Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Зерттеу жұмысы Ә.Кекілбаев "Күй" повесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шолақорда ауылы
“Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені” КММ
Тақырыбы: « Өз елі өз ұлдарын ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді »
Орындаған: Әшім Жанерке Сайлауқызы
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шолақорда ауылы
“Майлин атындағы мектеп-балабақша кешен” КММ
8- сынып оқушысы
Секциясы: Әдебиет
Жетекшісі: Абилмажинова Алмагүл Мамырбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұға
2018 жыл
МАЗМҰНЫ
Аннотация..............................................................................................
Кіріспе .....................................................................................................
1.Маңғыстау өңірінің күйшілік дәстүрі
Негізгі бөлім
1.1.«Өз елі өз ұлдарын ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді».
1.2.Қазақ әдебиетіндегі күй тақырыбын жаңаша толғаған «Күй» повесі.
1.3. Мәңгүрт жасау оқиғасы
Қорытынды ……………………………………………………............
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………....
1
Зерттеудің мақсаты: Жазушының өмірі мен
өнер жолына қысқаша тоқталып,
«Күй» повесіндегі мәңгүрттік аңызымен таныстыру.«Мәңгүрт» сөзінің мағынасын ашу.Жас ұрпақты рухани мәңгүрттіктен аулақ болуға шақыру.
Осы
мақсатқа сай
мынандай міндеттерді шешу
көзделеді:
-
Ә.Кекілбаевтың еңбектеріне шолу жасау;
-
Ә.Кекілбаевтың “Күй” повесіне зерттеу жұмысын жүргізу.
-
Тарихи тұлғаның елге сіңірген еңбектеріне баға беріп, ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ әдебиетіндегі күй тақырыбын жаңаша толғаған «Күй» повесінің өзінен-ак, жазушы қаламының кейінгі өмірге келетін үлкен-үлкен туындыларының («Үркер», «Елек-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Абылай хан» тарихи драмасы, «Шандоз» деректі тарихи баяны т.б.) тынысын анық сезіндік. Тереңіне тартатын психологиялық талдау, кең тынысты ішкі монолог, сан қатпарлы тарихи шындықты бірден қамтып көрсететін эпикалық сарын, оқырманды баурап отыратын лирикалык шегіністер, ең бастысы жазушының тіл құнары осы повестің өзінен-ақ анық аңғарылған-ды. Әбіш Кекілбаев «Күй» повесі арқылы сол кездің өзінде-ақ қазақ әдебиетінде күй мен күйші тақырыбын жаңа шығармашылық биікке көтеріп, жаңа көркемдік шешім жасады. Есімі алты алашқа қадірлі, қайталанбас тұлға Абыл күйшінің тағдырын әдебиетке алып келді. Жазушының басты қаламгерлік мақсаты — күй құдіретін, оның шығармашылық болмыс-бітімін, эстетикалық күш-қуатын, керек болса әлеуметтік-танымдық, жасампаздық сипатын қазақтың адуынды өнерпазы Абыл күйшінің өмірінің ең бір қайшылықты тұсына табан тірей отырып ашу екендігін аңғарамыз.
Зерттеу жұмысының материалдары мен деректері.Маңғыстау өңірінің күйшілік өнері , Әбіш Кекілбаев еңбектері туралы жарияланған мақалалар, бірнеше томдық шығармалары.
Әшім Жанеркенің « Өз елі өз ұлдарын ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді » Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі Түрікмендер қолында тұтқында қалған қазақ күйшісінің тағдыры тақырыбындағы ғылыми жобасы туралы
2
Аннотация
Если народ не в состояний принять во внимание свойх сыновей, то из народа и не выходят гений. А.Кекилбаев мастерский владел разнобразными способами , для усвоения истинами человеческий души.Написавший каждое своё произведение кровью своего сердца и ставший великим классиком нашей казахской литературы знаменитый Абиш Кекилбаев-как пик Хан Тенгри среди высоких гор.
В его произведениях повествуются событиях на безводных. Судьба казахского исполнителя-куйшы попавший в плен Туркменам не безразлично читателя. Духовного изменение главного героя повести батыра Жонейта напрямую связана с судьбой куйшы раскрывающие его таланта
Для этой цели требуются решить следующие задачи:
-
Обзор по трудам Абиша Кекилбаева.
-
Оценить труд исторического героя и предложения по нему.
С помощью главного героя А.Кекилбаев описывал трудный период своего народа, своей наций.
3
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шолақорда ауылы
“Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені” КММ
Зерттеу жобасының тақырыбы: « Өз елі өз ұлдарын ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді»
Орындаған: Әшім Жанерке Сайлауқызы
8- сынып оқушысы
4
І.Кіріспе: Маңғыстау өңірінің күйшілік
дәстүрі
Маңғыстау
өңірінде
күйшілік
өнер ерекше
дамып,
өзіндік
өрнегімен
ерекшеленеді.
Ұрпақтан
ұрпаққа
беріліп
келе жатқан
күй өнері
Абыл,
Есбай,
Есір,
Құлшар,
Өскенбай,
Картбай,
Байшағыр,
Шамғүл,
Мұұрат
сияқты
біртуар
есімдер
арқылы
өз жалғасын
тауып,
рухани
қазына
ретінде
сақталып
келеді.
Бұл өңірдің
күйлері
жалпы
төкпе
дәстүріне
жатқанымен,
өзіндік
нақышты,
ерекше
сазды,
қайталанбас
орындалу
мәнерімен
өз алдына
жеке тұрған,
күйшілік
өнердің
өзгеше
арналарының
бірі.
Ел арасында
Маңғыстау
күйлерін
"Адай күйлері"
деп те атайды.
Оның себебі,
күй авторларының
басым
көпшілігі
қазақтың
адай руынан
шыққандығы.
Маңғыстау
ежелден
әншілер
мен күйшілердің
отаны
болды.
Мұндағы
халықтық
жырлар
мен жыраулардың
әуені
күй өнеріне
де зор ықпал
жасаған.
Маңғыстаудың
күйшілері
әрі әнші,
әрі жыршы
болып
келетіні
сондықтан.
Оған Өскенбайдың,
Қалнияздың,
Шамғұлдың,
Ізбасардың
өнерін
мысалға
келтіруге
болады.
Жыр,
дастан
айту өнері
жыр-күй,
ән-күй атанып,
ел арасына
кең тараған.
Маңғыстау
күйшілерінің
ішіндегі
ең көрнектілерінің
бірі-Абыл Тарақүлы
(1820-1892).
Абыл есімі
Маңғыстаудан
асып Қарақалпақ,
Түрікмен
және Хиуа жеріне
де кең тараған.
Ол көп елді аралап,
небір
үлкен
күй тартыстарға
қатысқан
тарлан
күйші,
артына
бірнеше
күйлер
қалдырған
сазгер.
Қазақ
күйлеріне
тән ауқымдылықты,
симфониялық
тектілікті
анық көрсететін
аспапты
музыканың
озық үлгісі
Абылдың
"Абыл"
және "Нарату"
күйлерін
А.
В.
Затаевич
күйші
Л.
Мұхитовтан
жазып
алып,
өзінің
"Қазақтың
500
ән-күйі"
атты жинағында
басып
шығарған
Аса терең
сезімді
күйші
-
сазгердің
шығармашылық
жолы өзі өмір сүрген
заман
ағымымен
тығыз
байланыста
өрбіді.
1858-1869 жылдардағы
тарих
пен халық
санасында
"Жыл ауа"
деп аталған
елдің
ауыр тұрмысы
және билеуші
топтың
қанаушылық
әрекеттері
халық
наразылығын
күшейтіп,
жер -
жерде
ұсақ көтерілістер
тудырып
тұрды.
Дәл осы кезеңде
туған
зарлы
күйді
тыңдаушылар
күй иесінің
есімімен
"Абыл"
атап кеткен.
Өте ауыр,
қатал,
салмақты
дыбыстармен
басталатын
күй біртіндеп
кең көлемді
тақырьпқа
ауысьп,
осы тектес
туындыларда
сирек
кездесетін
қызу-қандылықпен
өткірлікте
естіледі:
сосын
аралық
бөлімнен
кейін
жұмсақ
әрі нәзік
естілетін
ортаңғы
буынға
көшеді.
Негізгі
тақырыптар
арқылы
жан-жақты
дамыған
күй желісі,
өзінің
кең ауқымды
мінезінен
өзгермей,
біртіндеп
жайлап
барып,
аяқталады.
Абылдың
күй өнеріндегі
тапқыртық,
жаңашылдығы,
атап айтқанда,
үлкен
кульминациялық
тақырыбы
мен ладтық
өзгерістері
осы күйінде
барынша
толық
көрініс
береді.
ІІ.Негізгі бөлім.
-
1.1 «Өз елі өз ұлдарын ескермесе,
Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді»
Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәрі,
Ғұмырыңыз тірліктің түрлі ақпары.
