Материалдар / Зергерлік бұйымдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зергерлік бұйымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыпта зергерлік бұйымдардың түрлері жане атаулары бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2019
1293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО. Өскемен қаласы. № 45бейімделген орта мектебі

Тақырыбы: Зергерлік бұйымдар

Мектеп: №45 бейімделген орта мектебі


Күні: 14.10.18

педагогтің аты-жөні: Катишева Айсулу Кабылжановна

сынып/топ: 0 «А»

Қатысқандар саны: 27

Болмағандар:1

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.3.2.2. Ұлттық қолданбалы өнер туралы, алған түсінігі мен әсерлерін түрлі жолдармен жеткізу. Балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын, сана-сезімін, ынта-жігерін арттыру. Балалардың логикалық ойындар ойнау, Ұлттық қол өнерін құрметтеуге баулу. Зергерлік бұйымдармен және зергерлік шеберлік іспен таныстыру. Маржан тастармен жұмыс істеу қабілеттерін, саусақ ұштарының ұсақ маторикасын дамыту

Күтілетін нәтиже












тілдік мақсат

Барлық тәрбиеленушілер:

Зергерлік бұйымдар туралы мәліметтермен танысады. Зергерлік бұйымдарды бір-бірінен ажырата алады.


Кейбір тәрбиеленушілер:

Алған түсінігі мен әсерлерін ауызекі тілмен (2-3 жай сөйлеммен) жеткізе алады.

тәрбиеленушілер: ұлттық қолданбалы өнер туралы жалпы мәліметтерді өз тілімен жеткізе алады. Қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, оның ішінде зергерлік өнері туралы алған білімдерін ауызекі тілмен жеткізе алады.

Көптілділік:

Зергер – ювелир – jeweler, сақина – кольцо – ring, сырға – серьга – earring

негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Ұлттық зергерлік бұйымдар.



Пікір алмасу сұрақтары.

Әшекей бұйымдарды кімдер жасайды?

Өткен ҰОҚ-дан алған білімі

Әшекей бұйымдар неден жасалынады?

Өздерің қандай әшекей бұйымдарды білесіңдер?








Жоспарланған уақыт



Жоспарланған іс-әрекет



ресурстары

Ι. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.



0–1 мин.

(Ұ) шаттық шеңбері

Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз, Қадірлейміз қазағымның мұрасын. Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз, Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын.

ΙΙ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3-4 мин












2-3мин

(пт) педагог тәрбиеленушілерді зергерлік бұйымдарды көруге шақырады. Балалар өздері білетін зергерлік бұйымдарды атайды.

Осыдан соң педагог Ф. Оңғарсынованың «Зергер» өлеңін оқиды.

Білесің бе бұл істі,

Зергерлікке кім дайын?

Балқытып ап күмісті,

Сапырады судайын.

Білезік пен алқаны,

Сақинаны, сырғаны Күміс сымнан тартады.



Өлеңде кім туралы, қай мамандық жөнінде айтылған? – Сақина, сырғаны жасайтын адам.

Оны кім деп атайды? – Зергер.

Зергер не істейді?

Әртүрлі әшекей бұйымдарын жасайды.

Көрме














Зергердің суреті,

Интерактивтік тақта,

бейнеролик

ҰОҚ-ның ортасы ΙΙΙ. тақырып бойынша жұмыс

2-3 мин



















(пт) педагогтің түсіндіруі:

Қазақтың әшекей бұйымдары – бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер алтын мен күміс, жез бен мысты кеңінен қолданған. Солардың арасында көбірек қолданғаны – күміс. Мысалы: күміс сақиналар, сырғалар т.б.

Білезік – Күмістен, алтыннан соғылатын, білекке тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. (түрлері: алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік)

Көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға.


Сырға түрлері өте көп. Қазақ үшін сырғаның атқаратын рөлі өте маңызды болған. Себебі қазірге дейін сақталған «сырға салу» дәстүрі бар. Кейбір сырғалар ауыр, ұзын етіп жасалған, оларды қалыңдық сәукелесәне қадаған.


Алқа – Көбіне күмістен соғылатын, бірнеше бөлік асыл тастардан шынжыр арқылы тағылатын, сән, әсемдік, көркемдік мойын әшекейі.







Слайд арқылы көрсетіледі.



















3-4мин





1мин











Сөздік жұмыс

1-2мин


Сурет салу

3-4 мин


1-2 мин















Зергер болып көрелік.

2-3мин












Шашбау дегеніміз – өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан тағылған, бауы бар сәндік бұйым.




Шолпы күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Себебі бұрымға тағылған шашбаудағы алтын, күміс теңгелер де шашбау теңселген сайын жалт-жұлт еткеннен кейін шолпы аталса керек.



Ойын. «Не таптың Шарты: Бірнеше бөлікке бөлінген суреттер балаларға таратылып беріледі. Балалар артындағы сандар бойынша ретімен жабыстырып қандай бұйым және қай жерге тағылатыны жайында айтып береді.





(Ұ) Сергіту сәті:

Сыңғыр, сыңғыр сырғалар, Құлағымда сыңғырлар. Сол қолымда білезік, Саусағымда сақина,

Санап көрші, кәнеки, 1, 2, 3, бір, екі, үш,

Демалайық жинап күш!

(Ұ) сөздік жұмысын жүргізу. Көптілділік:

Зергер – ювелир – jeweler, сақина – кольцо – ring, сырға – серьга – earring

  1. Тыңдайды. 2. Қайталайды.

(Ө, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма

Анаңа қандай зергерлік бұйым сыйлар едің? Соның суретін

Сал.







2-тапсырма: Әйел адамдарға арналған заттарды қызыл түспен, ер адамдарға арналған заттарды көк түспен боя. Толықтыр.

Әйелдерге арналған сәндік бұйымдар: алқа, белбеу, білезік, жүзік, күміс оймақ, шашбау, шолпы, сақина, түйреуіш, тұмарша, сырға.

ерлерге арналған бұйымдар: кемер белбеу, кісе, аяқкиім, тақия.


  • Балалар енди топпен алқаға тастарды орнатады.

Балалар қане көрейікші, алқаларың қалай шықты?

Бұндай әшекей бұйымдар үлкен еңбектің арқасында келеді екен.

Сондықтан ұста, шеберлердің еңбегін үлкен құрметпен бағалау керек.

Жауабы: интерактивті тақтада көрсетіледі







Әліппе-дәптер.

Әліппе-дәптер.















Балаларды мадақтау








Әліппе-дәптер.

Балаларды мадақтап, мақтау.

ΙV. ҰОҚ қорытындысы. рефлексиялық түзету.

28–30 мин


(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан жүзікті кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
































































45 бейімделген орта мектебі





Қоршаған орта



«Зергерлік бұйымдар»

0 «В» мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі: Катишева А.К.



Өскемен қаласы: 2018 жыл
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!