Материалдар / Зерттеу жұмысының тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тарихи тұлғалар бейнесі

Зерттеу жұмысының тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тарихи тұлғалар бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне оқушыны ғылыми жоба дайындауда қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
2304
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Зерттеу жұмысының тақырыбы:М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тарихи тұлғалар бейнесі



Орындаған: Темірханова Аружан Талдысай орта мектебінің 8а-класс оқушысыЖетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңі мұғалімі К.С.Мукашева



2018 жыл

1. Зерттеу жұмысының тақырыбы : М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тарихи тұлғалар бейнесі2.Зерттеудің өзектілігі: Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармалары ХХ ғасырдың 80-шi жылдарының соңында ғана халқымен қайта табысты. Мағжан өлеңдері тарихымызды тануға таптырмайтын дүние. Еліміздің, халқымыздың азаттық үшін қаншама қиналғанын , сонымен қатар ел үшін, жер үшін қан төккен хандар мен батырлар есімдерін есте қалдыруда Мағжан поэзиясын зерттеп-зерделеудің маңызы зор. 3.Зерттеу жұмысының мақсаты: М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы өлеңдегі есімдері аталған тарихи тұлғаларды тереңірек тану мақсатында іздену және үлгі ету,ұлттық рухты көтеру.

4. Зерттеу жұмысының міндеті:
  • Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер білу;
  • «Түркістан» өлеңі – отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі екендігін дәлелдеу;
  • Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар туралы қосымша мәліметтер табу , жеке сипаттама беру;
  • Түркістан жерінің қасиеттілігі мен киелілігін және бабалар мекені аталу себебін анықтау ;


5. Зерттеу жаңалығы: «Түркістан» өлеңіндегі есімдері аталған тарихи тұлғалардың өмірі, ел үшін жасаған ерлігі , халықты біріктірудегі даналылығы, озық ойшылдығы мен киелілігін таныту мақсатында ізденіп , тың жаңалықтармен бөлісу;6. Зерттеу әдісі: іздену, зерттеу, жинақтау, тұжырым жасау, ұсыныс беру.7. Зерттеудің болжамы: Егер бүгінгі жас ұрпақ ел үшін, жер үшін қан төккен хандар мен батырлар, ғұламалар туралы тереңірек танып, зерттеп білсе , біздің тарихымыз мәңгі жасай береді. Мағжан шығармаларының қайталанбас құндылығы -  мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сонымен қатар ақын өлеңдерін оқу арқылы жас ұрпақты ерлік, батырлық, қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеуге болады. Ақынның «Түркістан» өлеңі , бойға күш қуат беріп, намысын оятады, рухты көтереді, жігерлендіреді.







«Мағжан - ата-бабасы түрікті,алашын жан тәнімен сүйген,азаттықты аңсаған,отаршылдыққа қарсы өлең жолдарын жазған халқының ұлтжанды ұлдарының біріМ.Әуезов

Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармалары ХХ ғасырдың 80-шi жылдарының соңында ғана халқымен қайта табысты. Ақынның есiмiн атауға тыйым салынған жылдардың өзiнде халқы оны ұмытпады. Ақын, жазушы, журналист, фольклорист, тарихшы, философ, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткерi, саясаткер – Мағжан Жұмабаев артында мол мұра қалдырды. Мағжан қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң өзге елдер әдебиетiмен , мәдениетiмен тең болуын қалады. Елiнiң тарихы мен мәдени мұраларына қызығушылығы мен сүйiспеншiлiгiн өмiрiнiң соңына дейiн сақтады. Ол қазақ халқының асыл мұраларын келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажет деп санады. Сондықтан да өзiнiң шығармаларында ел тарихын, халықтан шыққан ұлы тұлғалардың ,ел қорғаған батырлардың ерен еңбегi мен ерлiгiн көрсетуге ұмтылды. Мағжан өзiнiң қысқа өмiрiнде туған халқына қызмет етуге тырысты, тамаша өлеңдер, поэмалар, ғылыми еңбектер жазып, өз iзiн қалдырып отырды. Кеңес үкiметi орнағаннан кейiн, әсiресе Қазақстанға бiрiншi басшы болып Ф.И.Голощекин келгеннен кейiн оның шығармаларын сынап, өзiне ұлтшылсың, байшылсың, түрiкшiлсiң, менменсiң деген сияқты кiнә тағу көбейiп кеттi. Соның өзiнде ол мойымады, өзiнiң бағасын бiлдi: Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын, Күнге ғана бағынам. Өзiм – күнмiн, өзiм – от, Сөзiм, қысық көзiм де – от. Өзiме - өзiм табынам, – деп қыр көрсеттi. Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын өлеңдерінің көпшілігі негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның «Түркістан» өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі. Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр. Тұран дегеніміз – Түркістан. Түркі халықтарының ежелгі құт-мекені Тұран деп аталған. Араб халифатының әскери қолбасшысы Кутайба ибн Мүсілімнің (660–715) басқыншылығымен Тұран өлкесі талан-таражға түсіп, халқы қырылып-жойылған. Тұранның екінші атауы – Түркістан. Осы соғыстан кейін Тұран атауы жойылып, тарихтан өшкен екен. Алтайдан (Отүкен) Анадолыға