5
Тәуелсіз ел
төрінде жарқыраған,
Бұл
ғасырдың өзіңіз бір
мақтаны.
Бақыт кейде десек те
азапты нұр,
Өмір
сізге сыйлапты ғажап ғұмыр.
Қаламменен
біліммен, парасатпен,
Көтердіңіз қазақты биікке бір.
Жылытса жүректерді жан шуағы,
Біліммен көңіл кірі аршылады.
Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан
Сияқтысыз Маңғыстау шамшырағы!
Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Жазушының туған өлкесі – Маңғыстаудағы «Оңды» тауы. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдараралығындастахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
Қызмет жолы 1965-1968 жылдары ҚазСР Мәдениет министрлігінде,1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,1984-1986 жылдары Қаз ССР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989 -1990 жылдары Қаз ССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,
6
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.1994-1995 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды. Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді.Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі
7
екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.
1.2. Қазақ әдебиетіндегі күй тақырыбын жаңаша толғаған «Күй» повесі.
Әбіш Кекілбаев қаламы ең алдымен қарапайым адамдар тағдырын қаузап, солардың тіршілік-тынысынан сыр шертті. Жұмыр басты пенденің мынау жалған дүниедегі тіршілігі тақтайдай тегіс өтпейтіндігін өмір шындығынан өріп шығарды. Керек болса адамзаттың тарихи белестерінде тағдырлы ғұмыр кешкен, мыңдаған, миллиондаған адамдардың өміріне әсер еткен, ықпал жасаған ірі тұлғалар бейнесі де өмірдің өзіндей шынайы сомдалды. Бұл туындыларда тарихи шындық пен адам өмірінің шындығы біртұтас көрінді. Мысалы, алғашқы белгілі шығармасының бірі, қазақ әдебиетіндегі күй тақырыбын жаңаша толғаған «Күй» повесінің өзінен-ак, жазушы қаламының кейінгі өмірге келетін үлкен-үлкен туындыларының («Үркер», «Елек-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Абылай хан» тарихи драмасы, «Шандоз» деректі тарихи баяны т.б.) тынысын анық сезіндік. Тереңіне тартатын психологиялық талдау, кең тынысты ішкі монолог, сан қатпарлы тарихи шындықты бірден қамтып көрсететін эпикалық сарын, оқырманды баурап отыратын лирикалык шегіністер, ең бастысы жазушының тіл құнары осы повестің өзінен-ақ анық аңғарылған-ды. Әбіш Кекілбаев «Күй» повесі арқылы сол кездің өзінде-ақ қазақ әдебиетінде күй мен күйші тақырыбын жаңа шығармашылық биікке көтеріп, жаңа көркемдік шешім жасады. Есімі алты алашқа қадірлі, қайталанбас тұлға Абыл күйшінің тағдырын әдебиетке алып келді. Жазушының басты қаламгерлік мақсаты — күй құдіретін, оның шығармашылық болмыс-бітімін, эстетикалық күш-қуатын, керек болса әлеуметтік-танымдық, жасампаздық сипатын қазақтың адуынды өнерпазы Абыл күйшінің өмірінің ең бір қайшылықты тұсына табан тірей отырып ашу екендігін аңғарамыз. Түрікмендер қолында тұтқында қалған қазақ күйшісінің тағдыры оқырманын бей-жай қалдырмайды. Повестің бас кейіпкері батыр Жөнейіттің жан әлеміндегі мәңгі мызғымастай көрінетін рухани өзгерістер тікелей күйші өнерімен терең сабақтастықта ашылады. Барлық шығармаларында дерлік ұлттық психология арнасында, кейіпкерлерін әр қырынан жарқыратып көрсетуді мақсат ететін қаламгер өнімді, ұтымды көркемдік әдіс-тәсілдерді орнымен пайдаланады. Психологиялық талдау қаламгердің ең негізгі көркемдік әдісі десек те болады.
8
Осы арқылы «Күй» повесінде бірінші кезекте күйші тұлғасы дараланып, биіктей береді. Қазақ күйінің құдіретіне ештеңе тосқауыл болып, ешбір күш қарсы тұра алмайтынын көреміз. Күйшінің күй тілімен осылай толғануындар адам санасы жете алмайтын терең сыр жатқандығын сезінеміз. Өйткені бүкіл өмірін талас-тартыспен, ұрыс-шабыспен өткізген, сол жолда өзінің жалғыз баласының жанын оқка байлаған, ақырында сонысының бәрінен де опа таппаған Жөнейіттің өмір туралы, тіршілік туралы өмір бойы тұтынып келген тұғырнамасының жалған, алдамшы, бейопа екендігін оған күй құдіреті арқылы ұқтыру -күйшінің де, жазушының да басты нысанасы еді. Жазушы осы-шығармашылық нысанасына орай Жөнейіттің күй сазын түсінуін, қабылдауын, оның жан дүниесіндегі сәт сайын өзгеріп отыратын сезім толқындарын процесс күйінде суреттейді. «Күй» хикаяты — 27 жасында жазылды.
«Күй» повесі – жазушы суреткерлігінің жарқын белгісі 1967 жылы «Жұлдыз» журналының №12 санында жарияланды.1969 жылы Мәскеуде «Баллады забытых лет» атымен басылып шықты. Суреттелген басты оқиға – дұшпандық жазаның ең ауыр, сұмдық түрі – мәңгүрт жасау аңызы. Жауласқан елдер тарихында, мәңгүрттік немесе мәңгүрт жасау – ежелден бар нәрсе.Төл әдебиетімізге Мәңгүрт сөзін алғаш 28 жасында алып келген Қазақстан жазушысы – Әбіш Кекілбайұлы.
— Мен мәңгүрттік туралы аңызды бірнеше адамнан естідім.Бұл – өзі түрікмендермен арадағы шапқыншылықта көп болған жағдай. Маған ол әңгімені айтқан — Қазақстан жазушысы Ә.Нұрпейісов,-дейді жазушы. Мәңгүрт сөзінің арғы түбі мәңгіруден шыққан. Маңғыстаудың жергілікті тіл ерекшелігінде Мәңгүрт сөзі «Мәңгүрет» болып та айтылады. Дұрысы – Мәңгүрт. Әлім елінде Достан деген әрі бай, әрі батыр кісі болған. Сол кісінің басынан мынандай оқиға өтіпті:
Достан бала жігіт кезінде түрікмендер мен әлімнің арасындағы бір соғыста қолға түсіп, шешесі қазақ бір түрікмен қыздың көмегімен қыз екеуі бірге қашып, Сырдарияның төменгі ағысына келіп, суға түседі. Суға түсіп, кідірген жерінде қыз баланы жолбарыс жеп кеткен. Достан ауылына келіп үйленіп, 15 ұлды болған. Түрікмен елінде тұтқында бірге болған, қашыруға көмектескен жолдасы бірнеше жылдан кейін Достанды іздеп келіпті. Ауылын аралатып, шығарып салып тұрғанда досы:
— Достан, осы сенің де өкінішің бар ма?-деп сұрапты.
9
— Өкінішім неге болмасын?! Мен он бес жасымда Түрікменнің қолына түсіп, қолына түскен балалардың басына шіре байлап, бәрін мәңгүртке айналдыратын жерінде шешесі қазақ Түрікменнің қызы келіп: «Сен ертеңге қалма, ертеңге қалсаң, мәңгі бақи мәңгүрт болып қаласың, сондықтан бүгін түнде қашуың керек,- деп , өте жүйрік ат әкеліп берді.Сонымен екеуміз берге қашып, елге енді жеттім ау дегенде, сол қызды айдың жарығында жолбарыс жеп кетті.Сол өкініш емес пе? Олан артық қандай өкініш керек?! – депті мұңайып.»
«…… Көзді ашып жұмғанша, алты тұтқынның шашы алынды. Шаш алғыштар қанжарларын сүртіп, қындарына салды.Жаңа ғана шашы алынған көк құйқа бастар айнадай жалтырайды, жазғы күннің жылы шуағы шекелерін қыздырып, маужыратып алып барады… Алты тұтқынның көздері ақ тайлақтың терісіне үймелеген көп түрікменде. Күнге шағылысқан ақ қанжарлар сыр-сыр етеді, жаңа ғана көлдей боп жайрап жатқан ақ теріні үзім-үзім қып турап жатыр. Қанжары жалақтаған жас жігіттер кесіп алған терілерін анадайда жер тізерлеп, тұқшыңдасып, әлденені малшылап отырған екі шалдың алдына тастайды. Манадан бері білектерін сыбанып, әзер тұрған мосқал еркектер алты баланы құлақтан тартып шөкелетіп жерді бұқтырды. Алты жігіттің қолындағы теріні алып, тұтқындардың басына жапты.Әлі ылғалы кеппеген жып-жылы тері жаңа ғана шашы алынған жылтар басқа жабыса кетті…Қолдары жып-жып еткен мосқал еркектер терінің жиегін шыр айнала бүрмелеп қойған көн тартпаны шірене тартып, сықситып таңып тастады.Жаңа ғана дені жайылып отырған бастар қайтадан зіл тартты. Жылы тері шекелерін солқылдатып сорып ала жөнелді. »
Әйгілі прозашы ретінде танудың бастамасы. Орыс тіліне аударылып, сыншылар жоғары бағалаған шығарма. «Күй» повесі, әуелі, «Коммунистік еңбек» газетінің 1967 жылғы қараша айының 24,26,28- сандарында жарық көрді.Неміс тіліне аударған жазушы Тони Црон. Неміс тілінде повғсть 1670,1971,1982,1983 жылдары бірнеше рет жарияланған.
