтылады. Тапсырмалар саны 8.

Дұрыс жауапқа -10 ұпай

Дұрыс жауапты

Орыс тіліне аударса – 20 ұпай

Ағылшын тіліне аударса – 30 ұпай

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(кітап; книга; book)

2.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа; воздух; air)

3.Білімді мыңды жығады,

Білекті ... жығады.

(бір; один; one)

4.Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

(қалам; ручка; pen)

5.Айдағаны неше ешкі,

Ысқырғаны жер жарады.

(бес; пять; five)

6.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш; линейка; ruler)

7. Сатайын десем, ауыр кілем,

Сатпайын десем, тәуір кілем.

(жер, земля, ground)

8.Сыртты тәтті, іші тәтті,

Ортасы сүйек қатты

(алма, яблоко. apple)

IV айналым «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз.. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады. Осы айналымнан кейін тағыда ұпай саны аз топпен қоштасамыз.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)



1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)



1. Бетінен оты шықты (ұялу)

2. Ит өлген жер (алыс)



1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)



1.Таяқ тастам жер (жақын)

2.Жүрегі тас төбесіне шықты (қорықты



1.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам, лезде)

2.Ат құлағында ойнайды (шабандоз)



V-айналым «Ойлан тап»

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)

5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)

6. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)

7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)

8. 2 жылда неше ай бар?(24)

9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? (кесінді)

10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)

VI -«Кім тапқыр?»

Қазір сіздерге Әр топқа берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)

Қорытынды:
«Зерде» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!



Бүгінгі ойынымызды С.Мұқановтың мына сөздерімен аяқтайық.



Адамдадың әлемінде,

Туыстығын тілеймін.

Шын достықтың әр елінде

Тым ыстығын тілеймін

Бақыт, еңбек, береке,

Ырыс күнін тілеймін,

Күнде думан мереке,

Тыныштығын тілеймін.











_____________________________________



17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

































+

+





































































_____________________________________



17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!