Материалдар / Фиқһ пәнінің көрнекіліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Фиқһ пәнінің көрнекіліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Исламтану пәнінің ұстаздарына көрнекіліктер құруда көмекші болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Су – негізгі тазартушы. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Және сендерді тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту, жүрек

1 слайд
Су – негізгі тазартушы. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Және сендерді тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту, жүректеріңді орнықтырып, табандарыңды бекіту үшін төбелеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді»24, «Біз көктен таза жаңбыр жаудырдық»25. Тазалық үшін қолданылатын су: қар, бұршақ, жауын, құдық, теңіз, өзен, бұлақ, көл, сел сулары. Судың үш сипаты бар: реңі, исі, дәмі. Реңі өзгермеген, исі шықпаған, дәмі бұзылмаған су – таза. Еті жеуге болмайтын хайуандардың тезектері мен лас сулары, сілекейлері және барлық жан- жануарлардың қандары,ауыр ластық. Етін жеуге болатын қой, ешкі, жылқы секілді жануарлар мен жабайы аңдардың тезектері, лас сулары – Әбу Юсуп мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, жеңіл ластық. Суда топырақ, кір жуу ұнтағы, сабын секілді заттардың құрамы аз болса, тазалаушы рөлін атқара алады. Сұйық заттар: гүл суы, лимон, анар секілді жеміс суларымен киім және денедегі ластықтарды тазартуға болады. Бірақ дәрет, ғұсыл алынбайды.

Фиқһ – шариғаттың практикалық бөлігі. Шариғат Аллаһ Тағаланың құлдары үшін сенім мен амал тұрғысынан жүзеге асуын талап етіп

2 слайд
Фиқһ – шариғаттың практикалық бөлігі. Шариғат Аллаһ Тағаланың құлдары үшін сенім мен амал тұрғысынан жүзеге асуын талап етіп бекіткен, Құран мен сүннетте көрініс тапқан заңдары мен нормалары. Сенім тұрғысынан жүзеге асуын талап еткен бөлігін кәлам немесе таухид ілімі, ал амал тұрғысынан талап еткен бөлімін фиқһ ілімі зерттейді. Осы тұрғыда шариғат пен фиқһ ұғымдарының парқын айыра тануымыз қажет: 3. Фиқһ ұғымы ғұламалардың барлық ижтиһадтарын: дұрысын да қатесін де, ал шариғат ұғымы мүжтаһидтердің дұрыс айтқан үкімдерін ғана қамтиды. 6. Шариғат үкімдерін қай тұрғыдан болсын, ақида, құлшылық, этика, жүріс-тұрыс нормаларын толық ұстану – әр мұсылманға парыз. Ал фиқһ мәселесіне келсек, бір мүжтаһидке басқа мүжтаһидтің ижтиһадын ұстану міндет емес. Сондай-ақ фиқһбір замандағы не бір елдегі проблемаларды шешуге жарамды болса, басқа бір замандағы не басқа бір елдегі проблемаларды шеше алмауы әбден мүмкін. Шариғат ұғымы фиқһ ұғымынан кеңірек. Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімдегі: «Бүгін сендерге діндеріңді кемелдендіріп, сендерді бөлеген нығметімді тәмәмдадым, сондай- ақ сендерге Исламды дін етумен разы болдым», – деген сөзі шариғатты көздейді. 1. Шариғат деп Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ түсірілген дінді жалпы айтады. Шариғат толығымен Аллаһ Тағаланың үкімдері саналса,фиқһ мүжтаһидтердің шариғаттан түсінген пікірі. 2. Шариғат ұғымы дінде ақида, этика және практикалық амалдармен байланысты нормаларды жаппай қамтыса, фиқһ ұғымы тек қана практикалық амалдармен байланысты нормаларды білдіреді. 5. Шариғаттың жалпылаушы қағидалары мен тұрақты үкімдері қатеден пәк, мінсіз саналады. Ал фиқһ үкімдері ішінде мүжтаһидтің түсінігіне сай дұрысы да, қатесі де болуы мүмкін. Фиқһ ілімі бірте-бірте пайғамбарымыздың ﷺ және сахабалардың ғасырында пайда бола бастаған.

Тазалық тұрғысынан “таза (мұтлақ) сулар” беске бөлінеді: 1) Әрі таза, әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкрүһ емес сулар:

3 слайд
Тазалық тұрғысынан “таза (мұтлақ) сулар” беске бөлінеді: 1) Әрі таза, әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкрүһ емес сулар: Бұлар: түсі, дәмі, иісі бұзылмаған, негізі өзгермеген және қолданылмаған сулар. Бұл сулармен әр түрлі тазалық жасалынып, дәрет, ғұсыл алынады және тамаққа және ішу үшін де пайдаланылады. 3) Өзі таза болғанымен басқа нәрселерді тазалауға жарамайтын сулар: Бұлар дәрет пен ғұсыл алуда қолданылған сулар. Мұндай сулармен қайтадан дәрет, ғұсыл алынбайды. 4) Таза емес сулар: Бұлар ішіне лас нәрселер түскен, тоқтау сулар. Иттің, доңыздың және басқа жыртқыш аңдардан қалған сулар да таза емес және ешқандай тазалық үшін қолданылмайды. 2) Әрі таза, әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкрүһ сулар: Бұлар мысық, тауық сияқты үй жануарлары мен қаршыға, бүркіт сияқты құстардан қалған сулар. Басқа таза су бола тұрып мұндай сулармен дәрет, ғұсыл алу, ішу немесе тамаққа пайдалану мәкрүһ. Таза су болмаған жағдайда мұндай суларды пайдалану мәкрүһ емес. 5) Күмәнді сулар: Бұлар есек пен қашырдан қалған сулар. Мұндай сулармен лас нәрселерді жууға болады. Бірақ басқа таза су тұрғанда бұл сумен дәрет, ғұсыл алуға болмайды. Басқа су жоқ болса дәрет, ғұсыл алынады, артынан тәйәммүм алынады. Өйткені, мұндай сулардың тазалығында күмән бар

