Материалдар / «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға және балалар арасындағы зорлық - зомбылықтың алдын алу. Зорлық зомбылық түрлері, жүргізілетін жұмыс түрлері берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
363
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қазақстан Республикасының – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар – қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі деп атап өтілді және мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау іс-әрекеттері қоғамды толғандыруда.

Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар зорлық-зомбылық көру қаупіне анағұрлым ұшырағыш болып келеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасау өлшемдері олардың белгілі бір шектеулеріменен бүркемеленуі және шатасуы мүмкін. Адамдар былай деп айтуы мүмкін:

баланың өзі зақым келтірді;

мұндай жүріс -тұрыс симптомдық шектелуіне байланысты (ауру);

мүмкіндігі шектеулі балалардың айтқаны жалған, өйткені олар, өздерінің не айтқанын түсінбейді;

олардың пайдасы үшін осылай жасауға тура келеді, мысалы, байлап тастауға талпыну, тамақ бермеу, қамап тастау, киім кигізбеу және т.б.

Сондықтанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды зорлық-зомбылыққа және зиян келтіруге душар болғанын тану маңызды, өйткені зорлық-зомбылық нәтижесі аса қауіпті болуы мүмкін.

Зорлық-зомбылықтың екі түрі болуы мүмкін: айқын және жабық (жанама). Уақыты бойынша зорлық-зомбылық осы сәтте болған және бұрын орын алған болып бөлінеді.

Зорлық-зомбылық болған жері және қоршауы бойынша: үйде – туысқандары тарапынан, мектепте – педогогтар немесе балалар тарапынан, көшеде – балалар немесе бейтаныс ересектер тарапынан болып бөлінеді. Сонымен қатар, мектептегі зорлық–зомбылық былайша бөлінеді: балалар арасындағы немесе педагогтардың оқушыларға қатынасы немесе күш қолдану қазіргі уақытта белең алып отыр. Оның құрбаны болып кез–келген бала табылуы мүмкін, бірақ әдетте әлсіз немесе басқадан ерекшеленіп тұратын балаларды таңдайды. Мектептегі зорлық–зомбылықтың жиі құрбаны болып мына ерекшеліктері бар балалар табылады:

физиолгиялық кемшіліктері – көзілдірік тағатындар, дұрыс естімейтіндер және қозғалуда кемшілігі барлар (мысалы, БЦП), яғни, өзін–өзі қорғай алмайтындар;

жүріс -тұрысындағы ерекшеліктері – томаға тұйық балалар немесе қызба жүріс-тұрысты балалар;

сыртқы келбетіндегі ерекшеліктер – секпілді, қалқан құлақ, аяғы қисық (маймақ), басының ерекше пішіні, дене салмағы (толық немесе арық) және т.б.;

әлеуметтік машығы дамымаған;

мектептен қорқатындар;

ұжымдық өмір тәжірибесінің болмауы (үй балалары);

ауру - эпилепсия, гиперкинезия, тұтығу, энурез, сөйлеу кемістігі;

төмен интеллектісі және оқуға қатысты қиындықтары бар.

Зорлық -зомбылықтың түрлері:

Психологиялық:(эмоциялық),кемсітушілік. 

Эмоционалды

Экономикалық

Жыныстық
Физикалық (күш көрсету)
Бопсалау.
Кибербуллинг.
Кемсітушілік. 
Суицид, т.б.

Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері:

1.Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды.

Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
2. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.

3. Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында. Интернетті не басқа технологияларды пайдалану.

4. Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.

5.Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кең таралған түріне жатады.

Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:

1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата – анасының, педагогтің жоққа шығаруы);

2. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)

3. Баланы бопсалау;

4. Елемеушілік;

5. Балағаттау;

6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;

Мүмкіндігі шектеулі балалар зорлық-зомбылық көру қаупіне анағұрлым ұшырағыш болып келеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасау өлшемдері олардың белгілі бір шектеулеріменен бүркемеленуі және шатасуы мүмкін. Адамдар былай деп айтуы мүмкін:

баланың өзі зақым келтірді;

мұндай жүріс -тұрыс симптомдық шектелуіне байланысты (ауру);

мүмкіндігі шектеулі балалардың айтқаны жалған, өйткені олар, өздерінің не айтқанын түсінбейді;

олардың пайдасы үшін осылай жасауға тура келеді, мысалы, байлап тастауға талпыну, тамақ бермеу, қамап тастау, киім кигізбеу және т.б.

Сондықтанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды зорлық-зомбылыққа және зиян келтіруге душар болғанын тану маңызды, өйткені зорлық-зомбылық нәтижесі аса қауіпті болуы мүмкін.

Зорлық-зомбылықтың екі түрі болуы мүмкін: айқын және жабық (жанама). Уақыты бойынша зорлық-зомбылық осы сәтте болған және бұрын орын алған болып бөлінеді.