«Күй » повесінің кейіпкерлері. Дүйімқара, күйші, Сырым, жүргізуші, тұтқындар (бақытсыз мәңгүрттер), Мәмбетпана, Көкбөрі, Алпан, Қылыш (екеуі де жастай өлген), Жөнейіт, оның кемпірі, Құрбан ақсақал, Жұма, Аннадүрді, Аннадүрдінің баласы – Құрбан, Дегенеахун, Оғылан. «Күй» повесінің оқиғасы өткен жерлер: Қақпақтының дөңі, Тамды, Астау ой, Көкбөрі, Ожабай, Кендірлі, Темірбаба, Қараман Ата, Қаратүлей.
10
Повестің оқиғасы өтетін Маңғыстау облысындағы бұл өңірлер Түркменстанмен шектеседі.Повестің негізгі кейіпкерлері санаулы ғана. Оқиғасы қазақ пен түрікмен арасындағы қымқиғаш қарым-қатынасты жан-жақты суреттейді. Ұлт,ел тағдыры жайындағы тарихи әңгіменің желісін жазушы ешқашан назардан тыс қалдырмайды… Басты кейіпкерлердің тағдыры, ең алдымен, ұлт тағдырымен жіксіз астасып жатады. Ә.Кекілбаев осы образдар арқылы қазақ халқының қилы кезеңдегі бастан кешкен тарихи тағдырын оқырманның көз алдына алып келеді. Түрікменде тұтқынға түскен қазақ күйшісінің тағдыры оқырманын бейжай қалдырмайды. Повестің бас кейіпкері батыр Жөнейіттің жан әлеміндегі мәңгі мызғымастай көрінетін рухани өзгерістер тікелей күйші өнерімен терең сабақтастықта ашылатыны.
Онсыз да қапырық шатырдың іші түсте тіпті ысып кетті. Күн жеп тастаған кенептің күңірек иісі қолқаны атып барады. Қалайы кружканың қара шайын қанша ішкеніңмен шөлің бәрібір қанбайды, сол бойда тер боп саулап қайта шығып жатыр. Таң атқалы далада күннің өтінде жүрген жігіттер ыстық таратқылары келіп, ысылдап-пысылдап біраз отырып еді, айналадан аптап ұрып, береке қашырған соң, дастарқанды жинай бастады. Тек Құрбан ақсақал ғана міз бақпады. Кең шатырдың қақ ортасындағы қарағай столдың бір басында, сыртына алабажақ гүлдің суреті салынған құманын үстіндегі ала шыбық шапанның етегімен тас қып қымтап алып, көк шайдан бас көтерер емес. Қалған жұртты ағыл-тегіл тер алып бара жатса, қарияның тек қабағы ғана жіпсіген. Шүңірек көзінің алдын шүпір-шүпір сірке тамшылар тұмшалапты. Күндегі әдетіне басса, осыдан шатырда ешкім қалмағанша шай ішеді. Сосын анау су құйған күбіге арқасын тіреп, алыс көкжиектен көз айырмай жатады да қояды. Ондайда ләм-мим демейді. Білем-білем тамыры шыққан ұзын мойыны бір жығылмайды. Құдды көз ұшынан бірдеңе көріп, сәл қалт етсе көз жазып қалатындай, қашан көлеңке ұзарып, ыстық іш тартқанша сол қалпынан тапжылмайды. Қанша талып-талықсып келсін, күндіз көз іліндіріп көрген кісі емес. Соңыра көлеңке ұзарып, ыстық қайтқан кезде қолына қылдырық мойын жылтыр жез құманын ұстап, машинаның ізі түспеген, шөбіне шаң қонбаған, май тимеген таза жер іздеуге шығады. Құрбан ақсақал ондай таза жер тауып, сосын беліне орап жүрген ақ шүберек жайнамазын жарқыратып жайып салып, құбылаға бетін беріп, бір тұрып, бір отырып намаз оқып болғанша, қостағы жігіттер де ұйқыларынан оянып, машиналарының күйін күйттеп болып, жолға шығуға әзір тұрады. Бірақ Сырым мана қосқа қайтып келе жатып, шайдан соң кешегі тартқан күйін қайта тартып беруін сұрап еді. Бүгін қария шайын күндегідей көпке созып кеткен жоқ. Әне, құманының түбіндегі жасыл шаманы сыртқа апарып төгіп келді. Сосын шатырдың тіреу ағашына іліп қойған дутарын алды. Мынандай аптапта қаңсып қалмасын деп қара шүберек қабының сыртынан да әлденеше қабаттап орап тастапты.
11
Құрбан ақсақал дутарына айналған соң, Сырым босағадағы күнде шал жантаятын су құйған күбіге арқасын тіреп, аяғын созып, түрулі іргеден көрінетін алыс көкжиекке көз тастады. Жаңа ғана далиып жатқан ұлан асыр қара жон талма түсте бырысқан терідей бір уыс боп қалыпты. Сағым шалған қара дөңнен қарауытқан көрінді. Өздері әлденешеу. Көкжиекте аспан мен жердің арасын тіреп-тіреп тұрып алды. Бірінен соң бірі шығып жатыр, шығып жатыр. Сағым көмген көкжиек бірде дөң үстіне тұнып қалған түтін сияқты, енді бірде қатқыл дөңнің астынан қалқып шыға келген көл тәрізді. Маңайда сағымнан өзге ештеңе жоқ. Бұлардың қосы жайғасқан мынау тоқымдай қара жер жан-жақтан жапа-тармағай қаптап келе жатқан жойқын судың ортасындағы құрдым аралдай. Шыр айнала қырық құбылып, қырық толқып сағым билейді. Анау қарайғандар сол көк теңізді тізесінен кешіп серейіп-серейіп тұрып алыпты. Қозғалғаны білінбейді.
Бүгін бұлар түскі асқа күндегіден кеш қайтып еді. Содан күн өтті ме, әлде таң сарғайғанша Құрбан ақсақалдың әңгімесін тыңдаймын деп ұйқысы қанбаған ба — әйтеуір, тұла бойы дел-сал, басы мең-зең. Төңірегінің бәрі бұлдырап, буалдырланып кеткен. Бесенеден белгілі нәрселерді біріне-бірін ұқсатып, қауыштырып отырғаны да сондықтан. Баяғы бала кезінде атасына мінгесіп келе жатып, төңірегіне көзі талғанша қараушы еді. Сонда күнде көріп жүрген үйреншікті төбешіктер мен қыраттар біраз жүрген соң, таңғажайып сиқыр заттарға айналатын; күндегі кескін-кейіптерінен айырылып, небір кереметке, небір құбыжыққа ауысады. Бала қиялы маңайындағының бәрін осылай қырық құбылтып келе жатып, қашан атасы: «Ал түс енді!» дегенде барып есін бір жиятын. Әлгіндей мінезіне бола әуейі атанды. Сол аты әлі келеді. Тіпті осы отрядтағылардың өзі геодезистің артынып-тартынып жүретін өзге ылдырмақ-шылдырмағы аздай қайдағы бір магнитофон, киноаппараттарды да жүк қылып арқалап алатын, бұны сыртынан «әуейі» деп күліседі. Оның үстіне Құрбан ақсақал келгелі ылғи шала ұйқы боп көзі қызарғанын көрген соң, тіпті құдайлары беріп қалды. Жапан даладағы кез келген оба мен жыраның атын жаттап жүрген әуресіне місе тұтпағандай, әлдеқашан сүйегі қурап қалғандардың не істеп, не қойғанында не жыны бар екен...
Осындай әуейілігінен де болар, мектеп бітірген соң, жыл он екі ай үй көрмей, көші-қондымен жүретін геодезистікті қалады. Міне, Қақпақты десе дегендей тақтайдай тегіс жалпақ дөңде әр бұтаның түбіне бір тауап етіп, әрлі-берлі кезгеніне айдан асып барады. Мынау ұлан асыр қу медиен далаға елу жылдай болыпты, ел қонбапты. Ай бойы қанша жерді араласа да, әдетте теңге жараның орынындай оқшау бозарып жататын көне жұрт, не күзеуте, не көктемде ши қорамен отыратын қойшы ауылдардан қалған ескі көң — ештеңе көзіне түскен емес. Малдың сүрлеуі, тезегі — түгі жоқ, жым-жылас. Тек теп-тегіс жазық, көптен бері тұяқ баспай, тіс тимей қақалып өскен майқара жусан.
