С.Қ.О Шал ақын ауданы
Жалтыр негізгі мектебі бастауыш сынып
мұғалімі:
Оспанова Гүлнара Төлебайқызы
«Зиялы ұлттың қалыптасуының негізі-сапалы
білім.»
«Жас ұрпақ білімді болып
өссе,
Келешегіміз де нұрлы
болмақ»-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
жас ұрпақтың білімді ,зиялы боп өсуіне жете көңіл
бөлуде.
ХХІ-ғасыр білімділер,зиялылар ғасыры ұлы
жазушы М.Әуезов айтқандай: «Халықты халықпен,адамды
адаммен теңестіретін -білім»,-деген
екен.
Яғни,қазіргі заман талабына сай білімді,ой-өрісі
жоғары,зерделі,жан-жақты дамыған зиялы тұлғаны қалыптастыру бұл
заман талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы »заңында
«Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға жеке кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім
беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникация желілерге
шығу»деп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері
көзделеді.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту
тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
1)
практикалық қызметте
жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
2)
қоғамның зиялы қуатын
жетілдірілуі;
3)
еліміздің материалдық-қаржылық
әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
4)
орта білім беру жүйесін әрі
қарай дамыту т.с.с міндеттерді көздейді.
Қазіргі ғаламтану заманы білім жетістіктерін
өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға
тартады.Осыған орай қазіргі оқыту технологияларын тиімді пайдалану
қажеттіліктері туындайды.
Жаңашыл іс-әрекет-педагогикалық еңбектің
өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері
мен әдістерін құру үрдісі.Педагогтің жаңашыл іс-әрекеті келесі
белгілермен сипатталады.
- Өзінің жеке қасиеттерін
есепке ала отырып ,басқалардың жаңашыл тәжірибесін
өзгерту,жетілдіру,қабылдау;
- Жаңа ғылыми идеяларды
игере отырып,өз жұмысының нәтижесін
ұғыну;
-Жаңа әдістер мен
тәсілдерін өз бетінше жасау;
- Үздіксіз тәжірибе
енгізу.
Осыған қарағанда жас жеткіншектерді білім нәрімен
сусындатуда мұғалімге қойылар жүктің жеңіл емес екендігі
белгілі.Осы жерде Шығыстың ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің мына
сөзіне көңіл бөлгім келеді: «Жас жеткіншегіңізді көрсетіңіз,мен
сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін».
Болашақ деген не?
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақ
жастардікі,Қазақстан болашағы жастар қолында,мен сендерге
сенемін»-,деп,дамыған озық елдердің алдыңғы қатарынан көріну
керектігін баса айтып отыр.
Ендеше,осы Қазақстан болашағына білімді, зиялы,
саналы, білікті жастарды тәрбиелейтін «білім көзі бастауышта»,-
демекші білімнің негізгі іргетасын қалайтын біздер-бастауыш сынып
мұғалімдері.
Міне,осы мақсатта,жас жеткіншектерге бүгінгі күн
талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жүк
артады. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс-әрекеттерден
гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді»-,деген Ы.Алтынсариннің
көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып
отырғаны да осының айғағы.
Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі
өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтылып жетілуді
талап етеді.
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей
алатын
Болашақта өркениетті дамыған елдердің алдыңғы қатарынан
көріну үшін заман талабына сай білім қажет.Сондықтан жаңа
педагогикалық технологияның ерекшелігі мен тиімділігін меңгеруде
мұғалімнің жан-жақтылығы,терең білімділігі қажет.Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев Білім мен Ғылым қызметкерлеріне «Мұғалімдердің жаңа
ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек.Ол үшін
жаңа формацияның педагогі қажет» деген.
Қазіргі
мұғалім
Педагогикалық өзгерістерге тез
төселгіш
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере
алатын
Оқушымен ортақ тіл табыса
алатын
Білімді,шебер,іскер болуы
тиіс
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың
ерекшелігі –өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Жаңашыл
білімді дамыту ,өзгеріс енгізу ,жаңа идеялар мен жаңалықтарды
өмірге әкелу.Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы,орындаушы болып
келсе,ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне
ерекше мән береміз.Өйткені
Дүниетаным қабілеті
жоғары
Д
арынды, Ізденімпаз,
Ө
нертапқыш талапты
Өз алдына мақсат қоя білетін болуы
тиіс
Осындай жеке тұлғаны дамыту
үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет .Оқу үрдісінде осындай
әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп,зерттеп
,тиімділігіне оқытып,өзінің шеберлігіне қарай таңдауы
қажет.Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде.Өйткені бір
технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс-тәсіліне ,шеберлігіне
қарай жүзеге асады.Мен өзімнің еңбек жолымдағы іс-тәжірибеме сүйене
отыра мына педагогикалық технологияларды басшылыққа аламын.Бұл пед.
