А. Құнанбаев "Лай суға май бітпес қой өткенге"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
1 слайд
2 слайд
Оқу мақсаты
10.2.2.1-автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін
анықтау;
2 слайд
Оқу мақсаты 10.2.2.1-автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;
3 слайд
Сабақ мақсаты:
Шығармадағы оқиғаны талдайды;
Автор бейнесінің көрінісін анықтайды;
3 слайд
Сабақ мақсаты: Шығармадағы оқиғаны талдайды; Автор бейнесінің көрінісін анықтайды;
4 слайд
Лексикалық бірліктер
Халлақам-жаратушы
Дәһрі – дінсіз
Мәкан – мекенсіз, орынсыз
4 слайд
Лексикалық бірліктер Халлақам-жаратушы Дәһрі – дінсіз Мәкан – мекенсіз, орынсыз
5 слайд
«ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ ӨТКЕНГЕ»
Абайдың дінге көзқарасын, жаратушыға
деген жеке ойын анық көрсететін мағынасы
терең философиялық туындысы.
Қашан жазылды?
Діни-философиялық мазмұндағы «Лай суға
май бітпес қой өткенге» өлеңін Абай 1895
жылы 50 жасында жазған.
Қайда жарияланды?
Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-
Петербургтегі Илияс Бораганскийдің
баспаханасынан шыққан «Қазақ ақыны
Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты
жинақта жарияланды.
5 слайд
«ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ ӨТКЕНГЕ» Абайдың дінге көзқарасын, жаратушыға деген жеке ойын анық көрсететін мағынасы терең философиялық туындысы. Қашан жазылды? Діни-философиялық мазмұндағы «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңін Абай 1895 жылы 50 жасында жазған. Қайда жарияланды? Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт- Петербургтегі Илияс Бораганскийдің баспаханасынан шыққан «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.
6 слайд
Өлең не жайында?
Абайдың бұл туындысы сүйікті баласы Әбдірахман дүниеден
озғаннан кейін жазылған. Ақынды ауыр қайғыға душар еткен
қасіретті өлім өлеңнің мазмұнына әсер еткен. Дүниеден таяныш
таппаған, маңайынан сырласатын адам көрмеген Абай енді
Құдаймен ғана тілдескісі келеді. Жаратушының барын анық
білдіретін бұл мағынасы терең діни-философиялық туындысында
ақын осы тақырыпқа қатысты жеке сырын ашады. Күні-түні
ойлайтыным бір-ақ Тәңірі, себебі оның әмірі мені құмар қылды деп,
оны оймен түсіну мүмкін еместігін білдіреді. Жаратушыны адамның
ақылы қабылдай алмайды деп біледі ақын. Абайдың ойынша,
ақылмен қабылдай алмайтын Құдайды түсіну бір есептен, арман
емес, екінші жағынан, «Құмарсыз құр мүлгігуге тоя алмаймын» деп
жаратушыны көксейді. Себебі Құдай өзі мекенсіз болса да,
адамдарды жаратқан, оларға мекен берген. Адам ақыры түбінде
Құдайға қайдады деп сенген. Абайдың Құдайды қабылдауда
ақылдың басқа мақсаты жоқ деп санаған.
6 слайд
Өлең не жайында? Абайдың бұл туындысы сүйікті баласы Әбдірахман дүниеден озғаннан кейін жазылған. Ақынды ауыр қайғыға душар еткен қасіретті өлім өлеңнің мазмұнына әсер еткен. Дүниеден таяныш таппаған, маңайынан сырласатын адам көрмеген Абай енді Құдаймен ғана тілдескісі келеді. Жаратушының барын анық білдіретін бұл мағынасы терең діни-философиялық туындысында ақын осы тақырыпқа қатысты жеке сырын ашады. Күні-түні ойлайтыным бір-ақ Тәңірі, себебі оның әмірі мені құмар қылды деп, оны оймен түсіну мүмкін еместігін білдіреді. Жаратушыны адамның ақылы қабылдай алмайды деп біледі ақын. Абайдың ойынша, ақылмен қабылдай алмайтын Құдайды түсіну бір есептен, арман емес, екінші жағынан, «Құмарсыз құр мүлгігуге тоя алмаймын» деп жаратушыны көксейді. Себебі Құдай өзі мекенсіз болса да, адамдарды жаратқан, оларға мекен берген. Адам ақыры түбінде Құдайға қайдады деп сенген. Абайдың Құдайды қабылдауда ақылдың басқа мақсаты жоқ деп санаған.