12
Осынау бедерсіз кеңістіктен бағыт айыру, бағдар тану тіпті қиын. Анада алғаш келіп түскенде бір апта бойы салпақтап босқа жүрді. Далиып жатқан қара жонда назарыңа ілігер бір белгі кезіксейші. Бұған серік қу тілді жігіттер: «Бір парақ қағаз алып, күнбатыс шетіне Каспийді белгілеп, қалған жеріне қол тигізбей аппақ күйінде апарып тапсырсаң, Қақпақтының картасы дегенге кім сенбейді. Босқа қаңғығанмен қашып жүрген қара құйрықты белгілемесең, картаның бетіне не түсіресің?» — деп күледі. Шынында да апта бойы аралағанда карта бетіне бір-екі-ақ ауыз сөз жазылды. Атам заманнан бері із түспеген дөңнің ойын-қырын білетін кісі қалып жарымапты. Сырым да базаға адам қатысқан сайын жол көрсетуші тауып беріңдер деп қақсады да жатты. Жан-жаққа хабар шашып, иегінде сақалы бар кісі көрінсе жік-жапар боп жалынып жүргенде,үрікмендердің Қособа деген аулынан осы Құрбан ақсақал табылыпты.
Құрбан ақсақал жасы жетпістен асса да, сыр алдыра қоймаған сіңір қара шал. Жұмыртқадай шап-шағын басын қақшаңдатып шапшаң сөйлеп, шапшаң қимылдайды. Кеше бұлар тек жылмиған жазық қой деп жүрген қара жондағы қоңыр жусанның арасынан еміс-еміс көзге түсетін әр бұдырға ат тауып береді. Қапелімде соның бәрі сыртынан көзге түсер-түспес елеусіз көрінгенмен, аттары дардай. Әне бір қалың бұйығының қақ ортасында қалып, айналасына құмырсқа илеу салған көк тастың аты —«Қанжар жаныған», ал ана бір жалғыз қылауытқан тоқымдай кебірдің аты — анау-мынау емес «Қол қырылған». Құдды баяғы бабаларымыз көз сүрінтпес тегіс дөңнің бетінен өздігінен көзге шалына қоймас елеусіз белгі-жұрнақтардың бәрін де, ең болмаса, есіміне назар аударып тұрсын деп әдейі дабырайтып атаған тәрізді. Не де болса, Құрбан ақсақал келгелі картаның беті шүпірлеген жазуға толып кетті.
Бір кезде мынау иесіз далада да тіршілік болғанын білетін тек сол Құрбан ақсақал мен дөңнің екі-үш жерінен ұшырасып, қоңыр далада, қапелімде, көзіңе іліге қоймайтын көне қауым молалар ғана. Ен даладағы көне көз екі кәрінің — мынау ызғыған жонда ыққан жылқыны талай қайтарған кәрі жылқышы Құрбан мен осы өңірде тірлік еткен пенденің бәрін өз көкірегіне тығып, бұл маңайда не болып, не қойғанын өзі ұмыттырып, өзі есіңе түсіретін көне моланың — бір-біріне ұқтырары көп болса керек. Құрбан қария анадайдан мола көрінсе болды, машинаны тоқтатып, жерге түседі. Басындағы қара дудар сеңсеңін қолыменен бір басып қойып, шофер мен бұған ыммен бұйырады. Шофер кабинасын ашып, орындығының астынан бензин иісі аңқыған май-май кепкасын суырады. Сырым басына етегі делдиген сабан қалпағын киеді. Сосын үшеуі шығып зиратқа беттейді. Құрбан қауымның құбыла жақ алдына шығып дұға оқиды. Шофер мен Сырым зираттағы құж-құж қара тастан әр қилы қып орнатқан көне ескерткіштерге үңіледі. Күн жеп, су шайып, қына мен мүк басып, бедері қашқан мелшиген-мелшиген меңіреу тастар. Кейбіреуі жер қойнынан зорға қылтияды, кейбіреуі бүк түсіп жатып алыпты.
13
Құрбан қария дұға оқып болған соң орнынан тұрып, тізесіне жұғып қалған ақ ұлпа топырақты қағып, қауымның құбыла бетіндегі қара тастан қалай болса солай қалай салған тығырық қара молаға келеді. Қасынан бір уыс топырақ алып, қара молаға ішіндегі топырағы ойылып, қымыздық шыққан ескі көрдің үстіне тастайды. Сосын машинаға жеткенше артына қарамайды, тырс үндемейді. Мола бір дөңнің астында қалған соң барып, әңгіме қозғайды. Сонда әлгінде ғана бүк түсіп, бүлк етпей жатқан қына басқан, құс саңғыған, күн жеген меңіреу тастардың қай-қайсысының да көл көсір хикаясы бар боп шығады.
Кеше түс қайта теңізге тұмсық тірей таусылатын қара жалдың шетінде бір көнетоз қауымды көрсетті. Жалдың етегінен басталатын пышақтың жүзіндей жіп-жіңішке түбек көк айран дарияның төріне дейін сүңгіп кіріп жатыр. Сырым мынау елден ерек таңғажайып түбектің сырын сұрап еді, Құрбан ақсақал басын сонау, ту әріден алатын ұзын-сонар хикая қозғады. Қосқа келген соң қолына дутар алып, осы оқиғаға байланысты шыққан бір күйді тартты. Жетпістен
асса да, қолына діріл жүгірмеген. Саусағынан төгілген саз әлі тәтті. Сырым да жастайынан күй тыңдап өскен қазақ-ты. Баяғы бала кезінде қу тақтайдың бетінен өзінен-өзі өрбіп жатқан сиқыр үнге еліткенмен дәл қазіргісіндей сұғына тыңдамаушы еді. Қазір күй естісе, өне бойының бәрі шымырлап, көкірегіне әлдеқандай бір өзгеше сезім қордаланып, жанарына мұң ұйып, ынты-шынты кетеді. Әсіресе Құрбан ақсақалдың кешегі тартқан күйінен әлі айыға алмай жүр. Мана түске дейін дөңді қыдырғанда да құлағында сол саз оянып, баяғы бала күніндегідей әр саққа құбылып, әлденеге елегізумен болды. Теодалитке қанша телміріп қараса да, көз ұзындағы қара ноқаттың бәрі біресе әлдеқайда асығыс аттанып бар жатқан қалың қолға, енді бірде әлдебір жақтан соңына қиқу түсіп, жапа-тармағай жапырыла қашып келе жатқан қалың жылқыға ұқсап қалады. Құрбан ақсақалды қайта-қайта қасына шақырып, көкжиекте кілкіп тұрған қалың мұнардың ішіндегі буалдыр елестердің не екенін неше мәрте сұрағанмен, құлағына кірмей қойды. Бағана түскі тамаққа қайтып келе жатып Құрбан ақсақалға:
— Қария, кешегі күйіңізді қайта тартып беріңізші,— деген.
— Мақұл,— деген қария.
Енді, міне, Құрбан ақсақал дутарының күйін келтіріп болып, маңдайына шып-шып шыққан терді сүртті. Шай ішіп болған жігіттер шатырларына тарап, бір қатары ұйқыға кетті, бір қатары қартаға кірісті. Сырым ұйып қалған аяғын созып, түрулі іргеден көрінетін алыс көкжиекке көз тастады.Сабы жіп-жіңішке түймешік бас дутардан үн шықты. Сырым сағым шалған сары далаға қараған күйі елітіп тыңдай қалды.
14
Онсыз да бір бедер, бір өң жазық дала енді бұрынғысынан гөрі де бұлдырай түсті. Қостың қасындағы машина мен бензин құйдырған темір күбілер де, сол сағым боп сапырылысқан буалдырға кіріп жоқ болды. Күй тартып отырған Құрбан ақсақалдың өзі көз алдынан жоғалып, құлағында тек сай-сүйегін сырқыратқан ызың ғана қалды.
Бәрін де көріп, бәрінен де торығып, бәрінен де сырт айналып, іргеге қарап бүк түсіп жатып алған кәрі дананың үй ішінде өзінен басқа адам қалмаған бір сәтте көкірегін кеулеп, жүрегін сыздатқан мұң-наланы бір лықсытып оңаша күрсінгеніндей, өткен мен кеткенді, дәл қазір қасында кәрі жүрегін тілімдеп жатқан пәтуасыз көп күйбеңді, не күлдіретіні белгісіз, не бүлдіретіні белгісіз беймәлім ертеңді ойлап күрсінгеніндей, ыңылы баяу, лебі ыстық күй сазы шымыр-шымыр еніп, бірте-бірте ширығып барады. Күй көкірегі өрепкіген сайын түрі жоқ, тілі жоқ мынау мақау дала бетінде әдемі әшекейі болмаған соң ешкім көзіне ілмей, оқып та көрмей, бір шетке ысыра салған көнетоз сұңғыла кітап сияқтана түсті. Сиқыр күй мелшиіп жатқан меңіреу даладан таң атқалы бұның қиялын әр саққа сабылтып жүрген көмескі елестерді қайта тірілтті.
