Материалдар / «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» /ата-аналармен сайыс/
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» /ата-аналармен сайыс/

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:  Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру  Ата-ана рухани адамгершілік қасиеттерін бала бойына сіңіріп қорғауда қызығушылықтарын дамыту  Баламен дұрыс тіл табысуға, балаға қысым жасамай, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру. Көрнекілігі: Кестелер, түрлі -түсті бояулар, жағдаяттар,слайд,бейне роликтер т.б
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2024
392
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Камалатдин Айзат Аббасқызы- 8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. «Педагогика» ғылымдарының магистрі, Педагог- зерттеуші.

7 «Б» сыныбының жетекшісі.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

/ата-аналармен сайыс/


Мақсаты:

  • Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру

  • Ата-ана рухани адамгершілік қасиеттерін бала бойына сіңіріп қорғауда қызығушылықтарын дамыту

  • Баламен дұрыс тіл табысуға, балаға қысым жасамай, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру.

Көрнекілігі: Кестелер, түрлі -түсті бояулар, жағдаяттар,слайд,бейне роликтер т.б

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Бала адамның келешегі,баланы тәрбиелеу,қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық, жасқаншақ болады.Алайда, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп, тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Олай болса, бала тәрбиесіне байланысты «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Шаттық шеңбері: Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық. Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты әр үйдің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір - бірімізбен жақынырақ танысайық. «Ыстық орындық» әдісі арқылы.

Топқа бөлу:«Асықтарды жина» әдісі арқылы. Ортаға үш түрлі асықтар бейнеленген суреттер қойылады. Таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-ші топ «Мектеп»

2- ші топ «Ата-ана»

3- ші топ «Достар»

Топқа бөлініп отырғаннан кейін, «Домбыра» әдісі арқылы бағалау парағы тарқатылады. Сабақ соңында әркім өзінің домбырадағы жинаған балдарын айтып, жеңімпазды анықтаймыз.

Бейне көрініс көрсетіледі. Әр топ берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.

Ой қозғау. Зорлық-зомбылық дегеніміз не? Балаларға жасалатын зорлық - зомбылық түрлерін ата? Зорлық-зомбылыққа байланысты қандай заңдарды білесіз?

Балаларға жасалатын зорлық - зомбылық түрлері:

1. Дене зорлық - зомбылығы - баланың физикалық, психологиялық денсаулығына кері әсер ететін, дамуының артта қалуына алып келетін, баланың денесіне қасақана жарақат салу әрекеті ( ұрып - соғу, байлап тастау, еркіндігін шектеу, заттарын алып қою ).

2. Психологиялық (эмоционалды ) зорлық - зомбылық - балаларға ата -анасы немесе басқа үлкендер жағынан психикасына үнемі әсер ету, өзінен алыстату нәтижесінде баланың эмоционалды өсуіне, мінез - құлқы және әлеуметтенуіне кедергі келтіру.

3. Экономикалық зорлық - зомбылық - баланың өмір сүруіне қажетті баспана, киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етпеу, емделуіне жағдай жасамау. Балаларды қараусыз қалдыру

4. Сексуалды зорлық – зомбылық - Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстық қол сұғылмаушылықты немесе жыныстық бостандығын бұзатын қасақана заңсыз әрекет.

«Балаңызды қаншалықты жақсы танисыз?»

Жаттығу мақсаты : бір-біріне деген сенімін бекіту, өз ой пікірлерін ашық айтуға бағыттау, өз баласын қаншалықты тану туралы пікір қалыптастыру.

  • Балаңыз қандай болғанын қалайсыз?

  • Бала тәрбиесінде неге көбірек көңіл бөлесіз?

  • Балаңыздың қандай қызығушылығы бар?

  • Бос уақытта балаңызбен қандай жерлерге барасыз?

  • «Әке» деген сіздің ойыңызша қандай болуы керек?

  • «Ана» деген сіздің ойыңызша қандай болуы керек?

  • Балаңыздың ерекше ұнататын пәні?

  • Балаңыздың парталасы кім?

  • Балаңыздың ең жақсы көретін ұстазы?

  • Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы қандай болуы керек?

  • Балаңызды сабақтан келгенде қалай қарсы аласыз?

  • Балаңыздың 3 жақсы қасиетін атаңыз?

Аяқталмаған сөйлемдер жиынтығы. «Шынымды айтсам......»рольдік ойын

Нұсқау: Алдарыңызға топтамалар жиынтығы ұсынылған. Әрқайсыңыз кезекпен шығып аяқталмаған сөйлемдерді оқып, соған жылдам жауап бересіздер. Жауап шынайы болуы қажет.

  • Шынымды айтсам, мен баламның зорлық –зомбылыққа тап болғанын білгенде .......

  • Шынымды айтсам, менің баламды қасақана ұрлап ( жасырып) кеткен жағдайда ....

  • Шынымды айтсам, менің балам зиянды әрекетке барса(шылым, ішімдік т.б) ......

  • Шынымды айтсам, менің( ұл,қыз)түнгі кезде (21-24:00) көшеде жүргенін көргенде не естігенде ......

  • Шынымды айтсам, егер де менің қызымның не ұлымның жаманат қылығын естігенде......

  • Шынымды айтсам, мен баламның «өзіме көңілім толмайды » дегенін естігенде .......

Талқылау сұрағы

а) Зорлық - зомбылықтың куәсі болған жағдайда қандай шара қолданар едіңіз?

ә) Сіздің ойыңызша бұл тақырыпты маңызды деп санайсыз ба?

б) Жаттығулар, әсіресе рольдік ойындар кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Ата –анаға кеңес

1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;

7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабақ дайындауға отырғызбаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл – күйін ашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

Құрметті ата-аналар бүгінгі сайыс сабағымыздан қандай әсер алғандарыңызды стикерге жазып (плакатта алма ағашының суреті салынған )алма ағашына жапсыра берулеріңізге болады.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы сайыс сабағымызды «Шам тілегі» әдісі арқылы қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлеріне мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адамөмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Ал, В.А.Сухомлинский: «Тек қан аата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» деген болатын.Сондықтан ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы балаларымызды зорлық-зомбылықтан, қауіп қатерден сақтауға болатынын сезінген жөн.



































Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты КЕ АҚ











Жоба тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

/ата-аналармен сайыс/


Өтілген күні: 29.11.2023

Жауаптылар: Камалатдин Айзат Аббасқызы















Қызылорда, 2023







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!