7 слайд
Жеті шумақты қара өлең үлгісімен
жазылған шығарманың соңғы
шумағында ақын қорытынды жасайды.
Адамның өмір жолы – тар соқпақ, иілген
жақ. Оның екі жағын ұстаған хақ дейді.
Яғни адамды жаратқан Құдай, өлгеннен
соң адам жаратушыға қайтады деген
түйін жасайды. Адамның өмір жолында
ойы да, шұңқыры да, биігі де болады. Бұл
тар жол тегіс емес, соңына дейін құлап
кетпей тура шығуға ұмтыл деген ақыл
айтады.
7 слайд
Жеті шумақты қара өлең үлгісімен жазылған шығарманың соңғы шумағында ақын қорытынды жасайды. Адамның өмір жолы – тар соқпақ, иілген жақ. Оның екі жағын ұстаған хақ дейді. Яғни адамды жаратқан Құдай, өлгеннен соң адам жаратушыға қайтады деген түйін жасайды. Адамның өмір жолында ойы да, шұңқыры да, биігі де болады. Бұл тар жол тегіс емес, соңына дейін құлап кетпей тура шығуға ұмтыл деген ақыл айтады.
8 слайд
Қай жанрда жазылды?
Өлең философиялық лирика жанрында
жазылған. Сонымен қатар туындыда көңіл-
күйдің сезімін, дидактикалық сарынды да
байқататын тұстар бар. Ақын жаратушының
құдыретін түсінуге ұмтылып, соңында
адамдарға Құдайға қайтатынын ескерткен.
Қай тілдерге аударылды?
Өлең орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай,
корей, поляк, нидерланд, тәжік, түрік, өзбек
және сондай-ақ өзге де көптеген әлем тілдеріне
аударылды.
8 слайд
Қай жанрда жазылды? Өлең философиялық лирика жанрында жазылған. Сонымен қатар туындыда көңіл- күйдің сезімін, дидактикалық сарынды да байқататын тұстар бар. Ақын жаратушының құдыретін түсінуге ұмтылып, соңында адамдарға Құдайға қайтатынын ескерткен. Қай тілдерге аударылды? Өлең орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай, корей, поляк, нидерланд, тәжік, түрік, өзбек және сондай-ақ өзге де көптеген әлем тілдеріне аударылды.
9 слайд
Ақын фәни әлемді лай суммен балай отырып, өзін сол лай суды
жалап дәметкен қасқырмен теңейді. Қасқыр лай суды неге
жалайды? Себебі – ол аш. Жан иелері өмір сүру үшін өздерінің
құмарлығын қанағаттандыруы керек. Ол құмарлықтың бірі –
тамақ. Тамақ үшін күрес – табиғаттың бір көрінісі. Аш қасқыр да
тамақ іздеп даланы шарлап жүріп жайылған қойларды көреді.
Бірақ жақындай алмайды. Маңындағы қойшылардан, шәуілдеп
үрген күзетші иттерден қорқады. Өзі құштар майлы тамаққа
ынтыққан аш қасқыр тек алыстан құмарланады. Қойлар бұлақтан
шөлдерін еркін қандырып, әрі өткенде артында лайланған су
қалады. Ашыққан байғұс қасқыр қой өткен соң жүгіріп келіп лай
суға бас салып, жалай бастайды. Не себептен ол лай суды
жалайды? Себебі – су қандай лай болса да, бұл суда өзінің
аңсаған майлы тамағынан бірдеңе бар деп дәметеді. Бірақ,
өкінішке орай, қасқырдың дәметкен майы жоқ. Себебі – лай суға
май бітпес қой өткенге.
