Материалдар / Зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 3-4 сынып оқушыларының жалпы жұмыс дағдыларын дамытуда сымды қолдану (қол еңбегі сабағында)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 3-4 сынып оқушыларының жалпы жұмыс дағдыларын дамытуда сымды қолдану (қол еңбегі сабағында)

Материал туралы қысқаша түсінік
Зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 3-4 сынып оқушыларының жалпы жұмыс дағдыларын дамытуда сымды қолдану қол еңбегі сабағында
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 3-4 сынып оқушыларының жалпы жұмыс дағдыларын дамытуда сымды қолдану (қол еңбегі сабағында)



С.Б.Сүлеймен, п.ғ.м., бакалавр. А.А.Ерубаева, Қ.Р.Сапарберди, А.Ж.Бейсен студенттер

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



Аңдатпа: Мақалада зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 3 – 4 сынып оқушыларын оқытуда сымды қолдану арқылы жалпы жұмыс дағдыларында дамытудың маңызы туралы баяндалған.

Аннотация: В статье рассказывается о важности развития общих рабочих навыков с использованием проволоки при обучении учащихся 3 – 4 классов с легкой отклоняемостью в интеллекте.

Annotation: The article talks about the importance of developing general working skills using wire in teaching students in grades 3 – 4 with a slight deviation in intelligence.

Кілт сөздер: Сым, Қол еңбек, моторика

Ключевые слова: Проволка, Ручной труд, моторика

Keywords: Wire, Manual labor, motor skills



Қазіргі таңда зияты зақымдалған 3-4 сынып оқушыларын сыммен және де басқада материалдарды қолдана отырып жалпы жұмыс дағдыларын үйрету қажет. Жалпы сыммен жұмыс жасау, оқушылардың тек қана моторикасын емес, сонымен қатар ойлауын, есте сақтауын және шығармашылық дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар сыммен жұмыс жасау барысында тек сымды емес, басқа да моншақ сынды бұйымдарды пайдалана отырып түрлі әдемі, ерекше дүниелерді жасай алады. Мысалы, бәріміз білетін сыммен моншақтардың көмегімен ағашты, көрнекілік ретінде жануарларлың немесе басқада өздері қызығатын нәрселердің мүсінін, үйлеріне керекті кейбір құралдарды жасай алады. Ал қыз балалар, өздеріне әшекей (сырға, білезік т.б.) сынды әртүрлі нәрселер жасай алады. Осы еңбек сабағымен сымды қолдану арқылы оқушылардың қиялынан туған жаңа туындыларды шығару қазіргі біздің алға қойған мақсатымыз болып отыр. Сонымен қатар, оқушылар сыммен жұмыс жасау арқылы жалпы жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Мысалы, матамен, моншақпен, қайшы,желім секілді құралдармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Арнайы мектептердің бастауыш сыныптарында өтілетін «қол еңбек» сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен, еңбек жөніндегі тәжірибесі аз, зияты зақымдалған балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұндай тәжірибелік жұмыстарды оқушылар мұғалімнің көмегі арқылы орындайды. Сондықтан сабақтың басынан түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі.

Бұл «қол еңбек» пәніндегі тәжірибелік жұмыста алюмин, мыс, сияқты жұмсақ сымдармен жұқа қаңылтырлар қолданылады. Алюмин, мыс, сымдар қырқуға , ал жұмсақ жұқа қаңылтырлар қиюға, майыстыруға, дайындауға қолайлы болып келеді. Өйткені, жұмыс жасау барысында жұмсақ, жұқа сыммен жұмыс жасаған оқушыларға жеңіл, қатты сыммен жұмыс жасау барысында оқушылар қысқышты қолдануға мәжбүр болады. Ал, көп оқушылардың қол моторикасы қысқышты қолдануға келмейді, сондықтан қысқышпен жұмыс жасау балалрға қиынға соғады. Сол себепті, жұыс барысында жұқа, жұмсақ сымды қолданған оңайға түседі.

«Қол еңбек» сабағында бұл жұқа қаңылтырлардан ойыншық түрлерін дайындаумен бірге, жапсырмалау жұмыстарында қолданылады. Жұмсақ сымдардан аңдардың, құстардың, жануарлар қаңқасын жұқа сыммен бедерлеп пішінін дайындауға және жұмсақ сыммен ойыншықтармен, қуыршақтарды дайындауға үйретеді.

Бұл міндеттерді іс-жүзіне асыру оқушылардың танымдық қызметін дамытуға, еңбек қызыметіне деген қызығуглылықты тудыруға, кәсіби еңбекке үйретуге дайындауға көмектесуге міндетті.

Еңбектің бұл түрінің ерекшелігі біріншіден, оқушылар өзеріне таныс емес материалдармен және құралдармен, жұмыстың жаңа тәсілдерімен жұмыс жасайды; екіншіден, бағдарламаның бұл тарауын оқығанда оқушылар техникалық түрдегі қарапайым мәліметерді алуға, арнайы терминологияны меңгеруге міндетті.

В.В.Воронкова өзінің классификациясында оқушыларды деңгейіне қарай 4 топқа бөліп қарастырған. 1 және 2 топ оқушылары ғана сыммен жұмыс жасай алады. Өйткені, 1 және 2 топ оқушылары жеңіл, өз бетімен жұмыс жасауға бейімделген және қол моторикасы сыммен жұмыс жасауға өте ыңғайлы. Ал, 3 – 4 топтың оқушыларының қол моторикасы дұрыс жетілмегендіктен, сыммен жұмыс жасау қиынға соғады.

