Материалдар / ЗЕРДЕ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ БОЙЫНША» Әдістемелік нұсқаулық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЗЕРДЕ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ БОЙЫНША» Әдістемелік нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал арнайы мектептердің логопед мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ШҚО ББ «№6 арнайы мектеп - интернаты» КММ


















«ЗЕРДЕ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ

ТІЛІН ДАМЫТУ БОЙЫНША»

Әдістемелік нұсқаулық












Абильбекова Д.С.




















СЕМЕЙ-2020ж


Кіріспе

Қазіргі кездегі әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, екіншілік кемістік ретінде сөйлеу тілінің дамуы тежелген зерде қабілеті бұзылған балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз. Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады.

Бұл тақырыптың өзектілігі мынада – зерде қабілеті бұзылған балаларға арналған педагогикалық түзету, оның ішінде сөйлеу тілін дамыту бойынша жүйесі жасалмаған. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде дамыту, олардың жалпы дамуының да бірден бір шарты болып табылады және екіншілік кемістіктердің пайда болуының алдын алады.

Артикуляция мүшелері қозғалысының бұзылуы да сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуіне әкеп соғады.

Бала 4-5 жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Алайда зерде қабілеті бұзылған балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, алмастырып, кейде мүлдем айта алмайтын балалар кездеседі. Әсіресе жиі бұзылатын дыбыстар: с, з, ш, ж, ч, щ, р, л, ң.

Ата-аналар арасында «Есейген соң түзеліп кетеді» деген теріс ойлар жиі кездесіп жатады. Дыбыс айтудағы кемшіліктер оқу, жазу дағдыларының, мінез – құлықтарының қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал зерде қабілеті бұзылған балалардың тілін дамыту бойынша пайдалануға болады

Оқу құралының мақсаты – тек дыбыс айту ақауларын түзетуге емес, сонымен қатар балалардың сөздік қорын, сөйлем құрау қабілетін дамыту, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.

Логопедиялық жұмысты қызықты жүргізу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады: суреттегі заттың атын атау, жұмбақ шешу, жаңылтпаштар жаттау, т.б. Көптеген тапсырмалар ойын түрінде берілген.

Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс және жекежұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 3-4 баладан артық болмау керек. Тілдің дамуы кемшіліктерін түзету бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері зерде қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларына – аптасына 4 рет, ұзақтығы топпен 20-25 минуттан, ал жеке жұмыс ұзақтығы 10-15 минуттан жүргізіледі Зерде қабілеті бұзылған балалардың тіл дамуы кемшіліктерін түзетуге арналған әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.

Аталған әдістемелік нұсқаулықты зерде қабілеті бұзылған балалардың тілін дамытуда қолдануға бооады.























ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ


Көңілді тіл туралы ертегі

Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Ол қандай үй? Дұрыс, ол – ауыз. Ол үйдің есігі ашылып-жабылып тұрады. Көрсетейік: қалайашылып-жабылады? Тіл үйінде отыра алмайды. Далаға шығады (тілін шығару). Міне , ол күнге шығып, жылынып жаыр (жалпақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты. Тіл тоңып кетіп үйге кірді де, есігін жауып алды (аузын жабады). Тіл тәтті тосаппен шай ішкенде, төменгі ерінге тосап жұғып қалды, оны жалады (төменгі ерінді жалау). Соңынана тісін тазалады (тілдің ұшыиен төменгі тістерін тазалау). Тіл үйшігінде ұзақ отыра алмады. Далаға шықса, балалар футбол ойнеп жүр екен. Ол да қосылды, қақпаға доп соқты (еріндерін жымитып мақта допты үрлеу). Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.


АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

  • «Сағат»

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз, ауызды ашамыз. Жіңішке тілді кезекпен оң және сол езуге жеткізе қозғалтамыз. Тіл өзін сәндеп болған соң, үйге қайтатын уақыт болды ма екен, сағатқа қарады.Кане біздің сағаттарымыз қалай жұмыс істеп тұр екен.


  • «Әткеншек»

Тіл футбол ойнап болған соң, әткеншек тепкісі келді: «төмен-жоғары» Тілмен әткеншек тепкен көңілді ме?

Жаттығуды сипаттау: Жымиямыз, ауылды кең ашамыз «бір»-дегенде тілді төменгі тістің артына түсіреміз, «екі»-дегенде тілді жоғарғы тістің артына көтереміз. 4-5 рет қайталаймыз.