Күңіренген дутарды тыңдаған сайын құдды жер түбіндегі бірдеңені көріп отырғандай, Сырымның тұнжыр қара көздері кішірейе берді. Көз ұшында, көкжиекте сорайып-сорайып бейтаныс қарайғандар тұр. Өздері көк сүңгісін көтеріп, жер түбінен айбат шегіп келе жатқан қалың қол сияқты..
Ала жаздай нәр тамбаған ала дөңде ауыл отыр. Алды-артында иек артпа қырқа-қыраң жоқ, тұп-тұлдыр жазық. Тек теріскей көкжиектен инедей шаншылып сағым зорайытқан қарауыл төбе бұлаңытады. Ортадағы үйдің түрулі іргесінен үңіле қараған шүңірек көз кермедегі арғымақтың серек аяқтарының арасынан сонадайда шаншылып тұрған қара сырық бұлдыр сағымға манадан бері тесілулі. Тақтайдай тақыр дөңге қолмен үйгендей оқшау біткен найза төбе биыл тіпті қызыл топырағы шығып жалаңаштанып қалыпты, жер түбінен буалдырланып көрінеді. Керме маңының сілті иісі қыр шөбінің күйік иісімен араласып, қолқаңды атып барады. Төңірек жым-жырт. Қол-аяғы серейген қара мойнақ қатпа боталар таң атқалы зарлай-зарлай жалығып, енді үй-үйдің көлеңкесіне тығылыпты. Үй ішінде де сес жоқ. Төрден есікке дейін тізіле жайғасқан дудыраған сеңсең бөріктер бір-біріне ауық-ауық үнсіз көз тастап, түгел мүлгіп кеткен. Торы ала құманмен келген шай да ішілместен суыды.
Теріскей көкжиектегі сидиған сырық бұлыңғыр тапжылар емес. Қауқиған-қауқиған қара сеңсең бөріктер де қашанғы едірейіп тұрсын, көкірекке сұлапты. Тек қақ төрдегі айыр сақал дойыр қара ғана апай төсін әнтек шалқайтып, шаншылған қалпы, кірпі қабағынан ашу шашырап, түрулі есіктен көрінген бір үзік көкжиекке түйіліп алған.
15
Оның сол қолындағы ақ сеңсең киген, сақал-мұрты қудай қария алдындағы ақ лақтың терісіне шашылған жиденің тастарына қарап, басын шайқап қояды. Айыр сақал оны көзінің қиығына бір ілді де, қайтадан маңдайшаның астына қадалды.
Қарауыл төбе жақты іргеден бағып отырған қызыл шыбығы, қара шыбығы аралас торы ала шапанды қайыс қараның иық тұсы бүлк ете түсті. Мүлгіген бастар селк етіп айыр сақалға қарады. Кенет жұрттың өзіне тесіле қалғанын көріп, айыр сақал артына бұрылды. Еңкейіп іргеге көз салды. Қарауыл төбенің шығыс жағынан төбелерімен көк тіреген екі-үш қарайған шығыпты. Жүрістері өнбей көкжиекте бұлдырап тұрды да қойды. Қарауыл төбенің басындағы қара буалдыр орнынан тырп еткен жоқ. Айыр сақал тіктеліп отырды. Елегізіп еңсе көтеріп алған сеңсең бөріктер қайтадан сұлық түсті.
Жаңағы қарайғандар тезек теріп келе жатқан мәңгүрт қазақтар болып шықты. Олар өткен жазда қолға түскен тұтқындар еді. Бұл Дүйімқараның туған нағашысының аулын шауып, он бестен он алтыға енді шығып отырған алты қыз бен он алты он жеті жасар алты бала жігітті таңдап жүріп атқа өңгеріп әкеткен-ді. Алты қыз адайдың деген арулары екен. Бетінен қаны тамған, тостаған көз қырдың қызын көргенде Мәмбетпана әулеті түгел естерінен танды. Бай ауылдың шетінен әупірім көп жігіті тұтқыннан келген алты сұлуды өзара бөлісе алмай, әлі дау-шармен жүрген көрінеді. Алты бала жігітті бұл бай ауылға түсірмей өз аулына алып келді. Аз ғана ағайынын жиып ап әмір қылды. Бұл атаның өзінен үлкен ақсақалы — балгер. Аннадүрдіні Мәмбетпанаға жұмсады. Кешегі жорығы мен алты күңнің ақысына ана жылы Хорезм шапқынынан қолға түскен ақ інгеннен туған ақ тайлақтардың біреуін берсін, Көкбөрінің басына сойып құдайы берем деді. Қас дұшпаннан қан құстырардай қып өш алып қайтқан соң, інісінің басына ақ түйе сойып айдын асырғысы келді. Аннадүрді Мәмбетпананың аулына көп айналған жоқ, сол күні кештетіп екі өркеші баладай ақ тайлақты жетелеп қайтты. Ақ тайлақ ауылдың қасындағы шөбі әлі тұяқкешті бола қоймаған астау ойға жайылып шықты. Тұсаулы тайлақты таң атқанша атқа мініп үш жігіт күзетті.
Ертеңіне осы күнді бір айдан бері асыға күтіп отырған ауыл ақ тайлақты жетелеп, Көкбөрінің басына барып, құдайы беріп қайтуға аттанды. Алты тұтқынды арқасы қырдай екі көрт түйеге қомсыз мінгізіп алып жүрді. Ілгерірек аттанған қос аттының соңында екі өркеші дір-дір етіп, ақ жібек желке шудасы желкілдеп, ақ тайлақ кетіп барады. Қос жорғаның жүрісіне сыр білдіргісі келмегендей май бүлкілден бір таяр емес.
16
Аттылы-түйелі қара құрым тізбектің қыр соңында алты тұтқын келеді. Мынау жер қайысқан қалың дүрмектің өздерін қандай күнге тап қылатынын біле алмай, айналаға алақ-жұлақ қарай береді. Ағаш ашамайға кілем жапқан сала мойын қара нарлар ырғала басады. Сұр мойнақ арғымақтар да сес шығармай суси жүйткиді. Сеңсең бөріктері қалқиған сұсты жүргіншілер олар түгілі бір-бірімен де тіл қатыспайды. Қырдың шөбі енді-енді пісіп, адыр-адыр марқа жонданып бұйраланып қалыпты. Аспан да ап-ашық. Аңтарыла қараған алты балаға о да: «Шырақтарым, мен ештеңе білмеймін»,— деп, жалтарғандай сыр ашпайды, жазғы күннің әлі қайратына міне қоймаған жылы шұғыласына малынып жарқырап тұр.
Алты тұтқын қатқыл жонның дүк-дүк дыбысына құлақ түріп, тұяқ сайын қылт-қылт ұшқан аласа ақ шаңға көз тігеді. Көз ұшында садақаға шалынатын ақ тайлақтың әсем екі өркеші ақырғы рет көзді арбап бұлт-бұлт етеді. Ұлы дүрмек бір шай ішім жер жүріп, қара жусанды қатқылға келіп тоқырасты. Қол-аяғы шандулы тұтқын жігіттер жайпақ даланың қалың қара жусанының арасынан қапелімде көзге түсе қоймайтындай, осы бір жермен-жексен оқшау сұр төмпекке жеткенше көресілерін әбден көрді. Жауыр көрттердің пышақтың жүзіндей қыр арқасы қоңдарын ойып тастапты; қомсыз түйенің тері сіңіп удай ашытып барады. Елдерінен шыққалы еттерінен екі елі жырақ кетпеген қыл арқан кесіп қанталап қалған білектері түйенің изең жүрісінен қайтадан қажалып, бебеулете түсті. Оларды Көкбөрінің моласына жеткен соң да көрттен түсірген жоқ.
