Сабақтың
ортасы
6-29 мин
30-38
мин
|
Мұғалім
оқушыларды
2 топқа бөледі
де зертханада
физикалық
және химиялық
әдістері
арқылы
таза заттарды
бөлудің
тапсырмаларын
таратады. Оқушылар үшін интернет қолжетімді болады. (1
топқа 1-2 ноутбук беріледі).
Бірінші
топ
үшін
эксперименталдық тапсырма:
1. Сіздерде
темір
жоңқалары
мен
күкірт
ұнтағынан
тұратын
қоспа
бар. Қоспадан күкіртті қалай бөліп
алуға болатынын болжаңыз. Жұмысты
орындаңыз.
2. Сіздерде ас тұзының
ерітіндісі бар. Таза ас тұзын қалалай бөліп алуға болады? Жұмысты
орындаңыз.
3. Сіздерде өсімдік майы мен
су қоспасы бар. Қалай таза суды бөліп алуға болады? Жұмысты
орындаңыз.
Топтық жұмыстың бағалау
критерийлері:
1. Қоспаларды бөлудің
алгоритмдерін құрастырды.
2. Әр қоспаны ажырату қандай
қасиеттеріне негізделгендігін түсіндірді.
3. Практикада қоспадан қажетті
таза затты ала алды.
4. Тапсырманы белгіленген
уақыт аралығында орындады.
5. ҚТЕ
сақтады.
Слайд
5
Екінші топ үшін
эксперименталдық тапсырма:
1) Темір тақташасын 1-2
минутке мыс купоросы ерітіндісіне салыңыз. Бақылауларыңызды
суреттеңіз. Таза зат, мысты алғандығыңызды
дәлелдеңіз.
2) Сусыз мыс (ІІ) сульфатына
бірнеше тамшы су қосыңыз. Бақылауларыңызды суреттеңіз. Жаңа зат,
мыс купоросын алғандығыңызды дәлелдеңіз.
3) Мыс сымын спирт шамының
жалынында 1 минут қыздырыңыз. Бақылауларыңызды суреттеңіз. Жаңа
зат, мыс оксидін алғандығыңызды
дәлелдеңіз.
Топтық жұмыстың бағалау
критерийлері:
1. Бақылауларын
суреттеді.
2. Жаңа зат түзілгендігін
түсіндіре (дәлелдей) алды.
3. Қажетті заттарды практикада
ала алды.
4. Тапсырманы белгіленген
уақыт аралығында орындады.
5. ҚТЕ
сақтады.
Слайд 6
Оқушылардың топтары өздерінің шешімдерін
ұсынады. Әрбір топ мүшелері басқа топқа сұрақтар қояды және олардың
жалпы жауаптарын алдын ала берілген критерийлер бойынша
бағалайды.
|
Ноутбуктер
Күкірт ұнтағы, темір
жоңқалары, магнит, дистилденген су, натрий хлориді ерітіндісі,
құрғақ спирт, буландыруға қажетті табақша, өсімдік майы, бөлгіш
құйғы, мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, темір тақташасы, мыс (ІІ)
сульфаты ұнтағы,мыс сымы.
|