  • «Қамыр илейміз»

Тіл үйіне келсе, үйде тәтті иіс шығып жатты: сөйтсе анасы үйде бәліш пісіріп жатыр екен. Тіл анасына көмектесуге кірісті. Біз де тілге көмектесейік. 

Жаттығуды сипаттау:Жымиямыз, ауызды ашамыз да, тілді тісімізбен тістеп-та-та-та... –дейміз, енді тілімізді ерінмен екі жағынан ұрғылаймыз-пя-пя-пя; тілді тістеп тұрып, тілді сыртқа шығарып, ішке кіргіземіз.


  • «Тәтті тосап»

Анам екеуміз құймақты қаймақпен және тәтті тосаппен жедік, тосап еріндерімізге жұғып қалды, кәне, ерніміздегі тосапты тілімізбен жалайық. 

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз,ауызды ашамыз, жоғарғы

ернімізді, сосын төменгі ернімізді, сосын айналдыра жалаймыз. 4-5 рет қайталаймыз.


  • «Тісімізді тазалаймыз»

Әдемі кеседен шай ішіп болған соң, Тіл тісін тазалауға кірісті.

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз,ауызды ашамыз, тілдің ұшымен төменгі тістің іш жағынан тазалаймыз (оңға, солға) 7-8 рет. тілдің ұшымен жоғарғы тістің іш жағынан тазалаймыз (оңға, солға) 7-8 рет.

Саңырауқұлақ

Тіл келе жатып, ағаштың түбінде өсіп тұрған саңырауқұлақты көрді. Кәне, қандай саңырауқұлақты көргенін көрсетейік.

Жаттығуды сипаттау:жымиямыз, ауызды кең ашамыз, тілді таңдайға жапсырамыз.


  • «Кесе»

Тіл тосаппен құймақты жеп болған соң, шай ішуге кірісті. Тілдің кесесі қандай әдемі! Қане, тілдің кесесін көрсетейік.

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз,ауызды ашамыз, тілді сыртқа шығарып, мұрынға қарай көтереміз, шайымыз төгіліп қалмас үшін тілдің бүйірлерін де көтереміз.






ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Тыныс алу жаттығулары – дұрыс сөйлеудің, денсаулық кепілінің басты негізі

Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады.

Жүргізуші ретінде, бала ретінде балалар кезектесіп өткізеді. Орындалу уақыты - 5 мин. Алғашында жеңіл түрінен басталып, күрделі түріне ауысады. Бұл кезекті тыныс алу жаттығуларын әр лексикалық тақырыпқа сай қолдануға болады:

  • «Жапырақтарды ұшыр»

Шарты: Мұрынмен терең дем алып, ауызбен дем шығару арқылы кішкентай жапырақтарды үрлеп ұшыру.

  • «Шарды үрлейміз»

Шарты: бала шарды алып, алдымен қатты, сонан соң жаймен үреді.

  • «Терезенің жапқыштарын үрлеп ұшыр»

Шарты: үйдің терезе жапқыштарын балалар жеке-жеке үрлеп ұшырады.

  • «Шәйді суыт»

Шарты: кеседегі шәйді балалар үрлеп суытады. Ондағы шәйдің ыстық екендігі айтып түсіндіріледі. Суытып болған соң оны ішіп, дәміне тамсанады.

  • «Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар»

Шарты: Балалар мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен ауаны ұртқа жинамай, жәйменен дем шығарады.

  • «Айнаның бетін тазала»

Шарты: айнаны қолға алып, бала айнаның бетін үрлеп булайды. Сосын айна бетін орамалмен сүртіп, тазалайды.

  • «Қолды үрлеп ысқылау арқылы жылыту»

Шарты: аязға тоңған қолдарымызды үрлеп, ысқылап қыздырамыз, жылытамыз. Жылдам-жылдам ысқылаймыз.

  • «Жалаушаларды ұшыру, көкке көтеру»

Шарты: түрлі-түсті кішкентай жалаушаларды балалар үрлеп ұшырады.

  • «Құстың қанатын қағуына көмектес»

Шарты: мына құстың қанаты жараланған, қанекей емдем жіберейік. Сендер үрлесеңдер ол қанатын жазып ұшып кетеді. Балалар құстың қанатына үрлейді. Сол мезетте құс ұшып кетеді, рахмет айтады.

  • «Шыршаның жаңғақтарын иіскеу»

Шарты: мынау шыршада өсетін жаңғақтар. Қанекей иісін иіскейік. Оның өзіндік иісі болады.