Оқшау молаға келісімен аттың бәрі қаңтарылды. Жұрт кішкене төмпекті көш жерден шыр айнала қоршап құран оқысты. Қыннан босаған қатулы қолдар алақан жайып, беттерін сипады; от шашқан көздер бір сәт момақансып мүлгіп қалды. Жаңа ғана айдаланы тітіренткен айбарлы топ тып-тыныш, моп-момын. Үзеңгінің де сыңғыр-сыңғыр үні тыйылған күңіреніп шыққан зарлы мақам құлаққа талықсып жетеді. Құран оқылып болды. Қалың дүрмек дүркіреп орындарынан тұрды, ақ топырақ жұғып қалған тізелерін қақты, жаңағы тылсым тыныштық кішкене селдір тозаң боп ауаға көтерілді. Енді әр жер, әр жерден қауқылдасқан дауыстар шыға бастады. Екі-үш жігіт моланың құбыла бетіне ақ тайлақты алып келді. Ақ сәлделі молла тағы да алға шығып құраннан қысқалау бір сүре оқып берді. Жұрт тағы да жапа-тармағай жер тізерлеп, қолдарын жайып, құдайы мал қабыл болсын десті. Білектерін түрінген төрт-бес жігіт ақ тайлақты әп-сәтте жайратып тастады. Екі-үш жерден жер ошақ қазылып, қазан асылды. Қара нарлардың қапталында келген кішкене емен кеспектердің суы қотарылды. Бойынан ылғал кете қоймаған қыр шөбінің қышқылтым иісті ашық көк түтіні ұшты.
Алты тұтқын бір сәт уайымды ұмытып, түрікмендердің асы қандай болады екен деп, айналасына қызыға қарасты. Қазақтардай ашылып-шашылып жатқан бұлар жоқ.
17
Қазақтың асындағыдай қарқ-қарқ күлкі де, өжеңдескен дау-жанжал да, шырқырап көкке сермеген ән де, тартылған күй де жоқ. Беліне шарқат буып, қыз-келіншек жиылған жерлерді төңіректеп, жер бетіне сыймай желпініп жүрген жігіт-желең де көрінбейді. Қатар-қатар үй де тігілмеді, шолпылары сылдыраған қыз-келіншек те әкелінбеді. Шапса шашасына шаң жұқтырмас арабы қан ағызба арғымақтар да ертеден қара кешке дейін қаңтарулы тұр. Түрікмендердің бәрі түнерген қалпы; үйге тастаса біреу ұрлап әкететіндей, бәрі де қылышы мен қанжарын салақтатып асынып келіпті.
Ақ тайлақтың еті табаққа түсіп желініп, тағы да құран оқылған соң, әр тұтқынды екі қолынан екі жігіт жетелеп ортаға алып шықты. Қастарына қолдарында жалаңаш қанжарлары жарқ-жұрқ етіп, бір-бір мосқал түрікмен келді. Білектерін түрініп алыпты. Тұтқын балалар жаутаңдап жүздеріне қарап еді, қанын ішіне тартып қара сұрланып алған қатулы кісілер еш шырай бермеді. Төбелеріне төніп келе жатқан қанжарды көргенде алты бала жігіт сілтіден шыққан сүйектей қуарып, көмейлеріне өксік кептеліп, көздері мөлтеңдеп, буын-буын, жұлын-жүйкелерінің бәрі жидіп, суға түсіп кеткен шөже балапандай дір-дір етті. Қатулы түрікмендер қанжардың қынымен желкеден бір салып еді, дірілдері пышақ кескендей тыйылып, мойындары ұйып, қалшиып қатты да қалды. Аршынды түрікмендер құлақтан тұқырта тартып, жерге шөкелетіп отырғызды да, екі иықтарын тақымдарына қысып, желкелерінен төніп тұрып алды. Мойындары сорайған жез құманмен су әкелінді, әуелі бастарына су құйылды; қанжары жалақтаған мосқал түрікмендер шаш жібітіп жатқандай, алты тұтқынның бас құйқасын, самайын ысқылап уқалай бастады. Аң-таң тұтқындар алақтап айналаға қарайды. Төбелерінде күлімдеген жазғы күннің көзін көлегейлеп қанжар дірілдейді; айналаға қараса әлгінде ғана далиып жатқан көкжиекті қусыра тарылтып, қалың дүрмек шыр айнала қоршап алыпты. Таң атқалы жақ ашпай үнсіз тұрған көп түрікмен қауқылдасып, тыныш даланы бастарына көтеріп барады; бәрінің де көзі түкке түсіне алмай абдырап отырған алты тұтқын балада.
Зілдей жұдырық желкеден нұқып қалды, алақтап отырған алты тұтқын жым болды. Айнала қоршап тұрған жұрт та бір сәт саябырсыды. Мосқал түрікмендер онсыз да зәреқұты қалмай отырған алты баланың жүрегін зу-зу еткізіп, қанжарларын қоныштарына жаныды. Сосын бір қолдарымен тұтқынның маңдайынан ұстап, қылпылдаған ақ алмасты шашқа тигізді. Сыр-сыр етіп шаш сыпырыла бастағанда шиыршық атып жиырылып алған құйқа тері жазылып жүре берді. Бірақ жұрт тұтқындардан әлі көз айырған жоқ. Көзді ашып-жұмғанша алты тұтқынның шашы алынды. Шаш алғыштар қанжарларын сүртіп, қындарына салды. Алты бала әлі сол шөкелеген қалпы: жұрттың көзі енді бұлардың жалтыр басында. Жаңа ғана шашы алынған көк құйқа бастар айнадай жарқырайды; жазғы күннің жылы шуағы шекелерін қыздырып, маужыратып барады. Айнала қоршап алған қалың түрікмен енді бұрынғыдан да гөрі ентелей түсіпті.
18
Төрт-бесеуі ақ тайлақтың терісінің маңында күйбеңдеп жүр. Жаңағы шаш алып берген мосқал түрікмендер аулақ кетісті. Әрқайсысының қасына тағы да екі-екіден басқа бір мосқал кісілер келіп тұрды. Бұлар да білектерін сыбанып алыпты. Тұтқындардың көкіректерінде тағы да күдік оянғанмен, бұл жолы қорқыныштан гөрі енді не болар екен деген әуестік жеңіңкіреп, манағыдай емес, тыныш отыр. Қалың көптің ортасында қайтадан гуіл ұлғайды. Жұрттың қоршауындағы алты тұтқынның қақ алдында жатқан Көкбөрінің кішкене төмпегі де бір сұмдықтың боларын білгендей, шашақтанып бой түзеп өскен түздің сойдақ сояу қара жусанының тасасына бұға түсіпті.
Алты тұтқынның көздері ақ тайлақтың терісіне үймелескен көп түрікменде; күнге шағылысқан ақ қанжарлар сыр-сыр етеді, жаңа ғана көлдей боп жайрап жатқан ақ теріні үзім-үзім қып турап жатыр. Қанжары жалақтаған жас жігіттер кесіп алған терілерін анадайда жер тізерлеп, тұқшыңдасып әлденені малшылап отырған екі шалдың алдына тастайды.
Көлдей ақ теріден де ештеңе қалмай барады. Әлгінде ғана сол арада айналасына тостаған көздерін төңкере қарап, қаннен-қаперсіз күйсеп жатқан екі өркеші баладай жібек шуда ақ тайлақ теңкиіп төңкеріліп түскен қарыны мен қан-жынынан басқа еш белгі қалдырмай біржола ғайып болды.
Қалың дүрмектен бір адым ілгері оқшау тұрған айыр сақал, дойыр кісі алты тұтқынды көзімен атып жеп барады. Мынау қара жусанның қалтарысында жатқан аласа төмпек — оның інісі Көкбөрі. Жау іздеп жалақтап өткен ер еді. Небір тұтқиылда көк арғымақпен жалғыз тиісіп, жылқыны айырып кете беретін төтен ерлігіне әбден сыр мінез болып алған қазақтар оған Көкбөрі деп ат таққан. Дүйім түрікмен де оның азан шақырып қойған Дүрді атын ұмытып, Көкбөрі атап кетісті. Десе дегендей жүрек жұтқан көк жұлын болды. Кейде бұның өзі дәт қылмаған жортуылдарға аттанып жүре беретін. Біраз жылдардан бері мұнымен қабақтары жараспай жүрген Мәмбетпана тұқымы оңашада Көкбөріге: «Сенің қасыңда ана ағаң Жөнейіт те батырмын деп найза ұстап жүр ғой»,— деп қоятын. Ондай кеу-кеу қошаметке жалаң төстеу жас батыр іштей ылығып, дәліріңкіреп кететін болса керек. Опатына көрінген соңғы соқтығысқа да әлгіндей айдап салма әңгімеге елігіп барған сияқты. Қазақтар түрікменді Үстірттің қыры мен Маңғыстаудың ойы түгілі, Қарынжарық, Ақсорқа, Үдек сияқты жайдақ қоныстарынан да ығыстырып, ішер суы, жайылар оты тапшы Қауынды, Қақпақтының ызғыма дөңіне тықсырып тастады. Әсіресе ызғындай малы бар Мәмбетпана тұқымының өрісі тарылды, қалған түрікменге де күй болған жоқ. Дутар біткен «адыра қалған Айладырды» сарнап, бақшы біткен Маңғыстаудың қара ойын айтып жыр шертеді. Кешқұрым ыстық тарап, сағым қашқанда терістікте сонау жер түбінен Қаратаудың шоқылары бұлдырайды. Сонда түрікмен біткен көлеңкеге кілем төсеп сыртқа отырады. Көк шайды сораптап, көз ұшында мұнартқан ата мекенге көздері талғанша қарайды. Ләм-мим тіл қатыспайды.