Шейітті жерлеу. •Шейіт жайында Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер жуылмайды. Тек қана кебіндікке лайық көйлекпен

4 слайд
Шейітті жерлеу. •Шейіт жайында Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер жуылмайды. Тек қана кебіндікке лайық көйлекпен кебінделеді. Олар қандарымен қоса көміледі. Яғни, қандары жуылмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткенң, әрбір жарасы мен әрбір қаны қиямет күні айналаға миск секілді жайылады» Аллаһ Елшісі Ухуд шейіттерін қандарымен қоса жерледі. Оларды жумады әрі намаздарын да оқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы оқылады. Шейіттерге жаназа намазы оқылмауының хикметі – жаназа намазы өлілерге оқылады. Шейіттер болса тірі. Құранда оларға: «Аллаһ жолында өлтірілгендерді (шейіттерді) өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар», – деп айтылады.

Зиярат басына бару. Марқұмның қарызын өтеу де оған пайда береді. Өйткені аталған қарыз марқұмның мойнынан түсіп, ол жеңілдеп

5 слайд
Зиярат басына бару. Марқұмның қарызын өтеу де оған пайда береді.  Өйткені аталған қарыз марқұмның мойнынан түсіп, ол жеңілдеп қалады. Бұған Әбу Қатададан (р.а.) жеткен хадис дәлел.  «Бір кісі өлген кісінің екі динар мөлшеріндегі қарызын өтеуді өз мойынына алды. Ол кісі марқұмның қарызын төлеген сәтте Пайғамбар (с.ғ.с.):«Міне, оның (марқұмның) терісіне енді ғана суық жүгірді»,– деді. Яғни, қарызының төленуімен оның қабірдегі жағдайы жақсарды. Тірілердің қайтыс болған адамға тарту еткен сауаптары да тиеді.  Яғни бір кісі жақсы іс істеп, оның сауабын бір марқұмға бағыштаса, сауабы тиеді. Негізі ізгі амалдың сауабы оны істеген адамға тиесілі, атына жазылады. Өзіне тиесілі мал- мүлкінен марқұмның атынан садақа бергені секілді, егер жақсылығының сауабын да марқұм болған кісіге арнаса, қабыл болады. Мұнысымен ізгі ісінің сауабынан өзі де құр қалмайды. Алла Тағаланың қалауымен оқылған аяттардың сауабы мәйітке жетеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кім қабірстанға кірсе және «Ясин» сүресін оқыса, Алла Тағала өліктердің азабын тоқтатады, ал оқыған кісі болса өліктердің санына қарай жақсылық-сауаптарға ие болады»,  – деген. Ахмет ибн Ханбал былай деген:  «Қорымға кірсеңдер «Фатиха» сүресін және «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып, сауабын марқұмдарға бағыштаңдар. Әлбетте, оларға сауабы тиеді».  Дұға және жарылқау тілеу.  Марқұмға дұғаның сауабы тиеді. Бұдан бұрынғы хадисте айтылғандай Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларына Алла Тағаладан жаңа жерленген мұсылман бауырына жарылқау тілеуін бұйырған.Омар ибн Хаттабтың (р.а.) ұлы Абдулладан жеткен риуаятта Омар (р.а.) зират басында «Бақара» сүресін оқуға бұйырған. Дүниеден өткен кісіге бағышталынған Алла үшін жасалған ізгі істердің, садақалардың сауабы жететіндігі секілді Құран оқып, сауабын бағыштаудың, дұға жасаудың, жарылқау тілеудің де сауаптары тиеді.

ЖОЛАУШЫ НАМАЗЫ •Жолаушы төрт рәкаттық парыз намаздарды екі рәкат қылып оқиды. Төрт рәкат қылып оқуы күнә болады. Оразаны қазағ

6 слайд
ЖОЛАУШЫ НАМАЗЫ •Жолаушы төрт рәкаттық парыз намаздарды екі рәкат қылып оқиды. Төрт рәкат қылып оқуы күнә болады. Оразаны қазаға қалдыруы, мәсінің үстінен үш күн мәсіһ тартуы жаиз болады. Жұма мен айт намаздарын оқуы және құрбан шалуы қажет емес. Әйелдің махремсіз (жақын еркек туысынсыз) сапарға шығуы үш мазһабта харам. Шафииде, махремсіз екі әйел болып парыз болған қажылыққа бару жаиз. Тісіндегі пломбасы себебпті Шафии немесе Малики мазһабын тақлид еткен бір Ханафи, барған жерінде үш күннен көп және он бес күннен аз қалатын болса, парыздарды төрт рәкат қылып оқиды. Өйткені оның намаздары Шафии немесе Малики мазһабтары бойынша сахих болуы керек. Шафии мен Малики мазһабтарында жолда немесе сафари болған жерінде екіндіні бесін намазының уақытында және құптанды ақшам намазының уақытында тақдим етіп немесе бесінді екіндінің уақытында және ақшамды құптанның уақытында тәхир етіп жәм қылу, яғни біріктіріп оқу жаиз. Жолға шықпай намазды қысқартуға және жәм етуге (біріктіруге) болмайды. Ханбали мазһабында жұмыстарынан мүлдем босай алмайтындардың да намаздарды жәм қылып оқуы жаиз болады.