  • Тыныстайық тереңнен!

Жүгірдің де қарғыдың,

Жарадың да барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен

Тыныстаңдар тереңнен.

Қане, «У-ф»-деп айталық

Демді ішке тартайық.

Енді «У-һ»- деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.

Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді.

Басты көтер, тік ұста

Емін-емін тыныста

Қане, «У-ф»-деп айталық

Демді ішке тартайық

Енді «У-һ»- деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.


  • «Стакандағы дауыл»

Су құйылған стаканға коктейль ішуге арналған түтікшені салып бір жағын тілдің ортасына салып, түтікше арқылы стакандағы суды үрлеу.Ұртымызды ауаға толтырмаймыз,ернімізді қозғалтпаймыз.

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Логопедиялық сабақтарда дыбыс қою, машықтандыру, оқушылардың фонетикалық-фонематикалық қабылдауын қадағалау мақсаттарын жүзеге асыруда ойындарды кіріктірудің маңызы өте зор. Ойын – баланы сабақ мазмұнына қызықтыра отырып, жаңа дағдыларды меңгертіп қана қоймай, дыбыстарды дұрыс қолданып, қалыпты сөйлеуге үлкен ықпалын тигізетін әдіс. Логопедтің күнделікті сабақ жоспарларында ойындарды қосуы қарапайым дәстүрлі тәсілдерден гөрі жаңа инновациялық сипатқа ие болады. Ойынның негізгі ерекшеліктері оқушылардың жеке интеллектуалды қасиеттеріне байланысты болады. Төменде ойынның негізгі түрлері көрсетілген.

Есту қабілетін дамытуға арналған ойындар

  • «Құлақтар — саққұлақтар»

Мақсаты: есту зейінін дамыту, дыбыстарды айыра білуін бекіту.

Логопед балаларға ағаш, темір қасық пен хрусталь, шыны ыдыс көрсетеді. Балалар заттарды атайды. Енді педагог әрқайсысының дыбысын естуді ұсынады,ширма қойып, кезекпен әр заттыңдыбысын шығарады. Балалар ненің дыбысы екенін танып, айтады.

  • «Не «Мяу?»деді»

Мақсаты: үй жануарларының дауысын айырып білу қабілеттерін қалыптастыру.

Қажетті материалдар: магнитофон немесе ноутбук, үй жануарларының дауыстары басылған аудиобасылым. Логопед үй жануарларының дауысы басылған аудиобасылымды қосады. Балалар тыңдап, естіп, ненің дауысы екенін айтады. «Не қалай дыбыстайды» ойыныда ұқсас болады, бірақ жануарлардың орнына құстардың дауысы.

  • «Бағдаршамның алдында не тұр?»

Мақсаты: есту зейінін дамыту және көліктерді танып, айта білу қабілеттерін дамыту.

Қажетті материалдар: магнитофон немесе ноутбук және көшедегі көліктердің дыбысы.

Логопед көшедегі көліктердің дыбысын қосады, ал балалар бағдаршамның алдында қандай көлік тұрғанын анықтайды (жеңіл машина, жүк көлігі, трактор, мотоцикл, арба, трамвай).

  • «Дыбыс қайдан шықты?»

Мақсаты: есту зейінін дамыту және кеңістікті жұмулы көзбен бағдарлай білуге жаттықтыру.

Балалар көздерін жұмып тұрады. Логопед қоңырауды сылдырлатып топ ішінде жүреді, балалар жұмулы көздерімен дыбыс шыққан жерге барады.

  • Саусақ жаттығуы «Найзағай»

Мақсаты: дыбыстың шығу динамикасының өзгерісіне орай қимылды сәйкестендіру.

Логопед ойынның сөздерін оқиды, балалар солқимылды орындайды.

Тамшы тамды (екі қолының сұқ саусағымен үстел үстінен ұрады). Жаңбыр жауды (екі қолдың төрт саусағымен үстел үстінен ұрады). Ол шелектеп құяды (төрт саусақтарымен қатты ұрады). Бұршақ жауды (екі қолдың сұқ саусағын бүгіп,тоқылдатады). Найзағай ойнайды (жұдырықпен үстел үстін соғады). Найзағай жарқылдайды (ауада саусақпен найзағайдың суретін саламыз, ш дыбысын айтамыз). Барлығы үйге жүгіреді (алақандарын шапалақтап,қолдарын артқа жасырады). Таңертең жарқырап күн шықты (қолдарымен ауада үлкен шеңбер салады).