технологиялар жөнінде әдістемелік,арнайы басылымдардан
оқып,тереңірек біліп өз білімімді шыңдаймын,ал сын тұрғысынан
ойлау
Д
.В.Эльконин, В.Занков
В
Пед.технологиялар
.В.Давыдов «Дамыта оқыту
«Дамыта оқыту жүйесі»
т
ехнологиясы» И.Б.Первин
Ж.Қараев «Топтық оқыту»
«Деңгейлеп оқыту»
Сын тұрғысынан
Ойлау
Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар
болсақ:
1.Дамыта
оқыту-жеке тұлғаны жетілдіреді,оның
дамуына бағыт беріп ,олардың
әуестік,белсенділік,адамгершілік,батылдық сияқты қасиеттерін
қалыптастырады.
А.С.Выготскийдің: «Білім беру тек дамудың
алдында болғаны пайдалы болады»дегенін ескере отырып,оларды
дамыта оқытудың бағдарламалық ,проблемалық,ақпараттық,т.б түрлеріне
негіздеп күнделікті сабақтың тиімді бөлімдеріне қарай бағдарлап
оқыту қажет.
2.Деңгейлеп
саралау-мұғалімнің де,оқушының да
белсенді шығармашылық қызметін дамытады.
Сабаққа қызығушылықтары Жеке
қабілеті
Деңгейлеп
саралау
артады
айқындалады
Өз бетімен жұмыс Нақты өз
деңгейінде
Істеуге үйренеді
бағаланады
Даму мониторингі айқын
Көрінеді
Бұл жөнінде «әр баланың өз деңгейі болатындай ,әр
балаға беретін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап
беріледі.Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек»деген
А.С.Выготский зерттеулері өте құнды.Деңгейлеп оқытудың тиімділігі
өте көп.
3.Топтық
оқыту-бірлесіп жұмыс істеуге ,өз
ойын дәлелдеуге ,өз пікірін қосуға үйретеді.Ұжымдық іс-әрекетке
тәрбиелейді.
4.Сын
тұрғысынан ойлау-бұл кез-келген мазмұнды
сынау емес,оны зерттеу,бақылау,талдау,әртүрлі стратегиялар арқылы
өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан
дамыту
Е
СТО
ркін ойлауға мүмкіндік Ақыл-ойын
дамытады
береді
Оқу мен жазуға сауаттылығын Шығармашылық
белсенділігін
арттырады арттырады
Осы педаг огикалық технологиялардың ерекшелігіне
сүйене отырып,оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады.Атап
айтқанда:
-дарынды оқушыны дамытады,оқушылар шығармашылығын
арттырады;
-оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп,білім
сапасын көтереді;
-пәнге деген бейімділігі ,қызығушылығы
артады;
Бұл пед. технологиялар жөнінде әдістемелік жеке
басылымдардан,
Осы жерде мен оқушының сөздік қорын дамыту
мәселесіне тоқталғым келеді.
Тіл –адам қатынасының аса маңызды
құралы,яғни қатынас құралы жағдайында әрқашан даму үстінде
болады.Сөйлеу тілі сан-салалы өте күрделі
құбылыс.Сөйлеу-тілдің,тілдік нормалардың жаны,тіршілігі.Сөйлеу
процесінде тілдік элементтер,тілдік нормалар жанданып,өз бойындағы
мағыналық,функциялық мүмкіндіктерін көрсете алады. Тілдің негізгі
элементі-сөздік қор.Ал сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының
ішіндегі ең тұрақты,талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан
,жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер
жиынтығы.
Осы технологияны пайдаланып ана тілі сабағында
оқушылардың сөздік қорын дмыту мақсатында өткізген сабақтарыма
тоқталып өтейін.
1.Рөлдік
ойындар оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын тудырумен қатар олардың тілдік қатынасқа түсу
белсенділігін арттырады.Ана тілі сабағында рөлдік ойындар арқылы
А.Тоқмағанбетовтің «Бидай мен
Қаңбақ», «Ебелек пен
көбелек»,Ш.Смаханұлының
«Бұлбұл мен
тоқылдақ» ,т.б.тақырыптарда сабақтар
өткізіледі.
2.Баланы оқыта отырып ,жалпы
дамыту.
Даму нәтижесінде әр оқушы өз-өзінен үйренуші
субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді.