19
Адам түгіл мал екеш малға дейін үйреншікті өрісін өгейлейді де тұрады. Жатқа бұйырмасын деп жаның қалмай торып жүрген жылқы жаңбыр мен желде жаудың қолына өзі ығып барады. Ұзын сирақ түйе жануар тіпті қайырғаныңды білмейді, өрісте соңында малшы болмаса, ерте алмайтындай әлжуаз бота-тайлақты шайнап тастап, ежелгі от-суына тартып отырады. Бөрік киген еркек кіндіктің қай-қайсысы да осыны көргенде басына қан шауып, көз алды қарауытып кетеді. Дәл сол сәтте: «Ал, кәнеки, атқа мініңдер!»— десе, бәрі де тілге келместен жүгенге жүгірер еді. Бірақ сондай берекесіз шапқыншылықтан ел де әбден титықтап бітті. Талай үйдің төрінде сеңсең бөрікті біте жеп тоздырды. Талай боздақ қазақтардың аулының қасында белгісі-берекеті жоқ үйме-жүйме қырғын төбе болып қалды. Жеңілген елдің талай батырының басына жеңген елдің иті сарыды. Соның бәрін көре тұра, біле тұра жау қайдасың деп атқа қона беруге батырлардың да жүрегі дауаламайды.
Мәмбетпана малына жау тиген сайын: «Бара көр! Қайтара көр!»— деп осыған келеді. Соңғы бір келісінде: «Құмырсқадай құжынаған көп әулетің бар, қасыма қол ерт. Әйтпесе маған да жан керек, жаңғыз аттанар жайым жоқ»,— деп қайтарған. Батырдан да айдынды бай тұқым айбат асырғысы келгендей үйінен сегіз өрме қамшысын сығымдай қысып, сызданып шыққан. Сол бойда Көкбөріге барыпты. Аңғал батыр көне кетіпті. Талай рет жау соңынан жалғыз қуып, Мәмбетпананың жылқысын қайырып әкеп те жүрді.
Мәмбетпананың сағымға шомылған көп жылқысында көз ақысы бар қазақтардың бірі — Дүйімқара. Бүгінде адай ғана емес, исі алшында одан асқан батыр жоқ. Оның қайнына ұрын барған сапарына дейін қазақ түгіл түрікменге де аңыз боп тараған. Қалыңдығының қасына алғаш түнеген түнінде қайын жұртының жылқысына жау тиіпті. Айдауға кеткен жылқысын қайтарып келер батыр таба алмай сасқан ел күйеудің отауына кіріп барады. «Жау тиді» қиқу құлағына тиісімен батыр күйеу жар төсегіндегі жалаңаш қалпы атып шығып, атқа қонады. Таң енді сес берген елең-алаңда жауға да жетеді. Бұлыңғыр таңда жайдақ шауып келе жатқан жалаңаш неменің адам екенін, жын екенін біле алмаған барымташылар жылқыны тастап қаша жөнеліпті. Ертеңіне түсте Дүйімқара жалаңаш етіне алдынан шыққан жылқышының қақпа шекпенін киіп, жылқыны айдап, қайнына оралыпты. Сөйткен, Дүйімқара бүгінде бір елді ығында жүргізген дігірлеген батыр. Қос балтыры бурадай, уда-дуда, жүн-жүн төсін дудыратып, иініне киім ілмей, белуардан жоғары тыр жалаңаш шабатын оны түрікменнің жылқысына дейін сонадайдан танып, жөңкіле қашады. Бірақ оған да тісін қайраушылар көп-ақ. Оның аулының да іргесі тыныш тұрмайды. Әсіресе Мәмбетпана әулеті сойыл жиып, Дүйімқараға қарсы аттандырады да жатады. Екі жақтың да бір-біріне соғымға сойдыртқан жылқысынан соққыға жыққызған жігіті көп.
20
Бұның сонау бала кезінде екі елдің игі жақсылары бітімге жиылып еді. Жиынға атасы Оғыланға ілесіп бұ да барған. Кеше ғана бірінің жағасы бірінің қолында кетіп, жұлқыласпен жүрген екі жақтың да қабағы қатыңқы, иіні салыныңқы. Пәлен жылдан бергі қан төгістен қай-қайсысы да қалжыраған. Бірақ екі жағы да жүні жығылғанын байқатпай, дөң айбатпен сырт орай ұшырасып, жығылып, анттаспақшы болған деседі. Алдымен ант су ішетін адай жағы қулық істеп, астарына қара ат мініп, ерінің басына етік тігетін біз шаншып барыпты да: «Е, әулие, қараны атсаң қара атты ат, біз айыпты десең, бізді ат!»— депті. Сонда ердің басындағы біз анадай жерге ұшып кетіпті, қара ат табанда қатыпты. Бұны көріп тұрған екі жақтың ақсақалдары: «Әулиенің өзі де кінәні адайға да, айладырға да артпай, тар заман, қысталаң халға аударып, кәрін қара ат пен етік тігетін бізге түсірді, енді екі елдің жауласатын жөні жоқ!»— деп бітіммен тарасыпты. Адай әулиенің кәрінен айламен құтылды, бірақ жерінен айырылған елдің кегін тек қанмен ғана құтыла алады, сүйекке түскен таңбаны тек қан ғана жуып кетіреді,— дейді Дегенеахун. Молланың бұл сөзіне елден бұрын Мәмбетпана ұйыды.
Ол содан бастап соңғы кезде іргесі тыншып, ен жайлай бастаған адайдың шашау шыққан жылқысын тақымға басып, шетірек қонған аулын шауып кетуді кәсіп қып алды. Қарап жатар адай ма! Қан төгілді, намыс қозды. Екі ел тағы да сойылға жармасты. Баяғыдай қалың қол жиып, қаһар салыстырысатын майдандасу азайып, оның орнына оқшауға тиіп, оңашаны тонайтын бөрібасарлық көбейді. Әуелі жылқыға қамшы, жылқышыға сойыл тиді, сосын батырдың басы шабылды, шалдуар жағалас аруаққа шапты. Алғашқы кездегі қылжыңға ыңғай бермегендер де амалсыз айбалта ұстады. Жөнейіт те екі ел арасы осылай ушығып тұрған тұста атқа мінді.
Екі елді керістіретін де сөз, келістіретін де сөз. Дауға найза араласты-ақ келісім жоқ, кетісу бар. Келістірер сөз тек кемеңгердің көкейінен шығады, алжастырар айбалта кез келген тентектің тақымында жүр. Тентек күнде туады, кемеңгер мың жылда бір туа ма, жоқ па, туа қалса, өңшең қылышқа жақын қыршаңқысы көп қырсық ел оған тізгінін бере ме, жоқ па?.. Беймәлім дүние. Ендеше ол шапса, сен де шап! Ол қорласа, сен де қорла! Алдырып жатып ақылгөйсіген кемеңгерлік құрысын! Жөнейіт атқа мінгенде осындай қатты тұтыммен мінген.
Дүйімқараның да қорлығы асып барады. Малды алғанымен қоймай, ылғи арға тиіседі. Жау қуып шықтым деп ауыл шабады. Жылқыны іргеге матап тастап, қызылды-жасылды кілемді күлге төсеп, олардың біріне де тимей, етегін жел ашпаған қыз баланың намысын шашады. Бұл бос кергілес, итырқылжыңнан бойын тысқары ұстап, араласпай жүр еді.