Тілдік еліктеу немесе дыбыстық еліктеу — бұл айтылған дыбысты,сөзді,әңгімені қайталап айту.


Дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға арналған ойындар

1.Қуыршақты тербетіп отырған кішкентай қыздың суретін қарастыру;-«Бұл Айсулу,ол қуыршағын ұйықтатып отыр және -А-а-а-деп әндетеді!Біз де көмек берейік А-а-а –деп әндетеміз (қолымызбен тербетіп көрсетеміз).Әндеькенде балаға ауызыды кең ашуды көрсетеміз.

2.Тісі ауырып отырған қыздың суретін қарастырып: «-Бұл Асия,оның тісі ауырып отыр О-о-о! Асия қалай айтты –О-о-о.Ұртымызды қолымызбен ұстап,басымызды шайқап отырып,айтамыз.

3.Суретті қарастырып немесе қолымызға ойыншық ат алып: «Құлыншақ анасын шақырады –И-и –и- деп бірге қосылып айтамыз. Еріннің жымиып,созыыдуын қадағалаймыз.

4.Суреттегі кемені қарастырамыз немесе ойыншық кемені қолымызға алып: «Кеме айлаққа жүзіп келеді –У-у-у деп уілдейміз.Балалардың еріндерінтүтікше қылып орайды.Кеме қалай уілдейді? –У-у-у

5.Суреттегі аю мен қонжықты қарасытрамыз. Үлкен аю екі қолын екі жаққа қойып –Э-э-э деп айқайлайды,ал кішкентай қонжық қолын жақын ұстап э-э-э деп жәй айтады.Балаларға аю мен қонжықты көрсетуді ұсынамыз.

Жануарлар мен құстардың дауысына еліктеу ойындары.

Ойынға жануарлардың суреті немесе ойыншық фигуралар қолданады.Анасы мен баласы,себебі анасының дауысы қатты болады,ал баласыныңы дауысы жіңішке және жәй.Орыс халқының «Үш аю» ертегісін естеріңе

түсіріңдер.Қонжықтың аю-әкесі ақырады,аю-анасыда одан жәйырақ,ал қонжық шиқылдады.


Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға арналған ойын түрлері.

  • « Пых-Шәйнек»

Балаларға қайнап тұрған шәйнектің суретін көрсетіп,бұл шәйнектің аты «Пых»,ол қайнаған кезде п-п-п дейді,енді бізде шәйнекке қосылып,пысылдайық.

  • «Орман шулайды»

Жел тұрғанда,ағаштың жапырақтары «Ш-ш-ш»-деп шытырлайды-деп балаларға түсіндіріп,енді қолымызды жоғары көтеріп ағаштың жапырақтары боламыз,жел тұрды –Ш-ш-ш дейміз.

  • «Маса» ойыны

Суреттегі масаны көрсетеміз,мынау «Захар» деген маса,ол З-з-з деп ызыңдайды,сұқ саусақпен бас бармақты түйістіріп,айналдырып З-з-з дейміз.

Енді масаны ұстап аламыз,қолымызды жұырыққа түйіп,құлағымызға тосамыз З-з-з,естідің бе?Қане енді сен ұстап ал.

  • «Қоңыз» ойыны

Қоңыздың суретін немесе сұлбасын балаға көрсетеміз.Бұл «Женя» деген қоңыз,ол Ж-ж-ж деп әндетед,ал қане біз де әндетіп көрейік

  • «Кірпі» ойыны

Кірпінің суретін немесе сұлбасын балаға көрсетеміз.Бұл кірпі,ол өзінің арқасындағы инелеріне алма,саңырауқұлақтарды іліп алып,ініне алып барады,ол Ф-ф-ф деп пысылдайды.

Тұрмыстық заттардың дыбысына еліктеу ойындары:

· Сағат тықылдайды – ТИК—ТАК

· Су тамшылайды – КАП—КАП

· Кішкентай балақай жүреді – ТОП—ТОП

· Балға соғады ТУК—ТУК

· Қайшы қияды ЧИК—ЧИК

· Әткеншек тебеміз КАЧ—КАЧ


САУСАҚ МОТОРИКАСЫНА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

   Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

Зерде қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілініңі қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

  • «Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

  • «Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

  • «Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

  • «Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Педагог балаға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.

  • «Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)


Саусақ жаттығулары

  • Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

  • Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

  • Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

  • Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!