Д.Эльконин,В.В.Давыдовтың «Дамыта
оқыту» технологиясын пайдаланып
М.Әуезовтің «Бала Абай» мәтінін өткенде тірек сызбалары
қолдданылады.Оқушылардың тіл белсенділігі ,сөйлеу,жазу
мәдениеті,шығармашылық қабілеттерін дамыту
көзделеді.
1845 жылы туған Әжесі
Зере
Ұлы ақын Шын аты Ибраһим
Әкесі Құнанбай Туған жері
Семей
«Әсемпаз болма әр неге»
«Жазғытұры» «Жаз»
«Қыс» «Күз»
«Ғылым таппай мақтанба»
Венн диаграммасы
Осы өлең мазмұнын ашуға қойылған слайд көріністі
пайдалана отырып,проблемалық сұрақ қойылды;
-Осы баланың орнында болсаң,сен не істер
едің?
4. Сын тұрғысынан ойлау.
Оқыту мен үйретудің
моделі:
-қызығушылықты ояту,
-мағнаны тану,
-ой толғаныс сабақтағы аса қажетті мәнді,маңызды
әрекет болып табылады.Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін
саралап ,салмақтап ,оны қандай жағдайда ,қалай қолдану керектігін
ой елегінен өткізеді.Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта
қарап,өзгерістер енгізеді.
«Бала
Шоқан»мәтінін оқып,кейіпкерлердің
ісіне талдау жасады.Өзінің алға қойған мақсатына еңбек ету арқылы
жететінін түсінді.Сонда «Ой толғаныс»стратегиясы арқылы Венн
диаграммасы толтырылды.
5.Саралап (деңгейлеп) оқыту
технологиясы.
М.Гумеровтың «Күмән» мәтінін
өткенде оқушыларға төмендегідей деңгейлік тапсырмалллар
берілді:
1-деңгей. Оқулықта берілген сұрақтарға
жауап беру.
2-деңгей. Рақила мен
Дәуітке мінездеме
беру.
3-деңгей.
«Менің
досым»тақырыбына шығарма
жазу.
Ана тілі сабақтарында күнделікті өзіндік орын
алып отыратын мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш,сөздік жұмысы,тұрақты
сөз тіркестерін дұрыс пайдаланып отырудың маңызы зор.Осы мақсатта
оқушылардың сөздік қорын дамытуда мына кестені пайдаланып
отырамын.(1-кесте)
«Тоқсан ауыз сөздің
,тобықтай түйінін айтар болсам -,оқушы тілін,сөздік қорын
дамыту үшін тек мектеп оқулығы аясында шектелу
жеткіліксіз.Сондықтан,ата-анамен байланысты(оқушы уақытының көп
мөлшері ата-ана қасында болатындықтан)нығайту,кітапханамен үнемі
байланыс жасау,баспасөз басылымына жазылу арқылы жұмысты нығайту
қажеттілігі туындайды.
Әр
ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,жаңа заман талабына
сай, озық ,зиялы ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты
түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса
,егеменді еліміздің гүлдей жайнап,қазақ халқының зиялы қауымының
дамуына өз үлестерін қосыры анық .
Реті
|
ТҮРІ
|
МАҚСАТЫ
|
1
|
Сөздік жұмыс
|
Оқушының сөз байлығын молайту,үйренген
сөздерін қатесіз,сауатты жазуға бейімдеу.
|
2
|
Жаңылтпаш
|
Сөзді үйрену арқылы тіл нормасында
сөйлеп,анықтама құралдарымен жұмыс істеп
үйренеді.
|
3
|
Жұмбақ
|
Тілін ұстартып,ойын дамытады.Тілін шыңдай
түсіп асықпай,жатық,еркін сөйлеуге
көмектеседі.
|
4
|
Мақал-мәтел
|
Аталған нәрсенің сипат белгілерін
анықтап,шешімін табуға ойланады.Тез ойлап,тапқырл.шапшаңдыққа
үйретеді.
|
5
|
Ертегілер
|
Ой салады,көркем,образды сөйлеуге
жаттықтырады.
|
6
|
Тұрақты сөз тіркесі
|
Ой-өрісін,тілін,дүниетанымын
дамытады,ой-қиялын ,эстетикалық сезімдерін ұштайды,тіл
байлығын,сөздік қорын молайтады,сөзді орынды пайдалануға
жаттықтырады.
|
Қолданылған әдебиеттер:
«Бастауыш сынып» журналы: №6
2010ж.
«Бастауыш мектеп» журналы:
№2,2006ж.№3,2007ж.