1

дейін созылып жатқан мына шетсіз, шексіз дала – Түркістан даласы. Түркістан – иісі түркі халықтарының кір жуып, кіндік кескен атамекен, атажұрты. М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.Түркістан – екі дүние есігі ғой,Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.Тамаша Түркістандай жерде туған.Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?Түрікке адамзатта ер жеткен бе?Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиялТұранның ерлеріне ер жеткен бе? Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған. Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой – деп басталатын өлең жолдары кешегі тарихқа жетелейді. Ертеде Тұран аталған бұл жерді мекендеген ата-бабаларымыздың өмірінен елес береді . Өлеңнің жазылу тарихы туралы Түркістан ақындары деректерінен : «Біз «Яш Түркістан» беттерінде Түркістан ақындарының кейбір үлгілі шығармаларын жариялап тұратын болатынбыз. Осы алғашқы санда қазақтың атақты ақыны Мағжан Жұмабайұлының «Түркістан» атты өлеңін басып отырмыз.Мағжанның бұл өлеңі 1923-ші жылы Ташкентте «Түркістан Мемлекеттік баспасы» басып шығарған «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері» кітабына енген. «Түркістан» − атамекеніміздің түкпір-түкпірінде жастарымыздың жадында жатталып, аузынан түспей айтылып келе жатқан дұғадай қасиетті өлең.» Белгілі жазушы, ғалым Қ.Ергөбек Түркістанды жырлаған қазақтың ұлы ақыны туралы өз ойын былай тұжырымдайды: «...Түркістан мұхтариятын» (мемлекетін) құрушының бірі — Мағжан Жұмабайұлы! Қолында қаламы, жүрегінде оты, жанында түріктік рухы бар Мағжан Жұмабайұлы асыл-ақық жырларымен қалды тарихта. Ол жырдың тамаша үлгісі — М.Жұмабайұлының «Түркістан» өлеңі... Əдебиет пен өнер — қашанда ұлттың, ұлт мұрындық болатын мемлекеттің жақсы істерінің көрсеткіші, тіпті насихатшысы, жаршысы. Мағжан Жұмабайұлының «Түркістан» аталатын өлеңі — өлең өнерінің бір биік шыңы...» Күллі түрік дүниесінің тағдыр жолдарын шолған осы керемет шығармасымен М.Жұмабаев өзіне өшпес мұнара соғып кетті. Жер бетінде түрік баласы аман тұрғанда (қазақ — түріктің бел баласы) Мағжандай ұлы ақынның атойлаған туындысы өлмейді, мəңгілік жасай береді. 2 Мағжан Жұмабаев ұлтының үлкен жүректі ақыны. Мағжан ақын ұлт тарихын, ұлт əдебиетін жасаушылардың бірі ғана емес, бірегейі. Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын , ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді. Аз-кем тарих беттерін ақтарғанда аңдағанымыздай діні мен тілін , дәстүрі мен әдет-ғұрпын ала келген араб халифаты Тұран өлкесін 705-715 жж талан-таражға ұшыратып, халқын қырып жойды, сөйтіп Тұран атауын Түркістан атауымен алмастырды. Тұранның тарихтағы атауы осылайша тарихтан өшті. Бірақ,сол өшкен тарихты жаңғыртып жырға қосқан Мағжан ақынға қалай тәнті болмайсың? Ғасырлар бойы бұратана күй кешіп келген,сол себепті де өнері, мәдениеті дамымаған ел болып кемсітілген қазақ халқының шын мәніндегі өткен тарихын , Мағжан жырмен жазды, біз айтып,жазып жүргендей емес,қазақ хандарының тарихын да тым әріден-Афрасиабтан бастайды.Тұранның жері де жат, елі де жат, Құйындай бастан кешкен күні де жат. Тұранды түгелімен билеп тұрған, Ертеде ертегі хан Афрасияб. Афрасияб – аңызға айналған тарихи адам, әдеби образ. Ол – ежелгі түркі тайпаларының ел ағасы, Тұран патшасы, қолбасшы, батыр, сақ, түрік жұртының ұлы тарихи тұлғасы, Иран патшаларымен жауласумен даңқы шыққан көсем деп Фирдаусидің “Шахнамесінде” айтылады, Махмұд Қашқари айтуынша, Афрасиябтың түрікше аты – Тоң Алып. Тұрған өлкесі ежелде «Афрасияб жұрты» деп аталған.Алып Ер Тоңғаның Тұран аталған аса қуатты мемлекеті Әмудариядан Енисейге дейінгі жерді алып жатыр.Астанасы Пайкент,Баласағұн,Рамитан қаласы.Алып Ер Тоңға есімі Фирдаусидің «Шаһнамасы» арқылы жұртшылыққа кеңінен танылды.Оның есімі «Авеста» кітабында да кездесті.Алып Ер Тоңға Бұхара қаласында қақпаға жақын жерде жерленген. Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.Шыңғыстай арыстанның құр аты да,Адамның жүрегіне жігер берер.Кезінде әлемді өзінің қаһарымен солқылдатқан Шыңғыс ханның кім екенін айтуға әр қилы пікірдеміз,ал енді Мағжан оны сол кезде-ақ Түркістанның топырағынан екендігін батыл айта білген. Толық аты -Тэмуджин Борджигин. Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Шыңғысхан – Әлемге аты әйгілі хан. Шыңғыс хан 1154 жылы, доңыз жылы моғол ішінде Блунилдық деген жерде туыпты. Ежелгі ру басшысы Есугей баһадүрдің отбасында туған. Туғанда бір қолы жұмулы болған соң, кіндігін кескен қатын ашып қараса, уысында қан бар екен, соны ақсақалдар естіп, «көп ел болып, зор хан болып, көп қан төгеді екен» деп болжам қылыпты. 3