Зорлық-зомбылық болған жері және қоршауы бойынша: үйде – туысқандары тарапынан, мектепте – педогогтар немесе балалар тарапынан, көшеде – балалар немесе бейтаныс ересектер тарапынан болып бөлінеді. Сонымен қатар, мектептегі зорлық–зомбылық былайша бөлінеді: балалар арасындағы немесе педагогтардың оқушыларға қатынасы немесе күш қолдану қазіргі уақытта белең алып отыр. Оның құрбаны болып кез–келген бала табылуы мүмкін, бірақ әдетте әлсіз немесе басқадан ерекшеленіп тұратын балаларды таңдайды. Мектептегі зорлық–зомбылықтың жиі құрбаны болып мына ерекшеліктері бар балалар табылады:

физиолгиялық кемшіліктері – көзілдірік тағатындар, дұрыс естімейтіндер және қозғалуда кемшілігі барлар (мысалы, БЦП), яғни, өзін–өзі қорғай алмайтындар;

жүріс -тұрысындағы ерекшеліктері – томаға тұйық балалар немесе қызба жүріс-тұрысты балалар;

сыртқы келбетіндегі ерекшеліктер – секпілді, қалқан құлақ, аяғы қисық (маймақ), басының ерекше пішіні, дене салмағы (толық немесе арық) және т.б.;

әлеуметтік машығы дамымаған;

мектептен қорқатындар;

ұжымдық өмір тәжірибесінің болмауы (үй балалары);

ауру - эпилепсия, гиперкинезия, тұтығу, энурез, сөйлеу кемістігі;

төмен интеллектісі және оқуға қатысты қиындықтары бар.

6.Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

7. Жыныстық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер

8.Физикалық (күш көрсету)зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата – ана тарапынан, педагог тарапынан да балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінеді Зорлық-зомбылық түрлері қалай байқалады?

  1. Қорқыту және қауіп – көндіру- айқаймен, қимылмен қорқыту; милициямен, мектеппен және баланы тастап кету, алып кету, ақшадан және т. б. айыру.

  2. Оқшаулау - үнемі бақылаужасау, яғни кіммен сөйлеседі, кездеседі, жақын адамдармен қатынасуды шектеу, т.б.

  3. Ұрып-соғу, шапалақтау, азаптау, шаштан тарту, шымшу және т. б.

  4. Ар-намысты қорлау, дөрекілік таныту және мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту т. б.

Зорлық-зомбылықтың себептері қандай?

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептері көп. Олардың ішінде екі топты айтуға болады: біріншісі сол отбасында және отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынаста; екіншісі-отбасынан тыс.

Көбінесе зорлық-зомбылық стресстік жағдайда жасалады.

Соңғы жылдары сәтті отбасыларда зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерінің өсуі байқалады.

Құқық қорғау органдарына шұғыл түрде хабарлауды талап ететін айқын белгілер:

ұрып-соғу, қорлау, басқа да физиологиялық әсер ету іздері;

жыныстық зорлау іздері;

балалардың қараусыз жағдайы (педикулез, дистрофия және т.б.);

баланың өмір сүруіне дұрыс жағдайдың жоқтығы: үйдің лас болуы, қарапайым

гигена ережелерінің сақталмауы, үйде ұйықтайтын және төсек орындарының,

киімнің, тамақтың және баланың жас мөлшеріне сай және оны күтіп ұстауға

арналған қажетті өзге де заттардың болмауы;

ата-аналардың үнемі мас болуы, баласының көзінше төбелесуі, оны ұйқысынан айыруы, баланы үйден қуып шығуы және т.б.

«Зорлық-зомбылықты қалай тоқтатуға болады» (ұсыныстар):

  • Зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болыңыз.

  • Ақырын және сенімді сөйлеу;

  • Ашулы адамға тоқтауға мүмкіндік беріңіз;

  • Шеттеу. Бұл әлсіздік белгісі емес!

  • Кек алуға ұмтылмау. Кешірім сұрай білу.

  • Көмек сұрау. Бұл әлсіздік немесе қорқақтықтың белгісі емес!

  • Әр адам еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жылулық пен махаббатты сезінуге құқылы!

Зорлық-зомбылықты жою әрдайым психологтың, педагогтардың ата-аналармен және балалармен кешенді жұмысын талап етеді. Ең тиімді әдістер:

  • психотерапия

  • жеке және топтық консультациялар,

  • ойын-жаттығулар.

Мен сыныпта балалар арасында достық қарым – қатынасты, татулықты нығайтуға арналған мынадай ойын, жаттығуларды қолданамын:

  • «Алақан жылуы»

  • «Ашулы шарлар»

  • «Жұлдызқұрт»

  • «Бес жақсы сөз»

  • «Комплимент»

  • «Сиқырлы тас»

  • «Сезімді тап»

  • «Таза жүрек»

  • «Өкпені еріту», т.б

Балаларға қатыгездік, олардың мүдделерін елемеу денсаулыққа түзетілмейтін зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге ауыр әлеуметтік салдарға әкеледі.

Біздің кездесуде қозғаған, өзекті әңгімеміз өз жемісін беретініне сенімдіміз.

Біз, Құрметті әріптестер, әрқайсымыз өз бағытымыз бойынша отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өскелең ұрпақты, жастарды және жалпы қоғамды адамгершілік-рухани тәрбиелеуге бағытталған, балаларға қатыгез қараудың алдын алу жұмыстарын жүргізуге ат салысамыз деп ойлаймын.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!