21
Ана бір жыл аталы бір ауылға көріскелі бара қалды. Бүкіл жалдың басын бір өзі толтырған іргелі ауылдың кеудесінде жаны бар пендесінің бәрі сыртта сенделіп кеткен. Еркек біткен өз бармағын өзі шайнап, тістеніп алған. Әйел жағы шаштарын жұлып азан-қазан. Ауылдың алдында көген басында жиырма-отыз бойжеткен қыз жерден басын көтермей, беттерін тырнап, шаштарын жұлып, қызыл ала қанға батып өкіріп жылап жатыр. Той-томалаққа үйірлігі шамалы түрікмен жыл он екі айда бір келетін құрбан айтта ғана бір жасап қалатын. Бұл ауылдың да еркек жағы бүгін таңертең Мәмбетпана аулындағы сайысқа ат қосуға, палуан күрестіруге кетіпті, ауылда қалған қыз-қырқын бастаңғы жасап, әткеншек тәуіп, мәре-сәре боп жатқанда Дүйімқара бастаған қалың қол сау ете түскен. Адам түгіл құдайды да ұмытқан айлаңкес батыр әткеншектердің арқанын қиып, қыздардың бәрін ауылдың қақ ортасына алып шығыпты, қолдарына жабысқан қатын-қалаш жағын қамшының астына ап, байлап
Қорытынды. «Күй» – «Дала балладалары» жинағына енген күйші тағдырын арқау еткен Әбіш Кекілбаев повестерінің бірі. Шығармада суреттелетін оқиға – ертедегі қазақ пен түрікменнің арасындағы алауыздық, жауласушылық. Повестің басты кейіпкерлері – Жөнейіт пен Көкбөрі – түркімен ауылының айтулы батырлары. Мәмбетсана болса сирек көрінсе де найза байламас қулығымен, арамдығымен танылатын кейіпкер. Көкбөрі жападан жалғыз Дүйімқараға соқтығып, опат болған. Інісінің өлімі Жөнейітке ауыр тиеді. Екі ұлыда жаугершілікте опат болған. Кенже ұлы Дәулет дутаршы. Дүйімқараға деген кек ашындырған Жөнейіт енді осы ұлын жауына қарсы аттандырады. Дәулет те қаза болған. Қасындағы нөкерлері Дәулеттің құны деп, күйші қазақ жігітті тұтқындап әкеледі. Жөнейіт қара жолдың бойына басын қылқитып, күйшіні тірідей көміп кеткен. Повесть Жөнейіттің өлімімен аяқталған.
Мәңгүрттікті жою жолдары:
-
тілге деген құрметті арттыру, тиянақты меңгерту;
-
ата-баба дәстүрін, қазақи тәрбиені бойымызға сіңіру;
-
дінді уағыздау: адамгершілік, имандылыққа тәрбиелену;
-
ел тарихынан толық хабардар болу;
-
дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ болуға ұмтылу;
-
өз еліміздің мәртебесін көтеруге біліммен, адал еңбекпен үлес қосу;
-
ел, әлем жаңалықтарынан толық хабардар болу;
-
Жастарды мәдениетке баулитын мәдени ошақтарды көбейту.
22
Тұтастай алғанда, Ә.Кекілбаев шығармалары Маңғыстау өңірі тұрғындарының өмірінен, тұрмыс-салтынан, тіршілігінен энциклопедиялық деңгейде хабардар ететін туынды болып табылады.Жалпы Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң», «Үркер» романдары, «Шыңырау», «Күй» т.б сияқты повесь, әңгімелерінің мазмұны жұртшылыққа танымал болғанымен, мектеп бағдарламаларында аз кездесіп жатады. Сондықтан да оқушы қауымына тарихы мен мазмұнын таныстыру мақсатында жетекшім Алмагүл апай Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесі бойынша ғылыми жоба жұмысын дайындауымды тапсырды..Оған арнайы Ә.Кекілбаевтың кітаптарынан үзінділер алынып,
Қазақтың күйі қуанышта да, қайғыда да қазақпен бірге жасап, бостандық сүйгіш ұлық өнер бостан заманымызға халқымызбен бірге қадам басты. Өнер атаулының ішінде күйдің мерейі жоғары, күйдің рухы биік. Күй дербес мемлекет құрып мерейленген халқымыздың рухын мәңгілікке толғай бермек. Себебі, күй – біздің ең ардақты, ең әлеуетті, ең сәулетті ұлттық құндылығымыз, ұлттық кодымыз, ұлттық мәдениетіміздің төресі. Ал рухани жаңғыру бағдарында әділ айтылғандай, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру да болмайды. Қазақ мемлекеттігінің дербес даму үлгісіне, әсіресе күйден қосылар даралық сипаттар мол болмақ. Осы ретте ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталып қалсын десек, ұрпаққа күй мен домбыраға деген махаббат дарытпағымыз ләзім. Қанымыздағы бабалардан мирас ізгі қасиеттерді қайта түлетуде күйден асқан катализатор да жоқ болар. Мәңгілік сақтауға тиісті, тарих тереңінен бастау алған рухани кодымыздың бірегейі де – күй. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілері қатарындағы күйлеріміз мұхитқа құяр дариялардай айдынды. Ендеше, жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеттің де көш басында жауһар күйлеріміз тұрары сөзсіз. Иә, күй – құдірет, күй – ұран. Күй – қазақтың жаны. Күй қазақтың елдігін, көңілінің кеңдігін білдіреді. Қазағым патша көңіл, сері, дарқан Түйінін мықтап ұстап өмір-арқан, Өз үйі – өлең төсек жұмағында Күй тартып, өлең айтып, шер тарқатқан. Ұлытау ұлан төбе даласында, Сырдария атыраулы сағасында, Абызы аңыз күйдің Кет-Бұқа мен Ұмытпас дана Қорқыт бабасын да. Қазақтың жан түбінен келді күйі, Өмірді өрнектеген зерлі күйі. Қаратау қақ басында шерлі күйі, Жоңғардың қақпасында өрлі күйі. Даланың дабылындай Құрманғазы, Тәттімбет көңіл назы, өмір жазы. Саймақтың сары өзені, Сары Тоқа, Ұшырған Нұрғисалар аққу қазы. Шүкірлік, үйім де аман, күйім де есен, Болмайды бұған бір сәт сүйінбесем. Қолыма қара домбыра алған кезде, Үйімде падишаның күйін кешем...». Күй туралы әңгімені былай түйіндегіміз келеді. Осынау ұлық өнер жайында «Күй» және «Күйші» деген ғажап екі дастан жазған қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров қажыған көңіл қамын, жүрек жанын қобыздағы қоңыр сарынды тартқан қазақтың күйші шалын әлемнің әуеніне бермес едім деп тебіреніп толғанады. Алда да қазақтың күй өнерін осы Ілекеңдерше, Ахаңдарша, Мұхаңдарша қастерлесекші!..
23
Ұсыныстар:
1.Әбіштану курсының бағдарламасын мектеп бағдарламасына енгізу;
2.Әбіш оқуларының жыл сайын
24
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ә.Кекілбаев «Күй» повесі.
-
"Қазақ энциклопедиясы"
-
Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1989.
-
Ә.Кекілбаев. //Егемен Қазақстан. 1993, 16 қазан.
-
Әбіш Кекілбаев туралы сөз / Е. Дүйсенбайұлы // Ана тілі. - 2009. - 9 сәуір. - 7 бет.
-
Қорғанбек Аманжол , «Егемен Қазақстан»
25
Ұқсастық пен даралық
Ә. Кекілбаев Жазушы Ш. Айтматов
Түрікмендер Адай Басқыншы жау
жеріне көз тіктіНегізі-аңыз
Шапқыншылық Жуан-жуандар
қазақ жерінің
бір бөлігін басып алады
15-16 жасар алты Мәнгүрт жасау Жас
бозбала жауынгерлер
Сабақты қорытындылау.
-
Ал, балалар, сол заманда қазақтың батыр жігіттерін қорлап, мәңгүрттікке душар етсе, қазіргі бейбіт заманда тілін, дінін, дәстүрін мойындағысы келмейтін, рухани мәңгүрт жастар кездеседі. Ендеше, рухани мәңгүрттік- қазіргі қоғам дерті.
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.»
М. Әуезов
-
Ал енді, балалар, Ә.Кекілбаевтің осы шығармасымен таныса отырып, қандай қорытынды жасауға болады? (Оқушылар ойы тыңдалады)
-
Дұрыс, сіздермен келісемін .Келісе отырып, мен де сіздерге мынадай ой қосқым келіп тұр.
Сонымен, бүгінгі тәрбие сағатымызға арқау болған «Күй» повесінің авторы Ә.Кекілбаев туралы ақын-жазушылардың пікірлеріне көз жүгіртейік.
«Мінеки, мінбеге Әбіш Кекілбаев көтерілді. Шіркін сіз сондағы қалай сөйлегенін көрсеңіз. Қандай шешен! Сені өз көзіммен көре алғаныма шексіз қуаныштымын».
Клаус Шрайдер
«Мен бес кемеңгерді көрдім. Д.Қонаев, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан , құдай көздеріне көрсетіп орталарында тірі жүрген бесінші әулие – Ә.Кекілбаев. Задында бағалаған жөн.»
М.Жолдасбеков
« Задында, қазақ жазушысы өз тарихына тым тереңдеп бой ұрған…. Сонымен бірге осы заманғы ең өзекті мәселелерді, мәселен, Африка халықтары үшін де мән-маңызы кем соқпайтын проблемаларды қозғайды.Ізгілікпен сыйыспайтын жат қылықтарды құрту, аластау талабы түрікмен дутаршысының да, қазақ күйшісінің де бойларынан табылады.Жазушы балладасында философиялық тереңдік кілтін ашатын негізгі баяндау тәсілімен стильдік мәнер нақышын да дәл, әрі қапысыз таба білген.»
Герберт Кремплин (неміс сыншысы)
Г.Белгер – жазушының шығармаларын неміс тіліне аударушы. Әбішті әлемге танытушы.