9 слайд
Ақын фәни әлемді лай суммен балай отырып, өзін сол лай суды жалап дәметкен қасқырмен теңейді. Қасқыр лай суды неге жалайды? Себебі – ол аш. Жан иелері өмір сүру үшін өздерінің құмарлығын қанағаттандыруы керек. Ол құмарлықтың бірі – тамақ. Тамақ үшін күрес – табиғаттың бір көрінісі. Аш қасқыр да тамақ іздеп даланы шарлап жүріп жайылған қойларды көреді. Бірақ жақындай алмайды. Маңындағы қойшылардан, шәуілдеп үрген күзетші иттерден қорқады. Өзі құштар майлы тамаққа ынтыққан аш қасқыр тек алыстан құмарланады. Қойлар бұлақтан шөлдерін еркін қандырып, әрі өткенде артында лайланған су қалады. Ашыққан байғұс қасқыр қой өткен соң жүгіріп келіп лай суға бас салып, жалай бастайды. Не себептен ол лай суды жалайды? Себебі – су қандай лай болса да, бұл суда өзінің аңсаған майлы тамағынан бірдеңе бар деп дәметеді. Бірақ, өкінішке орай, қасқырдың дәметкен майы жоқ. Себебі – лай суға май бітпес қой өткенге.
10 слайд
Не себептен Абай өзін аш қасқырмен салыстырып отыр?
Себебі – екеуінің жағдайы бірдей, екеуінің де құмарлығы
қанағаттанбаған. Аш қасқырдікі – тән құмары. Ал Абайдікі –
жан құмары. Бұл құмарлық оған көңіліне тыныштық бермейді.
Қандай құмарлық болса да, ол қанағаттануы керек. Тән
құмарлығы болсын, немесе жан құмарлығы болсын, олар
қанағат таппаса зардап әкеледі. Жабайы қасқыр өз жағдайын
түсінбейді. Оның ойлау қабілеті жетілмеген. Ал адам баласы
түсіне алады. Себебі оған ерік пен ойлау қабілеті берілген.
Осылай Абай ақыл-есін пайдаланып, өзінің ішкі дүниесіне
үңіледі. Бірақ ештеңе таба алмайды. Қасқыр лай судан май
таба алмаса, данышпан да ішкі дүниесінен ештеңе таба
алмайды. «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» деп өзі
таң қалады. Неге Абай ішкі дүниесін жайлаумен
салыстырады?
10 слайд
Не себептен Абай өзін аш қасқырмен салыстырып отыр? Себебі – екеуінің жағдайы бірдей, екеуінің де құмарлығы қанағаттанбаған. Аш қасқырдікі – тән құмары. Ал Абайдікі – жан құмары. Бұл құмарлық оған көңіліне тыныштық бермейді. Қандай құмарлық болса да, ол қанағаттануы керек. Тән құмарлығы болсын, немесе жан құмарлығы болсын, олар қанағат таппаса зардап әкеледі. Жабайы қасқыр өз жағдайын түсінбейді. Оның ойлау қабілеті жетілмеген. Ал адам баласы түсіне алады. Себебі оған ерік пен ойлау қабілеті берілген. Осылай Абай ақыл-есін пайдаланып, өзінің ішкі дүниесіне үңіледі. Бірақ ештеңе таба алмайды. Қасқыр лай судан май таба алмаса, данышпан да ішкі дүниесінен ештеңе таба алмайды. «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» деп өзі таң қалады. Неге Абай ішкі дүниесін жайлаумен салыстырады?
11 слайд
Дескриптор
• Проблемалық сұрақтар құрастырады- 5 балл
• Сұрақтарға жауап береді
1-тапсырма.
11 слайд
Дескриптор • Проблемалық сұрақтар құрастырады- 5 балл • Сұрақтарға жауап береді 1-тапсырма.
12 слайд
Тапсырма №2 Өлең үзіндісіндегі автор бейнесін ашады
Өлеңнен үзінді Автордың бейнесі қалай көрініс
табады?
1-2 шумақтар
3-4 шумақтар
5-6 шумақтар
Дескриптор
• Автор бейнесін анықтайды – 2 балл
• Көтерілген мәселені талдайды – 2 балл
12 слайд
Тапсырма №2 Өлең үзіндісіндегі автор бейнесін ашады Өлеңнен үзінді Автордың бейнесі қалай көрініс табады? 1-2 шумақтар 3-4 шумақтар 5-6 шумақтар Дескриптор • Автор бейнесін анықтайды – 2 балл • Көтерілген мәселені талдайды – 2 балл
13 слайд
Бүгінгі сабақтан алған даналығым....
13 слайд
Бүгінгі сабақтан алған даналығым....