Ақырында сонысы дұрыс келді. Бұл Шыңғыс ханның алған жерін, қылған ісін түгел айтуға бір үлкен кітап болады. Бір шеті қытай, бір шеті араб, барша Азиядағы жұртты түгел алып, Европаның да бергі шетін алды. Осы Шыңғыс тауында хан көтеріліп, Хақан, яғни хандардың ханы атанып, үлкен хан болғаны - 1203 жылы болса керек. Парсы жағын алып, қайтарында Бұхарадан молда әкелдіріп, дін жайын сұрап, өзгенің бәріне «дұрыс» деп, қаж жайын сұрағанда «жердің жүзінің бәрі құдайдың үйі болса керек, ондай бір ғана жерді құдайдың үйі демек дұрыс емес» деп, молдаларға сый беріп қайырды.Шыңғыстың төрт баласы - Жошы, Шағатай, Үгедей, Тулы. Шыңғыс хан тірі күнінде елді төртеуіне бөліп беріп, бәрінің үстінен Үгедейді хақан қойды. Сонда қырғыз, қазақ, сарт, ноғай - барша татар аталары Жошы менен Шағатай қол астында болған. Тұранның билері бар Тарағайдай,Сол биден Темір туған от боп ойнайОт шашып жер жүзіне Ақсақ ТемірЖарқ етіп өте шыққан нажағайдай.«Жер тәңірісі Темірмін, Жеріме Тәңірім тимесін.Жер Тәңірісі Темірдің, Тұқымы- түрік,заты-от!»,- деп айтқан Ақсақ Темір 1336 жылы Түркістанда туған қолбасшы, мемлекет қайраткері. Ол Хорезм мемлекетін, Шығыс Түркістанды, Оңтүстік Азербайжанды, Грузия, Ирак, Иран, Үндістанды, Сирияны, Ауғаныстанды, Полистинаны толық бағындырған.Ақсақ Темір 35 жыл бойы жеке дара билік жүргізген, басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырған. Осындай үздіксіз жорықтар нәтижесінде Империя Темір мемлекеті құрылды.Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болады. Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек Тарағай мен Моңғол империясын құрушы Бабыр сияқты атақты адамдар шықты. «Бабырнамада» Темір әулетінің тарихы баяндалған.Тұранды мақтамаймын тіпті текке,Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.Сырласқан үйде отырып аспан-көкпенБілгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.Асыл қан - қасиетті түрік қаны,Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.Молдығы білімнің сиқыр дерлік,Дүниеге мұндай адам тудыма әлі?Түріктің кім кеміткен музыкасын,Фараби тоғыз ішекті домбырасынШерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!Осы үш шумақта ғылымның көзін тапқан,басқа елдің ғалымдарынан озған данышпандарымызбен мақтанады.



4Ұлықбек- астраномия ғалымы, Самарқанд сұлтаны  Мұхаммед Тарағай бин Муинуддин Шахрух, 1395 жылы 22-наурызда Самарқандта дүниеге келген. Сарайда жақсы білім алумен қатар 11 жасында Құран кәрімді жатқа үйреніп, арабшаны жетік меңгерді. Әкесі қайтыс болған соң, билікті өз қолына алып, Самарқандты астана етіп қойды. 38-жыл бойы ел басқарды. Мемлекет басқару қызметтерімен қоса ғылымға да аса мән берді, ғылымға көптеген еңбектері сіңді.  Ғылымның даму тарихында ең ұлы астраномия ғалымы деген атаққа ие болды.  Бұл салада Ұлықбекті дүниеге танытқан 1420 жылғы Самарқандта салдырған обсерваториясы еді. Шамамен алты ғасыр бұрын осы обсерваторияда жасалған ғылыми жұмыстар қазіргі заманауи астрономияға әлі күнге дейін сәулесін төгіп келеді. Сол кезде жасалған есептер заманымыздағы есептерге дәлме дәл сәйкес келуде. Бұл обсерваторияда 12 жыл  бойы зерттеулер жүргізіліп, ай мен жұлдыздардың жолдары көрсетілген кестелері бар "Ұлықбек таблицасы" 1437ж аяқталды. Бұл кестеде өзінен бұрынғы кестелердің қателері түзетіліп, жұлдыздардың әрекеті өте айқын көрсетілген және 1018 жұлдыздың координаттары ең дұрыс түрде анықталған.Орта ғасырдағы Шығыстың данышпан ғалымы Ибн-Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхараға жақын жердегі Абшан ауылында туған. Абу Ибн-Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, медицина саласында әйгіленді. Ол – Орта Азиялық ғалым дәрігер, философ, астроном.17-18 жасында-ақ Ибн-Сина кемеліне келген ғалым ретінде қалыптасады. Жас та болса өзін толық танытқан талант математикадан басқа ғылымдар еңбектер жазады. Ибн-Сина бүкіл адамзатқа үлкен байлық қалдырды. Оның 456 шығармасының ішінде 18 томдық “Нұсқау мен ереже” деген соңғы еңбегі шығыс философиясына қатысты болса керек. 40-қа жуық жұмыстары медицинаға арналған. Әсіресе “Дәрігерлік ғылым қағидалары”, “Жүрек дауасы”, “Тамыр ұстау” сияқты құнды дүниелерінің маңызы зор.Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби.    Әл-Фараби қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Фараб (Отырар) қаласында түркі тектес әулетте туылған. Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымдарды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол бірнеше тілдерді әсіресе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді. Ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да сексен жасқа жетіп, өмірден өткенше сол өлкеде қалады.       Алғашқы сапарында әл-Фараби Бағдат шаһарында логика, математика ғылымдарын терең зерттеп, араб тілін игереді. Ол елден асқан зерек еді. Дүниенің өткінші қызықтарынан, ойын-сауықтан алыс болатын. Тұрмысына жетерлік аз дүниеге қанағат етіп, уақытының барлығын ғылым жолына арнайтын. Ол алдыңғы толқындағы даналардың ізін қуған данышпан философ. Сондай-ақ, ол медицина ғылымын да толық меңгерген. Әл-Фараби жетпіске тарта кітаптар мен зерттеу жұмыстарын жазып кетті. Оларда философия, астрономия, логика, геометрия, музыка сынды ғылым мен өнердің сан алуан түрінің мәселелері талқыланады.