Н.П.Павлова, «Қол еңбек» пәнін 5 кезеңге бөліп көрсеткен. Екінші кезеңінде, 3 – 4 сынып оөушыларына сыммен және қаңылтырмен жұмыс жасау осы кезеңде оқытып басталады деп көрсетілген.

Екінші кезеңнің негізгі міндеттері мен мақсаттары:

  • Оқушылардың өзгерген оқу жағдайларына бейімделуі, мұғалімнің көмегінсіз жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың ерекшеліктерін және моторикаларын дамытуды ескере отырып, тапсырмаларды «Қол еңбек» пәніне бағыттай отырып жасау;

Н.П.Павлова бойынша, сыммен жұмыс жасау оқушылардың моторикасын, шығармашылық ойлауын және қозғалысты үйлестіруді дамытуға көмектеседі. Әр түрлі сым фигураларын жасау қиялдың дамуына және тапсырмаға назар аудару қабілетін жақсартуға ықпал етуі мүмкін.

Қол еңбегі сабақтарында зиятында жеңіл ауытқушылығы бар 3-4 сынып оқушыларына сымды пайдалану жалпы жұмыс дағдыларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Төменде сымды оқу процесінде қалай қолдануға болатыны туралы бірнеше идеялар берілген:

1. Жұқа сымдарды пайдаланып пішіндерді жасау. Мұғалім оқушыларға сымнан белгілі бір пішіндерді жасауға тапсырма бере алады. Бұл, мысалы, жануар, өсімдік немесе қоршаған әлемдегі заттар болуы мүмкін. Мұндай тапсырма балалардың ұсақ моторикасын, қозғалыстарды үйлестіруді және кеңістіктік ойлауды дамытуға көмектеседі.

2. Көлемді кескіндер жасау. Оқушылар әртүрлі нысандардың көлемді кескіндерін жасау үшін сымды пайдалана алады. Мысалы, Олар үйлердің, ғимараттардың, көлік құралдарының және т.б. модельдерін жасай алады.

3. Зергерлік бұйымдарды немесе интерьер заттарын жасау. Оқушылар білезіктер, сақиналар, брошьтар және т.б. сияқты түпнұсқа сым зергерлік бұйымдарды жасай алады. Олар сондай-ақ интерьер заттарын жасауға тырысуы мүмкін, мысалы, фотосурет жақтаулары және т.б. мұндай тапсырмалар балалардың шығармашылық қабілеттерін, табандылығы мен еңбекқорлығын дамытуға көмектеседі.

4. Жұқа сымдарды бұрау және тоқу. Оқушыларға сымды белгілі бір үлгіге немесе тоқуға айналдыру тапсырмасы берілуі мүмкін. Мысалы, олар әртүрлі бұрау әдістерін қолдана отырып, өрілген білезіктер немесе көлемді фигуралар жасауды үйрене алады. Бұл балалардың шығармашылығын, ұсақ моторикасын және егжей-тегжейге назар аударуын дамытуға көмектеседі.

5. Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар. Оқушыларға қолдың ұсақ моторикасын дамытуға және нығайтуға көмектесетін түрлі жаттығулар жасап шақыруға болады. Мысалы, оқушылар жұмсақ сыммен моншақтарды біріктіріп немесе түйіндерді сымға өткізіп жұмыс жасай алады.

Зиятында жеңіл ауытқушылығы бар оқушылармен жұмыс істеу кезінде олардың жеке ерекшеліктерін ескеру және оларға сыммен жұмыс істеу процесінде қолдау мен көмек көрсету қажет екенін есте ұстаған жөн. Сыммен жұмыс істеу балаларды оқу процесіне қосудың және олардың жалпы жұмыс дағдыларын дамытудың бір жолы болуы мүмкін.

Зияты жеңіл зақымдалған оқушылардың жалпы жұмыс дағдыларын дамытуда сымды қолдану ең тиімді әдістің бірі болып табылады. Сыммен жұмыс жасау оқушылар бойында еңбексүйгіштік, жұмыстағы ұқыптылықты тәрбиелеуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, моторикасын, ойлауын, жалпы танымдық процесстерін және өиял мен шығармашылығын дамытуға көп көмегі тиеді. Сондықтан, «Қол еңбек» пәніне сыммен жұмыс жасау бөлімін қайта еңгізу қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Специальной общелбразовательной школы ручной труд (1 – 4класс), А.К.Рсалдинова

  2. Жидкина Т.С., Методика преподавания ручного труда в младших классах коррекционной школы 7 вида.

  3. Павлова Н. П. Трудовое обучение в 1 — 3 классах вспомогательной шко-ы: учеб. пособие для учителя / Н. П. Павлова. — М., 1988.

  4. Пинский Б. И. Формирование двигательных навыков учащихся вспо-огательной школы / Б.И. Пинский. — М., 1985.

  5. Программы подготовительного и 1 —4 классов коррекционных обра-овательных учреждений VIII вида. — М., 1999. — С. 149—191.

  6. Рсалдинова А.К. Работа со стандартными инструкциями на занятиях по социально-бытовой ориентировке. – Методические рекомендации в помощь учителям вспомогательных школ. – Алматы, РИК Республиканский издательский кабинет), 1995.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!