5

Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа, Түріктен басқа от болып жан туып па?Көп түрік енші алысып тарасқанда,Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?.... Ерекшелік «қазақ» сөзінің өлеңде алғаш қолданылуы және қазақтың жеке өзіне байланысты тарихқа көшуі. Соңғы тармағында былай дейді: «қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?». Мұндағы қазақтың қара шаңырағы – жеті атасынан бастап, мұра болып келген киелі ордасы. Яғни ол: Тұран, Түркістан, Жетісу, Сырдария, Тянь-Шань.Арыстан елге отан болған Тұран,Тұранда қазағым да хандық құрған.Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы,Тұранның талай жерін билеп тұрғанӘділ хан аз болады Назардайын,Алашқа Есім ханның жолы дайын.Тәукедей данышпан хан құрған екен,Басында күлтөбенің Құрылтайын.Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,Тұранның тарқамаған алаш шері.Тұранның топырағында тыныштық тапқан,Алаштың арыстаны Абылай ері.Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,Түркістан алты алашқа болған кебе.Тұранның топырағын құшып жатыр,Кешегі ердің ері көкжал Кене Осыған байланысты атақты түрік қайраткері Мұстафа Кемал Ататүріктің мынадай айтқан сөздері бар: «Түрік баласы ата-бабасын танып білген сайын ұлы істер жасау жолында тек өз бойынан ғана күш-қуат табады.» Қасым хан шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған . Қасым хан қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды «атақты сұлтандар мен батырлардың бірі», «Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы» деп атайды. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. Қасым хан билік құрған кезеңде де қазақтар мен Шайбани әулеті арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып жатты. 1510 жылы қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы Қасым хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтынын түсініп, шегінеді, біраз уақыттан соң күтпеген жерден шабуыл жасап, өз қарсыласын жеңеді. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

6

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуы екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады. Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.  Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.



7

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі. Кенесары кеткен соң,Иесіз қалды тағымыз,Наурызбай төре кеткен соң,Бастан тайды бағымыз.Бұлбұлдай сайрап жүр едік,Байланды тіл мен жағымыз. –деп Нысанбай жырау жырлаған.Қазақстанның халық жазушысы Ә.Кекілбаев : «Кенесары-Тәуелсіздіктің үлкен тарихи нысаны.Егер ол сол кезде
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